Об утверждении строительных норм Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 489) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мынадай Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен имараттар» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 3.02-31-2019;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мелиоративтік жүйелер мен имараттар» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 3.04-11-2019;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Құрғақ минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының қоймалары» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 3.02-30-2019;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 3.02-32-2019;
Тармақша 5
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Гидротехникалық имараттардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 3.04-02-2019 бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасы қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Басқа 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАР ҚР ҚН 3.02-31-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2019 жылғы «_____» _______ № ____ бұйрығына 1-қосымша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАР ҚР ҚН 3.02-31-2019 1-тарау. Қолданылу саласы 2-тарау. Нормативтік сілтемелер 3-тарау. Терминдер мен анықтамалар 4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары 1-параграф. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары 2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары 5-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен үй-жайлардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар 1-параграф. Жалпы қауіпсіздік талаптары 2-параграф. Көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдер 3-параграф. Су құбыры және су бұру 4-параграф. Жылыту (салқындату), желдету және ыстық сумен жабдықтау 6-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
Тарау 1. 1-тарау. Қолданылу саласы
1-тарау. Қолданылу саласы
Тармақ 1
1. Осы құрылыс нормалары ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен үй-жайларды жобалауда қолданылады. Аталған ғимараттар мен үй-жайларға көкөністерді, картоп пен жеміс шаруашылығы және жүзім шаруашылығы өнімдерін сақтауға (өнімдерді тауарлық өңдеуді қоса алғанда) және қайта өңдеуге арналған; сүтті, мал мен құсты, жүн мен теріні, майлы және тінді дақылдарды бастапқы қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен үй-жайлар жатады.
Тармақ 2
2. Осы құрылыс нормалары салқындатып сақтайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен үй-жайларды (камераларды) жобалауда қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қантардағы Экологиялық Кодексі (бұдан әрі – Экологиялық кодексі);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 438 бұйрығымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15511 болып тіркелген), (бұдан әрі – «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР). Ескертпе - пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын басып шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың көрсеткіші» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың көрсеткіші» ақпараттық каталогтары бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
Тарау 3. 3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 3
3. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамаларымен келесі терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) нормативтік талаптардың мақсаты – нормативтік талаптың орындалуы арқылы нақты қандай мақсатқа қол жеткізілетіндігін тұжырымдау;
Тармақша 2
2)  объектінің жұмыс сипаттамаларының ең төменгі деңгейі (бұдан әрі - қолайлы құрылыстық шешімдер) – құрылыс объектісінің тұтынушылар үшін қолайлы техникалық сипаттамаларын беретін және оларды іс жүзінде орындау кезінде нормаланатын объектінің сәйкестік презумпциясын қамтамасыз ететін нормативтік талаптар;
Тармақша 3
3) функционалдық талап – нормативтік талаппен белгіленген мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін объект қалай қолданылуы тиіс екендігін сапалық деңгейде сипаттау.
Тарау 4. 4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
Тармақ 4
4. Осы құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен үй-жайларда өндірістің заманауи қажеттіліктеріне сай қауіпсіз, қолайлы ортаны қалыптастыру, механикалық және өрт қауіпсіздігі, адамдардың денсаулықтары мен өмірлерін және қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен үй-жайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функционалдық талаптарға келесі талаптар жатады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен құрылыстардың өмірлік циклының барлық кезеңдерінде қауіпсіз пайдаланылуын есепке ала отырып, оларды жобалау кезіндегі механикалық және өрт қауіпсіздігі жөніндегі, олардың күш түсетін және қоршау конструкцияларының беріктігін, сенімділігін және орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеу шарттары бойынша микроклиматтық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы адамдардың болуына қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде жұмыс аймақтарының ауасында зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан жоғары болмауы, шуылдан, дірілден және жұмыс істеушілердің денсаулықтары мен өмірлері үшін қолайсыз басқа да ықпалдардан қорғау;
Тармақша 3
3) технологиялық жобалау бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу технологиясына сәйкес көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдерді есепке ала отырып, ғимараттар мен құрылыстардың жобаларын әзірлеу;
Тармақша 4
4) халықтың тез бейімделмейтін топтарының қолжетімділігін, энергетикалық және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) энергия үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау.
Тарау 5. 5-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен үй-жайлардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
5-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен үй-жайлардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы қауіпсіздік талаптары
1-параграф. Жалпы қауіпсіздік талаптары
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезінде «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР, Өрт қауіпсіздігі ережелерінің, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары ескеріледі.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларының механикалық беріктігі және орнықтылығы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ғимараттар мен құрылыстар құрылыс объектісін салу және пайдалану кезінде оған түсірілген жүктемелер келесі салдарға алып келмейтіндей болып жобаланады және салынады:
Тармақша 1
1) құрылыс объектісінің немесе оның бір бөлігінің опырылып құлауына;
Тармақша 2
2) құрылыс объектісінің немесе оның бір бөлігінің шекті мүмкіндіктегі шамадан асатын деформациясының түзілуіне;
Тармақша 3
3) құрылыс объектісінің күш түсетін конструкцияларының елеулі деформациялануы нәтижесінде құрылыс объектісін салу кезінде пайдаланылатын құрылыс өнімінің зақымдалуына;
Тармақша 4
4) ықпал ету дәрежесі бойынша зақымдалу көзіне айналған бастапқы жүктемеден аспайтын жүктеме нәтижесінде зақымдалуға.
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен құрылыстарды жобалау кезінде құрылыс конструкцияларының есептері Заңның 30-бабы 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес, соның ішінде қауіпсіздік, сенімділік, беріктік талаптарына сай материалдар мен технологиялардың қолданылуын шектемейтін электронды бағдарламаларды қолдана отырып орындалады.
Тармақ 9
9. Ғимараттың негіздерінде және көтергіш конструкцияларында құрылыс салу және пайдалану үдерісінде ғимараттар мен құрылыстардың пайдалану қасиеттерін төмендетуге әкелетін жарықшақтардың, зақымданулардың және деформациялардың пайда болуына рұқсат етілмейді.
Тармақ 10
10. Көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдер қозғалу, жұмыс істеу, жылжымалы құрылғыларды, технологиялық және инженерлік жабдықты пайдалану барысында адамдардың жарақат алу мүмкіндігін болдырмауға септігін тигізеді. Ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік-жоспарлық шешімдерін, құрылыс конструкцияларына, технологиялық үдерістерге және жұмыс істеушілерге дірілге белсенді жабдықтан немесе сыртқы тербеліс көздерінен болатын динамикалық ықпалдарды азайту қажеттігін есепке ала отырып, қолдану қажет.
Тармақ 11
11. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен құрылыстар өрт болған жағдайда:
Тармақша 1
1) ғимараттар мен құрылыстарды салу және әрлеу кезінде материалдарды олардың жанғыштығын, тұрақты өрт сөндіру жүйелерін есепке ала отырып қолдану, өрт бөліктерін орнату, өртке қарсы есіктерді және өрттің тігінен және көлденеңінен таралу жолдарын жабу мақсатында басқа да шараларды қолдану арқылы құрылыс объектісінде өрт шығуы және от пен түтіннің таралуы шектелетіндей;
Тармақша 2
2) өрттің көршілес құрылыс объектілеріне таралуы, соның ішінде өртке қарсы алшақтықты қамтамасыз ету арқылы шектелетіндей;
Тармақша 3
3) құтқару қызметтері қызметші құрамының қауіпсіздігі қамтамасыз етілетіндей;
Тармақша 4
4) өрт сигнализациясы және өрт туралы хабарлау жүйелерін қолдану арқылы жану ошағының пайда болуы туралы уақтылы хабарлау қамтамасыз етілетіндей;
Тармақша 5
5) түтін жою жүйелерін қолдану арқылы өрттің қауіпті факторларының ықпалы нәтижесінде адамдардың өмірлері мен денсаулықтарына зиян келтірілгенге дейін, халық топтарының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларды қауіпсіз аймаққа қауіпсіз көшіру мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей;
Тармақша 6
6) өртке қарсы бөлімшелер мен құтқарушылардың қолжетімділігі және өрт сөндіру құралдарын ғимараттар мен құрылыстардың барлық үй-жайларына жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей;
Тармақша 7
7) өрт техникасының ғимараттар мен құрылыстарға еркін кіруі қамтамасыз етілетіндей болып жобаланады және салынады.
Тармақ 12
12. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен құрылыстар адамдардың, жануарлардың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескеріле отырып жобаланады және салынады.
Тармақ 13
13. Адамдардың болу қауіпсіздігі санитариялық-эпидемиологиялық және микроклиматтық талаптар: жұмыс аймақтарының ауасында зиянды заттардың шекті мүмкіндіктегі шоғырлануынан жоғары болмауы; үй-жайларға жылу мен ылғалдың барынша аз бөлінуі; шуылдың, дірілдің, ультрадыбыс деңгейінің, электромагнитті толқындардың, радиожиіліктердің, статикалық электр мен иондаушы сәулеленулердің мүмкін болатын мәндерден жоғары болмауы, сондай-ақ дене жүктемелерінің, зейін қоюдың шектелуі және жұмыс істеушілердің шаршауына жол берілмеуі арқылы қамтамасыз етіледі. Жарылыс қаупі бар шаң-тозаңды қоспалар түзуі мүмкін жанғыш шаң-тозаңдар айналатын өндірістері бар үй-жайлар, желдетілмейтін кеңістіктер мен шаңның (үй-жайда өлшенген және шөккен) жиналуын болдырмауды ескере отырып жобаланады.
Тармақ 14
14. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану барысындағы қауіпсіздік, тайып кету, құлау, соғылу, күйіп қалу, электр тогының соғуы, жарылыстар нәтижесінде жарақат алуды қоса алғанда, оларды пайдалану немесе қызмет көрсету кезіндегі жазатайым оқиғалардың қолайсыз тәуекелдерінің туындауына жол бермеу жөніндегі талаптарды сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 15
15. Ғимараттардың немесе құрылыстардың энергияны үнемдеу және жылуды сақтау талаптарын орындауларын қамтамасыз ету үшін олардың жылыту, ауа баптау және желдету жүйелері, жергілікті жердің климаттық жағдайларын және ішіндегі адамдар үшін жайлылықтың қамтамасыз етілуін есепке ала отырып, құрылыс объектісін пайдалануда қажетті энергия мөлшері барынша аз болатындай етіп жобаланады және салынады. Технологиялық үдерісті жүзеге асыру және үй-жайлардың микроклиматына қойылатын талаптарды орындау, энергия ресурстарын үнемді шығындаудың қамтамасыз етілуін есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Жүріп-тұру қабілеті физикалық тұрғыдан шектеулі тұлғаларға арнап жұмыс орындары ұйымдастырылатын ғимараттар мен үй-жайлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету сәулет, қала құырылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес орындалады.
Тармақ 2. 2-параграф. Көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдер
2-параграф. Көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдер
Тармақ 17
17. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен үй-жайлар жоспарда тік бұрышты, ені мен биіктігі бірдей қанаттары қатарласа орналасқан, шатырсыз, бір қабатты болып жобаланады. Қанаттары екі өзара перпендикуляр бағытта орналасатын, сондай-ақ қанаттарының жалпақтығы мен биіктігі әр түрлі ғимараттарды тек негіздеме болған жағдайда ғана жобалауға болады. Көп қабатты ғимараттар ауданы шектеулі (немесе тығыз орналасқан) жер телімдерінде, жер бедері кедір-бұдыр, тілімденген жерлерде құрылыс салу үшін, сондай-ақ бір қабатты ғимараттармен салыстырғанда, осындай ғимараттардың техника-экономикалық артықшылықтары болған жағдайда жобаланады.
Тармақ 18
18. Ашық орнатуға рұқсат етілетін (технологиялық жобалау нормалары бойынша, белгіленген тәртіпте немесе жобаның технологиялық бөліміне сәйкес бекітілген арнайы тізімдер бойынша) технологиялық, энергетикалық және санитарлық-техникалық жабдықты орналастыру үшін ашық алаңдар қарастырылуы қажет. Атмосфералық жауын-шашынның, желдің, шаңның қолайсыз ықпалдары салдарынан ашық алаңда орнатыла алмайтын және пайдаланылуы белгілі бір плюстік температураны ұстап тұруды және қызмет көрсетуші құрамның үнемі болуын қажет етпейтін жабдықты орналастыру үшін төбе жаппалар немесе жылытылмайтын ғимараттар жобаланады.
Тармақ 19
19. Ғимараттардың геометриялық параметрлері нормалар талаптарына сай болулары керек. Бір бағыттағы шектес қанаттардың арасындағы биіктік ауысымдарын 6М модуліне қалдықсыз бөлінетіндей қабылдау қажет.
Тармақ 20
20. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттардың биіктігі жабдық габариттеріне немесе өнімдерді қоймаға орналастырудың ең жоғары мүмкіндіктегі биіктігін негізге ала отырып, ең төмен деңгейде қабылданады. Қоймаға орналастырылуына бірдей талаптар қойылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің әр түрлі түрлерін сақтауға арналған ғимараттар бірыңғайланған бір биіктікте жобаланады.
Тармақ 21
21. Үй-жайлардың еденнен жабдық пен коммуникациялардың төменгі жағына дейінгі биіктігі барлық ғимараттарда адамдар тұрақты өтетін жерлерде 2 метрден (бұдан әрі – м) және адамдар тұрақты өтпейтін жерлерде 1,8 м-ден кем болмауы керек. Технологиялық жабдықтың жоғарғы жағынан төбеге дейінгі ең аз арақашықтық 0,4 м болуы керек.
Тармақ 22
22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған ғимараттарда ең үлкен ауысымның бір жұмысшысына шаққандағы үй-жай көлемі 13 шаршы метрден (бұдан әрі – м2), ал еден ауданы 4 м2-ден кем болмайды. Еден ауданының нормасы сақталған және технология талаптары қамтамасыз етілген жағдайда, бір жұмысшыға шаққандағы үй-жай көлемін 11 кубтық метрге (бұдан әрі – м3) дейін азайтуға рұқсат етіледі.
Тармақ 23
23. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттарды, құрама күш түсетін және қоршау конструкцияларын, сондай-ақ жергілікті құрылыс материалдарынан (кірпіш, табиғи тас және тағы басқалары) жасалған конструкциялар мен бұйымдарды қолдана отырып, көбіне қаңқалы етіп жобалау қажет.
Тармақ 24
24. Құрылыс конструкциялары мен олардың қаптамаларының, әрлеу және қорғау жабындарының материалдары тамақ өнімдерімен жанасуы мүмкін жерлерде олар үшін зиянсыз болулары керек.
Тармақ 25
25. Дымқыл немесе ылғалды тәртіптегі үй-жайлардың үстінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттардың желдетілмейтін жабындарына бу оқшаулау құрылғысы жылдық пайдалану кезеңінде конструкцияларда ылғалдың жинақталуына жол бермейтін жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 26
26. Картопты, көкөністер мен жемістерді ыдыста сақтауға арналған үй-жайларда және картоп пен көкөністерді қамбаларда сақтауға арналған үй-жайлардың өткелдерінде асфальт-бетон және бетон едендер жобалануы тиіс; қамбаларда саз балшық және жер едендерді қарастыруға болады.
Тармақ 27
27. Көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдер технологиялық жобалау нормаларына сәйкес әзірленетін жобаның технологиялық бөліміне сәйкес қабылданады. Қойма ғимараттарының көлемдік-жоспарлық шешімдері оларды қайта құру, ғимараттарды елеулі қайта құрусыз жүктерді қоймаға орналастыру технологиясын өзгерту мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 28
28. Құрылыстар (туннельдер, галереялар, эстакадалар, каналдар, бункерлер, үлдіріктер, алаңдар, антресольдар және тағы басқалары) қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобаланады.
Тармақ 29
29. Тамақ өнімдерін қайта өңдеуге арналған ғимараттарда кеміргіштер бүлдіре алмайтын материалдардан жасалған, қуыстары жоқ қоршау конструкциялары;
Тармақша 1
1) сыртқы есіктердің, қақпалар мен люк қақпақтарының тұтас, қуыссыз беттері; ашылатын жақтаулар мен фрамугалары бар жерлерде алынып-салынбалы торларды бекітуге арналған терезе ойықтарындағы құрылғылар;
Тармақша 2
2) желдету жүйелері каналдарының саңылауларын жабуға арналған құрылғылар;
Тармақша 3
3) қабырғалар мен еден деңгейінен 0,5 м шегінде жоғары орналасқан ауа өткізгіштердегі желдету саңылауларының және жертөле қабаттары терезелерінің болат тормен (ұяшықтары 12х12 миллиметрден (бұдан әрі – мм) аспайтын) қоршалуы қарастырылуы қажет.
Тармақша 4
4) Осындай ғимараттардың жобаларында құбырларды өткізуге арналған (қабырғалардағы, аралық қабырға мен жабындардағы) саңылауларды және үй-жайлардың қоршау конструкцияларының (ішкі және сыртқы қабырғаларының, аралық қабырғалардың өзара және еденмен немесе аралық жабындармен) түйіскен жерлерін мұқият бітеу туралы нұсқаулар қарастырылуы қажет.
Тармақ 30
30. Картоп пен көкөніске арналған қамбалар, сондай-ақ сақталатын өнімдерді ғимараттардың сыртқы қабырғаларынан бөліп тұратын (ауа қабатын түзу үшін) аралық қабырғалар немесе ғимараттарды секцияларға бөлетін (өнімдерді сақтау технологиясының талаптары бойынша) аралық қабырғалар техникалық маталардан, пленкалардан, асбестті-цементті табақшалардан және экструзиялық панельдерден немесе суға төзімді жұқа тақтайдан, сондай-ақ ағаштары халық шаруашылық және табиғи маңызы бойынша ІІІ немесе ІІ топқа жатқызылған және пайдаланушылық мәнге ие аудандарда ағаш қалқандардан жасалған тұтас қоршауы бар, қаңқалы етіп жобалануы қажет.
Тармақ 31
31. Жемістерді сақтауға арналған газды ортасы реттелетін үй-жайлардың (камералардың) қоршау конструкцияларының (қабырғалар, аражабындар, жабындар, едендер және ойықтардың толтырғышы) ішкі жағынан газ өткізбейтін жабындары болады. Камералардың қабырғаларындағы ойықтардың толтырылуын жабулықтары мен қиюларында тығыздаушы төсемдері болатындай етіп қарастыру қажет.
Тармақ 3. 3-параграф. Су құбыры және су бұру
3-параграф. Су құбыры және су бұру
Тармақ 32
32. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен үй-жайлардың ішкі су құбыры мен су бұруы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жобаланады.
Тармақ 33
33. Тамақ өнімдерін (картопты, көкөністерді, жемістерді, сүтті, малды, құсты және тағы басқалары) қайта өңдеуге, сондай-ақ өсімдік талшықтарын (зығыр, сора және тағы басқалары) сулы өңдеуге арналған ғимараттар мен үй-жайлар ауыз су сапасындағы суды беруге арналған ішкі өндірістік су құбырымен жабдықталады.
Тармақ 34
34. Барлық қажеттіліктер үшін ауыз су сапасындағы суды алу мүмкін болмайтын аудандарда тамақ өнімдерін қайта өңдеумен байланысты емес өндірістерге арналған судың сапасын технологиялық жобалау нормаларына немесе жобаның технологиялық бөліміне сәйкес тағайындалады.
Тармақ 35
35. Жасанды салқындатусыз және сулы тауарлық өңдеусіз картоп пен көкөністерді сақтауға арналған ғимараттарда ішкі өндірістік су құбыры талап етілмейді.
Тармақ 36
36. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттардың өндірістік су құбырын жобалау кезінде бұған ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеу технологиясының талаптарымен рұқсат етілетін барлық жағдайларда суды қайта пайдалану қарастырылады.
Тармақ 37
37. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша маусымдық кәсіпорындардың ғимараттарындағы ішкі су құбыры желілерінде құбырларды босатуға арналған құрылғылар қарастырылады.
Тармақ 38
38. Ішкі өндірістік су құбырымен жабдықталған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған үй-жайларда әрекет ету радиусы 30 м болуы есебінен диаметрі 20 мм болатын еден мен жабдықты жууға арналған крандар; ыстық су мен суық су жеткізілген және араластырғыштары бар қолжуғыштар; диаметрі 100 мм басқыштар қарастыру қажет.
Тармақ 39
39. Тамақ өнімдерін қайта өңдеуге арналған ғимараттарда ішкі өндірістік және тұрмыстық су бұру желілері бөлек болады. Осы ғимараттардың жекелеген өндірістік үй-жайларында орнатылған қолжуғыштардан суағарлар шығаруға, өндірістік су бұру желісіне апаруға болады.
Тармақ 40
40. Ішкі су бұру желілерін тамақ өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауға арналған үй-жайлар төбелерінің астымен (ашық және жасырын) өткізуге болмайды.
Тармақ 41
41. Қойылтылған ерітінділер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу қалдықтарын тікелей су бұру желісіне шығаруға болмайды; осы ерітінділер мен қалдықтарды жинап, кәдеге жарату жобаның технологиялық бөлімінде қарастырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Жылыту (салқындату), желдету және ыстық сумен жабдықтау
4-параграф. Жылыту (салқындату), желдету және ыстық сумен жабдықтау
Тармақ 42
42. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттарды жылыту (салқындату) және желдету жүйелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жобалау қажет.
