Об уполномоченном органе в случаях банкротства сельскохозяйственной организации области Қолданыста
Басқа 0
Облыстың ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайларындағы уәкiлеттi орган туралы
📌 Ескерту. ҚР Атырау облысы Әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 3-2185/06 хатына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатпайды.
ҚР Атырау облысы әділет департаментінің
2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан
үзінді:
Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
Қосымша 2 бетте.
АОӘД бастығы
Қосымша:
...
5) Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы N 251 "Облыстың ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайларындағы уәкiлеттi орган туралы" шешімі (Атырау облыстық әділет департаментінде 2002 жылғы 5 қарашада N 1186 тіркелді)
...
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 67-1 "Банкроттық туралы" Заңына cәйкес және ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау iс жосығын өткiзу мақсатында, облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау
жағдайларындағы уәкiлеттi орган болып, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы департаменті анықталсын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуірдегі
N 152
қаулысымен.
Тармақ 2
2. Атырау облысы әкiмiнiң 1999 жылғы 16 сәуiрдегi N 80-ө "Облыстық дәулетсiз ауыл шаруашылығы ұйымдарын жою және банкроттау iс жосығы жөнiндегi уәкiлеттi орган туралы" өкiмiнiң күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
Қ.Ищановқа жүктелсiн.