О задачах местных представительных и исполнительных органов по выполнению Государственной программы "Образование" Қолданыста
Басқа 0
Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың Мемлекеттік "Бiлiм" бағдарламасын орындаудағы міндеттері туралы
Бiлiм департаментiнiң директоры Қ.А. Қаткеновтың Қостанай облысындағы Мемлекеттiк «Бiлiм» бағдарламасын iске асыру туралы баяндамасын тыңдай келе облыстық мәслихат соңғы үш жыл iшiнде жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар облыстағы бiлiм жүйесiн дамытуда белгiлi бiр жұмыстар жүргiзгенiн атап өттi.
Оқуға iлiкпеген, балалар саны қысқарған. Мемлекеттiк тiлде оқытатын мектеп саны өскен. Тиiстi жалпылай оқу қоры бар орта мектептердiң материалдық-техникалық базалары нығайтылған.
Жетiм, ата-ананың қамқорлығынан тыс қалған және түзетуге мұқтаж балаларды оқыту мен ұстаудың жағдайлары бiршама жақсарған. Мектеп-интернаттың түлектерi-жетiм балаларға арналған жасөспiрiмдер Үйi және «Жанұя» отбасы үлгiсiндегi балалар үйi құрылған.
Дарынды балаларға арналған бес мектеп-интернат ашылып, олармен жұмыс iстеуге үлкен көңіл бөлiнуде.
Облыстағы бiлiм беру мекемелерiн компьютерлендiру толығымен аяқталды.
Балалардың жазғы демалу базасы бiршама ұлғайтылды. 2002 жылы 14 қала сыртындағы лагерлер жұмыс iстеп, бес санаторийлерде балалар емделдi.
Орта кәсiби бiлiм беру дамуда. 22 колледжде 10 мыңнан астам оқушылар оқуда, соңғы бес жыл iшiнде кәсiби мектептер мен колледждерде бюджеттiк орындарға қабылдау үш есе өскен.
Сонымен қатар жергiлiктi үкiмет органдарының бiлiм беру жүйесiн жетiлдiру мен дамыту бойынша қызметтерiнде кемшiлiктер орын алып, кәзiргi уақытқа дейiн бiрқатар мiндеттер мен проблемалар шешiмiн таппаған.
Мектеп жасындағы балалардың оқуға барлығы iлiкпеген.
Аз комплектi ауыл мектептерiндегi оқитындардың бiлiм деңгейi кәзiргi уақытқа сай емес.
Девиантты iс-қимылы бар жасөспiрiмдердi сауықтыратын және психологиялық қолдау көрсетумен айналысатын мекемелер торабы қажеттiлiкке сай келмейдi.
Оқу процесстерiне жаңа бiлiмі және ақпараттық технология жұмыстарын енгiзу мен облыстағы бiлiм тараптарының оқу-материалдық базасы ауқымды жақсартуды талап етедi.
Ауылдық жерлерге мұғалiмдердi бекiту бойынша шара қабылдап, педагогикалық кадрларды дайындау және қайта дайындаудың жүйесiн жаңарту керек.
Бiлiм беру басқаруын жетiлдiрiп, оны кәзiргi қоғамның талабына сәйкес келтiру керек.
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТI:
📌 Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Қостанай облыстық мәслихатының 18.12.2002 № 250 шешімімен.
Тармақ 1
1. «Бiлiм» Мемлекеттiк бағдарламасын орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысындағы 2002-2005 жылдарға арналған Аймақтық «Бiлiм» бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облыстық мәслихатының 18.12.2002 № 250 шешімімен.