Тармақ 43
43. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен үй-жайларды жылумен жабдықтау (жылыту және желдету, ыстық сумен жабдықтау және технологиялық қажеттіліктер үшін) жылу электр орталықтарының (ЖЭО) жылу желілерінен және қазандықтардан қарастырылады. Техникалық мүмкіндік болып, экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай болған жағдайда, басқа жылу көздерін (электрмен жылыту құрылғылары, жылу генераторлары және тағы сол сияқты) пайдалануға рұқсат етіледі.
Тармақ 44
44. Жылыту мен желдетуді жобалау үшін ішкі ауаның есептік параметрлері (температура, салыстырмалы ылғалдылық пен ауа қозғалысының жылдамдығы):
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда және негізгі өндірістік үй-жайларда – технологиялық жобалау нормалары бойынша;
Тармақша 2
2) ішкі ауа параметрлері технологиялық жобалау нормаларымен белгіленбеген үй-жайларда қабылданады.
Тармақ 45
45. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған, тек күзде немесе көктемде (маусымдық кәсіпорындарда) пайдаланылатын ғимараттарды жылыту мен желдетуді жобалау кезінде сыртқы ауаның есепті температурасы жылыту үшін 0,5 және желдету үшін 0,4 осы айдағы сыртқы ауа температурасының ең жоғары тәуліктік ауытқу шегіне азайтылған осы ғимараттарды пайдалану кезіндегі ең салқын айдың орташа сыртқы ауа температурасына тең етіп қабылданады.
Тармақ 46
46. Жылу ысырабының орны жылу бөлумен толтырылмайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен үй-жайларда ауамен жылыту қарастырылады.
Тармақ 47
47. Тамақ өнімдерін қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен үй-жайларда жергілікті қыздыру құралдары ретінде тегіс бетті радиаторларды қолдану және олардың тазартуға болатын жерлерде орналастырылуы қарастырылады.
Тармақ 48
48. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған үй-жайлардағы ауаның бапталуын, егер берілген метеорологиялық жағдайлар мен олардағы ауаның тазалығы желдету, соның ішінде ауаны буландырып салқындататын желдету арқылы қамтамасыз етіле алмайтын болса, экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай болған жағдайда, өнімді сақтау технологиясының талаптары бойынша қарастыруға болады.
Тармақ 49
49. Ыстық судың температурасы мен шығыны технологиялық жобалау нормалары немесе жобаның технологиялық бөлімі бойынша қабылданады.
Тарау 6. 6-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
6-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 50
50. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен құрылыстарды жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау мақсатында келесі факторлар:
Тармақша 1
1) уытты заттардың бөлінуі;
Тармақша 2
2) ауада қауіпті қатты бөлшектер мен газ тәрізді қоспалардың болуы;
Тармақша 3
3) радиацияның қауіпті деңгейі;
Тармақша 4
4) су мен топырақтың ластануы;
Тармақша 5
5) шекті жол берілетін мәндерден асатын ластану концентрациясы бар пайдаланылған судың, түтіннің, қатты және сұйық қалдықтардың болуы;
Тармақша 6
6) атмосфералық жауын-шашын және су құбыры мен канализация желiлерiнiң ағып кетуi есебiнен құрылыс объектiсiнiң бөлiктерiнде немесе оның беттерiнде ылғалдың шығуы есепке алынады.
Тармақ 51
51. Жобалау және құрылыс салу кезінде есепке алынатын экологиялық талаптар инженерлік-экологиялық іздеулер нәтижелеріне негізделеді. Осы іздеулер барысында құрылыс ауданындағы қоршаған ортаның сол кездегі жай-күйі бағаланады және құрылыс объектісінің қоршаған ортаға тигізетін ықпалына болжам жасалады. Негіздіктерді, іргетастар мен жер асты құрылыстарын жобалау және орнату кезінде, инженерлік-экологиялық іздеулер нәтижелерін есепке ала отырып, жобалық шешімдер таңдалады және құрылыс объектілері мен адамдарды орын алатын қолайсыз ықпалдардан қорғайтын және экологиялық ахуалдың нашарлауына алып келмейтін іс-шаралар әзірленеді. Жоба нұсқаларын таңдау кезінде экологиялық мәселелерді шешу басымдылығы есепке алынады.
Тармақ 52
52. Болжанатын құрылыс аумағында (учаскесінде) қоршаған ортаға әсерді бағалауды орындау кезінде анықталған мынадай қоршаған ортаны ластаушы факторлардың пайда болу мүмкіндігі ескеріледі: Құрылыс салынуы болжалданатын аумақта (жерде) қоршаған ортаны ластайтын, қоршаған ортаға тигізетін ықпалына болжам жасау кезінде анықталған келесі факторлардың:
Тармақша 1
1) топырақтың органикалық, радиоактивті және уытты-химиялық заттармен ластануы;
Тармақша 2
2) беттік сулар мен жер асты суларының органикалық және бейорганикалық заттармен, ауыр металдармен ластануы;
Тармақша 3
3) жер бетінен радон ағыны болуының бой көрсетуі мүмкін екендігі есепке алынады. ӘОЖ 69.057 МСЖ 91.04.20 ______________________________________________________________________________________________ Түйінді сөздер: конструкция, ғимарат, құрылыс, көлемдік-жоспарлық шешімдер, су құбыры, су бұру, жылыту (салқындату), желдету, ыстық сумен жабдықтау, жобалау, ғимараттарды, құрылыстарды салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, қайта өңдеу, қоршаған ортаны қорғау. ______________________________________________________________________________________________
Басқа 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ МЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАР ҚР ҚН 3.04-11-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2019 жылғы « » № бұйрығына 2-қосымша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ МЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАР ҚР ҚН 3.04-11-2019 1-тарау. Қолданылу саласы 2- тарау. Нормативтік сілтемелер 3- тарау. Терминдер мен анықтамалар 4- тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары 1-параграф. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты 2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары 5- тарау. Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар 1-параграф. Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстардың сенімділігін, төзімділігін және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар 2-параграф. Мелиоративтік (суаратын) жүйелерге қойылатын талаптар 3-параграф. Мелиоративтік жүйелердегі құрылыстарға қойылатын талаптар 4-параграф. Суармалы жерлерді игеруге құрылыстық дайындау 5-параграф. Сызықтық құрылыстарға қойылатын талаптар 6-параграф. Су таратуды реттеу 7-параграф. Су құю технологияларына қойылатын негізгі талаптар 6- тарау. Энергия тұтынуды үнемдеу және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану бойынша талаптар 1-параграф. Суаратын жүйелерді жобалау кезінде энергия тұтынуды үнемдеу 2-параграф. Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану 7- тарау. Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету талаптары 1-параграф. Жалпы талаптар 2-параграф. Балық қорғайтын шаралар мен құрылғылар 3-параграф. Қорғайтын орман көшеттері 4-параграф. Жануарларды қорғау 5-параграф. Эрозияға қарсы құрылыстар 6-параграф. Суларды қорғау
Тарау 1. 1-тарау. Қолданылу саласы
1-тарау. Қолданылу саласы
Тармақ 1
1. Осы құрылыс нормалары жаңадан салынатын және қайта құрылатын мелиоративтік жүйелер мен құрылыстарды, сондай-ақ күрделі жөндеуге, кеңейту мен техникалық қайта жабдықтауға ұшыраған объектілерді жобалау және салу бойынша жалпы талаптарды белгілейді.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексі (бұдан әрі – Жер кодексі);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексі (бұдан әрі – Су кодексі);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі Кодексі (бұдан әрі – Экологиялық кодекс);
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 438 бұйрығымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15511 болып тіркелген), (бұдан әрі – «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы №439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген), (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР). Ескертпе – пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сілтемесі» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сілтемесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
Тарау 3. 3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 2
2. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамаларымен келесі терминдер қолданылған:
Тармақша 1
1) аэрозольды суару – атмосфераның жер қабатының температурасы мен ылғалдылығын реттеу үшін судың аса ұсақ тамшыларымен суару;
Тармақша 2
2) бас тоған құрылысы - су қоймасынан, су қоймасынан немесе басқа да су көздерінен су алуды және оны суару жүйесіне беруді жүзеге асыру мақсатында суару жүйесінің басында орнатылатын гидротехникалық құрылыс;
Тармақша 3
3) гидромелиорация – топырақтың су тәртібін ретке келтіру арқылы жерді ауылшаруашылығында пайдаланудың табиғи жағдайларында жақсартуды қамтамасыз ететін іс-шаралар мен құрылыстардың жиынтығы;
Тармақша 4
4) гидромодуль – уақыт бірлігінде суарылатын аудан бірлігіне берілетін су көлемі;
Тармақша 5
5) жаңбыр жаудыратын аппарат - құю ауданы бойынша жасанды жаңбыр алу мен тарату үшін қозғалмалы бөліктері бар жұмыс органы;
Тармақша 6
6) жаңбыр жаудыратын қондырғы – жаңбыр жаудырумен позициялық құюға арналған қондырғы;
Тармақша 7
7) жаңбырлату машинасы - жаңбырлатқыш жұмыс органдары бар суару машинасы;
Тармақша 8
8) жаңбырлатқыш саптама - жасанды жаңбырды суару алаңы бойынша алуға және бөлуге арналған, жылжымалы бөліктері жоқ жұмыс органы;
Тармақша 9
9) жаңбыр жаудырудың мүмкін қарқындылығы – үстіңгі ағыс пайда болмайтын жасанды жаңбыр қарқындылығы;
Тармақша 10
10) жаңбырлату – жасанды жаңбырмен жеңіл-желпі суландыру;
Тармақша 11
11) жер үсті (беттік) суландыру - жер үсті (беттік) бойынша суды бөле отырып, жерді суландыру;беттік суландыру - жер үсті бойынша суды бөле отырып, жерді суландыру;
Тармақша 12
12) жергілікті суландыру - жердің шектеулі алаңын суландыру;
Тармақша 13
13) жерді суландыру - табиғи сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілген жерлерге су жеткізетін гидромелиорация;
Тармақша 14
14) импульстік жаңбырлату - импульстік тәртіпте жаңбырлату;
Тармақша 15
15) көлденең дренаж – дренаждары көлденең жағдайға ие немесе еңісі бар мелиоративтік дренаж;
Тармақша 16
16) қоршау бөгеті - су апаттарының әсерінен акваторияны немесе аумақты қоршайтын мерзімді әрекет ететін гидротехникалық құрылыс;
Тармақша 17
17) суару - суару чектерін толтыру арқылы топырақты суару; импульстік жаңбыр жаудыру – импульстық жаңбырлату тәртібі;
Тармақша 18
18) мелиорацияланатын жерлер - мелиорациялау жүзеге асырылатын мелиорациялық қордың жерлері;тамшылата суландыру – суару тамшылатқышының көмегімен жергілікті суландыру;
Тармақша 19
19) мелиорациялық жүйе – мелиорацияланған жерлерде топырақтың оңтайлы су, әуе, жылу және қоректік тәртіптерін құруды қамтамасыз ететін өзара байланысты гидротехникалық және басқа да құрылыстар мен құрылғылардың (арналар, коллекторлар, құбырлар, су қоймалары, бөгеттер, дамбалар, сорғы станциялары, су жинағыштар, мелиорацияланған жерлердегі басқа да құрылыстар мен құрылғылар) кешендері;
Тармақша 20
20) сорғы станциясы - сұйықтықтарды бір орыннан екінші орынға айдауға арналған кешенді жүйе;
Тармақша 21
21) су қабылдағыш – су ағыны, су қоймасы, жер бедерінің төмендеуі және (немесе) олардағы құрғатпа және (немесе) суаратын суларды шашу үшін қолданылатын тау жыныстарының толық емес сумен қанығу аймағы;
Тармақша 22
22) суарылатын борозда (ізі) - жыл сайын кесілетін бороздасы (іздері), су ағынын топырақ беті бойынша бөліп, оның түбі мен еңістері арқылы суды бір мезгілде жіберу;
Тармақша 23
23) суарылатын жолақ - көлденең қимада көлденең және бойлық еңісі бар, бір мезгілде топыраққа жіберумен су ағынымен жылытылатын жердің қоршалған жолағы;
Тармақша 24
24) суаратын машина – суаратын учаскеде суды тарату мен беруге арналған жылжымалы машина;
Тармақша 25
25) суаратын техника – су құюды жүзеге асыруға арналған машиналардың, механизмдер мен жабдықтардың жиынтығы;
Тармақша 26
26) суаратын учаске – су құюдың бірдей тәсілдері, суаратын техника мен суару тәртібі кезінде бір суландырғышпен қызмет көрсетілетін суарылатын жерлердің учаскесі;
Тармақша 27
27) суаратын чек – топыраққа кейіннен іркілумен су басатын суаратын учаскенің үйіп бекітілген бөлігі;
Тармақша 28
28) суармалы жерлер – су ресурстары бұл жерлерді суаруды қамтамасыз ететін суару көзімен байланысты тұрақты немесе уақытша суару желісі бар жер;
Тармақша 29
29) суару - топырақты және (немесе) атмосфераның жерге жақын қабатын бір рет жасанды ылғалдандыру;
Тармақша 30
30) суару желісі – суару көзінен суармалы жерлерге суды беретін тұрақты және уақытша арналардың, құбырлардың желісі;
Тармақша 31
31) суару желісінің пайдалы әсер коэффициенті - суару кезінде берілген су көлемінің су көзінен суару желісіне алынған су көлеміне қатынасы;
Тармақша 32
32) суару жүйесі – жерлерді суаруды қамтамасыз ететін суаратын желімен, бас су тоғанымен, гидротехникалық және пайдаланушылық құрылыстармен бірге жер аумағы;суару - топырақты және (немесе) атмосфераның жерге жақын қабатын бір рет жасанды ылғалдандыру;
Тармақша 33
33) суару кезеңі – ауыл шаруашылық дақылдарын бірінші суарудан соңғы суаруға дейінгі вегетациялық кезеңнің бір бөлігі;
Тармақша 34
34) суару нормасы – нетто суаратын учаске бірлігіне жыл ішінде берілетін су көлемі;
Тармақша 35
35) суару тәртібі – суару нормалары мен мерзімдерінің жиынтығы;
Тармақша 36
36) суару тәсілі – суды суаратын учаскеде тарату және (немесе) су ағынының топырақ және атмосфералық ылғалға айналуының белгілі бір шаралары мен тәсілдерінің кешені;
Тармақша 37
37) суару учаскесі бетінің рұқсат етілетін еңісі - суарудың осы тәсілін және суару техникасын қолдануға жол беретін суару учаскесі бетінің еңісі;
Тармақша 38
38) тамшылатып суару - суармалы тамшылар көмегімен жергілікті суару;
Тармақша 39
39) тарату бороздасы (іздері) - суды суару іздері немесе жолақтары арасында бөлетін уақытша суару желісінің элементі;
Тармақша 40
40) топырақ ішілік суару – ішіне тікелей тамыр мекендейтін аймаққа су беру арқылы жер суару;
Тармақша 41
41) тыңайтатын суару – өсімдіктер үшін құнарлы заттарды қамтитын сумен суару;
Тармақша 42
42) тік дренаж - құбырлы құдықтардан тұратын дренаж;таратқыш атыз – суды суаратын атыздардың немесе жолақтардың арасына бөлетін уақытша суаратын желінің элементі;
Тармақша 43
43) үскірікке қарсы суару – өсімдіктерді үскірік аяздан қорғау үшін жаңбыр жаудырумен суару;
Тармақша 44
44) шайып (жуып) суару - топырақта өсімдік үшін зиянды заттардың құрамын азайту мақсатында жүргізілетін суару;
Тармақша 45
45) ылғалды зарядтық суару - вегетациялық кезеңнің басында топырақтағы су қорын арттыру мақсатында жүргізілетін суару.
Тарау 4. 4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
Тармақ 3
3. Осы құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты мелиоративтік жүйелер мен құрылыстарды жобалау, салу, қайта құру, күрделі жөндеу, кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру кезінде мелиоративтік жүйелер мен құрылыстардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және құрылыстардың қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ең аз мөлшердегі талаптарды белгілеу болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
Тармақ 4
4. Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстарды техникалық, технологиялық және экологиялық параметрлері бойынша оларды салу мен пайдалану кезінде келесі функционалдық талаптар қамтамасыз етілетіндей етіп жобалау қажет:
Тармақша 1
1) пайдалану кезінде бүлінулер мен бұзушылықтарсыз жобамен қарастырылған механикалық және технологиялық әсерлердің барлық түрлері шыдайтындай құрылыстардың механикалық беріктігі мен орнықтылығы;
Тармақша 2
2) гидротехникалық құрылыс объектілерінің өрт қауіпсіздігі: бас су бөгеті мен сорап станцияларының және т.б.;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылық дақылдарының жоғары және кепілді өнімдерін алу үшін топырақтың оңтайлы су тәртібін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;
Тармақша 5
5) энергетикалық ресурстарды үнемді пайдалану;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау.
Тарау 5. 5-тарау. Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
5-тарау. Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстардың сенімділігін, төзімділігін және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар
1-параграф. Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстардың сенімділігін, төзімділігін және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар
Тармақ 5
5. Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстардың сенімділігін, төзімділігін және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі талаптар жобалау, салу кезеңінде, сол секілді пайдалану кезеңінде адамдардың өмірін, денсаулығы мен заңды мүдделерін, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігінің негізгі шараларын сақтаудан тұрады.
Тармақ 6
6. Гидротехникалық құрылыстар олардың тағайындалуларына қарай негізгі және екінші дәрежелі болып бөлінеді:
Тармақша 1
1) негізгілерге бүлінуі немесе бұзылуы сумен жабдықтау мен суару үшін су беруді тоқтатуға немесе азайтуға; қорғалатын аумаққа су басуға және су жайылуға әкелетін гидротехникалық құрылыстар;
Тармақша 2
2) екінші дәрежелілерге бүлінуі немесе бұзылуы көрсетілген зардаптарға әкелмейтін гидротехникалық құрылыстар жатқызылады.
Тармақ 7
7. Суару жүйелері құрамындағы негізгі гидротехникалық құрылыстар:
Тармақша 1
1) балық қорғайтын және балық өткізетін құрылғылар қарастырылуы тиіс ашық көздердегі су жинайтын құрылыстар (өзендер, көлдер, тоғандар және басқалар);
Тармақша 2
2) арналар, науалық желі, ашық коллекторлар, бөгеттерімен жасанды су қоймалары, қоршайтын дамбалар;
Тармақша 3
3) сорғы станциялары, су жинайтын және су өткізетін құрылыстар;
Тармақша 4
4) жабық құбыр желісі, құрғату және жабық коллекторлар желісі;
Тармақша 5
5) тоннельдер мен акведуктар болып табылады.
Тармақ 8
8. Екінші дәрежелі гидротехникалық құрылыстарға:
Тармақша 1
1) мұз қорғайтын құрылыстар;
Тармақша 2
2) тарату қабырғалары;
Тармақша 3
3) тегеурін фронтының құрамына кірмейтін тіреулер мен тірек қабырғалар;
Тармақша 4
4) жер бөгеттерінің, арналардың жағалауды күшейткіш құрылыстары және басқалар;
Тармақша 5
5) балық қорғайтын құрылыстары жатады.
Тармақ 9
9. Гидротехникалық құрылыстарды пайдалану күйі мен жағдайларының сандық және сапалық көрсеткіштерінің шекті мәндері оның апат қаупі тәуекелдігінің рауалы мәніне сәйкес келуін қарастырады.
Тармақ 10
10. Гидротехникалық құрылыстарды тұрақты және уақытша деп бөледі. Тұрақты гидротехникалық құрылыстарға нысанды тұрақты пайдалану кезінде пайдаланылатын құрылыстар, ал уақытшаларға тұрақты құрылыстарды салу және жөндеу кезінде қолданылатын құрылыстар жатады.
Тармақ 11
11. Гидротехникалық құрылыстарды Су кодексіне, Экологиялық кодекске және осы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес әзірленген су ресурстары мен аумақтық жоспарлау сұлбалары кешенді пайдалану талаптарына сүйеніп жобаланады.
Тармақ 12
12. Құрылыстардың типтері, олардың параметрлері мен құрастыруы нұсқалардың техникалық - экономикалық көрсеткіштерін салыстырудың негізінде және мыналарды ескерумен таңдалады:
Тармақша 1
1) құрылыстардың функционалдық белгіленуін;
Тармақша 2
2) құрылыстарды салу орындарын, ауданның табиғи жағдайлары;
Тармақша 3
3) жұмыс өндірістері жағдайлары мен әдістері, еңбек ресурстарының болуы;
Тармақша 4
4) шаруашылық салаларының дамуы мен орналасуы, соның ішінде көлік ағындарының дамуы, энергия тұтынуы, өзгеру мен дамыту және жүк айналымының өсуі, суару, суландыру, сумен жабдықтауды дамыту;
Тармақша 5
5) гидрологиялық өзгерудің су шаруашылық болжамы, соның ішінде жоғарғы және төменгі бьефтердегі өзендер тәртібі; өзендердің, су қоймаларының арналары мен жағаларын сораптармен және қайта құрулармен лайлау; аумақтарға су басу және жайылу, оларда орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды инженерлік қорғау;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаға әсерлер;
Тармақша 7
7) объект құрылысы мен пайдаланудың халықтың әлеуметтік жағдайлары мен денсаулығына әсері;
Тармақша 8
8) балық шаруашылығы, сумен жабдықтау және мелиоративтік жүйелердің жұмыс тәртібінің жағдайлары мен міндеттерінің өзгеруі;
Тармақша 9
9) белгіленген табиғат пайдалану тәртібі (ауыл шаруашылық пайдалы жерлер, қорықтар және тағы басқалар);
Тармақша 10
10) халықтың тұрмысы мен демалысы жағдайлары (жағажайлар, курорттық-санаториялық аймақтар және тағы басқалар);
Тармақша 11
11) судың қажетті сапасын қамтамасыз ететін шаралар: арна су қоймасын дайындау, су қорғау аймағында тиісті санитарлық тәртіпті сақтау, судағы мөлшерін шекті мүмкін концентрациялардан жоғары емес қамтамасыз етумен биогенді элементтердің түсуін шектеу (азот мөлшері бар заттар, фосфор және басқалар);
Тармақша 12
12) құрылыстарды тұрақты және уақытша пайдалану жағдайлары;
Тармақша 13
13) негізгі құрылыс материалдарын үнемді жұмсау талаптары;
Тармақша 14
14) ғимараттар мен құрылыстардың энергетикалық тиімділік талаптары мен оларды энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жабдықтау талаптары;
Тармақша 15
15) пайдалы қазбаларды, жергілікті құрылыс материалдарын өңдеу мүмкіндігі және тағы басқалар;
Тармақша 16
16) мүмкін лаңкестік әрекеттер кезінде бұзушылықтардың зардаптарын барынша азайту;
Тармақша 17
17) су ағындарының, су қоймалары мен теңіздердің жағаларында орналасқан құрылыстарға эстетикалық және сәулеттік талаптарды қамтамасыз ету.
