О некоторых вопросах республиканского государственного казенного предприятия «Институт прикладной математики» Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Қолданбалы математика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қолданбалы математика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қолданбалы математика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
Тармақша 2
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркелуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде: реттік нөмірі 16-5-жол алып тасталсын.
Тармақ 3
Тармақ 4