О предоставлении бесплатного проезда гражданам Мангистауской области за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы азаматтарына емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. Республикалық медициналық ұйымдарда жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ), сондай-ақ республикалық медициналық ұйымдарда және облыстық маңызы бар қалаларда мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ММК) алу үшін жіберілетін Маңғыстау облысының азаматтарына елді мекен шегінен тыс жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Ілесіп барушы тұлғаны алуға құқығы бар: 18 жасқа дейінгі балалар; көру бойынша бірінші және екінші топтағы мүгедектер; бірінші топтағы мүгедектер және дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы бойынша науқастар.
Тармақ 3
3. Жол жүру құнын төлеу «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне емделу орнынан келген күннен бастап бір жыл мерзімнен кешіктірмей ұсынылуы тиіс мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылсын:
Тармақша 1
1) жеке куәлігінің және (немесе) туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) белгіленген үлгідегі емдеуге жолдаманың көшірмесі;
Тармақша 3
3) науқасқа ілесіп жүру қажеттілігі туралы медициналық ұйымның ДКК қорытындысы;
Тармақша 4
4) ем қабылдағаны туралы ауру тарихы үзіндісінің көшірмесі;
Тармақша 5
5) мүгедектік туралы анықтамасының көшірмесі;
Тармақша 6
6) науқастың және оған ілесіп жүруші тұлғаның атына ресімделген жол жүру фактісін растайтын билеттер, олар жоғалған жағдайда емделу орнына бару және кері қайту жол жүру фактісін растайтын анықтамасын ұсыну бойынша жүргізіледі;
Тармақша 7
7) банктен карточкалық базадағы пациенттің ашық 20 таңбалы шоты туралы хабарламаның көшірмесі немесе ақша қаражатын алу құқығы бар сенімхатпен басқа адамға.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің 3-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша ЖМТҚ алу үшін елді мекен шегінен тыс жерлерге жіберілетін науқастардың және оларға ілесіп жүретін адамдардың (бір адамнан аспайтын) емделу орнына барып-қайту жол жүруін өтеу мынадай шығыстарды қамтиды:
Тармақша 1
1) темір жол (бұдан әрі – ТЖ) көлігімен ұсынылған билеттер плацкарт (купелік) вагоны билеті тарифі бойынша жүзеге асырылады. ТЖ көлігімен өзге вагонның тарифін ұсынған жағдайда, шығыстары 5 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын мөлшерде өтеледі;
Тармақша 2
2) ДКК қорытындысы болған жағдайда, әуе көлігі экономикалық класс билетінің тарифі бойынша жүзеге асырылады; ДКК қорытындысы болған жағдайда, әуе көлігі бизнес класты билеті ұсынылған жағдайда, шығындары 15 АЕК-тен аспайтын мөлшерде өтеледі; ДКК қорытындысыз әуе көлігімен билет ұсынылған жағдайда, төлем 5 АЕК-тен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) науқас қайтыс болған жағдайда, алып (ілесіп) жүруші тұлғаға табытты мәйітімен бірге тасымалданғаны үшін жол шығыны - 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Республикалық медициналық ұйымдарда ЖТМҚ алу үшін жіберілген науқасты ауруханаға жатқызудан құжаттамалық бас тартқан жағдайда, республикалық медициналық ұйымның ауру тарихы үзіндісі көшірмесінсіз жол шығындары осы шешімнің 4-тармағына сәйкес өтелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің 3-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар негізінде елді мекеннен тысқары жерлерге медициналық көрсеткіштер бойынша ММК алу үшін жіберілетін науқастардың және оларға ілесіп жүретін адамдардың (бір адамнан аспайтын) емделу орнына барып-қайту жол жүру шығындары мынадай санаттар бойынша өтеледі:
Тармақша 1
1) республикалық медициналық ұйымдардың күндізгі стационарынан тексеруден өту үшін онкогематологиялық бейін және гемофилия диагнозымен осы шешімнің 4-тармағына сәйкес;
Тармақша 2
2) облыстық клиникаларға кеңес алуға және тексеруге жіберілетін жүкті әйелдерге осы шешімнің 4-тармағына сәйкес;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің «Қазақстан Санаторийі» акционерлік қоғамында, Алматы қаласының республикалық клиникалық госпиталінде және Нұр-Сұлтан қаласының Орталық клиникалық госпиталінде медициналық оңалтуды көрсету үшін мамандандырылған медициналық көмек түрінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген тұлғаларға: басым түрде интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияны жоюшыларға осы шешімнің 4-тармағына сәйкес;
Тармақша 4
4) мүгедек балаларға ілесіп барушы ата-анасының біреуімен бірге әуе көлігімен, республикалық орталықтарға ДКК анықтамасына сәйкес 40 АЕК-тен аспайтын жол шығындары өтеледі.
Тармақ 7
7. Маңғыстау облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын:
Тармақша 1
1) 2015 жылғы 17 наурыздағы № 23/376 «Бюджеттік қаражат есебінен елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделу үшін Маңғыстау облысы азаматтарына тегін жол жүруді ұсыну туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2694 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
Тармақша 2
2) 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/182 «Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 17 наурыздағы № 23/376 «Бюджеттік қаражат есебінен елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделу үшін Маңғыстау облысы азаматтарына тегін жол жүруді ұсыну туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3500 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалысын бақылау Маңғыстау облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 9
9. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.