Тармақ 13
13. Гидротехникалық құрылыстарды жобалау кезінде қамтамасыз етіледі және қарастырылады:
Тармақша 1
1) барлық құрылыс және пайдалану кезеңдерінде құрылыстардың қауіпсіздігі мен сенімділігі;
Тармақша 2
2) құрылыстың максималды мүмкін экономикалық тиімділігі;
Тармақша 3
3) гидротехникалық құрылыстардың күйін және оларға табиғи және техногенді әсерлерді тұрақты құралнамалық және визуалды бақылау;
Тармақша 4
4) арна су қоймаларын және өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жанасып жатқан аумақтардың сұйық қалдық қоймаларын дайындау;
Тармақша 5
5) пайдалы қазбалар кен орындарын қорғау;
Тармақша 6
6) жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сақталуы, атап айтқанда, балық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) судың минималды қажетті шығындары, сондай-ақ су тұтынушылары мен су пайдаланушылардың мүдделерін ескерумен бьефтерде қолайлы сенімді және жылдамдық тәртіптері, игерілген жерлер мен табиғи экожүйелер үшін топырақ сулары деңгейінің қолайлы тәртібі.
Тармақ 14
14. Мелиоративтік жүйелердің құрамына кіретін гидротехникалық құрылыстардың жобалық құжаттамасын әзірлеу кезінде Заңның 20 бабы 23-16) тармағына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптары басшылыққа алынады.
Тармақ 15
15. Гидротехникалық құрылыстардың жобалық құжаттамасының құрамында салу, пайдалану, қайта құру және тарату кезінде құрылыстардың және олардың күйінің жұмысын натурлық бақылауларға арналған бөлімі әзірленеді
Тармақ 16
16. Табиғи бақылауларға арналған бөлім:
Тармақша 1
1) құрылысқа бақыланатын күштер мен әсерлердің тізімі;
Тармақша 2
2) құрылыстардың және оның негізінің бақыланатын және диагностикалық көрсеткіштердің тізімі, қауіпсіздік өлшемдерін қосқанда;
Тармақша 3
3) құралнамалық және визуалды бақылаулар бағдарламасы мен құрамы;
Тармақша 4
4) бақылау- өлшеу аппаратурасын (БӨА) орнатуға, өлшеу аспаптары мен құрылғыларын ерекшелеуге техникалық шарттар мен сызулар;
Тармақша 5
5) құрылыстың жұмысы мен жай-күйіне табиғи бақылау жүргізу бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Тармақ 17
17. Натурлық бақылаулар бойынша жобалық құжаттаманың құрамында құрылыстардың күйінің, оларға табиғи және техногенді әсерлерді мониторингілеу жүйесінің құрылымдық сұлбасы мен техникалық шешімдер әзірленеді; І және ІІ топтың құрылыстары үшін автоматтандырылған мониторингілеу жүйесін қолдану мүмкіндігі қарастырылады.
Тармақ 18
18. Гидротехникалық құрылыстардың жобалық құжаттамасында олардың қауіпсіздік өлшемдері анықталады, олардың көрсеткіштері 5 жылда 1 реттен сирек емес қарастырылады.
Тармақ 19
19. Гидротехникалық құрылыстардың жобалық құжаттамасында олардың мүмкін апаттарын таратпау және жою үшін карьерлер мен топырақ резервтерін; өндірістік объектілерді, көлік пен құрылыс базасының жабдығын, ауданда және объект аумағында көпірлер мен кіре беріс жолдарды; электр энергиясының автономды немесе резервті көздерін және электр тарату желілерін; жедел әсер ететін басқа да апатқа қарсы құралдарды пайдалану бойынша техникалық шешімдер қарастырылады.
Тармақ 20
20. Гидротехникалық құрылыстарды жобалаған кезде құрылыс және пайдалану кезеңінде туындауы мүмкін қауіпті бүлінулер мен апатты жағдайлардың дамуының алдын алу бойынша құрылымдық- технологиялық шешімдер қарастырылады.
Тармақ 21
21. Гидротехникалық құрылыстардың жобалық құжаттамасында тегеурінді фронтының бұзылуымен құрылыстың әлеуетті апатынан мүмкін материалдық, әлеуметтік және экологиялық шығындарды бағалау бойынша есептеулер орындалады.
Тармақ 22
22. Суару жүйесін, оның ішінде бас су тарту құрылыстарын, гидротехникалық және пайдалану құрылыстарын жобалау және салу кезінде «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР, Өрт қауіпсіздігі қағидаларының, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары ескеріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Мелиоративтік (суаратын) жүйелерге қойылатын талаптар
2-параграф. Мелиоративтік (суаратын) жүйелерге қойылатын талаптар
Тармақ 23
23. Мелиоративтік (бұдан былай – суландыру) суландыру жүйесі жеткіліксіз табиғи ылғалдандыру жағдайларында суарылатын алап топырағының тамыр мекендейтін қабатында ауыл шаруашылық дақылдарының жоғары және тұрақты егіндерін алу үшін оңтайлы су- тұз тәртібін ұстап тұруды қамтамасыз ететін өзара байланысты құрылыстардың, ғимараттар мен құрылғылардың кешенін қамтиды. Суару жүйесінің құрамына кіреді: табиғи немесе жасанды су көздерінде су жинайтын және балық қорғайтын құрылыстар, тұндырғыштар, сорап станциялары, суаратын, коллекторлық – құрғату желілері, баулы арналар, желідегі құрылыстар, су құятын және жаңбыр жаудыратын машиналар, қондырғылар мен құрылғылар, жерлердің мелиоративтік күйін автоматты бақылау мен басқару құралдары, электрмен жабдықтау және байланыс объектілері, эрозияға қарсы құрылыстар, пайдалану қызметінің өндірістік және тұрғын ғимараттары, жолдар, орман қорғайтын көшеттер, бөгеттер.
Тармақ 24
24. Мелиоративтік жүйелер жақсартылатын жерлерді ауыл шаруашылық игеру жөніндегі іс-шаралары бар кешенде жобаланады. Баламалық нұсқалардың техникалық - экономикалық салыстыруларының негізінде:
Тармақша 1
1) жақсартылатын ауданның және себу айналымы егістіктерінің шекаралары мен өлшемдері;
Тармақша 2
2) ауылдық тауар өндіруші шаруашылықтардың жер қоры, мелиоративтік іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде ауыл шаруашылық танаптарының құрамындағы өзгерістер, заманауи жайылымдардың немесе басқа танаптардың егістік жерлерге өзгертілген аудандары;
Тармақша 3
3) жақсартылатын жерлерді игеретін шаруашылықтардың өлшемдері;
Тармақша 4
4) қолданыстағы шаруашылықтарды, соның ішінде суландыру жүйелерінің аумағымен шектес шекараларды өзгерту және реттеу;
Тармақша 5
5) жақсартылатын жерлерді ауыл шаруашылығында пайдалану;
Тармақша 6
6) топырақтардың талап етілетін сулы-тұзды тәртібі;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылық дақылдарының жобалық өнімділігі;
Тармақша 8
8) суландыру тәсілдері мен тәртіптері;
Тармақша 9
9) жаңадан пайдаланылатын су шаруашылығы ұйымдарын құру немесе қолданыстағыларын кеңейту;
Тармақша 10
10) мелиоративтік жүйелерді пайдалану қызметі үшін қажетті өндірістік, тұрғын үй және мәдени- тұрмыстық ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды салу негізделуі тиіс.
Тармақ 25
25. Суды беру және жинау сұлбалары, негізгі құрылыстардың құрылымдары бойынша техникалық шешімдер баламалық нұсқалардың техникалық- экономикалық көрсеткіштерін салыстыру негізінде қабылданады. Сонымен қатар:
Тармақша 1
1) өсімдік шаруашылығының жобалық өнімін алу;
Тармақша 2
2) су, жер және отын- энергетикалық ресурстарды үнемді пайдалану;
Тармақша 3
3) жақсартылатын жерлерді өңдеу кезінде жоғары өнімділікті ауыл шаруашылық техникасын пайдалану;
Тармақша 4
4) құрылыстарды және тұтастай мелиоративтік жүйені пайдаланған кезде жоғары еңбек өнімділігі;
Тармақша 5
5) технологиялық үдерістерді кешенді автоматтандыру, соның ішінде автоматтандыру деңгейі техникалық- экономикалық есептеулермен негізделеді;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау;
Тармақша 7
7) суландыру суымен тыңайтқыштарды, химмелиоранттар мен гербицидтерді енгізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 26
26. Мелиоративтік жүйелерді жобалау кезінде жақсартылатын жерлерді пайдалану деңгейі суарылатын нетто ауданның суарылатын брутто ауданға қатынасымен анықталатын жер пайдалану коэффициентімен анықталады. Суарылатын нетто ауданға өнімді отырғызулармен, егістер мен табиғи жайылымдар алып жатқан және өсімдік шаруашылығының жобалық өнімін алуды қамтамасыз ететін суарылатын аудан жатады. Суарылатын брутто аудан суарылатын нетто аудандарды және мелиоративтік жүйелердің құрылыстарына берген барлық аудандарды қамтиды. Мелиоративтік жүйенің техникалық- экономикалық көрсеткіштері 1 гектар (бұдан әрі – га) өңделінген нетто ауданға және теңгемен өнімнің орташа өлшенген шығымына анықталады.
Тармақ 27
27. Мелиоративтік жүйенің құрылыстарының топтарын олар қызмет көрсететін суару немесе кептіру ауданы бойынша анықтау қажет:
Тармақша 1
1) үш жүз мың гектардан жоғары - І сынып;
Тармақша 2
2) жүз мың гектардан астам үш жүз мың гектарға дейін – II сынып;
Тармақша 3
3) елу мың га – дан жүз мың га-ға дейін - III сынып;
Тармақша 4
4) елу мың га және одан төмен – IV сынып. Әр түрлі топты құрылыстарды, олардың жекелеген құрылымдары мен негіздерін жобалау бойынша негізгі талаптар, сондай-ақ есептік ережелер мен күш түсулер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылданады.
Тармақ 28
28. Таулы арналардың сыныбы қорғалатын құрылыстардың сыныбына тең етіп алынады. Су шығындарының есептік қамтамасыз етілгендігін таулы арналардың сыныбына байланысты қабылдау қажет. IV сынып таулы арналар үшін су шығындарының есептік қамтамасыз етілгендігі суаратын жүйелер үшін қабылданады - 10%.
Тармақ 29
29. Су көздерінде, су қабылдағыштарында су деңгейлері мен есептік шығындарының шамасын су жинайтын ауданда ағынды қалыптастыру ерекшеліктерін ескерумен анықталады.
Тармақ 30
30. Мелиоративтік жүйелердегі жолдар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобаланады.
Тармақ 31
31. Жоспарда жобаланатын сызықтық құрылыстардың (арналар, жолдар, электр тарату сымдары және басқалар) орналасуы жер бедерін, инженерлік - геологиялық және гидрогеологиялық шарттарды, ауыл шаруашылық өндірісін ұтымды ұйымдастыру талаптары, бар жолдарды, жерасты және жерүсті иженерлік коммуникацияларды және тағы басқаларды ескерумен қабылданады. Жер пайдалану және егіс айналым учаскелерінің шекараларын, қолданыстағы және жобаланатын арналарды, құбырларды, электр тарату сымдарын, жолдарды және басқаларды ескерумен, мүмкіндігінше тура сызықты етіп қарастыру қажет, егіс айналым алаңдарының әдетте, тік бұрышты пішіні бар. Бұл талаптардан шегінуге жергілікті жердің күрделі бедері және табиғи шекараларға (өзен, көлдер, жыралар және тағы басқалар) жанасу жағдайларында жол беріледі. Қажет болса жер пайдалану шекараларын өзгертуге жол беріледі, бұнымен қоса жаңа шаруашылық аралық жер орналастыру жобасы әзірленуі тиіс.
Тармақ 32
32. Жерлердің мелиоративтік күйін бақылау үшін, бақылау ұңғымалар желісін және су шығындарын өлшеу құралдары қарастырылады. Мелиоративтік жүйенің ауданы 20 мың га артық болған кезде қосымша топырақтардың ылғалдылығы мен тұздануын, ақпаратты автоматты өңдеу құралдарымен суаратын және құрғататын сулардың сапасын бақылау бойынша зертханаларды, сондай-ақ метеорологиялық станциялар мен су- баланстық аудандары ұйымдастырылады.
Тармақ 33
33. Суаратын жүйелерде облыстың, ауданның, ауылдық округтің, әрбір шаруа қожалығының және себу айналымы учаскесінің аумағына берілетін суды (әрбір шаруа қожалығында 1000 га артық болған кезде) жеке есепке алу қарастырылады.
Тармақ 34
34. Су беру, су тарату және суды пайдалану процестерін басқару үшін далаларда суаратын жүйелерді автоматтандыру қарастырылады. Суаратын жүйелерді автоматтандыру мелиоративтік жүйелерді пайдалану процесінде ең үлкен техникалық- экономикалық әсер, су беру мен су тұтынудың арасында ең үлкен сәйкестік қамтамасыз етіледі. Су жинаудан құюға дейінгі барлық процесс бірыңғай және үздіксіз ретінде қарастырылады.
Тармақ 35
35. Пайдаланатын су шаруашылық ұйымдардың өндірістік ғимараттары мен құрылыстары және пайдалану қызметінің жұмысшыларына арналған тұрғын ғимараттар мелиоративтік жүйелердің шектерінде немесе жақында орналасқан елді жерлерде орналастырылады.
Тармақ 36
36. Пайдалану ұйымдарының өндірістік базалары, әдетте, бірыңғай көмекші ғимараттарымен, құрылыстармен және коммуникациялармен негізгі ғимараттарды бұғаттаумен ортақ алаңда орналастырылады.
Тармақ 37
37. Суару көзін таңдау кезінде топырақтың құнарлылығының нашарлау қаупі бойынша (сортаңдану, тұздану, құрылымсыздану, топырақтарды сілтісіздендіру және тағы басқалар) және ауыл шаруашылық дақылдардың тұзға төзгіштігі бойынша суару үшін судың жарамдылығын бағалау орындалады. Суаратын судың сапасы арнайы зерттеулердің негізінде анықталады және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі. Ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін судың жарамдылығы келесі көрсеткіштермен анықталады:
Тармақша 1
1) тұздардың жалпы минералдануы;
Тармақша 2
2) топырақ профилінің жоғары тығыздығын, төмен су өткізгіштігін анықтайтын су- физикалық қасиеттерімен топырақтарда - 50 мг-экв/л дейін;
Тармақша 3
3) жоғары су өткізгіштігі бар құрылымсызданған топырақтарда, сондай-ақ гумустың жоғары мөлшері бар - 85 мг-экв/л дейін;
Тармақша 4
4) жақсы құрғатуымен құмды топырақтарда - 200 мг-экв/л дейін;
Тармақша 5
5) сілтілігі: 1,25 мг-экв/л дейін - су барлық типті топырақты суаруға жарамды; 1,25 – тен 2,50 мг-экв/л дейін – тек қышқыл топырақты суару үшін;
Тармақша 6
6) улы заттардың мөлшері – Қазақстан Республикасындағы нормативтік құжаттармен белгіленген нормалардан аспауы тиіс;
Тармақша 7
7) рН белсенді реакциясы: рН 6,0-ден 8,0 дейін болған кезде су барлық топырақтарды суаруға жарамды;
Тармақша 8
8) рН > 8,0 кезінде - тек қышқыл топырақты суару үшін,
Тармақша 9
9) рН < 6,0 кезінде - тек сілтілік топырақты суару үшін;
Тармақша 10
10) температурасы: көкөніс дақылдары мен бақша үшін - Цельсий шкаласы бойынша 14° C төмен емес; шабындықтар мен көпжылдық дақылдық жайылымдар үшін - 8 ° С төмен емес. Суару көзін таңдау кезінде су ресурстары кешенді және ұтымды пайдалану міндеттеріне және оларды ластанудан қорғау міндеттеріне сүйену және оны техникалық- экономикалық салыстыру негізінде қабылданады.
Тармақ 38
38. Суару көзінің гидрологиялық тәртібі мен суаратын жүйенің желісі мен құрылыстардың өткізу қабілеті бақылаулардың кем дегенде 20- жылдық кезеңі ішінде өсімдік шаруашылығының 90 % орташа жылдық өнімін алуды кепілдейтін көлемде суармалы жерлерге суды уақытында беру қамтамасыз етіледі. Оңтайлы есептік жыл (суарудың оңтайлы қамтамасыз етілгендігі) техникалық- экономикалық есептеулермен анықталады және қосымша өнім бірлігіне келтірілген шығындардың минимумына сәйкес келеді. Суарылатын учаскенің ауданы 500 га дейін болған кезде есептік суару қамтамасыз етілгендікті 25 %-ға тең етіп қабылдау ұсынылады (су балансының тапшылығы бойынша). Бұнымен қоса өнім көлемінің төмендеуі кепілденгеннен 10% -ға артық емеске жол беріледі.
Тармақ 39
39. Ауыл шаруашылық дақылдарын суландыру тәртібі суару және суландыру нормалардың, суару мөлшері мен мерзімдерінің жиынтығы, оларды вегетациялық кезең ішінде бөлу, сондай-ақ нақты климаттық, топырақтық және агротехникалық жағдайларда суару және суару аралығы интервалдарының ұзақтығы. Әрбір ауыл шаруашылық дақылды суару тәртібі келесі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:
Тармақша 1
1) әрбір даму фазасында топырақтағы ылғал мөлшері нормативтік қажеттілігінің өсімдіктер талаптарына сәйкес келуі;
Тармақша 2
2) топырақтың су тәртібімен байланысты өсімдіктердің құнарлы, тұзды және жылулық факторларының берілген реттеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) сортаңдануына, тұздануы мен эрозиясына жол бермей, топырақтың құнарлылығын арттыруға жағдай жасау;
Тармақша 4
4) шаруашылықта еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасау;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылық дақылдарын суару техникасымен өңдеу ерекшеліктерімен байланысты болу.
Тармақ 40
40. Суаратын желі магистралды арнадан (құбыр, науа), оның тармақтарынан, әр түрлі реттік таратқыштар мен суландырғыштардан тұрады. Суландырғыштар суды жаңбыр жаудыратын (суаратын) машиналарға, жаңбыр жаудыратын аппараттарға және суаратын құрылғыларға (суаратын құбырларға, науаларға, шлангыларға) беретін желінің ең төмегі буыны болып табылады.
Тармақ 41
41. Суаратын желінің жоспарлық орналасуын осы құрылыс нормаларының 31-тармақ (бұдан әрі – т) талаптарын және суарудың есептік тәртібіне сәйкес су тұтыну шыңында тәулік бойғы суару жүргізу шартынан судың қажетті көлемін уақытында беруді қамтамасыз ету ескерумен қабылданады
Тармақ 42
42. Суаратын желіні құбырлар түрінде жабық емес, немесе арналар мен науалар түрінде ашық етіп жобаланады. Суаратын желінің оңтайлы құрылымын таңдау желі нұсқаларының техникалық- экономикалық көрсеткіштерін салыстыру негізінде жүргізіледі. Жер бетін суаруда жергілікті жердің еңісі 0,003 артық болған кезде, әдетте, өздігінен ағатын- тегеурінді түтікшелі желі қарастырылады.
Тармақ 43
43. Магистралды арналарды, олардың тармақтарын, әр түрлі реттік таратқыштарды есептеу орындалады:
Тармақша 1
1) арналарда гидравликалық арналарды анықтау үшін – максималды шығынға;
Тармақша 2
2) арналарда судың деңгейінен бөгеттер мен бермалардың асып кетуін анықтау және олардың шайылмаушылығын тексеру үшін – жылдамдатылған шығынға;
Тармақша 3
3) арналардан су жинауды қамтамасыз ететін су деңгейлерін тексеру, су тіреуші құрылыстардың орналасуын анықтау және арналарды тұнбаланбаушылыққа тексеру үшін – минималды шығынға. Судың максималды шығыны су беру графигінің максималды ординатасы бойынша анықталады. Арналардың жұмыс уақытымен көздердегі судың максималды лайлылық кезеңі есептік шығындармен сәйкес келген жағдайда тұнбаланбаушылыққа есептеулер орындалады. Жылдамдатылған шығын максималды шығын кезінде сәйкесінше, секундына 1 метр кубтан (бұдан әрі - м3/с) 100 м3/с 1,2-1,0, кем болмайтын , үдемелі коэффициентіне көбейтілген максималды мәнге тең етіп алынады.