Тармақ 2
2. Қалалық және аудандық әкiмияттар, бiлiм басқармасының органдарына Аймақтық «Бiлiм» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нақты iс шараларды әзiрлесiн, оларды тиiстi мәслихаттардың сессияларында бекiтсiн.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облыстық мәслихатының 18.12.2002 № 250 шешімімен.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң және Қостанай облысында 2002-2005 жылдарға арналған аймақтық «Бiлiм» бағдарламасының орындауына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Б.Баймағамбетоваға және облыстық мәслихаттың бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты Әлеуметтiк қорғау жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Басқа 4. Қостанай облысындағы 2002-2005 жылдарға
арналған аймақтық "Білім" бағдарламасы
Қостанай облыстық мәслихатының
2002 жылғы 18 қазандағы
№ 224 шешіміне
қосымша
Қостанай облысындағы 2002-2005 жылдарға
арналған аймақтық "Білім" бағдарламасы
Тарау 1. 1. Паспорт
1. Паспорт
Бағдарламаның толық атауы - Қостанай облысындағы 2002-2005 жылдарға аймақтық «Білім» бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеудегі негіздер - Қазақстан Республикасының 1999 жылға 7 маусымдағы «Білім туралы» Заңы Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы туралы»2000 ж. 30 қыркүйектегі Жарлығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларының Жоспары туралы» 2001 жылға 27 наурыздағы Қаулысы Қазақстан халқына Ел Президентінің 2003 жылға арналған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдауы
Бағдарламаның негізгі мақсатты -
Облыстық әрбір жас азаматының жалпы
орта және негізгі мақсаты кәсіптік
білім алуын қамтамасыз ететін білім
жүйесін дамытуға тиімді де қолайлы
жағдай жасау
Бағдарламаның
негізгі міндеттері - Жалпы орта және кәсіптік білім алуға
жағдай жасау, конкуренция жағдайында
жастарды өмірге дайындауға
көмектесетін білімнің мазмұнын
жаңарту, толеранттық, патриоттық
сезімдерді тәрбиелеу,
түрлі ұлт өкілдерін бір-бірін
сыйлауға тәрбиелеу
Бағдарламаны дайындаушы - Қостанай облысының білім департаменті
Бағдарламаны орындаушылар -
Қалалық, аудандық әкімияттар
Қостанай облысының білім департаменті
Қостанай облысының қаржы департаменті
Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы
Қостанай облысының мәдениет басқармасы
Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт комитеті
Қостанай облысының ішкі істер басқармасы
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Қаржыландыру
көздері - Қостанай облысының білім беру объектілерін салу республикалық бюджет арқылы жүргізіледі
Жыл сайын бюджеттен қаржы бөлу
Білімді дамытуға Қазақстан Республикасы заңымен қорғалмаған басқа да қаржы көздері
Күтілетін
нәтижелер - Бағдарламаны жүзеге асыру барлық
білім беру жүйесінің ашықтығына, баршаның қолы жететіндігіне, облыстық әрбір жас азаматы орта және кәсіптік білім алуына,
жауапкершілігі мол, жігерлі ұрпақ болуына жеткізеді
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Тиімділігі жоғары білім жүйесі облыс экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етудің негізгі факторының бірі.
Соңғы жылдары білімді, оның мүмкіндігін, сапасын жоғарылату мақсатында реформалау жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Дегенмен кәзіргі қоғамдағы үрдістер, ел Президентінің, әкіметтің білімді дамытуға көңілін көп бөлуі, оны әрі қарай дамыту мен жетілдіруге, әсіресе селода жаңа әдістемелер табуды талап етеді.
Бұл бағдарлама білім саласында тиімді де жаңашыл өзгерістерді қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3. Білімнің қазіргі жағдайын талдау
3. Білімнің қазіргі жағдайын талдау
Соңғы үш жылда биліктің жергілікті атқару органдары облыстық білім жүйесін дамыту және тұрақтандыру жөнінде қомақты жұмыс атқарды.
Мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны көбейді. Оқымайтын балалар саны күрт азайды, мектептердің қажеттілерге көмек көрсететін қоры бар. Облыста жетім, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды, түзетуді қажет ететін балаларды бағу жағдайы жақсарды. Жетім балаларға арналған отбасы түріндегі «Жанұя» балалар ауылы, жылдық бюджеті 14 миллион, жылдық шығыны 5,5 миллион тұратын Жастар үйі құрылды.
Дарынды балаларға ерекше көңіл бөлінді, оларға 2000 жылы 5 мектеп пен мектеп-интернат ашылды. Облыстық білім мекемелерін компьютерлеу аяқталды.
Балалардың жазғы демалыс базасы кеңейтілді. Биыл 14 қала сыртындағы лагерь жұмыс істеді, балалар 5 санаторийде денсаулығын түзеді.
Денсаулық түзету алаңдарында жазда демалатын оқушылар саны соңғы жылдары 5 есеге өсті.
Бастауыш және орта кәсіптік білім дами бастады. Кәзіргі таңда 22 колледж, 17 мемлекеттік және 5 мемлекеттік емес колледж жұмыс істейді, оларда 10 мың оқушы оқиды.
1998 жылы облыста кәсіптік мектептер мен колледждерге бюджеттік орындарға қабылдау 3 еседен артық өсті.
Сала қызметкерлеріне еңбекақы уақытында берілетін болды, жақсы мұғалімдердің кетуі тоқтатылды.
Білім мекемелерінде жылу тәртібі жақсарды, сонымен қатар, оқушылардың, педагогтардың суық тиіп ауруы азайды.
Облыста білім дамытуға жасалып жатқан шараларға қарамай, шешілмеген міндеттер де бар:
мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны баяу өсуде, бірінші кезекте әдеттегі қазақ отбасы болашақта қазақтардың мәдениетін, салтын, әдет-ғұрпын, өнегелі өмірін сақтап қалады;
шағын комплектілі селолық мектептер оқушыларының білім деңгейі уақыт талаптарына сай емес, мектеп жасындағы балалардың бәрі бірдей оқумен қамтылмаған, ерекше жағдайда оқытатын балаларға барлық жерде бірдей жағдай жасалмаған;
мектепке дейінгі мекемелер жүйесі баяу дамуда, мектепке дейінгі дайындық қажетті деңгейде жүзеге асырылмайды;
сұғанақтыққа, қылмыс жасауға бейім, жасөспірімдерді психологиялық қолдау және әлеуметтік ақтаумен айналысатын мекемелер жүйесі қажетке қарай дамымаған, облыста балалар мен жасөспірімдердің қылмысы жоғары деңгейде қалып отыр;
облыстық білім жүйесі оқу-материалдық базасын жақсартуды, оқу кабинеттерін, шеберханаларды жаңадан жабдықтауды және ақпарат келістігін кеңейтуді қажет етеді;
оқу процесіне жаңаша білім беру және ақпарат технологиясын енгізу қарқыны төмен;
педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі жаңартуды талап етеді;
білімді басқаруды қоғамның жаңа талаптарына сай жетілдіру.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Балалардың мектепке дайындығына жағдай жасау;
аймақтық мектептер жанында интернаттар, аудан орталығында оқушылар тұратын және дамитын орталықтар ашу;
мемлекеттік тілдегі мектептерде оқығысы келетіндерді толық қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту;
мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқытуға жағдай жасау;
жетім, ата-аналарының қамқорынсыз қалған, түзетуді қажет ететін, тәртібі нашар балаларды ерекше жағдайда оқыту;
оқу кабинеттерін, шеберханаларды жаңартып жабдықтау, білім мекемелерінің материалдық базасын нығайту;
салауаттандыра оқытуды, салауатты әмір салтын, спортпен денешынықтырумен айналысуды енгізу, балалар арасында қылмыс жасау, нашақорлықтық алдын алу;
білім жүйесіне кадрларды даярлау және қайта даярлау сапасын жақсарту;
білімнің, білім беру қызметінің сапасын жақсарту.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудың
негізгі бағыттары және тетігі
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың
негізгі бағыттары және тетігі
Білім жүйесін дамытудың негізгі бағыттары.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласында.
Балалардың мектепалды дайындығын ұйымдастыруды барлық жерде, балабақшада, жалпы білім беру мектептерінде және отбасында қамтамасыз ету. Шағын селоларда мектепалды дайындықтың баламасын енгізу.
Мектепалды дайындық балалардың дене дамуын және психикалық денсаулығын, интеллектуалдық және жеке басының дамуын, балаларды түзетуді қамтамасыз етуі керек.
Жалпы орта білім саласында.
Селода білім жүйесін қайта құрылымдауды жүргізу:
шағын селоларда балама оқытуларды енгізу, аймақаралық мектептер, аудан орталықтарында оқушылардың тұратын және дамытатын орталықтарын құру;
жетім балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері үшін жалпы орта білім беру орталығын ашу, алдағы уақытта мектеп-интернаттарды оқушыларды дамыту мен өмір сүру орталығына айналдыру. Жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды жақсы тәрбиелеу тәжірибесі бар отбасыларына беруді тәжірибеге енгізу;
ерекше жағдайда оқытуды қажет ететін балалар үшін интернат мекемелері жүйесін кеңейту;
білім жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге жағдай жасау, қазақ тілінде оқығысы келгендерді түгел оқытуға жағдай жасау;
әр баланың табиғи қабілетіне, қажеттілігіне байланысты білім алуын, барлық мектеп жасындағы балалардың мектепте оқуын қамтамасыз ету;
білімнің мазмұнын жаңарту, тәрбиелік функциясын, аймақтық құрамдас бөлігін күшейту;
әдістемелік кабинеттердің ролін, жалпы орта білім мазмұнының және құрылымының жаңаруы жағдайында кадрларды қайта даярлау және біліктілігін көтеру институтының ролін көтеру;
жас жеткіншектерді тәрбиелейтін мектептен тыс мекемелердің ролін көтеру және жүйесін кеңейту, олардың жұмысын салауатты өмір салтын насихаттауға, нашақорлық пен қылмысқа қарсы күреске бағыттау;
оқу жоспарын, әсіресе оның вариативтік бөлімін қысқартуды болдырмау. Білім технологиясындағы жаңалықтарды педагогикалық тәжірибеге енгізу және қабылдау.
Бастауыш және орта кәсіптік білім саласында:
тұрмысы нашар отбасылардың негізгі жалпы білімі жоқ балаларының бастауыш кәсіптік білім алуына жағдай жасау, бұл мақсатқа бюджеттік қаржыландыруды қарастыру;
еңбек рыногіне қажетті кәсіби мамандарды даярлауды жүргізу, жастардың қолы бас болмауы үшін кәсіби білікті болып шығуын қамтамасыз ету. Жоғары разряды, класы, дәрежесі бар шағын және орта бизнес саласына қажет кәсіби жұмысшылар мен мамандарды даярлауды жүзеге асыру;
білімдегі жаңа технологияларды енгізу есебінен кәсіптік-техникалық училище, колледждерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту, жақсы мектептерде, жаңа технологиямен, кәзіргі жабдықтармен жабдықталған кәсіпорындарда практика өткізу арқылы мамандарды даярлау сапасын көтеру.
