Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на сельскохозяйственных угодьях города Шымкента Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2019 жылғы 29 қазаныдағы №02-01-04/394 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ
Шымкент қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «_11_» __02__ №_680_ қаулысына қосымша Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ р/с Ка­ран­т­ин­дік объ­ект ата­уы Аудан ата­уы Жал­пы за­қым­дан­ған алаң, (гек­тар) 1 Арам сояу Абай 3,91 2 Әл-Фа­ра­би 0,70 Барлығы 4,61 1 Жатаған у кекіре Тұ­ран 1,50 3 Қа­ра­тау 1,10 4 Абай 9,25 Барлығы 11,85 ЖАЛПЫ 16,46