Тармақ 44
44. Суландырғыштар (арналар, құбырлар, науалар) судың брутто максималды шығынына ғана жобаланады.
Тармақ 45
45. Жер бетін суару кезінде суландырғыштардың шығыны су тұтынудың пиктік кезеңінде максималды суаратын норма және суландырғыштың пайдалы әсер коэффициентін ескерумен нетто суарылатын аудан бойынша анықталады. Бұнымен қоса тәулік ішінде жыртылатын дақылдарды құюдан кейін өңдеуде ауыл шаруашылық машиналарының тәуліктік өнімділігіне тең суару ауданы қамтамасыз етіледі. Суаратын машиналарды пайдалану жағдайында суландырғыштың максималды шығыны бір уақытта жұмыс істейтін суаратын машиналардың максималды шығындарының сомасына тең болады.
Тармақ 46
46. Жаңбыр жаудырумен суару кезінде суландырғыштың максималды брутто шығыны суландырғыштың пайдалы әсер коэффициентін ескерумен бір уақытта жұмыс істейтін жаңбыр жаудыратын машиналардың максималды саны мен шығынын ескеретін су құю кестесі бойынша анықталады.
Тармақ 47
47. Төмен қатардағы таратқыштың минималды брутто шығыны таратқыштың пайдалы әсер коэффициентін ескерумен бір уақытта жұмыс істейтін суландырғыштардың максималды санының сомасына тең болуы тиіс.
Тармақ 48
48. Жоғары қатардағы таратқыштың, сондай-ақ магистралды арнаның, оның тармақтарының максималды брутто шығыны оған қосылған таратқыштың (магистралды арнаның, оның тармақтарының) пайдалы әсер коэффициентін ескерумен бір уақытта жұмыс істейтін төмен қатардағы таратқыштың максималды шығындарының сомасына тең болады.
Тармақ 49
49. Барлық қатардағы магистралды арналардағы, оның тармақтары мен таратқыштарындағы судың минималды шығыны максималды шығыннан 40%- дан кем емес етіп қабылданады. Жаңбыр жаудырумен суару кезінде таратқыштың минималды шығыны одан құю графигінің негізінде бір уақытта суды алатын, жаңбыр жаудыратын техниканың минималды суының шығынына тең болады.
Тармақ 50
50. Магистралды арнаның, таратқыштың, суландырғыштың немесе олардың учаскелерінің пайдалы әсер коэффициентін (Еb) арнадан алынатын судың максималды шығынының оны трассалау кезінде сүзу мен буландыруға судың жоғалтуларын ескерумен арнаның басында судың максималды шығынына қатынасы ретінде анықталады. Магистралды арнаның, оның таратқыштарының пайдалы әсер коэффициенттері 0,95- тен кем емес, ал әр түрлі қатардағы таратқыштар мен суландырғыштардың – 0,97- ден кем емес болып қабылданады.
Тармақ 51
51. Магистралды арналардың және олардың тармақтарының бойымен, әдетте егіс айналымы далаларының шекаралары бойынша пайдалану жолдары – егін жолдары қарастырылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Мелиоративтік жүйелердегі құрылыстарға қойылатын талаптар
3-параграф. Мелиоративтік жүйелердегі құрылыстарға қойылатын талаптар
Тармақ 52
52. Арналардағы (науалардағы) гидротехникалық құрылыстар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобаланады. Құрылыстар қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) су беру мен деңгейлерді реттеу, жоспарлық су тарату (су шығарулар, су бөлгіштер, су өлшейтін құрылыстар, қоршайтын құрылыстар);
Тармақша 2
2) бьефтердің жанасуы (тез ағыстар, құламалар);
Тармақша 3
3) жолдардың, коллекторлардың, су ағындарының, сайлардың арналарымен қиылысу мүмкіндігі (түтікшелі өткелдер, дюкерлер, акведуктар);
Тармақша 4
4) судың сапасын реттеу (тұндырғыштар, құм ұстағыштар, бассейн – араластырғыштар);
Тармақша 5
5) арналар мен науалардың толып кетуіне жол бермеу, құбырларды босату (тастайтын құрылыстар);
Тармақша 6
6) балық қорғау.
Тармақ 53
53. Құрылыстардың орналасқан жерін, құрастыруы мен типін олардың белгіленуіне, құрылыс ауданының табиғи жағдайларына, құрылыс материалдарының болуына, жұмыстар жасау және пайдалану жағдайлары мен тәсілдеріне байланысты таңдау қажет. Әдетте, құрылыстардың типтік жобалары қолданылады. Типтік жобалар болмаған кезде құрылыстардың жекелеген тораптарының типтік шешімдерін максималды қолданумен жеке жобаларды әзірлеуге немесе қолда бар үнемділерін пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 54
54. Құрылыстарды жобалау кезінде қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) берілген гидравликалық жағдайлар, құрылыстың өзінің шегінде, сол секілді жоғарғы және төменгі бьефтердің оған жанасатын учаскелерінде;
Тармақша 2
2) тұтастай құрылыстың және оның жекелеген бөліктерінің орнықтылығы мен беріктілігі;
Тармақша 3
3) негіз топырақтарының сүзгіштік беріктігі;
Тармақша 4
4) пайдалану сенімділігі мен ыңғайлылығы, құрылысты тексеру және жөндеу мүмкіндігі;
Тармақша 5
5) қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша талаптарды орындау;
Тармақша 6
6) құрылысты индустриалдандырудың жоғары деңгейі;
Тармақша 7
7) тапшы құрылыс материалдарын үнемді пайдалану;
Тармақша 8
8) жергілікті құрылыс материалдарын кеңінен пайдалану.
Тармақ 55
55. Суару арналарының астында еріген, жаңбыр сулары және сел ағындарын өткізу үшін құрылыстарды жобалау кезінде су мен сел ағындары шығынының есептік қамтамасыз етілгендігін қорғалатын суаратын арналардың сыныбына байланысты қабылданады.
Тармақ 56
56. Арнада су деңгейінен құрылыстың құламасы мен қабырғалар үстінің асып кетуі құрылыс арқылы өткізу кезінде судың есептік шығыны есеп бойынша қабылданады.
Тармақ 57
57. Ағынның аэрациясы және істен шыққан ағыс болған кезде судың аэрациясын ескерумен судың есептік деңгейінен құрылыстың құламасы мен қабырғалар үстінің асып кетуін есеп бойынша немесе анықтамалы түрде - 20-60 сантиметр болып (бұдан әрі – см) қабылданады, есептік шығындар кезінде сәйкесінше 1-100 м3/с.
Тармақ 58
58. Қоршайтын дамбаларда орнатылатын құрылыстар үшін, сондай-ақ арналардың судың шығындары 100 м3/с артық болған кезде, судың есептік деңгейінен құрылыстың құламасы мен қабырғалар үстінің асып кетуі судың желдік айдауы мен жоғарғы бьефте желдік толқындардың төселу биіктігі ескерумен белгіленеді.
Тармақ 59
59. Бұл құрылыстардың сыныптарына байланысты анықталған су ағынындағы судың максималды есептік деңгейінен өткелдермен ашық шлюз- реттеушілер мен акведукты аралық салу төменінің асып кетуі кем дегенде 0,5 метр (бұдан әрі – м) болады.
Тармақ 60
60. Су ағынымен қиылысатын акведук тіреулері мұздың әсерінен қорғалады. Акведук тіреулерін салу тереңдігін арнаның мүмкін максималды шайылуы ескерумен белгіленеді.
Тармақ 61
61. Дюкердің гидравликалық есебін есептік шығынды өткізу кезінде арнадағыдан кем емес құбырда судың жылдамдығын қамтамасыз етуге қарай жүргізу қажет. Дюкердің көлденең қимасының соңғы параметрлерін оны тазарту технологиясын ескерумен таңдау қажет.
Тармақ 62
62. Суаратын арналарда су жинайтын құрылыстар автоматты түрде істейтін етіп жобаланады.
Тармақ 63
63. Арналар арқылы өткелдердің құрылымы мен габариттері (гидротехникалық құрылыстармен біріктірілген және біріктірілмеген) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданады.
Тармақ 64
64. Құрылыстарды жабық суаратын желіде жобалаған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары ескеріледі.
Тармақ 65
65. Түтікшелі желіге суды беретін су жинайтын құрылыстар суды есептеу құралдарымен немесе шығын тұрақтандырғыштармен жабдықталады. Бұл құрылыстардың жинағы мен олардың құрылымы құбырға жүзетін заттардың, түбі бар сораптар мен ауаның түсуін болдырмайды.
Тармақ 66
66. Суаратын жаңбыр жаудыратын құрылғыларға құбырлардан су шығарулар мен гидранттар қажет болған жағдайда тегеурін мен шығынды реттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін арматурамен жабдықталады.
Тармақ 67
67. Құбырларды босату мен шаюға арналған су шығарулар суаратын және су жинайтын желінің жоспарымен байланыстырып құбырлар трассасының соңында және төмендетілген жерлерде орнатылады.
Тармақ 68
68. Құрылыстардың көлденең аудандарымен бермалардың енін құрылыстардың жалпы құрастыруына, оларды пайдалану жағдайларына байланысты белгілеу қажет, бұнымен қоса онын мөлшері 3 м кем емес болады.
Тармақ 69
69. Өтетін жерлерде құбырлардың үстінде топырақтың ұю биіктігі есеп тиеу бойынша қабылданады.
Тармақ 70
70. Мелиоративтік сораптық станцияларды жобалау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары сақталады. Сорап станцияларының суы есептік беруді фурсировка коэфиценттерін ескерумен су тұтыну кестесінің максималды ординатасы бойынша, немесе бір уақытта жұмыс істейтін жаңбыр жаудыратын машиналардың максималды саны мен параметрлері бойынша анықталады.
Тармақ 71
71. Мелиоративтік сорап станциялары су беру сенімділігі бойынша 3 санатқа бөлінеді:
Тармақша 1
1) I санат – тоқтап қалуы адамдардың өмірі үшін қауіпке немесе халық шаруашылығына, елді жерлерге, ауыл шаруашылық дақылдарға, су беретін, суаруда бір тәуліктен артық үзіліске жол бермейтін сорап станцияларына едәуір зиян келтіруі мүмкін сорап станциялар.
Тармақша 2
2) II санат- сенімділіктің бірінші санатының анықтамасына кірмейтін сорап станциялары, жеткілікті реттеуші сыйымдылықтары немесе жинайтын құрылыстары жоқ коп сатылы казкаттардың сорап станциялары; суаруда екі тәуліктен артық кезеңге үзіліске жол бермейтін ауыл шаруашылық дақылдарына су беретін сорап станциялары.
Тармақша 3
3) III санат - тоқтап қалуы екі тәуліктен артық кезеңге мүмкін және сенімділіктің I және II санаттарына жатпайтын сорап станциялары.
Тармақ 72
72. Су жинайтын құрылыстардың құрылымы қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) суды минималды гидравликалық жоғалтуларымен жинау, суды жаңбыр жаудыратын машиналарға берген жағдайда қоқыс мен өлшенген бөлшектерді ұстау, балық қорғау;
Тармақша 2
2) балық қорғайтын немесе сор ұстайтын құрылғылардың торларын тазарту.
Тармақ 73
73. І және ІІ сенімділік санатының сорап станцияларының су жинайтын құрылыстары батпайтын етіп жобаланады, ІІІ сенімділік санатының сорап станциялары үшін қысқа уақыттық тасқындармен су тоғандарын басуға жол беріледі, егер жауын жауу уақыты сорап станцияларының жұмыс уақытымен сәйкес келмесе.
Тармақ 74
74. Су жинайтын құрылыстар арна түзеуші құрылыстармен үйлесіп арна қалыптастырушы процестермен ескеріп жобаланады.
Тармақ 75
75. Су тоғанның негізгі элементтерінің параметрлері (кіріс терезелер, торлар, құбырлар, арналар, камералар және басқалар) суды максималды беру және су көзінде минималды деңгейлер кезінде гидравликалық есептеулермен анықталады.
Тармақ 76
76. Ашық және жабық су таратқыштар су көзінде су деңгейлері тәртіптерімен және су беру, айдау кестесіне сәйкес су өткізу қамтамасыз етіледі. Арналардың мөлшерлері сорап станциясын есептік берумен салыстырғанда 5-6 % қормен анықталады.
Тармақ 77
77. Сораптардың соратын құбырлары элементтерінің құрылымы мен құрастыруы ауаны сору және ауа қаптарының пайда болу мүмкіндігін болдырмайды. Соратын құбырдың кем дегенде 0,005 еңіспен сорапқа үздіксіз көтерілуі болады. Соратын құбырлардың барлық қосылыстары саңылаусыз болады.
Тармақ 78
78. Соратын құбырдың ұзындығы 30 м артық және диаметрі 500 миллиметрден (бұдан әрі – мм) артық болған кезде құбырдың үнемді диаметрі техникалық- экономикалық есептеулердің негізінде анықталады.
Тармақ 79
79. Соратын құбырлардың саны сораптардың санына тең болады, негіздеу кезінде құбырдың жалпы соратын құрылғысын орнатуға (коллектор) жол беріледі.
Тармақ 80
80. Келтіретін арнаның трассасын бұру кем дегенде 10B (B- су кесігі бойынша арнаның ені, м) қашықтықта орындалады. Тығыз жағдайларда арнаның трассасын бұруды, соның ішінде аванкамера шектерінде, бағыттаушы қабырғаларды қолдану шартымен жол беріледі. Аванкамераны жобалау кезінде, әдетте, конустылықтың орталық бұрышын 45°артық емес алу қажет, су қабылдағыш жағына түбінің еңісін, 0,4 артық емес, су қабылдаушы тесіктерге суды келтіру жылдамдығын – секундына 1 метрден (бұдан әрі - м/с) артық емес.
Тармақ 81
81. Алынатын суда өлшенген бөлшектер болған кезде сутоғандарының алдында тұндырғыштарды орналастыру жөнділігі қарастырылады.
Тармақ 82
82. Сорап станциясының ғимараты жабдықтың оңтайлы жұмыс тәртібін, қызмет көрсететін персонал мен жабдықты атмосфералық әсерлерден қорғауды, сондай-ақ минималды капитал салымдары мен құрылыс мерзімдері кезінде пайдаланудың ең үлкен ыңғайлылықтары мен сенімділігі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 83
83. Ғимараттың жер астының габариттік өлшемдері жабдықты пайдалану қолайлылықтары және оналастыру, сондай-ақ құрылыстың өзінің беріктігі мен орнықтылығы шартынан ең аз болуы тиіс. Көмекші жабдық, қосалқы жайлар, соның ішінде монтаждау алаңдары мүмкіндігінше ғимараттың жер үсті бөлігінен шығарылады.
Тармақ 84
84. Жобалау кезінде зауытта дайындалған блогтық - жинақтық сорап станцияларын пайдалану қарастырылады.
Тармақ 85
85. Ұзындығы 100 м дейін тегеурінді құбырдың жіптер саны сораптардың санына тең етіп алынады. Құбырлардың ұзындығы 100-300 м болған кезде бірнеше жіпті біреуіне біріктіру техникалық- экономикалық есептеулермен негізделеді, ал ұзындығы 300 м артық болған кезде мұндай біріктіру міндетті болады. Тегеурінді құбырдың бір жібіне қосылатын сораптардың саны техникалық экономикалық есептеумен анықталады.
Тармақ 86
86. Су шығаратын құрылыс қамтамасыз етіледі: тегеурінді құбырларды бұратын арнамен бірқалыпты жанастыру; агрегаттар қосылған кезде судың кері ағынының автоматты түрде алдын алу; егер құрылыстардан бірнеше арна шықса суды қарату мүмкіндігі.
Тармақ 87
87. Су беру жолында су шығаратын құрылыстың орналасқан жері, әдетте жердің еңістері 0,05-тен аз болған кезде бұратын арнаның түбімен жер бетінің қиылысу нүктесінде алынады. Отырғызатын және қатты сүзетін топырақтар кезінде, жер бетінің еңістері 0,15-тен артық болған кезде су шығаратын құрылысты толықтай шұңқырда орналастыру ұсынылады. Барлық қалған жағдайларда су шығаратын құрылыстың орны құрлық шешімдерімен анықталады.
Тармақ 88
88. Тыныштандыратын құдықта және өтпелі учаскеде жел толқындары, агрегаттарды қосу және тоқтату толқындары және тегеурін жоғалтулары ескерумен судың макималды деңгейінің үстінде сифонның асып кетуі кем дегенде 0,2 м алынады.
Тармақ 89
89. Апатты шығаруларды станцияның максималды есептік өнімділігі мен апатты жағдайларда бұратын арна бойынша өткізілуі кепілденген шығынның арасындағы айырмаға есептеледі. Суды жинау құрылғысы орнатылған кезде судың максималды көкжиегі үстінде бөгеттердің қоры 40 % азайтылуы қарастырылады.
Тармақ 90
90. Су шығаратын құрылыстың шегінде қабырғалар мен камералардың, сондай-ақ үю бөгеттерінің биіктігі бойынша қор магистралды арналардан 0,2 м артық алынады.
Тармақ 91
91. Су шығаратын құрылысты тегеурінді құбырларды автоматты ағыту үшін бекітпе құралдарымен жабдықталады: тез құлайтын, дисктік, кері клапандармен немесе соққыштармен. Сифон ұштарда механикалық немесе гидравликалық әсер ететін вакуумды жылу клапандары орнатылады. Ысырмаларды жөндеу үшін жөндеу қоршауларын орнату қарастырылады. Сораптардың тегеурінді құбырларында тегеурінді органдардың тәуелсіз жетектері болған жағдайларда, арнайы негіздеу кезінде бір ысырмада жөндеу және апатты функцияларды біріктіруге жол беріледі.
Тармақ 92
92. Ысырмамен су шығаратын құрылыста ауа келтіретін құбырлар қарастырылады (ауаны шығару мен кіргізу үшін).
Тармақ 93
93. Су шығаратын құрылысты бұратын арнамен байластыру бір қалыпты болады. Өтпелі учаскенің түбі мен борттары тегістелген болады. Су шығаратын құрылыс бұратын арнамен жанасу кезінде өтпелі учаскені тегістеу жасанды кедір-бұдырлығымен бетон немесе темір бетон тақтайлардан, тастан орындалады.
Тармақ 94
94. Қоршайтын бөгеттерді жобалау кезінде осы құрылыс нормаларының 27-т. және осы бөлімнің талаптары сақталады.
Тармақ 95
95. Қоршайтын бөгеттер жерлердің ауыл шаруашылық пайдаланылуына байланысты су басатын немесе су басылмайтын болып қарастырылады. Үйіп бекімеген аумақта күздік дақылдарды, көпжылдық көшеттерді өсірген кезде аумақты бүкіл жыл ішінде су басудан қорғайтын су баспайтын бөгеттер жобаланады. Қалған жағдайларда, бөгеттердің типін таңдау нұсқаларды техникалық- экономикалық салыстыру негізінде жүргізіледі (су басатын немесе су баспайтын). Жазғы, күзгі жаңбыр кезеңінде су ағынында немесе су қоймасында су көтерілген кезде су басудан қорғайтын су басатын көшеттерді топыраққа, жолға көктемгі су басудың әсері ескерумен жобаланады.
Тармақ 96
96. Жоспарда бөгеттердің орналасуын жердің топографиялық ерекшеліктерін және қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын ескерумен су ағындарының гидрологиялық және гидравликалық есептеулерінің негізінде белгіленеді.
Тармақ 97
97. Бөгеттерді жобалау кезінде судың максималды деңгейлерінің есептік мәнін бөгеттің берілген сыныбы үшін су шығындарының есептік қамтамасыз етілгендігіне байланысты алынады. Су баспайтын бөгеттер үшін есептік бір жыл ішіндегі максималды жауын- шашын (көктемгі немесе жазғы- күзгі) болып табылады, су баспайтындар үшін - жазғы- күзгі жауын.
Тармақ 98
98. Негізгі есептік жағдай үшін су деңгейінің үстінен бөгет қырларының асуын өзен ағынының қоршайтын бөгеттермен ығысуын, жел айдауын және толқын биіктігін, сондай-ақ көшет пен негіз денесінің шөгуін ескерумен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес анықталады. Су баспайтын бөгеттердің биіктігі бойынша қордың өлшемі 0,5 м-ге тең деп, ал су басатындар үшін 0,3 м-ге тең деп алынады. Бөгет қырының белгісі, суының шығыны тексеруші есептік жағдайға сәйкес келетін есептік қамтамасыз етушіліктен өткен кезде, су деңгейінің белгісінен кем емес болуы тиіс.
Тармақ 99
99. Бөгеттердің денесін үюді сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына жауап беретін жергілікті топырақтан қарастырған жөн.
Тармақ 100
100. Қоршайтын бөгеттердің қырының ені құрылыс жұмыстарын жасау және пайдалану шарттарынан алынады. Бөгеттердің биіктігі 1,5 м артық кезде бөгеттің ені 3 м кем емес болады.
Тармақ 101
101. Пайдалану жолы үйіп бекітілген аудан жағынан бөгеттің бойымен қарастырылады. Тиісті негіздеу кезінде 0,5 километрден (бұдан әрі – км) артық емес кірулер мен тараулар орнатумен бөгеттердің қыры бойынша пайдалану жолын орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 102
102. Бөгеттердің баурайлары атмосфералық жауын шашынның, ағынның, толқынның шайып кетуші әсерінен, бұрылыстарда ағымнан қорғалған болады.
Тармақ 103
103. Тегеурін кезінде бөгеттердің баурайларын салуды бөгеттердің денесінің топырақтардың физикалық - механикалық қасиеттерін және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жұмыстарды жасау технологиясы ескеріле қабылданады.
Тармақ 104
104. Су басатын бөгеттерде су басу кезінде жоғарғы және төменгі бьефтерде су деңгейлерін теңестіру үшін шлюз – реттеушілер немесе су ағызғыштарды орнату қарастырылады. Су ағызу босағасы есептік қамтамасыз етушіліктің жазғы – күзгі жауынының максималды деңгей белгісінде белгіленеді.
Тармақ 4. 4-параграф. Суармалы жерлерді игеруге құрылыстық дайындау
4-параграф. Суармалы жерлерді игеруге құрылыстық дайындау
Тармақ 105
105. Мелиоративтік жүйелерді жобалау кезінде культуртехникалық жұмыстарды жобалау, бетін құрылыстық жоспарлау және күрделі шаю қарастырылады.
Тармақ 106
106. Жақсартылатын жерлердің табиғи ерекшеліктеріне байланысты культуртехникалық жұмыстардың келесі түрлері орындалады:
Тармақша 1
1) аудандарды ағаш – бұта өсімдіктерден, түбірлерден тазарту; томарларды жою;
Тармақша 2
2) мүк қыл – қырларды жою; топырақтарды 0,4 м тереңдікте тастардан тазарту; топырақтарды алғашқы өңдеу;
Тармақша 3
3) жер бетін тегістеу.
Тармақ 107
107. Культуртехникалық жұмыстар кезінде топырақтың қарақұм қабатын сақтау бойынша шаралар қарастырылады.
Тармақ 108
108. Жерлерді құрылыс жоспарлаумен камтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) су құю кезінде топырақты бірқалыпты ылғалдандыру және топырақ асты қабаттарына сүзуге су жоғалтуларын қысқарту;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылық дақылдарына су құю және өңдеуді механикаландыру жағдайлары.
Тармақ 109
109. Жерлерді құрылыстық жоспарлау топырақтың құнарлы қабатын алдын ала алмай жобаланады, егер кесінділер мен уймелер топырақтардың құнарлылығына едәуір әсер етпесе.
Тармақ 110
110. Қалған жағдайларда алдын ала алып тастау және кейіннен топырақтың қара құм қабатын қалпына келтіру қарастырылады.
Тармақ 111
111. Жоспарлау жұмыстарының нәтижесінде төмендетілген топырақтың құнарлылығын жақсарту үшін оны қалпына келтіру бойынша шаралар құрастырылады.
Тармақ 112
112. Жақсартылатын аумақ шектерінде суаратын жүйені пайдаланған кезде шаю қамтамасыз етілмейтін тұзды жерлер болған кезде оларды күрделі шаю қарастырылады.
Тармақ 113
113. Қажет болған кезде жерлерді алғашқы құнарландыру қарастырылады: қышқыл топырақтарды әктеу, фосфорлау, органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу, сортаң және тұзды топырақтарды гипстеу, топырақтарды егіс алдында өңдеу, жайылымдар жасау кезінде шөптер егу.
Тармақ 5. 5-параграф. Сызықтық құрылыстарға қойылатын талаптар
5-параграф. Сызықтық құрылыстарға қойылатын талаптар
Тармақ 114
114. Суаратын желі арналарының параметрлері мен құрылымдары келесілерді қамтамасыз ету шарттарына қарай белгіленеді:
Тармақша 1
1) сүзу мен тастауларға судың минималды жоғалтулары;
Тармақша 2
2) жерлерді иеліктен шығарудың минималды ауданы;
Тармақша 3
3) жанасып жатқан жерлердің сақталуы;
Тармақша 4
4) құрылыс жұмыстарын кешенді механикаландыру;
Тармақша 5
5) минималды пайдалану шығындары.
Тармақ 115
115. Арнаның трассасы осы құрылыс нормаларының 31-тармақ талаптарына сәйкес таңдалады. Арналар шұңқырда немесе жартылай шұңқырда жобаланады. Үйіндіде арналарды орналастыруға жер бедерінің жергілікті төмен жерлері қиылысқан кезде және суарылатын ауданға судың өздігінен ағу қажеттілігі кезінде жол беріледі.
Тармақ 116
116. Арнаның трассасы баураймен өткен кезде оның қимасы толықтай шұңқырда қабылданады. Арналарды жартылай шұңқырдың баурайларында орналастыруға болады, бұнымен қоса баурайдың төмен жағынан жер бетінің желісі есептік шығын кезінде су деңгейімен арна еңісінің қиылысу нүктесі арқылы өтеді. Бұл жағдайда бөгеттің негізбен шектесуі сатылық етіп алынады.
Тармақ 117
117. Суаратын арналардың көлденең қималары, әдетте, тропециялы түрде алынады. Геологиялық жағдайлар мен жұмыстар жасау тәсіліне байланысты полигоналды, парабола немесе тікбұрышты пішінді қималарды пайдалануға болады.
Тармақ 118
118. Суаратын жүйелердің арналары сүзуге қарсы жабындарды пайдаланып жобаланады. Сүзуге қарсы жабындарсыз арналарды орналастыруға осы құрылыс нормаларының 50-тармақ сәйкес арнаның пайдалы әсер коэфицентін қамтамасыз етумен жол беріледі. Сүзуге қарсы жабынның типі нұсқалардың техникалық- экономикалық көрсеткіштерін салыстырудың негізінде белгіленеді.
Тармақ 119
119. Бермалардың үсті немесе ені бойынша арна бөгеттерінің ені жұмыс жасау жағдайларына және пайдалану қолайлылығына байланысты алынады. Максималды деңгей автоматтандырылған су таратудың қабылданған схемасы шартынан алынады. Арнадағы судың шығына 100 м3/с жоғары болған кезде бөгет қырларының асып кетуі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес анықталады.
Тармақ 120
120. Тегістелген арналардың баурайларын салу тегістеу құралымын және жер тармағының баурайларының орнықтылығын ескерумен қабылданады. Жер арнасынан өтетін немесе топырақ – қабыршақты экраны бар арналардың баурайларын салуды ұқсас жағдайларда болатын қолданыстағы арналарды салу мен пайдалану тәжірибесінің негізінде қабылдау қажет; ұқсастар болмаған кезде арналардың баурайларын салу есеп бойынша қабылданады. Судың тегеуріні 3 м-ден артық болған кезде бөгеттердің баурайларын салу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданады.
Тармақ 121
121. Бөгет баурайының табаны мен резерв топырағының өндіру жиегінің арасындағы қашықтық жұмыс жасау тәсіліне және бөгеттің баурайының орнықтылығына байланысты, бірақ 1,5 м-ден кем емес, топырақты өндіру тереңдігі 0,5 м және 3 м кезінде топырақты өндіру тереңдігі 0,5 м-ден артық кезінде белгіленеді. Шұңқыр жиегінен үйменің етегіне дейінгі қашықтық баурайдың орнықтылығы есебімен алынады. Шұңқыр жиегінен үйменің етегіне дейінгі қашықтықты жұмыс жасау жағдайларына байланысты тиісті негіздеме кезінде арттыруға жол беріледі. Арналардың бойымен өндірулердің қазбалардың баурайларымен түбі жоспарланып, топырақтың құнарлы қабатымен жабылады.
Тармақ 122
122. Терең шұңқырларда өтетін арналарда (5м) артық биіктігі бойынша әрбір 5 м сайын судың максималды деңгейінен жоғары бермалар құрастырылады. .
Тармақ 123
123. Арналардың домалану радиусы есеп бойынша арнаның параметрлерін (қиманың ауданы, жұмыс тәртібі, сүзуге қарсы жабынның түрі және тағы басқа) ескерумен белгіленеді.
Тармақ 124
124. Судың шығыны 5 м3/с артық ірі таратқыштарда және магистралды арналарда ұштық жиналмалы құрылыстар қарастырылады. Арнаны төмен қатардағы таратқыштар арқылы босату мүмкін болған кезде жиналмалы құрылыстарды тек осы таратқыштарда қарастыруға жол беріледі.
Тармақ 125
125. Магистралды арналар мен таратқыштарда арқалықтармен, сайлармен, жергілікті төмендеулермен, су қоймаларымен қиылысу жерлерінде орнатылатын апатты су шашатын құрылыстар қарастырылады. Апатты шығынның мөлшері су тарату схемасына, технологиялық процестерді автоматтандыру деңгейіне, таратушы желінің шоғырландырушы қабілеттілігіне, апаттарды жоюдың мүмкін уақытына байланысты анықталады.
Тармақ 126
126. Баурайдың бойымен орналасқан бірінші қатардағы таратқыштарды, магистралды арналар мен олардың тармақтарын шайылып кетуден қорғау үшін жаңбыр және еріген суларды өткізу үшін арналар (немесе бөгеттер) және құрылыстар салынады. Таулы арналардың суының есептік шығыны осы құрылыс нормаларының 29-т. сәйкес анықталады.
Тармақ 127
127. Трапециялы түрлі арналардың түбі бойынша енінің толу тереңдігіне қатынасы анықтамалық әдебиеттің деректері бойынша баурайларды салу коэффициентіне байланысты қабылданады.
Тармақ 128
128. Арнаның еңісі мүмкін тұнбаланбаушы жылдамдығы мен судың мүмкін шаймайтын жылдамдығы арасындағы шектерде әдебиет көздерінің және жобалау тәжірибесінің деректері бойынша анықталатын судың орта жылдамдықтары қамтамасыз етіледі.
Тармақ 129
129. Жер сағасында және топырақ қабықшалы экраны бар арналар үшін мүмкін өзгермейтін жылдамдықтар есеп бойынша қабылданады.
Тармақ 130
130. 20% артық мөлшерде жұмыр тас пен қиыршық тас қосылуларының біркелкі қамтитын байланысты топырақтар үшін (көлемі бойынша) мүмкін өзгермейтін жылдамдық қосылулардың басым мөлшерлеріне қарай байланысты емес топырақтар үшін сияқты анықталуы тиіс. Қосылулардың үлкен көлемі кезінде және олардың қабатты орналасуы кезінде мүмкін жылдамдық негізгі топырақ үшін сияқты анықталады. Су жинайтын, жіберетін желінің арналары үшін мүмкін жылдамдық мөлшері 10%- ға арттырылуы, ал кезеңдік әрекет ететін жіберетін арналар үшін суаратын желінің арналарына мүмкін өзгермейтін жылдамдыққа қатысты 20%-ға арттырылуы қарастырылады.
Тармақ 131
131. Арнаның тұнбаланбаушылығын тексеру арнаның тасымалдаушы қасиеті бойынша немесе арнадағы судың лайланбайтын жылдамдығы бойынша жүзеге асырылады және әдебиет көздерін қолдану есебімен анықталады.
Тармақ 132
132. Арналардағы судың жылдамдығы 2 м/с кезінде, әдетте, бөлшектердің диаметрі 0,25 мм артық олардағы абразивті сораптарға қол жеткізуге шектеу қажет.
Тармақ 133
133. Арналардан судың сүзушілік жоғалтуларын есептеу әдебиет көздерін қолдану есебімен анықталады.
Тармақ 134
134. Бөгеттер арқылы судың сүзушілік жоғалтуларын, әдетте, тірек сүзу кезінде үймеде немесе жартылай үймеде өтетін шығыны 10 м3/с жоғары арналар үшін анықтаған жөн. Бөгеттердің сүзушілік есептеулері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес топырақ материалдарынан төмен тегеурінді бөгеттер үшін жүргізіледі.
Тармақ 135
135. Жоспарда құбырлы желіні жобалаған кезде осы құрылыс нормаларының 31-т. талаптары ескеріледі. Әдетте құбырлы желі тұйық етіп қарастырылады. Сақиналы желіні пайдалану негізделген болады. Құбырдың пайдалы әсер коэфиценті 0,98-ден кем емес қабылданады.
Тармақ 136
136. Жергілікті жердің еңістері 0,003-тен артық болған кезде жер бетіне су құюларды жасау үшін өздігінен ағатын құбырлы желіні пайдалану қажет. Мұндай жағдайларда суды сораптармен беру негізделуі тиіс.
Тармақ 137
137. Құбырлы суаратын желі үшін, әдетте, тегеурінді бейметалл құбырлар қолданылады: темір бетон, асбест цементтік, пластмассалық. Болат құбырларды пайдалануға жол беріледі:
Тармақша 1
1) ішкі есептік қысымы 1,5 МПа (15 кгс/см2) артық учаскелерде;
Тармақша 2
2) су қоршаулары мен жыралар арқылы, теміржол және автомобиль жолдарына өткелдерді орналастыру кезінде;
Тармақша 3
3) құбырларды автожол және қалалық көпірлер бойынша, эстакалардың және туннельдердегі тіреулер бойынша төсеген кезде. Болат құбырлардың үнемді түрлері пайдаланылады.
Тармақ 138
138. Құбырлар жерасты етіп орналастырылады. Құбырдың үстінен бастап құбырларды салу тереңдігі 2 м-ден артық емес деп алынады. Құбырларды теріс температуралы аймақта төсеу кезінде құбыр мен элементтік қосылыс элементтерінің материалы аязға төзімді болуы тиіс.
Тармақ 139
139. Жерүсті көлігінің әсерін сезетін құбырлар 1 м-ден кем емес тереңдікке төселеді.
Тармақ 140
140. Құбырларды құрылымы бұзылмаған топыраққа төсеу қарастырылады. Бұнымен қоса траншеялардың түбі алдын ала тегістеледі немесе пішімделеді. Құбырларды құз топырақтарына төсеген кезде қатты қосылулар мен нығыздауларсыз негізді топырақпен тегістеу қарастырылады. Қалыңдатылған топырақ қабатының қалыңдығы кем дегенде 10см болады. Жерасты құбырларын жобалау кезінде құбыр қабырғалары мен траншеялардың арасында төгу топырағын қабаттап нығыздау қарастырылады.
Тармақ 141
141. Құбырлы суаратын желі жабдықталады:
Тармақша 1
1) суаратын немесе жаңбыр жаудыратын техниканы қосу үшін гидрант- құлақтармен;
Тармақша 2
2) әрбір суаратын құбырдың басында орнатылатын бұрылатын бекітпелермен (ысырмалармен);
Тармақша 3
3) жөндеу учаскелерін босату кезінде суды түсіру қарастырылатын тармақталуларда орнатылатын бұрылатын бекітпелермен (ысырмалармен);
Тармақша 4
4) профильдің аса жоғары өзгерісті нүктелерінде және суаратын құбырлардың ұштық немесе бастапқы нүктелерінде орнатылатын ауаны шығару вантуздарымен (жердің бедеріне байланысты);
Тармақша 5
5) ауаны шығару мен кіргізу үшін клапандармен және соққыға қарсы арматурамен;
Тармақша 6
6) су алудың қысқаруы нәтижесінде, желідегі қысымның артуынан сақтайтын тарату (суаратын) құбырлардың ұштық нүктелерінде орнатылатын сақтандыратын түсіру құрылғыларымен;
Тармақша 7
7) қысым реттеуіштерімен.
Тармақ 142
142. Диаметрі 500 мм және артық құбырларда техникалық- экономикалық негіздеу кезінде бекітпелерді бір типөлшемге азырақ орнатуға жол беріледі.
Тармақ 143
143. Арматураны дәнекерлеу құбырларына қатаң орнату кезінде және топырақты құбыр трассасы бойымен мүмкін отырғызу жағдайларында арматураны монтаждау компенсаторларымен (ендірмелерімен) орнату қажет. Қысқы кезеңге құбырларды босату қажет. Босату, әдетте, өздігінен ағатын етіп қарастырылады. Босату жеріне құбырлардың еңісі кем дегенде 0,001 болады. Өздігінен ағатын босату құрылғысы мүмкін емес кезде сораптардың көмегімен құбырларды босатуға болады.
Тармақ 144
144. Болат және темірбетон құбырларды жобалау кезінде жылжымалы тоқтармен туғызылатын коррозия мен топырақтық коррозиядан қорғау бойынша шаралар әзірленеді. Қорғау әдістері таңдау жылжымалы тоқтармен туғызылатын мүмкін коррозия мен топырақтың коррозиялық қасиеттері туралы деректермен негізделеді.
Тармақ 145
145. Болат құбырлардың сыртқы бетін коррозиядан қорғау стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қарастырылады. Болат құбырлардың ішкі бетін коррозиядан қорғау үшін тасымалданатын судың коррозиялық белсенділігіне байланысты оқшаулау жабындары қарастырылады: цемент- құмды, цемент-полимер, лак бояу, мырыштық және шаруашылық- ауыз сумен жабдықтауда қолдану үшін рұқсат етілген басқалары.
Тармақ 146
146. Барлық типті болат және темір бетон құбырлардан құбырларды электр химиялық қорғауды жобалау кезінде құбырлардың үздіксіз электрлік өткізушілігін қамтамасыз ететін шаралар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қарастырылады.
Тармақ 147
147. Науалардан суаратын желі (науалық арналар) мына жағдайларда қарастырылады:
Тармақша 1
1) күрделі топографиялық және геологиялық жағдайларымен топырақтарда өтетін учаскелерде;
Тармақша 2
2) арналарда үймемен өтуі тиіс учаскелерде;
Тармақша 3
3) тасты жер, қатты сүзетін және отырғызатын топырақтары бар учаскелерде;
Тармақша 4
4) көшкін құбылыстарына ұшыраған баурау учаскелерде. Науалық арнаның пайдалы әсер коэффициентін кем дегенде 0,95 етіп алу қажет.
Тармақ 148
148. Науалық желі, әдетте, жердің ең үлкен еңісі бойынша төселеді. Науалық арналардың құрылымдарын таңдау топографиялық, геологиялық және климаттық жағдайларды ескерумен нұсқалардың техникалық- экономикалық көрсеткіштерін салыстыру негізінде қабылданады.
Тармақ 149
149. Әртүрлі тереңдікті науаларды ұштастыру шектес науалардың түбін біріктіру арқылы қарастырылады. Науалық тіреулердің табандары негіз топырағының қатып қалу тереңдігінен кем емес тереңдікте орналасады.
Тармақ 150
150. Арнаның әрбір учаскесі үшін науаның тереңдігі науа борттарының судың максималды көкжиегінен кем дегенде 10 см асуы жағдайларынан белгіленеді. Науалық желіде деңгейдің автоматты реттеуіштерін қолданған кезде, науаның тереңдігі есептік шығын өткізу кезінде науаны толтыру тереңдігінің, есептік шығынды өткізу кезінде автоматты реттеуіште гидравликалық жоғалту және науа бортының, әдеттен, 5 см-ге тең деп алынатын судың максималды деңгейінен асуы кезінде сомасына тең немесе артық болады.
Тармақ 151
151. Науалық арналарды гидравликалық есептеу ағынның біркелкі, біркелкі емес және стационарлық емес қозғалысы формулалары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 152
152. Науалық арналарда су ағынының максималды жылдамдығы 6 м/с аспайды. Минималды жылдамдық сораптарды тасымалдауды қамтамасыз ету шартынан белгіленеді.
Тармақ 153
153. Суармалы жерлерде құрғату топырақтың тамыр өсетін қабатына тұздың артығын бұруды, сондай-ақ топырақтың екінші қайта тұздану және сортаңдану мүмкіндігін болдырмайтын жерасты суларының деңгейін ұстап тұрады.
Тармақ 154
154. Құрғату құрылғысы қажеттілігін ауыл шаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін және қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын ескерумен топырақтың су-тұз тәртібі, қолданыстағы және жобалық жағдайлардағы мелиорация және жанасып жатқан аумақ объектісін талдау негізінде белгіленеді. Су- тұз тәртібінің болжамдарын құрастыру кезінде есептеудің аналитикалық әдістері, ұқсастық және математикалық үлгілеу қолданылады.
Тармақ 155
155. Мелиоративтік және агромелиоративтік шаралармен кешенде құрғату тұзды топырақтардың тамыр мекендейтін қабатында жылжымалы тұздардың мөлшері деңгейін мүмкін шектің көрсеткіштерінен аспайтын деңгейде қамтамасыз етіледі.
Тармақ 156
156. Топырақтың оңтайлы су- тұз тәртібін қамтамасыз ететін жерасты сулары жатуының мүмкін (соңғы) тереңдігі арнайы зерттеулердің, мелиоративтік жүйелерді пайдалану тәжірибесінің және топырақтардың су- тұз тәртібін болжаудың негізінде әрбір табиғи-климаттық аймақ үшін белгіленеді.
Тармақ 157
157. Жаңа суару аудандарында ауыл шаруашылық игеруге жерлерді енгізу, егер су-тұз тәртібінің болжамы бойынша құрғатуға қажеттілік игеру басынан бастап 10 жылға дейінгі кезеңде туындаса, тұрақты құрғату құрылысы аяқталғаннан кейін қарастырылады. Топырақ суларының көтерілу мерзімі 10 жылдан артық болса жерлерді игеру құрғату құрылысынан басып озу тиіс.
Тармақ 158
158. Құрғатуды жобалау кезінде суаруға, шаюға және басқа да қажеттіліктерге құрғату суларын пайдалану қарастырылады. Оларды пайдаланудың мүмкінсіздігі немесе мақсатқа лайықсыздығы негізделеді.
Тармақ 159
159. Құрғатуды жобалау кезінде суару тәртібі, суару техникасы, суаратын желінің жоспарлық орналасуы, жер бедері, ауыл шаруашылық дақылдарының агротехникасы ескеріледі.
Тармақ 160
160. Құрғатуларды қажет ететін аумақтың табиғи жағдайларына байланысты, техникалық- экономикалық есептеулердің негізінде құрғатуды:
Тармақша 1
1) жүйелі –дрендер немесе тік құрғату ұңғымалары суармалы жерлерде біркелкі орналасқан;
Тармақша 2
2) таңдаулы – дрендер немесе ұңғымалар қанағаттанарлықсыз мелиоративтік күйімен суармалы жерлердің жекелеген учаскелеріне ұштастырылған;
Тармақша 3
3) сызықтық – дрендер немесе ұңғымалар жерасты суларын қоректендіру алаңы бойынша орналасқан түрінде қарастыру қажет.
Тармақ 161
161. Суармалы жерлерде құрғату түрі (көлденең, тік немесе құрастырылған) нұсқаларды техникалық- экономикалық салыстыру негізінде табиғи және шаруашылық жағдайларға сүйене отырып таңдалады. Негізгі типі көлденең құрғату болып табылады, тік құрғатуды өткізушілігі тәулігіне 100 мм артық құрғату кезінде және нашар өтетін топырақтар тегеурінді сулармен және қабаттармен төсейтін жағдайда қолданады. Құрастырылған құрғату, әдетте, сулы қабаттың екі қабаттық немесе көп қабаттық құрылысы кезінде қарастырылады, оның қуаттылығы 15 м дейін жоғарғы нашар өтетін қабаты қуаттылығы 15 м артық емес су тегеурінді қабатпен төселіп жатады.
Тармақ 162
162. Суармалы жерлерде құрғату барлық пайдалану кезеңінде тұрақты (көлденең, тік немесе құрастырылған) етіп жобаланады. Күрделі шаюларды жүргізу үшін қажет болса тұрақты құрғату уақытша, ашық болып толықтырылуы мүмкін.
Тармақ 163
163. Нашар өтетін топырақтарда шаюлар кезінде құрғату тиімділігін арттыру үшін оларды терең қопсытуды және топырақтарды құрылымдау үшін мелиоранттар енгізуді қарастырған жөн.
Тармақ 164
164. Тұзданған немесе тұздануға бейім жерлерде құрғатуды жобалау кезінде суарудың шаятын тәртібі қарастырылады. Жерасты суларын қоректендіру қарқындылығы жақсартылатын аумақтың топырақтарының су- тұздық тәртібін болжаудың және ұқсас объектілерде қолданыстағы құрғату жүйелерін пайдалану тәжірибесін қолданудың негізінде анықталады.
Тармақ 165
165. Тұрақты көлденең дрендерді су қабылдау тесіктерімен және қорғау сүзгісімен немесе кеуекті құбырлардан жабық етіп жобаланады. Дрендерден суды қабылдауға және оны жақсартылатын аумақтың шектеріне бұруға арналған коллекторлар жабық, сондай-ақ ашық етіп жобаланады, бұнымен қоса шаруашылық ішілік коллекторлар, әдетте жабық болады. Елді жерлер арқылы өтетін коллекторлар тек жабық етіп жобаланады.
Тармақ 166
166. Жабық көлденең құрғату үшін топырақтың қысымына, ауыл шаруашылық машиналардың уақытша жүктемесіне шыдауы және агрессивті ортаның әсеріне төзімді болуы тиіс тегеурінді бейметалл құбырлар пайдаланылады.
Тармақ 167
167. Тұрақты көлденең, тік және құрастырылған құрғату параметрлері мелиоративтік жүйені тұрақты пайдалану кезеңінің орташа жылдық жүктемесіне есептелінеді. Уақытша құрғату параметрлері тұрақты құрғатудың жұмысын ескерумен күрделі шаюлар кезінде шаятын суларды бұрудың берілген жылдамдығын қамтамасыз етуге қарай анықталады.
Тармақ 168
168. Дрендерді салу тереңдігі мен олардың арасындағы қашықтық объектінің гидрогеологиялық жағдайларына тән кезеңдерде (вегетациялық, егіс алды және басқа) жерасты сулары динамикасын тексерумен сүзудің анықталған тәртібі формулалары бойынша қажетті су-тұз тәртібіне байланысты есептелінеді.
Тармақ 169
169. Күрделі гидрогеологиялық және топырақ мелиоративтік жағдайда, құрғату параметрлерін негіздеу үшін ұқсастар болмаған кезде модельдерде немесе типтік табиғи-шаруашылық жағдайларымен тәжірибелі-өндірістік учаскелерде зерттеулер қарастырылады.
Тармақ 170
170. Жұмыстарды жасау технологиясын ескерумен дрендерді салу тереңдігі, әдетте 4 м-ден аспауы тиіс. Дрендердің ұзындығы 400-1000 м етіп алу қажет. Құрғату құбырларының диаметрі гидравликалық есеппен анықталады. Максималды шығын өткізу кезінде дрендерде судың тегеурінді қозғалысына жол беріледі.
Тармақ 171
171. Ашық коллектордардың максималды еңістерін мүмкін жылжымайтын жылдамдықтарға қарай белгілеу қажет - 0,0002-ге жол беріледі.
Тармақ 172
172. Жабық дрендерді жабық және ашық коллекторлармен ұштастыру дрендерде тегеуріндер пайда болдырусыз құрғату суларын бұру қамтамасыз етіледі.
Тармақ 173
173. Тексеру құдықтары дрен бастауларында, дрендер мен коллекторларды бұру жерлерінде, құбырлардың еңісі мен диаметрін өзгерту, дрендердің жабық коллекторларға түсу жерлерінде, сондай-ақ құрғату желілерін шаюға қажетті жерлерде орнатылады.
Тармақ 174
174. Тармақшасы тік дренаж ұңғымасының жоспарлы орналасуы мелиорацияланатын телім шекарасымен, бедерімен, геологиялық және гидрогеологиялық құрылымымен байланыстырылады Ұңғымалар мүмкіндігіне қарай жақын жерде қолданылатын электр тарату желілерінде және трансформаторлық қосалқы станцияларда орналастырылады.
Тармақ 175
175. Тік кәріз ұңғымаларының конструкцияларын таңдау кезінде ұңғымалардың орналасуы өзара перпендикуляр бағыттағы ұңғыма қадамының біркелкі және әркелкі тор түріндегі суару жүйесімен байланыстыру арқылы атқарылады. Бұл ретте ұңғымалар каналдар арасында фильтрлеуге қарсы «киімсіз» орналастырылмауы керек.
Тармақ 176
176. Тік дренаж жүйесі құрылысының жобалық құжаттарын даярлау барысында электрожіберу желілерінің құрылғылары бір мезетте немесе ұңғыма құрылысын озатындай жұмыс атқаруы қарастырылады.
Тармақ 177
177. Тармақшасы тік дренаж ұңғымасы жүйесінің жобалық тәртібінің жұмысы суарылатын жерлердің мелиоративті жағдайының энергожүйеге түсіретін күш кестесіне, күш сорғысы құрылғылары мен ұңғымалардың ағымдағы және жоспарлы күрделі жұмыстарына сәйкес даярланады.
Тармақ 178
178. Тармақшасы тік дренаж ұңғымасының сорғы агрегаттарындағы жұмыстар ұңғымадағы динамикалық су деңгейіне сәйкес автоматтандырылады.
Тармақ 179
179. Тармақшасы тік дренажды ұңғыма айналасында механизацияланған жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін су қорғау аймағы мен кірме жолдардың болуын, қоршаған аумақ белгісінен 0,3 м-ден жоғары орналасқан, 150 шаршы метрден (бұдан әрі – м2) аспайтын қоршау алаңын қарастыру керек.
Тармақ 180
180. Тармақшасы құрама дренажды ұңғыма мен көлденең дренажды ұңғыманың ара-қатынасы дренажды судың еркін (іріктеусіз) бұрылуын қамтамасыз етуі керек. Ұңғымалардың жабық коллекторларға және дрендарға қосылуы жабық түрде болуы керек.
Тармақ 181
181. Арналардың су жинайтын - түсіретін желісі суаратын жүйенің аумағынан ұйымдастырылған жинау мен бұру үшін жобаланады:
Тармақша 1
1) үстіңгі ағыс үшін (жауын- шашын және еріген сулар);
Тармақша 2
2) технологиялық түсірулер мен босатулар кезінде, сондай-ақ апаттар кезінде таратқыштар мен суландырғыштардан сулар;
Тармақша 3
3) жер үсті суару және жаңбырлату кезінде алқаптардан су ағызу.
Тармақ 182
182. Су жинайтын-ағызатын желімен қарастырылады:
Тармақша 1
1) суаратын жүйенің құрылыстарының жұмыс тәртібін бұзусыз және суармалы жерлерді судың басуынсыз су қабылдағышқа суды уақытында бұруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әдетте, ығысатын суды екі жақты қабылдау;
Тармақша 3
3) суаратын және коллекторлық - құрғату желісімен және коммуникациялармен қиылысулар саны мен минималды ұзақтығының болуы.
Тармақ 183
183. Су жинайтын-ағызатын желі суаратын учаскелердің, егіс айналымы жолдарының шекараларымен, әдетте, тальвегтерді, алқаптарды, сайларды максималды қолданумен төмендетілген жерлер бойынша орналастырады. Су ығыстыратын жолдар ретінде тальвегтерді, алқаптарды, сайларды пайдаланған кезде олардың өткізу қабілеті мен шайылу мүмкіндігі тексеріледі. Ығыстыратын желіні жоспарлық орналастыру кезінде оны суаратын жүйенің жобаланатын жол желісінің кюветтерімен біріктіру қарастырылады.
Тармақ 184
184. Суаратын жүйеде коллекторлық- құрғату желісі болған кезде оны ығыстыратын желі ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.
Тармақ 185
185. Су ығыстыратын желі ашық жер арнасында жобаланады. Ығыстыратын желі ашық (арналар, науалар) және жабық (құбырлар) етіп қолданылады.
Тармақ 186
186. Су жинайтын - ағызатын желі арналарында судың есептік шығынына (арнаның орналасуы мен қатарына байланысты) суарылатын учаске немесе судың құюлары кезінде үстіңгі ығыстыру аумағынан үстіңгі ағыс шығындарынан ең үлкені қабылданады. Жауын - шашын және еріген сулардың үстіңгі ағысының есептік шығынына 10 % қамтамасыз етілген тасқын шығындары қабылданады.
Тармақ 187
187. Су құюлар кезінде суаратын желіден ығыстыратын суларды қабылдау кезінде қарастырылатын су жинайтын арналардың есептік шығыны оған су тастайтын бір уақытта істейтін суаратын арналардың есептік шығынының сомасынан 30 %- дан аспайды. Ашық және жабық таратқыштар мен суландырғыштарды босату үшін, сондай-ақ жабық суаратын желінің құбырларын шаю үшін ұштық түсіру арналары қарастырылады.
Тармақ 188
188. Ұштық түсіретін арнаның есептік шығыны ұштық учаскедегі суаратын арна (құбыр) суының есептік шығынының 25-50% шектерінде қабылданады. Есептік шығынмен құбырдан сораптарды кетіру үшін тасымалдау жылдамдықты жасау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 189
189. Төмен қатарлы суаратын желі арқылы босату мүмкін болған кезде жоғары қатар (құбыр) арнасы үшін ығыстыратын желі қарастырылмайды. Бұнымен қоса есептік түсіру шығыны суды түсіру белгіленген арнаның шығынына тең етіп алынады.
Тармақ 190
190. Жер арнасында түсіретін желі арналарының кедір-бұдырлық коэффициенті ғылыми зерттеулердің деректері бойынша немесе ұсынылатын анықтамалық материалдардың деректері бойынша қабылданады.
Тармақ 191
191. Жоғары қатардағы су жинайтын- түсіретін арнадағы судың деңгейі төмен қатардағы арнадағы су деңгейінен 0,05-тен кем емес шамаға төмен болады. Есептік шығындар кезінде су жинайтын арналардағы судың деңгейі жер бетінен 0,15-0,20 м-ге төмен болады.
Тармақ 192
192. Табиғи және жасанды ағын сулар мен су қоймалары болуы мүмкін қашыртқы сулардың су қабылдағыштары су бұратын арналарда (құбырларда) су деңгейлерінің тегеурінін жасамау қашыртқы сулардың есептік көлемдерін аккумуляциялау және бұруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6. 6-параграф. Су таратуды реттеу
6-параграф. Су таратуды реттеу
Тармақ 193
193. Судың өнімсіз шығуларын болдырмау үшін шоғырландырушы ыдыстар қарастырылады.
Тармақ 194
194. Гидротехникалық құрылыстар автоматты әсері бар реттеуіштермен жабдықталады.
Тармақ 195
195. Автоматтандырылған гидротехникалық құрылыстарда автоматты реттеуіштердің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін гидравликалық өткелдер қарастырылады.
Тармақ 196
196. Бас су жинайтын тораптар, шаруа қожалықтарына су шығарулар мен шығаратын желі арналарын суды есептеу құралдарымен жабдықталады.
Тармақ 7. 7-параграф. Су құю технологияларына қойылатын негізгі талаптар
7-параграф. Су құю технологияларына қойылатын негізгі талаптар
Тармақ 197
197. Жеңіл-желпі суарудың суландыру жүйелері, әдетте, шөл және шөлейт аймақтарда, сондай-ақ жаңбырлату әдісі топырақтардың қажетті су тәртібін қамтамасыз етпейтін аудандарда жобаланады.
Тармақ 198
198. Үстіңгі су құюды атыздар, жолақтар бойынша қарастыру қажет.
Тармақ 199
199. Атыздар бойынша жердің еңістері 0,05-тен артық емес кезде айдалатын дақылдар мен көпжылдық көшеттерге су құю қарастырылады.
Тармақ 200
200. Табиғи жағдайларға байланысты атыздар бойынша су құю кезінде су құюдың бойлық және көлденең схемалары қолданылады. Су құюдың бойлық сұлбасы кезінде атыздардың бағыты суландырғыш пен жердің еңісінің бағытымен сәйкес келеді, көлденең сұлба кезінде – атыздар суландырғыштарға перпендикуляр негізгі еңістің бойымен бағытталады (көлденең жердің бойымен).
Тармақ 201
201. Бойлық су құю кезінде суландырғыштардың арасындағы қашықтық суаратын құрылғылардың ұзындығына байланысты алынады, көлденең сұлба кезінде – атыздардың ұзындығына байланысты алынады. Суаратын құрылғыларға құлақтардың арасындағы (гидранттар арасында) қашықтықтарды бойлық сұлба кезінде атыздардың ұзындығына және көлденең сұлба кезінде суаратын құрылғылардың ұзындығына тең етіп қабылдау қажет. Суаратын машиналарды қолданған кезде суландырғыштар мен гидранттардың арасындағы қашықтық қолданылатын машиналардың техникалық сипаттамаларымен анықталады.
Тармақ 202
202. Атыздардың ұзындығы, атыздар арасындағы қашықтық, суаратын ағыстардың шығындары жер бетінің еңісін, топырақтардың су-физикалық қасиеттерін ескерумен анықталады және минималды, тереңдікті түсірулер кезінде берілген суаратын норманы беруді, атыздың ұзындығымен ылғалдандыру біркелкілігін, суару кезінде жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.
Тармақ 203
203. Атыздар бойынша суару техникасының оңтайлы элементтері бірдей жағдайларда әзірленген суарылатын учаскенің сүзушілік қасиеттеріне қарай белгіленеді.
Тармақ 204
204. Атыздар бойынша суды тарату суаратын құбырларды (жылжымалы, стационарлық), науаларды, арналардың, заманауи жетістіктерді ескерумен машиналарды қолданумен жүргізіледі.
Тармақ 205
205. Суаратын құбырдың диаметрін атыздарға судың есептік шығынын беру қамтамасыз ету шартынан анықталады.
Тармақ 206
206. Суды атыздарға тікелей шығарумен суаратын науалар еңістері 0,003-ке дейін және орта және нашар су өткізушілік деңгейлі топырақтарымен алаптарда қолданылады, оларда ұзындығы 300-400 м атыздар бойынша су құю мүмкін. Суаратын астауларды суарудың көлденең схемасы кезінде қолданған жөн.
Тармақ 207
207. Күріш суаратын жүйелер орналастырылады:
Тармақша 1
1) вегетациялық кезеңде оң температуралары сомасы 2500 °С кем емес, жеткілікті су ресурстары, аз өтетін топырақтары бар аудандарда;
Тармақша 2
2) бетінің жалпы еңістері 0,005-тен артық емес жерлерде.
Тармақ 208
208. Күріш суаратын жүйенің құрамына, осы құрылыс нормаларының 23-т. аталған элементтерден басқа мыналар кіреді: жекелеген чектерден (көлденең аудандардан) тұратын суаратын (күріш) карталар, карталық суландырғыштар, карталық ығыстырғыштар, ығыстырғыш-суландырғыштар, қажет болса қоршайтын дрендер мен бөгеттер.
Тармақ 209
209. Суаратын (күріш) карта суаратын, қашыртқы және құрғату желісінің төменгі буынының арналарының периметрі бойынша шектеледі және күріштік егіс айналымы даласының бір бөлігі болып табылады. Шектес су құятын карталардан тұратын егіс айналымы даласының ауданы 50-150 га болады.
Тармақ 210
210. Суаратын, жылыспа және құрғату желісінің төменгі буыны болып табылатын құрылыстармен карталық суландырғыштарды, карталық жылыспаларды, суландырғыш – жылыспаларды чектерде судың тереңдігі автоматтандырылған реттеумен жобаланады. Күріштің суаратын нормасы қамтиды:
Тармақша 1
1) күріш даласы мен өсімдіктерді транспирациялау бетінен буландырудың қосынды мөлшерін;
Тармақша 2
2) топырақ қабатын алғашқы қанықтыруға және су басу қабатын жасауға жұмсалатын суаратын судың көлемі;
Тармақша 3
3) бүйірлік және тік сүзу көлемі: ағындылықты жасауға немесе чектерде суды кезеңдік ауыстыруға жұмсалатын судың көлемі;
Тармақша 4
4) үстіңгі жылыспалар көлемі;
Тармақша 5
5) құлақтар арқылы судың ағып кетуіне техникалық жоғалтулардың көлемі.
Тармақ 211
211. Тұтас шаруашылық бойынша күріш егістерінің бастапқы су басу кезеңінің ұзақтығы күріш егетін барлық аудандарда 12-16 тәуліктен артық емес болып табылады.
Тармақ 212
212. Күріш карталарына екіжақты қызмет көрсеткен кезде карталық суландырғыштардың ПӘК мәні 1,0 етіп қабылданады, бір жақты қызмет көрсеткен кезде ПӘК есептеумен анықталады.
Тармақ 213
213. Күріш жүйесінде суаратын желі арналарының максималды шығынын анықтау кезінде қосымша қор коэффициентін және су айналымы коэффициентін енгізу, сондай-ақ егіс айналымының жалпы ауданындағы күріштің үлесін ескеру қажет. Күріш карталарын бастапқы су басу кезеңінде су басуды арттыруды есептейтін қордың коэффициентін, карталық суландырғыштарды қоса алғанда, барлық арналар үшін 1,1-ге тең етіп алынады. Карталық учаскелік суландырғыштар, сондай-ақ егіс айналымы далаларының бір бөлігіне қызмет көрсететін арналар үшін, егіс айналымында күріштің мөлшер үлесін 1,0-ге тең етіп, ал жоғары қатардағы қалған суаратын арналар үшін – 0,75 деп қабылданады. Барлық суаратын жүйедегі күріш карталарына бастапқы су басу уақытының ұқсас жағдайлар үшін жобалаудың неғұрлым тиімді тәжірибесін ескерумен ауданның берілген арнасымен қызмет көрсетілетін бастапқы су басу уақытына қатынасына тең су айналымы коэффициенті.
Тармақ 214
214. Суаратын арналардың минималды шығыны егіс айналымындағы күріштің мөлшерін ескерумен анықталады. Барлық қатардағы су жинайтын- жіберетін желі арналарының максималды шығыны егіс айналымындағы күріштің мөлшері мен қор коэффициентін ескерумен анықталады. Карталық дрен-лықсымалар үшін, сондай-ақ егіс айналымы жолдарының бір бөлігіне қызмет көрсететін коллекторлар үшін егіс айналымында күріштің мөлшері 1,0-ге тең деп, ал жоғары қатардағы коллекторлар үшін – 0,75 деп алынады. Су жинайтын- жіберетін желіде судың максималды шығынын анықтау кезінде қордың коэффициенті 1,5-ке тең деп алынады. Су жинайтын- жіберетін желі арналарының өткізушілік қабілеті 10 %-дық қамтамасыз етілгендіктің тасқын шығындарын өткізуге тексеріледі. Барлық қатардағы су жинайтын- жіберетін желінің арналарының минималды шығынын егіс айналымындағы күріштің мөлшері ескерумен анықталады.
Тармақ 215
215. Күріш жүйелерінің кептіру және лықсыма сулары суландыру үшін қайта пайдаланылады. Оларды пайдаланудың мақсатқа лайықсыздығы негізделеді.
Тармақ 216
216. Құрылымы бойынша күріш карталары суды беру, бұру тәсілі мен чектердің санына байланысты жобалау ұсынылады:
Тармақша 1
1) күріш картасының ұзын жақтарының бірінің бойымен үймеде, әдетте екі жақты орындалған суды бөлек берумен және түсірумен, ал екіншісінде – карталық түсіру арнасы. Күріш картасының ұзындығын 400-1200 м, енін-150-250 м топырақтың сүзушілік қасиеттеріне байланысты қабылдау қажет. Күріш картасы чектерге көлденең белдіктермен бөлінуі тиіс. Чектің ауданы 2-6 га болуы тиіс, картадағы чектердің саны 4-5;
Тармақша 2
2) суды жеке берумен және түсірумен және ауданы 6 га екі чектермен (кубалық типті карталар). Күріш карталарының ұзындығы 400-600 м, ені 200-300 м болуы тиіс.