Бағдарлама іс-шаралары Қостанай облысының білім объектілерін салуға арналған Үкімет қаржысымен, облыс, қала, аудан бюджетінен жүзеге асады, Қазақстан Республикасы заңы тиым салмайтын демеуші ұйымдар қаржыларын тарту арқылы ұшқыр жобаларды ұйымдастыру жолымен де жүзеге асады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үдерісін жедел басқаруды іске асыратын білім департаменті.
Аймақтық «Білім» бағдарламасын жүзеге асыруды жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысы әкімі жанынан Үйлестіру кеңесін құру.
Тарау 6. 6. Қаржыландыру көздері және қажетті ресурстар
6. Қаржыландыру көздері және қажетті ресурстар
Аймақтық бағдарламаны қаржыландыру Қостанай облысының Қазақстан Республикасы 2003-2005 жылдарға мемлекеттік бюджетте білім мекемелерін салуға қаралған қаржысы шегінде жүзеге асады.
Мемлекеттік білім мекемесі жергілікті бюджет қаржысы есебінен, қызмет көрсетудегі өз кірістерінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық білім кәсіпорны кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орындауға қаралған бюджет қаржысы арқылы, қызмет жасаудан түскен өзінің кірістері арқылы қаржыландырылады.
Бағдарламаны жүзеге асыруға 2002-2005 жылдарға бюджет қаржысынан ең төменгі қажеттілік 1003,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде жыл сайын:
2002 ж. - 45892 мың теңге, оның 92 мың теңгесі облыстық, жергіліктісі - 45800 мың теңге;
2003 ж. - 299014,9 мың теңге, оның 80597,5 мың теңгесі облыстық, жергіліктісі 188597,4 мың теңге; инвестициялық жоба 29820,0 мың теңге;
2004 ж. - 330316,45 мың теңге, оның 54570,4 мың теңгесі облыстық, жергіліктісі 216106,05 мың теңге;
инвестициялық жоба 59640 мың теңге;
2005 ж. - 328571,9 мың теңге, оның 58096,6 мың теңгесі облыстық, жергіліктісі 210835,3 мың теңге; инвестициялық жоба 59640;
Бағдарламаны қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі бюджетті қалыптастыруға сәйкес және жылдағы бюджеттік заңдылықтық өзгеруіне байланысты анықталуы мүмкін.
Тарау 7. 7. Аймақтық бағдарламаны жүзеге
асырудан күтілетін нәтижелер
7. Аймақтық бағдарламаны жүзеге
асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асыру қамтамасыз етеді:
барлық жалпы орта білім жүйесін қайта құрылымдауды, қаржыны тиімді де ұтымды пайдалануды, білім қызметінің сапасын көтеруді;
білім саласының ашықтығы және мүмкіндігін, әр оқушының сапалы жалпы білім алу мүмкіншілігін;
білім беру бағдарламасын оқулық, ғылыми және әдістемелік әдебиетпен, білім құралдарымен, көрнекі құралдармен жабдықтауды жақсарту;
дистанциялық басқару жүйесін дамытуды, білім саласының мониторингін жетілдіру; компьютер жүйесімен бірлескен ақпарат кеңістігін қалыптастыруды, берілген негіздермен және білім статистикасының орталығымен Қазақстан Республикасы ақпаратты білім кеңістігіне енуді;
жан-жақты дамыған, өз ойын іске асыра алатын, өзін-өзі айқындаған Қазақстан Республикасын белсенді азаматын тәрбиелеуді;
педагогика қызметкерлерінің өзін өзі көрсетуіне және шығармашылығын жүзеге асыруға жағдай жасауды, білім процесіне кәзіргі технологияны енгізуді;
кәсіптік дайындық саласында барлық субъектілердің өзара әрекеттесуін, бүкіл салаға қажет кадрларды анықтауды, колледж бен кәсіптік мектеп түлектері еңбек рыногында бәсекеге түсе алуын.
Тарау 8. 8. 2002-2005 жылдардағы Аймақтық «Білім»
бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары
8. 2002-2005 жылдардағы Аймақтық «Білім»
бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары
📌 Ескерту. Өзгерістер енгізілді - Қостанай облыстық мәслихатының 18.12.2002 № 250 шешімімен.
№
Іс-шаралар атауы
Аяқтау түрі
Орындаушы
Орындау мерзімі
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
1
2002-2005 жылдары аймақтық «Білім» бағдарламасын жүзеге асыруға іс-шаралар қабылдау
Аудан, қала әкiмияттарының қаулысы
Қала, ауданәкімдері
2002 ж. ІV тоқсан
Қаржы тартпай
2
Бағдарламаны жүзеге асыруды жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында үйлестіру кеңесін құру
Облыс әкімі
2002 ж. ІV тоқсан
қосымша
қаржысыз
3
Жарты жылда бір рет облыс әкімиятына аймақтық «Білім» бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы ақпарат беру
Аудан,
қала
әкімдерінің
ақпараты
Қала,
аудан әкімдері
2003-2005 ж. жыл сайын
Қаржы тартпай
4
Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру барысын облыс әкімиятының отырысында жыл сайын қарау
Облыс әкiмиятының қаулысы
Облыс әкімінің орынбасары
2003,
2004,
2005 ж.
