Об установлении предельного значения вознаграждения по договору о предоставлении микрокредита Күшін жойған
Басқа 0
Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы
«Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жеке тұлғамен жасалған күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі кезеңге кепілсіз микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні:
күніне 1 (бір) пайыздан кем, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз еселенген мөлшерінен аспайтын берілген микрокредит сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайтын мөлшерде;
күніне 1 (бір) пайыздан кем, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз еселенген мөлшеріне тең немесе одан асатын берілген микрокредит сомасының 15 (он бес) пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленсін.
Жеке тұлғамен жасалған, мүлік кепілімен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні күніне 0,8 (нөл бүтін оннан сегіз) пайыздан аспайтын, бірақ күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі кезеңге берілген микрокредит сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленсін.
Шарттың қолданыс мерзімі күнтізбелік қырық бес күннен асатын мерзімге ұлғайған кезде жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні күніне 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) пайыздан аспайтын мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген сыйақының шекті мәні «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-1-тармағында көзделген микрокредит беру туралы шарттарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және
4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.