О создании государственных учреждений Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы Сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Мынадай мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - мекемелер) құрылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң ЖД-158/7 түзеу мекемесi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң 3K-169/5 түзеу мекемесi.
Тармақ 2
2. Мекемелердi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне көзделген қаражат шегiнде 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргiзiледi деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мекемелердің жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тіркелуін қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі