О нормативах отчисления и распределения части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140 бабының 2 – тармағының екінші, бесінші және алтыншы абзацтарына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы №38 «Аудандық мемелекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4906 тіркелген. 2019 жылғы 22 ақпанда «Қазығұрт тынысы» газетінде және 2019 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Қалымбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Аудандық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «__» желтоқсандағы
№__қаулысына қосымша
Аудандық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері
Тармақ 1
1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындар үшін – таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорынның дамуына жұмсалады.