Тармақша 3
3) суды жіберу және түсірудің бірлескен функциясымен – суды жіберу және түсірудің кең майданының картасы (КМК), суды жіберу кезінде тереңдетілген арнаны (түсіргіш-суландырғышты) асыра толтыру есебінен жүзеге асырылады. Кең майданды суару карталарының ұзындығын 1200 м артық қабылдамаған жөн. Бұл жағдайда чектің немесе чек картасының алаңы 6 га-дан 12 га дейін қабылданады. Кең майданды карталарды жекелеген чектерге бөлу кезінде көлденең аунақшалардың түсіргіш-суландырғышқа қабысу орындарындағы соңғы су арынды құрылыстарда қарастырылады. Суды жіберу-түсірудің кең майданды карталарын, әдетте, 0,001-ге дейінгі жергілікті еңістерде қолдануға және әрбір картаның (чек карталарының) бір белгісіне жоспарлай отырып, жергілікті көлденең бойымен ұзын жағымен орналастыруға жатады. Күріш карталарын таңдауды нұсқаларды техникалық – экономикалық көрсеткіштерді салыстырудың негізінде жүргізген жөн.
Тармақ 217
217. Күріш жүйелерінің арналары мен дрендері қамтамасыз етуі тиіс:
Тармақша 1
1) жекелеген күріш картасын 3 тәуліктен артық бастапқы толтыру, ал тұтастай шаруашылық бойынша күріш егіндері - 12-16 тәулік ішінде.
Тармақша 2
2) агротехникалық мерзімде қажетті чектерге судың есептік қабатын ұстап тұру;
Тармақша 3
3) су басқан егісте ылғалдың төмен түсетін тоқтары. Қайту қарқындылығын ұқсас табиғи жағдайларда тәжірибелердің деректері бойынша анықтаған жөн;
Тармақша 4
4) судың түсірілуі және жинау алдында чектерді кептіру үшін жерасты сулары деңгейін төмендету;
Тармақша 5
5) топырақтың құнарлы қабатын аэрациясын қамтамасыз ететін тереңдікке суаратын емес кезеңде топырақ сулары деңгейінің төмендеуі;
Тармақша 6
6) жүйеге жанасып жатқан жерлерде және күріш алып жатпаған күріш егіс айналымының даласында қалыпты ауыл шаруашылық өндіріс жағдайлары (жерасты суларын қажетті деңгейде ұстау, сортаңдану мен тұздануды жою).
Тармақ 218
218. Карталық суландырғыштар судың есептік қабатымен ең жоғары чекті су басуды қамтамасыз ететін су деңгейлерімен жобаланады. Жоспарлау жұмыстарын жобалау кезінде көршілес чектердің беті белгілерінің айырмасы 0,4 м-ден артық емес болуы тиіс.
Тармақ 219
219. Чектердің периметрі бойынша тереңдігі 0,5-0,8 м трапециялы немесе үш бұрышты қиманың жыраларын орнату қажет.
Тармақ 220
220. Күріш жүйелерінде 1 м3/с дейін шығынмен құлақтарында 15-20 см-ден кем емес су деңгейлерінің өткелдерін қарастыру қажет, 20-25 см – шығыны 1 м3/с артық реттеуші құрылыстар.
Тармақ 221
221. Егіс айналымының әрбір даласының дербес су келтіруі мен жеке су бұруы болады. Бұнымен қоса ірі және шағын шаруа қожалықтарының барлық бөлімшелеріне суды бір уақытта беру қамтамасыз етіледі.
Тармақ 222
222. Жаңбыр жаудырумен суаруды қолданады:
Тармақша 1
1) суару соңында топырақтың сіңіруші қабілетінен аспайтын, жасанды жаңбырдың орташа қарқындылығымен тұздалмаған және жуылған топырақтарда;
Тармақша 2
2) әлсіз және орташа минералданған жерасты суларының жату тереңдігі 2,5 м-ден кем емес, бұл жерасты суларының табиғи қайтуымен немесе құрғатумен қамтамасыз етілуі тиіс;
Тармақша 3
3) жаңбыр бұлты аймағында булануға судың жоғалтуы 10%-дан аспауы тиіс;
Тармақша 4
4) булануға жоғалтуды 15 %-дан қамтамасыз ететін жылдамдықпен суаратын кезеңде (солтүстік-шығыс климаттық аймақ) желдің қайталанушылығы кезінде, 10 %-дан төмен су құюлар кезінде жоғалтумен жаңбыр жаудыратын техниканы қабылдау қажет.
Тармақ 223
223. Суаратын судағы өлшенген бөлшектердің мөлшері мен олардың ірілігі қолданылатын жаңбыр жаудыратын техниканың техникалық шарттарымен реттеледі.
Тармақ 224
224. Жаңбыр жаудырумен суару үшін келесі жаңбыр жаудыратын техника пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ашық және жабық суаратын желіден су тоғанымен, қозғалыста жұмыс істейтін, қарсы орын ауысуымен кең қапсырмалы көп тегеурінді жаңбыр жаудыратын машиналар;
Тармақша 2
2) жабық суаратын желіден, немесе тікелей ұңғымадан су тоғанымен, қозғалыста жұмыс істейтін, домалақ әсері бар жаңбыр жаудыратын машиналар;
Тармақша 3
3) жабық суаратын желіден қарсы орын ауысуымен және су тоғанымен позициялық әсері бар жаңбыр жаудыратын машиналар;
Тармақша 4
4) ашық және жабық суаратын желіден су тоғанымен, позициялық әсері бар алыс ағысты жаңбыр жаудыратын машиналар;
Тармақша 5
5) ашық суаратын желіден қарсы орын ауысуымен және су тоғанымен жаңбыр жаудыратын машиналар;
Тармақша 6
6) жабық суаратын желіден қарсы су тоғанымен позициялық әсері бар шлейфтер;
Тармақша 7
7) жабық суаратын желіден, қозғалыста жұмыс істейтін, жолақтық, шлангалық жаңбыр жаудыртқыштар;
Тармақша 8
8) стационарлық жүйелерде және ирригациялық жабдықтың жинақтарында жабық суаратын желіден су тоғанымен орта және алыс ағысты жаңбыр жаудыратын машиналар;
Тармақша 9
9) жаңбыр жаудырумен позициялық суарылатын жаңбыр жаудыратын қондырғылар. Жаңбыр жаудыратын техниканы ылғал зарядтық, егіс алды, вегетациялық, жаңарту, отырғызу, үскірік аязға қарсы су құюлар жүргізу үшін, сондай-ақ суаратын сумен минералды тыңайтқыштар мен микроэлементтер енгізу үшін қолданылады.
Тармақ 225
225. Айналма әсері бар, кең ұстайтын көп тегеурінді қарсы орын ауыстыруымен және ашық және жабық суаратын желіден су тоғанымен, қарсы орын ауыстыруымен және жабық суаратын желіден тоғанымен позициялық әсері бар жаңбыр жаудыратын машиналарымен жүйелерді дәнді, дәнді-бұршақты, техникалық, көкөністік, бақшалық және жемдік дақылдарды суару үшін пайдаланылады. Қарсы орын ауыстыруымен және жабық суаратын желіден су тоғанымен жаңбыр жаудыратын машинаны пішен шабу және дақылдық жайылымдарға су құю үшін де пайдаланылады. Жабық немесе ашық суаратын желіден су тоғанымен позициялық әсері бар, қарсы орын ауысумен және ашық суаратын желіден су тоғанымен жаңбыр жаудыратын машиналармен су құю көкөніс, бақшалық және жемдік дақылдарды, пішен шабу және дақылдық жайылымдарды суару кезінде қарастырады, ал позициялық жүрістідерді – бақшаларға су құю үшін де қарастырады. Шлейфтер жемдік дақылдарды, пішен шабу, дақылдық жайылымдарды, бақтарды, жүзім бақтары мен жидек жерлеріне су құю үшін пайдаланылады. Жолақтық шлангалық жаңбыр жаудырғыштарды пайдалану көкөніс және жемдік дақылдарды, пішен шабу, дақылдық жайылымдар, бақшалар мен жидектік жерлерге су құю үшін қарастырылады. Орта және алыс ағысты жаңбыр жаудыратын аппараттар (стационарлық жүйелерде) бақтарға, жүзімдіктерді, шәй және цитрусты плантацияларға, жеміс және көкөніс дақылдарына су құю үшін пайдаланылады. Позициялық су құюға арналған жаңбыр жаудыратын қондырғыларды жаңбыр жаудырумен пайдаланған жөн:
Тармақша 1
1) суармалы жердердің ауданы 10 га дейінгі кезде;
Тармақша 2
2) вегетациялық кезеңдерде желдік тәртіптің белсенді қызметімен аймақта ДДА – 100 МА, ДДН -70 және ДДН -100 жаңбыр жаудыратын машиналарымен суармалы жерлерді қайта салу кезінде;
Тармақша 3
3) сумен жабдықтаудың шектеулі көздерінің базасында суармалы учаскені құрған кезде (шағын дебетімен құдықтар немесе ұңғымалар, кішігірім өзендер және тағы басқалар);
Тармақша 4
4) суармалы учаскенің қиылысқан беттері және дұрыс емес контур кезінде.
Тармақ 226
226. Жаңбыр жаудыратын машиналар, шлейфтер, жолақтық шлангалық жаңбыр жаудырғыштар жаңбыр жаудыратын техникаға, орта және алыс ағысты жаңбыр жаудыратын аппараттарға (стационарлық жүйелерде) техникалық шарттармен регламенттелген жердің еңістері кезінде пайдаланады - еңістері 0,2-ден артық емес кезінде. Жаңбыр жаудыратын техника жер бедерінің келесі түрлері кезінде қолданылады:
Тармақша 1
1) ашық суаратын желіден су тоғанымен кең ұстағышы бар көп тегеурінді жаңбыр жаудыратын машиналар - тынық және сәл мүшеленген кезінде;
Тармақша 2
2) айналмалы және позициялық жүрісті жаңбыр жаудыратын машиналар, орта және алыс ағысты жаңбыр жаудыратын аппараттар (стационарлық жүйелерде) - тынық, сәл мүшеленген, қиылысқан, адыр- бұдырлы кезінде;
Тармақша 3
3) позициялық жүрісті қарсы орын ауысумен және жабық суаратын желіден су тоғанымен жаңбыр жаудыратын машиналар, жолақтық шлангалық жаңбыр жаудырғыштар - тынық, сәл мүшеленген кезінде;
Тармақша 4
4) қарсы орын ауысумен және ашық суаратын желіден су тоғанымен жаңбыр жаудыратын машиналар - тынық кезінде.
Тармақ 227
227. Суармалы ауданның конфигурациясы тік бұрышты болуы және келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Тармақша 1
1) айнамалы жүрісті жаңбыр жаудыратын машиналар үшін егіс айналымы далаларының жақтарының өлшемдері су келтіретін құбырдың ұзындығына еселі және 1:1 немесе 1:2 қатынасы болуы тиіс;
Тармақша 2
2) қарсы орын ауысумен, қозғалыста жұмыс істейтін, ашық суаратын желіден су тоғанымен, позициялық жүрісті қарсы орын ауысумен және жабық және ашық суаратын желіден су тоғанымен және шлейфтерден жаңбыр жаудыратын машиналар үшін – даланың бір жағы жасанды жаңбырмен қамту еніне еселі болады. Жабық немесе ашық суаратын желіден су тоғанымен позициялық әсері бар алыс ағысты жаңбыр жаудыратын машиналар, жолақтық шлангалық жаңбыр жаудырғыштар, орта және алыс ағысты жаңбыр жаудыратын аппараттар (стационарлық жүйелерде) және позициялық жүрісті жаңбыр жаудыратын қондырғылар кез келген конфигурациялы суармалы аудандарда қолданылады.
Тармақ 228
228. Айналмалы жүрісті, кең қапсырмалы көп тегеурінді машиналар қарсы орын ауысумен жаңбыр жаудыратын машиналар, жабық суаратын желіден су тоғанымен позициялық жүрісті машиналар 2,5 м-ден артық емес суаратын кезеңде жерүсті бөлігінің биіктігімен дақылдар үшін пайдаланылады. Қарсы орын ауысумен жаңбыр жаудыратын машиналарды және ашық суаратын желіден су тоғандарын биіктігі 1,6 м-ден артық емес дақылдар үшін пайдаланады. Позициялық жүрісті жабық суаратын желіден су тоғанымен, алыс ағысты жаңбыр жаудыратын машиналарды, шлейфтерді, орта және алыс ағысты жаңбыр жаудыратын аппараттар (стационарлық жүйелерде) және позициялық жүрісті жаңбыр жаудыратын қондырғылар биіктігі 5 м-ге дейінгі дақылдар үшін пайдаланылады.
Тармақ 229
229. Айналмалы жүрісті жаңбыр жаудыратын машиналарға су құюмен суаратын жүйелерді жеткіліксіз ылғалдану аймағында, әдетте, 15-тен кем емес санымен және бір позицияда жұмыс кезінде қолданады. Қарсы орын ауысумен жаңбыр жаудыратын машиналар және позициялық жүрісті ашық суландырғыштардан су жинаумен алыс ағысты машиналар үшін жер арнасына суландырғыштар түбінің еңісі 0,007-ден артық емес болады. Алыс ағысты машиналар жеңіл жүзетін топырақтарда қолданылмайды.
Тармақ 230
230. Жаңбыр жаудыратын техника бір айдайтын сорап станциясы қызмет көрсететін ауданда топтық жұмыс кезінде қолданылады. Қарсы орын ауысумен, қозғалыста жұмыс істейтін, ашық суаратын желіден су тоғанымен жаңбыр жаудыратын кең қапсырмалы көп тегеурінді машиналар 900-1600 га ауданда топтық жұмыс кезінде қолданылады, қарсы орын ауысумен, қозғалыста жұмыс істейтін ашық суаратын желіден су тоғанымен жаңбыр жаудыратын машиналар – 300-700 га ауданда. Алыс ағысты жаңбыр жаудыратын машиналарды, шлангалық жаңбыр жаудырғыштарды, қарсы орын ауысумен және ашық суаратын желіден су тоғанымен машиналарды ауданы жаңбыр жаудыратын машинаға маусымдық жүктемеден кем емес болатын жекелеген ұсақ контурлық учаскелерді суару үшін пайдалануға болады.
Тармақ 231
231. Кең қапсырмалы көп тіреулі қарсы орын ауысумен, позициялық жүрісті қарсы орын ауысумен және жабық суаратын желіден су тоғанымен жаңбыр жаудыратын машиналар үшін, позициялық жүрісті алыс ағысты жаңбыр жаудыратын машиналар үшін маусымдық жүктеме техникалық сипаттамалардың деректері бойынша белгіленеді. Жаңбыр жаудыратын машиналарды қолданған кезде егіс айналымының даласы жаңбыр жаудыратын машинамен қызмет көрсетілетін ауданға тең немесе оған еселі болады.
Тармақ 232
232. Тамшылық суару жүйелері жоғары рентабельді көпжылдық көшеттерді (бақтар, жүзімдіктер, жеміс жерлері) өңдеу кезінде және шектеулі су ресурстары жағдайларында пайдаланылады.
Тармақ 233
233. Тамшылық суару жүйелері орналастырылады:
Тармақша 1
1) тұщы жерасты суларының тереңдікті деңгейі кезінде тұзданбаған топырақтарда 2 м-ден кем емес, минералданған топырақтарда – 4 м-ден кем емес;
Тармақша 2
2) күрделі жер бедерімен және 0,05-тен артық еңістерімен тау алды учаскелерде;
Тармақша 3
3) жазық учаскелерде жеңіл топырақтармен (құмды, тасты).
Тармақ 234
234. Тамшылық суару үшін қолданылатын жерасты және үстіңгі сулардың сапасы қолданылатын жабдықтың техникалық сипаттамалары мен суаратын суға жалпы талаптарға сәйкес келеді. Тамшылық суару жүйелерінің құрамында суды тазарту және суаратын сумен тыңайтқыштарды енгізу торабы қарастырылады.
Тармақ 235
235. Суаратын суда өлшенген заттар мен гидробионттардың мүмкін мөлшері қолданылатын тамшылықтардың типіне байланысты анықталады.
Тармақ 236
236. Тамшылық суару жүйелері суаратын құбырларды жерүсті немесе жерасты етіп орналастырып, стационарлық етіп жобаланады.
Тармақ 237
237. Тамшылық суару жүйелеріне су беруді оны автоматтандыру қажеттілігін, тарату желісі мен модульдік учаскелерінің орналасуы ескерумен қарастырылады. Модульдік учаскелердің өлшемдері суарылатын аумақты ұйымдастыру бойынша жұмыстардың схемасымен байластырып белгіленеді (құрылыстардың, кенттердің орналасуы, культуртехникалық жұмыстарды жүргізу және басқалар).
Тармақ 238
238. Жоғары тәртіпте тарату құбыржолдары үшін болат құбырларды қолдануға жол берілмейді. Болат қосылыс арматураның ішкі және сыртқы коррозияға қарсы қорғауы болады. Төмен қатарлы тарату құбырлары пластмасса құбырлардан орындалады. Тарату құбырларының ұзындығы бақшалар үшін 300 м-ден аспайтын, ал жүзімдіктер үшін 500 м болып қабылданады.
Тармақ 239
239. Суаратын құбырлар қолданыстағы бақтар мен жүзімдіктерде жерасты орналасу кезінде 70 см-ден артық емес биіктікте көшеттердің қатарларының бойымен орналасады. Жаңадан құрылатын бақтар мен жүзімдіктерде жерасты орналасқан суаратын құбырлар 50 см-ден кем емес тереңдікте салынуы тиіс. Суаратын құбырлар пластмасса құбырлардан жасалуы тиіс. Суаратын құбырларды таратушыға қосуды бір немесе екі жақты етіп қарастырған жөн.
Тармақ 240
240. Тамызғыштар шығынының өлшемі сағатына 2-40 литр (бұдан әрі – л/сағ) үздіксіз және порциялық әсерімен қолданылады. Суаратын құбырда тамызғыштар арасындағы қашықтықты топырақтың тамыр мекендейтін қабатының сіңіруші қабілетіне сәйкес есептеумен және өсімдіктердің су тұтынуымен анықтаған жөн. Тамызғыштар өсімдік штамбынан 20 см-ден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс.
Тармақ 241
241. Суды тазарту әдістерін, су тазарту құрылыстары мен құрылғылардың құрамы мен есептік параметрлерін суару көзіндегі судың сапасына, қолданылатын автоматика құрылғылары тамызғыштарының талаптарына байланысты таңдауға жатады.
Тармақ 242
242. Құбырларды профилактикалық шаюларды жүргізу қарастырылады.
Тармақ 243
243. Негізгі суда 20 мг/л артық гидробионттар болған кезде реттеуші немесе су өткізуші құрылыстарда (бассейндер, аванкамералар, құбырлар) суды купоростауды қарастыру қажет.
Тармақ 244
244. Синхронды импульстық жаңбыр жаудыру жүйелерін қабылдаған жөн:
Тармақша 1
1) үстіңгі ағынды құрусыз көпжылдық көшеттерді, жемдік дақылдарды суару үшін;
Тармақша 2
2) мүшеленген жер бедері мен еңістің беттері 0,05-тен 0,3-ке дейін;
Тармақша 3
3) кез келген су өткізушілікті тұзданбаған топырақтарда, соның ішінде аз қуаттылықты топырақтарда.
Тармақ 245
245. Импульстық жаңбыр жаудыру жүйелерінің суару желісі құбырларды жерасты төсеумен стационарлы етіп орындалады.
Тармақ 246
246. Импульстық жаңбыр жаудыру жүйелерін суару учаскелерін олардың арасында 25 м-ден артық емес биіктік өткелдерімен жекелеген аймақтарға (қабаттар) бөлумен ауданы 10 га модульдік учаскелерден жобаланады. Суарылатын учаскеде 25 м-ден артық биіктіктердің өткелі кезінде әрбір қабатта командалық сигналдардың күшейткіштерін белгілеген жөн. Импульстық жаңбыр жаудыру жүйесін қолданыстағы жабық тегеурінді суаратын желіде қолданған жағдайда жаңбыр жаудырғыштармен командалық сигналдардың генераторлары қолданылады.
Тармақ 247
247. Синхронды импульстық жаңбыр жаудыру жүйенің суаратын желісінің құбырлары командалық сигналдардың геренаторына құбырлар бойынша суды беру көлденеңінен немесе бедермен төменнен жоғары жүзеге асырылатындай етіп орналастырылады. Суды жоғарыдан төмен 10 м-ден артық емес бедермен беруге болады. Суаратын құбырлар жердің көкжиектеріне басым түрде қатар орналастырылады. Суаратын құбырлардың ұзындығы 250 м-ден артық емес болуы тиіс, суаратын құбырдағы жаңбыр жаудырғыштардың саны – 6-дан артық емес.
Тармақ 248
248. Жүргізетін суаратын желі үшін құбырлардың материалын экономикалық және пайдаланушылық тиімділік салыстырмалы есептеудің негізінде таңдалады.
Тармақ 249
249. Суаратын құбырлар мен импульстық жаңбыр жаудырғыштардың арасындағы қашықтықтарды суаратын құбырда қолданылатын жабдықтың техникалық сипаттамаларына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 250
250. Бекітпе - реттеуші және өлшейтін аппаратура, генераторлар мен командалық сигнал күшейткіштері құдықтарда орнатылады.
Тармақ 251
251. Синхронды импульстық жаңбыр жаудыру жүйелері үшін суаратын сумен бірге ерігіш тыңайтқыштарды енгізу үшін жабдық пайдаланылады.