Қосымша қаржысыз
5
Бағдарламаны аяқтау туралы Әкiмият қаулысын қабылдау
Облыс әкiмиятының қаулысы
Облыс әкімінің орынбасары
2005 жыл
Қаржы тартпай
Мектепке дейінгі тәрбие
6
Облыстық селолық жалпы білім беру мектептерінде мектепке дейінгі тәрбиенің шағын орталығының жүйесін дамыту
Облыс әкімінің шешімі
Аудан әкімдері
2003 ж. 32 шағын орталық
2004 ж. 50
шағын орталық
2005 ж. 60
шағын орталық
Жергілікті бюджеттен шығын шегінде, қайырымдылықтан түскен қаржы
7
Жекеменшік, мемлекеттік, мектепке дейінгі мекемелер
Жүйесін дамытуға шаралар қабылдау
Қала,
аудан әкімдерінің
шешімдері
Аудан, қала әкімдері
2003-2005
жылдар
Ата-аналар
төлемі
Қайырымдылықтан түскен қаржы
8.
Мектепке дейінгі
әлеуметтік қорғаусыз балаларға арналған мектепке дейінгі қайырымдылық мекемелер жүйесін дамытуды қамтамасыз ету
Аудан,
қала әкімдерінің
шешімдері
Аудан, қала әкімдері
2003-2005 ж. жыл
сайын
10
топтан
Қайырымдылықтан
түскен қаржы
9
Федоров ауданында қала,
аудан әкімдері орынбасарларының мектепке дейінгі балаларды әлеуметтік қорғау және тәрбиелеудің ең жақсы тәжірибесін оқыту және тарату мақсатында семинар өткізу
Аудан,
қала әкімияттарына
ұсыныстар
Әкімінің
орынбасары,
Білім департаментінің
Директоры
2003 ж.
ІІ тоқсан
Қаржы тартпай
10
Мектепке дейінгі балаларды ақысыз жыл сайын қарауды қамтамасыз ету, оларды сауықтыруды ұйымдастыру
Аудан,
қала әкімдерінің
шешімдері
аудан,
қала әкімдері
2003-2005
жылдар
Мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген қаржы, шегінде
11
«Жылдың ең жақсы балабақшасы»
республикалық конкурсына қатысу
Білім департаментінің
бұйрығы
Білім департаментінің
Директоры
2002-2005
жылдар
Қаралған бюджет қаржысы шегінде, қайырымдылықтан
түскен қаржы
12
Мектепке дейінгі тәрбие
жұмысын ұйымдастыру тәжірибесіне «Мектепал-
ды дайындық
оқу-әдістемелік құралын, мүмкіншілігі шектеулі балалар
ды дамытуға арналған арнайы білім бағдарлама
сын енгізуді ұйымдасты
ру; мектепке дейінгі балалардың дене дамуының, денсаулығын нығайтудың бағдарламасын іске асыру
Білім департаментінің
бұйрығы
Білім департаментінің
директоры
2002-2005
жылдар
Бөлінген қаржы шегінде
Жалпы орта білім
13
Жалпы білім беру мектептері жүйесінің құрылымын қайта құру
Аудан,
қала әкімдері, білім департаменті
Аудан, қала
әкімдері
2003 ж. тамыз
2004 ж. тамыз
2005 ж.
тамыз
Бюджетте қаралған қаржы шегінде
14
Боровской санаторлық мектебін күрделі жөндеуден өткізу
Білім департаментінің бұйрығы
Білім департаментінің
директоры
2004 ж.
Бюджеттен бөлінген қаржы шегінде, 4776 мың
теңге
15
Шағын селолардағы балама
дайындықты пайдаланып, барлық балалардың мектепке дайындықтын қамтамасыз ету
Білім департаменті
Білім департаменті
2002-2005 жылдар
Бюджетте қаралған қаржы шегінде
16
Жалпы білім беру мектебінің негізгі және жоғарғы
сатысында.
Сыныптарды қосуды болғызбау
Білім департаменті
Білім департаментінің директоры
2002-2005 жылдар
Жергілікті бюджет
17
Мектепті жыл сайын уақытында жаңа оқу жылына, жылу беру мерзіміне дайындау. Облыстық әр мектебінде оқу барысында жылу тәртібін орындауды қамтамасыз ету.
