Об утверждении Правил оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-үйді ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және комммуналдық қызметті пайдалануға көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 17.03.2003 № 21/2 шешімімен.
Аршалы аудандық әкімият ұсынған және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен және 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 «Қазақстан Республикасының әлеіметтік қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заңнама актілеріне өзгертілер енгізу туралы» сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-үйді ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалануға көмек көрсету Ережесін бекіту.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-үйді ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалануға көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Аршалы аудандық мәслихат сессиясының
2002 жылғы 20 қараша
№ 18/5 шешімімен бекітілген
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-үйді ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалануға көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларына(азаматтарға) үй-жайын (жеке түрғын үйді ұстаудан басқа) ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға кететін ақының есесін қайтару үшін, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алғанда көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 «Қазақстан Рсспубликасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заңнама актілеріне өзгергулер енгізу туралы» Заңымен қарастырылған және әлеуметтік қорғаудың бір түріне жатады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйлік көмек ауданда тұрақты тұратын және жеке меншік иесі немесе жалға алушы кісілерге, егер үйді ұстауға толеннетін акы (жеке түрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалану отбасының жиынтық табысының белгіленген мөлшерінен 30 % асқанда беріледі.
Тармақ 3
3. Өтем шарасымен қамтамасыз етілетін үй көлемі мөлшері, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен белгіленген, отбасының әр мүшесіне тиісті мөлшерге балама. Аудан тұрғындарын қамтамасыз ететін коммуналдық қызметті (сумен, ғазбен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау) пайдалану нормативі, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 4
4. Жеке меншігінде бірден артық үй-жайы (жеке пәтері, үйі) бар немесе түрғын үй жайын жалға немесе жалдауға берушілер тұрғын-үй көмегі алу құқығынан айырылады. Отбасыларында тұрғын үй көмегін алу, егер оларда жұмыс істей алатын кісілер бола тұра, жұмыс істемесе, оқу оқымаса және жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрмаса, тек мына кісілерден, мүгедектерді күтушілер, күтім қажет деп тапкан жағдайда, немесе 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен отырғандардан басқаларының құқығы болмайды. Табысы жоқ отбасыларынан басқаға, өтініш берген мезгілде коммуналдық қызметтің ақысынан қарызы болса, ондай отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі арыз берген айдан бастап 3 айға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу алғашқы іс-тәртібін жасағанмен сәйкес.
Тармақ 6
6. Үй-жайды ұстау және коммуналдық қызмет ақысы тарифіне өзгеріс енгенде, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі бұрынғы тағайындалган тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жасайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын-үй көмегінің бөлімін, өз үй- жайындағы меншік түрлеріне енген өзгерістер жайлы, отбасы құрамы жайлы, отбасының жиынтық табысы жайлы, сонымен қатар көмекті жаңылыс есептеген жағдайда хабарлап отыруы тиіс. Әдейі, күмәнді мәліметтер беріп, соңынан аса көтереңкі және заңсыз тұрғып үй көмегін толеуге әкеп соққан жағдайда, үй-жайды жалға алушы (меншік иесі) тұрғын-үй көмегін алу құқығынан айырылады, тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алған сомасы заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша кайтарылуы тиіс.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
Тармақ 8
8. Тұрғын үйлік көмек аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы үйдің жеке меншік иесінің (жалға алушының) арызы негізінде тағайындалады және мына төмендегі құжаттар қоса тапсырылады:
Тармақша 1
1) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 2
2) өтініш жасаған кездің алдындағы тоқсандағы отбасының барлық мүшелерінің табысы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) қозғалмайтын мүлік орталығынан тіркелген жеке меншік туралы анықтама;
Тармақша 4
4) сатып алу немесе жекешелендіру туралы шарт.
Тармақ 9
9. Ұсыныған құжаттардың нәтижесі бойынша аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі тұрғын үйлік көмек тағайындау жөнінде шешім қабылдайды және тұрғын үйлік көмек көрсетуге 2 дана шарт жасайды және оның біреуі үй иесіне (жалға алушыға) беріледі
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалға алушының (меншік иесінің) үй -жайды ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану нормасы шегіне кететін, өтем шамасымен қамтамасыз етілетін және осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шектелген шығын деңгейінде нақты төлем ақы арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі.
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегі ақшалай қаражат түрінде алушының есеп шотына қабылдау жолымен іске асырылады.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуы және төленуіне бақылау жасау.
4. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуы және төленуіне бақылау жасау.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуы және төленуіне бақылау жасау сирек дегенде жылына бір рет аудандық қаражат органы арқылы жүзеге асырылады.