Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Акжарского района Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 255 · қабылданған 12.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137040/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Акжарского района Северо-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 255 ·12.12.2019
17.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Акжарского района Северо-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 255 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Акжарского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
255
Қабылданған күні
12.12.2019
Көрсетілген редакция
17.01.2024 137040_682851.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SD005729
ЭКБ идентификаторы
137040
Редакция идентификаторы
137040_682851
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:20

0 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 - бабы 2) тармақшасына, 139 - бабы 9 - тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақжар ауданың ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» 2016 жылғы 5 шілдедегі № 179 қаулысы (2016 жылғы 17 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3848 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 255 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

2 2) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

3 3) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4 4) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар - қарттар мен мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

5 5) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар - психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);

3

3) мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар – библиограф, кітапханашы, мәдениет ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

4

4) мемлекеттік мекемеменің мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар – библиограф, кітапханашы, мәдениет ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).

Қолданыстағы