Аудан,
қала әкімдерінің
шешімдері
Аудан,
қала әкімдері
2002-2005 жылдар
Бюджеттен
бөлінген қаржы шегінде, қайырымдылықтан түскен қаржы шегінде
18
Барлық жерде оқу жасындағы балалардың есебін алу, жалпы орта білім алу құқығын пайдалануға мүмкіншілік туғызу. Облыстық барлық мемлекеттік жалпы білім беру мектептерін жалпы білім беру қорымен қаржыландыруды қамтамасыз ету. Әскерге шақыру алдындағы жастардың жалпы білім дайындығына ерекше көңіл бөлу
Аудан,
қала әкімдерінің
шешімдері
аудан,
қала әкімдері
2002-2005 жылдар
Бюджеттен
бөлінген қаржы шегінде
19
Қоғамдық тамақтандыру жұмысын жақсарту, тұрмысы төмен отбасылардың балаларын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру
Аудан, қала әкімияттарының қаулысы
Аудан,
қала әкімдері
2002-2005
жылдар
Бюджеттен
бөлінген қаржы шегінде
20
Мемлекеттік тілді қолдану аясын ұдайы кеңейту. Арқалықта, аудандарда сапалы білім алғысы келетіндерге, сонымен қатар мемлекеттік тілде оқығысы келетіндерге арнап оқушылар тұратын, дамытатын орталық ашу
Білім департаментінің бұйрығы қала,
аудан әкімдерінің шешімі
Білім департаментінің директоры,
аудан
қала әкімдері
2003 ж
- 1 орталық
2004 ж - 2 орталық
2005 ж - 2орталық
Бюджеттен
бөлінген қаржы шегінде
21
Оралман балаларды әлеуметтік ақтау мақсатында
психологиялық-педагогикалық көмекті барлық жерде қамтамасыз ету
Білім департаментінің бұйрығы
Білім департаментінің директоры
2002-2005
жылдар
қосымша қаржы тартпай
22
Инклюзивті білімді дамыту, осы мақсатпен әр ауданда, қалада инклюзивті мектептер жүйесін анықтау
Облыс әкімінің шешімі
Аудан әкімдері
2003-2005 жылдар
Бюджеттен
бөлінген қаржы шегінде
23
Мектептің ықшамдалған моделін жасау. Эксперименталды алаң енгізу, оқудың арнайы ұйымдасқан түрін, жаңа ақпаратты технологияларды қабылдау
Білім департаментінің бұйрығы
Білім департаментінің директоры
2002 ж. қараша
Қосымша шығынсыз
24
Облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін көтеру институтының мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға іс-шаралар ұйымдастыру жөнінде әдістемелер жасап беруі
Білім департаментінің бұйрығы
БҚБЖИ директоры
2002 жыл
Қаржы қажет емес
25
Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мектеп-интернатын, олар тұратын орталық етіп қайта ұйымдастыру, оларды қаланың бейімдеу мектептерінде оқыту
Білім департаментінің бұйрығы
Білім департаментінің директоры
2005 жыл
Қосымша қаржысыз
26
Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған
балаларды толық, дұрыс тәрбиелеу тәжірибесі бар отбасыларға беруді, оларға қаржыдай көмек көрсетуді жалғастыру. Аудан, қалаларда балаларды тәрбиелеуге алғысы келетін отбасылар
ды іріктеп таңдау
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен шарт
Қорғаншылық және қамқоршылық органдары, аудан,
қала әкімдері,
білім департаментінің директоры
2002-2005 жылдар
Облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы шегінде
27
Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік нұсқауларын,
жаңа оқулықтарды, білімдегі жаңа технологияларды уақытында енгізу
Білім департаментінің
бұйрығы
Білім департаментінің директоры
2002-2005 жылдар
Қаржы тартпай
28
Кәзіргі село мектептерінің ең жақсы моделін жасауға облыстық конкурс өткізу
Білім департаментінің
бұйрығы
Білім департаментінің директоры
2003 жыл
наурыз
Бюджетте қаралған қаржы шегінде
29
Аудан орталықтарындағы жұмысты жақсарту Орталықтардың немесе Балалардың шығармашылық үйінің, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері, музыка мектептері және барлық түрдегі мектептен тыс білім ұйымдарының материалдық базасын нығайту, олар жоқ жерде ашу
Аудан әкімдерінің
шешімі
Аудан әкімдері
2003-2005 жылдар
Жергілікті бюджет
30
Жас жеткіншектерді қазақтардың мәдениеті-байсалдылық, шыдамдылық, сөз қадірін білуі негізіндегі этникалық дүние дәстүріне және түсінушілікті сақтауға тәрбиелеу
Бұл проблема бойынша Байтұрсыновтық туған күніне арналған ғылыми-практикалық конференция
Облыс Әкімінің орынбасары,
білім департаментінің
директоры
2002-2005 жылдар
2005 жыл
Бөлінген Қаржы шегінде, бюджеттен тыс қаржылар
31
Қостанайдың № 23 ОМ «Этномәдениет диалогының мектебі»
тәжірибелік жұмысын жинақтау. Мұғалімдер үшін «Полиэтникалық қатынастар үйлесімділігінің жағдайы» атты әдістемелік құралшығару. Аудан, қала әкімдерінің орынбасарларымен
семинар өткізу
Білім департаментінің
бұйрығы
Облыс әкімінің орынбасары
2005 ж. ақпан
Бөлінген қаржы шегінде, бюджеттен тыс қаржылар
32
Облыста әр пәннің оқу материалының мазмұнын, дене шынықтыру мен спортты, тәрбие жұмысының жүйесін пайдаланып, «Мектеп-алкоголизм мен нашақорлыққа төзбейтін, салауатты өмір орталығы»
атты облыстық эстафетасын бастау
Білім департаментінің бұйрығы
Білім департаменті, дене шынықтыру және
спорт комитеті
2002-2005 жылдар
Қаржы тартпай
33
Рудныйдың № 10 ОМ педұжымының «Мектеп- салауатты өмір орталығы жұмыс тәжірибесін қорытындылау
Әдістемелік құралдар шығару. Әкім орынбасарларының Рудный қаласында семинарын өткізу
Білім департаментінің бұйрығы
Облыс әкімінің орынбасары
2004 ж.
