Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Келлеровского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса берілген қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 мамырдағы № 181 шешімінің (2014 жылғы 30 шілдеде «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2837 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 303 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің аумағында тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің әкімі шақырады. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлеровка, Богатыровка және Кременчуг ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі ауылдары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Басқа 18. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 303 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Келлеровка ауылы Ленин көшесі 18 Гагарин көшесі 21 Первомай көшесі 23 Новосельская көшесі 27 Молодежная көшесі 20 Юбилейная көшесі 1 Крайняя көшесі 18 Колхозная көшесі 22 Коммунистическая көшесі 14 Заводская көшесі 13 Калинин көшесі 14 Целинная көшесі 18 Механизаторская көшесі 20 Карл Маркс көшесі 17 Пролетар көшесі 17 Больничная көшесі 18 Мир көшесі 6 Чапаев көшесі 20 Октябрь көшесі 26 Степная көшесі 21 Интернациональная көшесі 21 Строительная көшесі 19 Энтузиасттар көшесі 22 Школьная көшесі 3 Совет көшесі 19 Красноармейск көшесі 13 Богатыровка ауылы Красноармейская көшесі 12 Зеленая көшесі 5 Школьная көшесі 10 Кременчуг ауылы Центральная көшесі 15 Новая көшесі 6 Мир көшесі 5 Молодежная көшесі 4 Горький көшесі 3 Гагарин көшесі 14