Бөлінген қаржы шегінде, бюджеттен тыс қаржылар
34
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзудың
алдын алу жұмысын жақсарту. Рудныйда әлеуметтік-психологиялық қолдау мектеп-интернатын
ашу
Облыс әкімінің шешімі, білім департаментінің бұйрығы ішкі істер басқармасы
Облыс әкімінің орынбасары
2003-2005 жылдар
2003 жылғы қаңтар
Бюджеттен бөлінген қаржы шегінде
35
Облыстық селолық мектеп
терінде оқу-өндірістік жұмысты дамыту, мектептерге жер бекітіп беру, оқу- өндірістік құрылымдарын жасау
Аудан әкімдерінің шешімі
Аудан әкімдері
2003-2005
жылдар
Жергілікті бюджет,
бюджеттен тыс қаржылар
36
Патриотизмге, кеңінен ойлауға тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімедердің қоғамға қарсы тәртібімен күресуге тәрбиелеу мақсатында балалар мен жастардың қоғамдық бірлестігінің ықпалын кеңейтуге жәрдемдесу
Аудан, қала әкімдерінің шешімдері,
білім департаментінің
директоры
Облыс Әкімінің орынбасары
2003-2005
жылдар
Бюджеттен бөлінген қаржы шегінде, меценаттар қаржысы
37
Селода эксперименталдық аландар ашу: «Мектеп-балабақша»;
«Мектеп-мәдени орталық»;
«Мектеп-агробиолаборатория»;
Мектеп-ауылшаруашылық комплексі»;
«Мектеп полиэтникалық қатынастар
үйлесімділігі»
Білім департаментінің бұйрығы
БҚБК
және ҚДИ директоры
2003 ж.
Бөлінген қаржы шегінде
38
Балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру жөніндегі жұмыстық түрлері мен демалыс базаларын кеңейту. Қостанайдың № 5а БМ мен № 3 емханасының балаларды сауықтыру жөніндегі жұмыс тәжірибесін енгізу, жағдайы төмен отбасының балаларына ерекше көңіл бөлу
Облыс,
аудан,
қала әкімдерінің шешімдері
Аудан,
қала әкімдері
2003-2005
жылдар
Бюджеттен бөлінген қаржы шегінде, ата-аналар төлемі
Бастауыш және орта кәсіптік білім
39
Мемлекеттік тапсырыс бойынша Амангелді мен Жангелдин аудандарының жалпы орта білім беру мектептерінің түлектерін
Торғай агротехникалық колледжі базасында жұмысшы кадрларын даярлауды қамтамасыз ету
Білім департаменті
нің бұйрығы
Білім департаменті-
нің директоры, аудан әкімдері
2003ж
Бюджеттен бөлінген қаржы шегінде
40
Қамысты ауданының Қамысты селосында мемлекеттік кәсіптік мектеп ашу
Облыс әкімі
нің қаулысы
Білім департаменті
нің
директоры,
Қамыстыауданы
ның әкімі
2003ж
Бюджеттен бөлінген қаржы шегінде
41
Облыс аумағында орналасқан кәсіптік оқу мекемелері мен ОК жанынан кәсіптік оқу топтарын ұйымдастыру
Облыс әкімінің шешімі
Білім департаментінің директоры ҚР ӘМ Қостанай облысы бойынша қылмыс
тық атқару жүйесi комитетінiң басқармасы
2003ж
Бюджеттеқаралған қаржы шегінде
42
Тұрмысы төмен отбасылардың негізгі мектепті бітіре алмаған балаларына арнап кәсіби мектептерде топтар ашып, мамандық алуына жағдай жасау
Білім департаментінің бұйрығыаудан,
қала
әкімдерінің шешімі
Білім департаментінің директоры, аудан,
қала әкімдері
2002-2005Ж
Бюджеттеқаралған қаржы шегінде
43
Жұмысшы кадрлары мен орта кәсіби мамандарды даярлауды еңбек рыногының қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік реттеуді, мониторингін, болжауын қамтамасыз ету
Мамандар мен
жұмыс шыларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты бекіту
Білім департаментінің директоры
2002-2005ж
Қаржы тартпай
44
Кәсіптік оқу мекемелерінде жастардың кәсіптік шыңдалуын, бизнеспен, шаруа қожалығымен шұғылдануға, жеке шағын кәсіпорын ашуға даярлауды қамтамасыз ету
Әскерге шақыру алдындағы
жастардың мамандық алуына ерекше көңіл бөлу
Білім департаментінің бұйрығы
Білім департаментінің директоры
2002-2003ж
Бюджеттен бөлінген қаржы шегінде
Кадрлар. Білім беруді басқаруды жетілдіру
45
Селолық мектептерде әдістемелік жұмыстық сапасын арттыру мақсатында аудандық әдістемелік кабинеттердің штат кестесін қайта қарау
Аудан әкімдерінің шешімдері
Аудан әкімдері
2003-2005ж
Жергілікті бюджет шығыны шегінде
46
Білім жүйесі үшін мамандар даярлау тиімділігін көтеру мақсатында үздіксіз білім концепциясын жасау жұмысын аяқтау
Білім департаментінің бұйрығы
Қаткенов Қ.А Уәлиев
Х.Х.(келісім
бойынша
Бектұрғанова Р.Ш.(келісім бойынша Жаркенов
А.К. келісім бойынша
2003ж
Білім ұйымдарының бюджеттен тыс қаржылары
47
Мұғалімдерді қайта даярлау сапасын оқу технологиясын, әдістемелерді, жаңа бағдарламаларды енгізу арқылы арттыру
Білім департаментінің бұйрығы
Білім департаментінің директорыБҚБЖИ директоры
2002-2005ж
Бөлінгенбюджет қаржысы шегінде
МБЖИ бюджеттен тыс қаржысы
48
Село мектептері мұғалімдерінің жаңа буын оқулықтарын енгізу жөніндегі біліктілігін жоғарылату және қайта даярлауды қамтамасыз ету
Білім департаментінің бұйрығы
Білім департаментінің директоры
2002-2005ж
Бюджеттен бөлінген қаржы шегінде
49
Ақпаратты ортаны пайдаланып білім жүйесінің статистикасын,
ғылыми-педагогикалық ақпараттық
автоматтандырылған мәліметтерінің банкісін,
ақпараттық-әдістемелік материалдарды пайдаланып
білімді басқарудың тиімділігін жетілдіру
Білім департаментінің бұйрығы
Білім департаментінің директоры
2002-2005ж
Бөлінгенбюджет қаржысы шегінде
50
Облыс мектептерінің көп бейінді қажет ететінін ескеріп, қазақ тілі,
ағылшын тілі,информатика
мұғалімдерін даярлау және қайта даярлау сапасын қамтамасыз ету
Білім департаментінің бұйрығы
Жоғарғыоқу орындарының ректорлары,
колледждермен БҚБЖИ директорлары келісім бойынша
2002-2005ж
Қаралғанқаржы шегінде
51
Жыл сайын оқу жылы қарсаңында облыс әкімінің білімді ұйымдастырушылармен кездесуін өткізу
Облыс әкімінің орынбасары
2002-2005ж
Бөлінгенқаржы шегінде
52
Жыл сайын мұғалімдер күнінде Республикалық олимпиаданың, республикалық жарыстардың кәсіби конкурстардың жеңімпаздарын дайындаған, ең жақсы педагогтардың, құрама командалар, таланттар байқауы мүшелерінің әкіммен кездесуін өткізу
Облыс әкімінің орынбасары
2002-2005ж
Бюджеттен бөлінген қаржы шегінде, меценаттар қаржысы
Материалдық базаны нығайту, білім беру объектілерін салу
53
Село мектептерін салу мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім объектілерін іске қосу
Үкімет қаулысы
Білім департаментінің директоры
2003-2005ж
Республикалық бюджет тен бөлінген қаржы
54
Әр аудан орталығындағы тірек жалпы білім беру орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуді қамтамасыз ету
Аудан әкімінің шешімі
Аудан әкімдері
2003ж
Бюджеттеқаралған қаржы шегінде
55
Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім жүйесін ақпараттау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды аяқтау
Білім департаментінің
бұйрығы
Білім департаментінің директоры
2002-2005ж
Бюджеттен
бөлінген қаржы шегінде
56
Облыс оқу мекемелерін ауылшаруашылық
техникасын, станоктарды, құралдарды, жиhаздарды жаңартуды жыл сайын қамтамасыз ету
Білім департаменті
бұйрығы
аудан әкімдер
шешімдері
Білім департаментінің директоры
аудан әкімдері
2003-2005ж
Бюджеттен бөлінген қаржы шегінде
57
Облыстық орталықтандырылған бюджет қаржысынан қарап, облыс мектептерінің оқушыларын оқулықтармен уақытында қамтамасыз ету
Білім департаментінің
бұйрығы
Білім департаментінің директоры қаржы
департаментінің директоры
2002ж
2003ж
2004ж
2005ж
75млн т.
168 млн т.
178 млн т.
187 млн т.
бюджеттен бөлінген қаржы шегінде
58
Кәсіптік жалпы білім беру мектептерін, колледждерді оқу, ғылыми әдістемелік әдебиетпен, БҚБЖИ электрондық оқулықтарымен қамтамасыз етуге іс-шаралар қолдану
Білім департаментінің
бұйрығы
Облыстық білім департаментінің директоры
2003-2005
ж.
бюджеттен бөлінген қаржы шегінде,бюджеттен тыс қаржы