Тармақ 252
252. Топырақтың тамыр мекендейтін қабатын жерасты ылғалдандырғыштардан тамшылық жолмен ылғалдандыруға мүмкіндік беретін топырақішілік суару жүйелері жоғары рентабельді ауыл шаруашылық дақылдарына су құю үшін, судың қатты тапшылығы кезінде, далалық, шөл және шөлейттік аймақтарда, сондай-ақ дайындалған қалалық ағын сулар мен малдар ішетін ағындарды суару үшін пайдаланған кезде елді жерлер мен мал бағу кешендерінің жанында қолданылады.
Тармақ 253
253. Топырақішілік суару жүйелері келесі талаптарды сақтаумен пайдаланылады:
Тармақша 1
1) учаскенің бедері 0,01-ден артық емес еңістері болуы тиіс;
Тармақша 2
2) топырақтар тамшылық көтеру жылдамдығы 0,5 мм/мин кем емес жеңіл, орта және ауыр механикалық құрамы бар, тұздалмаған болуы тиіс.
Тармақ 254
254. Желіні шаю мен босатуға арналған жіберетін құбырлар жату тереңдігі кем дегенде 0,5 м асбестцемент немесе пластмасса құбырлардан жобаланады. Жіберетін құбырларды тексеретін және босататын құдықтармен жабдықтау қажет.
Тармақ 255
255. Ылғалдандырғыштың есептік шығындары арнайы зерттеулердің деректері бойынша немесе бірдей аймақта қолданылатын ұсыныстар бойынша анықталатын белгіленген сіңіру шамасымен байланыстырылады.
Тармақ 256
256. Құбырлы суландырғыштар суландырғыштың ұзындығымен суды біркелкі беруге есептеледі. Суландырғыш ұзындығымен тегеуріндердің пьезометриялық желісіне қатар еңіспен топыраққа салынады.
Тармақ 257
257. Позициялық жүрісті жаңбыр жаудыратын қондырғылар (бұдан әрі - қондырғы) құмды, құмдақты және орташа балшықты топырақтарда техникалық, жемдік, көкөніс және бақшалық дақылдарға, картопқа су құю үшін қолданылады.
Тармақ 258
258. Қондырғы сериялы шығарылатын, жеңіл тасымалданатын полимерлі материалдардан дайындалады.
Тармақ 259
259. Қондырғы тез жиналатын-құрастырылатын қасиеттерге ие болады.
Тармақ 260
260. Қондырғы гидранттардан су жинауға арналған су жинайтын құрылғымен және (немесе) ашық тоғандардан, өзендерден, шахталық құдықтар мен ұңғымалардан су жинаумен жылжымалы сорап станцияларымен жиынтықталады.
Тармақ 261
261. Қондырғының жұмыс органы, орта ағысты жаңбыр жаудырғыштар полимер материалдарынан немесе тот баспайтын металлдардан дайындалады, бұл экономикалық есептеулер бойынша қабылданады.
Тармақ 262
262. Қондырғының құрамына кіретін тез жиналатын қондырғылар да жинақтаушы резервуарларды, тоғандарды толтыру, мал бағатын жайларды уақытша схема бойынша сумен жабдықтау үшін және басқа да шаруашылық қажеттіліктер үшін қолданылады.
Тармақ 263
263. Қондырғының құрылымдық ерекшеліктері тәулік ішінде суаратын ағынды максималды пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс (үздіксіз суаруды қамтамасыз ету).
Тармақ 264
264. Жайылма суару жүйелері, тұрақты суару үшін жергілікті үстіңгі ағысты пайдалану табиғат жағдайлары бойынша техникалық мүмкін немесе экономикалық мақсатқа лайықты емес болған кезде, тұрақсыз ылғалдандыру аудандарында жобаланады. Жайылма суаруды жемдік (көпжылдық және біржылдық шөптер, жүгері және силосқа күнбағыс, жемдік қызылша), дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды егуге далалық учаскелерді, өзен алқаптарын, өзен жайылымдарын, жабық қазаншұңқыларды, табиғи шабындыққа баурайларды пайдаланған кезде, тұзды және сәл тұзды топырақтарда жақсы шымдалған бетімен, 0,006-ға дейін жер еңісі қарастырылады.
Тармақ 265
265. Жайылымдарды жобалаған кезде ағынның есептік қамтамасыз етілгендігі техникалық- экономикалық есептеулердің негізінде қабылданады.
Тармақ 266
266. Жайылымдық жайылма суару жүйелерін өзен алаптарында немесе алқаптың кең тегістелген учаскелерінде қабылданады. Жайылымдық жайылмалар өзеннің тасқын суларымен толтырылады. Жайылмалардың техникалық схемасын өзеннің максималды тасқын шығындарын өткізу жағдайларына байланысты таңдау қажет: суарылатын алап аумағы арқылы, жекелеген трактілер бойынша немесе жайылымдарды айналып өтіп. Оңтайлы нұсқаны таңдау техникалық - экономикалық есеппен негізделеді.
Тармақ 267
267. Терең сулы жайылмаларды жайылымдарда және бірінші терассаның жайылым асты учаскелерінде жобалау қажет. Орта және ұсақ су басу жайылмалары жайылым жерлердің төмендерінде орналастырылады. Баурайларда ұсақ сулы жайылмаларды жердің еңісі 0,002-ден артық емес топырақ шарттары бойынша жайылмалық суаруға жарамды тегістелген учаскелерде орналастыру қажет.
Тармақ 268
268. Жер бетінің еңісі 0,001-ден кем болған кезде бір қабатты жайылмаларды қарастыру, 0,001-ден артық еңістер кезінде көп қабатты жайылмаларды салу қажет. Қабаттардың саны, олардың өлшемдері мен конфигурациясы көктемгі ағысты ұтымды пайдалану, жұмыстардың ең аз көлемі шартынан анықталады. Бұнымен қоса жайылмаларды біркелкі ылғалдандыру және ауыл шаруашылық жұмыстарды жүргізудің қалыпты жағдайлары қамтамасыз етіледі.
Тармақ 269
269. Көп қабатты жайылмаларды жобалау кезінде жоғарғы қабатты жайылмаларды барлық төмен жатқан қабаттарға суды беруді қамтамасыз ету үшін терең сулы таратушы етіп қарастыруға жол беріледі.
Тармақ 270
270. Жайылмалардың бөгеттері тұрақты болуы және механикаландырылған ауыл шаруашылық жұмыстарына кедергі жасамауы тиіс. Бөгеттердің бөктерлерін салу коэффициенті 5-6 болуы тиіс, бөгеттердің құрылыстық биіктігі – 1 м-ден артық емес, бөгеттердің қырының жайылмадағы судың максималды деңгейінен асып кетуі- 0,3 м-ден кем емес. Бөгеттердің енін үстінен 0,5-1,5 м қабылданады.
Тармақ 271
271. Бір қабаттан екінші қабатқа суды жіберу жайылмалардың неғұрлым төмен жерлерінде орналасқан құлақтар арқылы немесе жерлік таратушы және бағыттаушы бөгеттер жүйесін салу арқылы құрылатын су айналымдары бойынша жүргізіледі. Бөгеттердің ұштарын жайылмадағы судың есептік деңгейіне сәйкес келетін жердің белгісіне дейін жүргізу қажет.
Тармақ 272
272. Жайылмалы суару ауданы оның су жинағышының ағынымен жеткілікті қамтамасыз етілмеген кезде ағындарды су жинағыш аудандардан бағыттайтын су жинағыш белдіктерді салуды, сондай-ақ суаратын және суландыратын арналардан жайылмаларды сіңіруді қарастыру қажет.
Тармақ 273
273. Су басу тереңдігі мен ұзақтылығын, соның ішінде су жинайтын- жіберетін арналардың желісінің көмегімен жекелеген төмендеулерде қарастыру қажет. Арналардың су жинайтын- жіберетін желісі жоспарда төмендетілген жерлерден өтуі және минималды ұзақтығы болуы тиіс.
Тармақ 274
274. Төмендеген учаскелерден су бұруға арналған жайылмалардың ішінде су жинайтын арналардың көлденең қималарының өлшемдерін есепсіз қабылдауға жол беріледі: түбі бойынша енін - 1 м, баурайларды төсеу коэффициенті - 4, тереңдігі - 0,5 м. Арналардың жиегінің арнадағы судың есептік деңгейінен асуы кем дегенде 0,2 м болуы тиіс. Су жинайтын- жіберетін арналардың есептік шығыны ылғал зарядтан кейін түсіруге жататын судың көлеміне және жайылмадағы судың мүмкін ұзақтылығына байланысты белгіленеді.
Тармақ 275
275. Суландыруға дайындалған мал шаруашылық суағарларын кәделеуге арналған суландыру жүйелері жылдың жылы мезгілінде су құю үшін суағарлардың бүкіл жылдық көлемін қабылдау шартынан жобаланады. Жыл бойы суландыруды топырақтардың маусымдық қатуы болмайтын жағдайларда қарастыруға болады.
Тармақ 276
276. Суландыруға суағарларды пайдалану үшін оларды алдын ала дайындау қажет, ол оларды дегельминтизациялауды және карантиндеуді қамтамасыз етуі тиіс, ылғалдылық - 98 %-дан кем емес, суағарлардағы қатты фракциялардың мөлшері – 10 мм-ден артық емес. Гидравликалық жетегімен жаңбыр жаудыратын машиналармен су құю кезінде суағарлардың ылғалдылығы - 99 %-дан кем емес болуы тиіс, қатты фракциялардың мөлшері – 2,5 мм-ден артық емес.
Тармақ 277
277. Суағарларды пайдалану үшін суаратын жүйенің минималды қажетті ауданын егінмен құнарлы заттарды шығаруды және топырақтағы олардың бастапқы мөлшерін ескерумен биогенді элементтердің (азот, фосфор, калий) суағарларымен шығарылатын жылдық мөлшері бойынша есептеу қажет.
Тармақ 278
278. Ағынды суларды пайдалану арқылы суару жүйелерін орналастыру кезінде мемлекеттік қадағалау органдарының талаптарына сәйкес су қорғау және санитариялық-қорғанышы аймақтарын қарастыру қажет.
Тармақ 279
279. Суландыру тәсілдері мен суағарларға су құю техникасын негіздеу кезінде бедерлік және топырақтық жағдайларға байланысты су құюмен суландыру жүйелеріне қойылатын талаптарды басшылыққа алу, сондай-ақ суағарлардың химиялық және фракциялық құрамдарын (вегетациялық немесе жыл бойғы су құюлар), өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының құрамын ескеру қажет.
Тармақ 280
280. Суландыруға суағарларды пайдаланған кезде жеткілікті және артық ылғалдану аймағында топырақтың жыртылатын құнарлы қабаттарының коэффициенті 0,3 м/тәул артық болады, оның азырақ мәні кезінде терең қопсыту жүргізіледі.
Тармақ 281
281. Суағарлармен суару кезінде суаратын нормаларды есептеуді есептік қамтамасыз етілгендік жылына ауыл шаруашылық дақылдары үшін ылғал тапшылығы бойынша орындалады. Бұнымен қоса топыраққа енгізілетін және жоспарланатын егінмен шығарылатын құнарлы заттардың балансы бойынша дайындалған ағыстарды енгізудің жылдық нормасы анықталуы тиіс.
Тармақ 282
282. Ағыстарды пайдаланған кезде суаратын суда жалпы азоттың концентрациясы арнайы зерттеулердің деректерін қолданумен жақсартылатын дақылдардың құрамына және климаттық жағдайларына байланысты белгіленеді.
Тармақ 283
283. Суағарлармен суаруға арналған суаратын желі жабық тұйық болады. Жабық желі үшін асбестцемент, шойын, темір бетон, пластмасса құбырлар пайдаланылады. Суаратын желінің құрылымы суағарларды пайдаланумен әрбір су құюдан кейін желіде құбырларды, арматураны, жаңбыр жаудыратын техниканы сумен шаю қамтамасыз етіледі.
Тармақ 284
284. Дайындалған ағын суларды пайдаланатын суландыру жүйелерін суландыру мен жерлерді тыңайту үшін, сондай-ақ табиғи биологиялық жағдайларда ағын суларды жете тазарту үшін пайдаланады.
Тармақ 285
285. Суландыру үшін дайындалған шаруашылық - тұрмыстық, өндірістік және аралас ағын суларды пайдаланған жөн. Суландыру үшін ағынды сулардың жарамдылығы жобаланып отырған объектінің топырақ жағдайын ескере отырып, химиялық және физикалық көрсеткіштер бойынша анықталады және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.
Тармақ 286
286. Суландыратын ағын суларды пайдаланатын жүйелер жобаланады:
Тармақша 1
1) ағын суларды жинақтағыш- тоғандарға жыл бойы қабылдаумен және кейіннен оларды тек вегетациялық кезеңде пайдаланумен;
Тармақша 2
2) жыл бойы қабылдаумен және жыл бойы су құюмен;
Тармақша 3
3) суландыру үшін ағын суларды ішінара, соның ішінде маусымдық қабылдаумен және пайдаланумен. Суаратын жүйелердің құрамында, осы құрылыс нормаларының 23-т. көрсетілген құрылыстардан басқа, қажет болса жинақтағыш- тоғандарды, реттеуші сыйымдылықтарды, қоршаған табиғи ортаның күйін бақылау құралдары қарастырылады. Суаратын жүйенің құрылымы нұсқасы ағын суларды пайдалану технологиясына байланысты техникалық- экономикалық есептеулермен негізделеді.
Тармақ 287
287. Ағынды суларды пайдалану арқылы суару жүйелерін орналастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринарлық талаптарды сақтау қажет. Суаратын жүйенің, тұрғын және өндірістік ғимараттардың шекараларының, автомобиль және темір жолдардың арасында санитариялық қорғаныш және су қорғаныш аймақтары қарастырылады.
Тармақ 288
288. Есептік суаратын норманы есептік қамтамасыз етілгендік жылының ауыл шаруашылық дақылдары үшін ылғал тапшылығына, сондай-ақ егінмен биогенді заттардың шығарылу және енгізілу балансын ескерумен ағын сулардың химиялық құрамына байланысты анықтау қажет.
Тармақ 289
289. Суландыру тәсілдері мен ағын сулармен суару техникасын негіздеген кезде сумен суарылатын суландыру жүйелеріне қойылатын талаптарды басшылыққа алады.
Тармақ 290
290. Ағын сулармен суарылатын жерлерде жемдік (жетекші дақыл – көпжылдық шөптер), мал жемі, техникалық дақылдарды егуді қарастырған жөн.
Тарау 6. 6-тарау. Энергия тұтынуды үнемдеу және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану бойынша талаптар
6-тарау. Энергия тұтынуды үнемдеу және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану бойынша талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Суаратын жүйелерді жобалау кезінде энергия тұтынуды үнемдеу
1-параграф. Суаратын жүйелерді жобалау кезінде энергия тұтынуды үнемдеу
Тармақ 291
291. Суаратын жүйелерді және құрылыстарды жобалау кезінде энергия ресурстарын үнемдеу келесі шаралар мен талаптарды енгізу арқылы жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) су жинағыш көзінен ауыл шаруашылық дақылдарына су құюларға дейін су жинаудан суағарлардың өздігінен ағатын жүйелерін ендіру (арналар және жабық құбырлар);
Тармақша 2
2) суаратын судың көлемінен 10 % артық емес сомада ашық арналардан (магистралды, шаруашылық аралық, шаруашылық, таратушы) және суландырғыштардан сүзушілік жоғалтуларды қысқарту. Барлық деңгейлі арналардан сүзуге технологиялық жоғалтулардың және жаңбыр бұлтынан буланудың сомасы (жаңбыр жаудырумен суарулар кезінде) суаратын нетто судың көлемінен 15 % - дан аспауы тиіс;
Тармақша 3
3) суарылатын учаске бойынша суаратын суды неғұрлым біркелкі таратуды қамтамасыз ететін суарудың оңтайлы тәсілін қабылдаумен;
Тармақша 4
4) жергілікті суландырылған учаскені жобалау (көлден тартылған су тоғанымен, шахталық құдықтар, үңғымалар және басқалар) және суландыру аумағы 5-10 га дейінгі ашық суландырғыштардан ( ДДН және ДДА) жаңбарлатқыш машиналары бар ескі суландыру учаскелерін қайта жаңғырту кезінде суды көтеру үшін (жаңбырлату арқылы суару кезінде) энергиямен жабдықтаудың баламалы көздерін (желді су көтеру қондырғыларын және күн энергиясын пайдалану арқылы генераторлық қондырғыларды) пайдалану;
Тармақша 5
5) полимерлі материалдардан тасымалды элементтермен позициялық су құятын жаңбыр жаудыратын қондырғыларды кеңінен енгізу.
Тармақ 2. 2-параграф. Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану
2-параграф. Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану
Тармақ 292
292. Ауыл шаруашылық өндірісі үшін жаңартылмалы және таусылмайтын табиғи ресурстардың бір бөлігі қолданылады: Жаңартылмалы ресурстарға: агроклиматтық, жер - топырақтық, өсімдік, жемдік база, жайылымдарды суару, суландыру және елді мекендерді сумен жабдықтауға арналған су ресурстары жатады; Таусылмайтын ресурстарға жатады: ауа, күн энергиясы, жел күші, жерішілік жылу, көтерілулер мен қайтулардың энергиясы. Оларды пайдалану қорлардың таусылуына әкелмейтіндіктен олар таусылмайтын деп саналады.
Тармақ 293
293. Жаңадан салынатын суаратын жүйелерді жобалау және істеп тұрғандарын қайта құру кезінде жаңартылмалы ресурстарды пайдалануды оңтайландыру үшін қажет:
Тармақша 1
1) техникалық- экономикалық есептеу жүргізу және бірдей климаттық аймақта жүргізілген дүниежүзілік қоғамдастықтың ғылыми - зерттеу жұмыстарының деректерін ескерумен суландыру тиімділігін негіздеу;
Тармақша 2
2) суландыру жағдайларында максималды егінді қамтамасыз ететін дақылдың неғұрлым жоғары өнімді түрлерін іріктеп алу;
Тармақша 3
3) суаратын жүйеде қолданылатын жерлердің құнарлылығын сақтау мен арттыруды қамтамасыз ететін дақылдардың оңтайлы егіс айналымын қабылдау;
Тармақша 4
4) ескі суландыратын суаратын жүйелерді қайта құру кезінде ғылыми- зерттеу жұмыстарының соңғы деректерінің және өндірістік тәжірибелердің негізінде әрбір дақылды суарудың оңтайлы тәртібін қайта қарау қажет;
Тармақша 5
5) табиғи ресурстарды пайдаланудың максималды көрсеткіштеріне, соның ішінде өнімдер шығару кезінде су ресурстарының бірліктерін пайдаланудың максималды деңгейіне, тұтастай суарылатын жерлердің 1 га орташаланған ауданымен жоспарланатын (нақты) таза кірістің 1 га орташаланған ауданның суаратын суды суландыру көзінен алынған көлемнің үлесіне қатынасымен есептелетін жүйе бойынша максималды деңгейіне қол жеткізу қажет.
Тармақ 294
294. Осы құрылыс нормаларының 291-т. 2) тармақшасы бойынша су ресурстарының шығынын қысқарту.
Тармақ 295
295. Осы құрылыс нормаларының 291-т. 4) тармақшасында қарастырылған сарқылмайтын ресурстардың пайдаланылуын оңтайландыру.
Тармақ 296
296. Пайдалану мерзімі 25-30 жылдан асқан ескі суландыратын суару жүйелерін жобалау және қайта жаңғырту кезінде суландырғыш суларын үнемдеу және суарудың ылғалды – энергияны үнемдеу технологияларын оңтайландыру үшін ауыл шаруашылық дақылдарын суландырудың экономикалық мақсатқа лайықты тәртібін белгілеу мақсатында топырақтың физикалық-механикалық қасиеттерінің көрсеткіш жағдайларын ғылыми немесе жобалық ұйымдармен міндетті түрде нақтыланады.
Тарау 7. 7-тарау. Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету талаптары
7-тарау. Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
Тармақ 297
297. Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстарды жобалау кезінде келесі талаптарды сақтау қажет:
Тармақша 1
1) мелиоративтік жүйелер мен құрылыстарды игерілетін ауданның табиғи объектілерінің экологиялық маңыздылығын ескеріп орналастыру;
Тармақша 2
2) шашылған және кептіру суларын қайта пайдалану;
Тармақша 3
3) арнайы инженерлік құрылыстар немесе құрылғылар құру және ауыл шаруашылық өндірісінің технологияларын ескерумен қажетті шараларды жүргізу (су тазарту, эрозияға қарсы, орман қорғайтын, балық қорғайтын, балық өткізетін, жануарлар үшін арналар арқылы өтулер және бетімен өтетін құбырлар);
Тармақ 298
298. Мелиоративтік жүйенің, құрылыс алаңдарының, трассалардың, су жинағыш, су жіберетін құрылыстардың орналасу жерлерінің шекаралары мыналарды ескерумен белгіленеді:
Тармақша 1
1) қоршаған табиғи ортаны қорғаудың аумақтық кешенді сұлбаларын, шағын өзендердің суларын қорғау сұлбаларын;
Тармақша 2
2) істеп тұрған қорықтардың, флора мен фаунаның ерекше қорғалатын түрлері мекендейтін аумақтардың (акваторийлар) шекараларын, табиғат ескерткіштері мен оларды қорғау мәртебелерін;
Тармақша 3
3) сирек, жойылып бара жатқан флора мен фаунаның ерекше қорғалатын түрлерінің мекендеу және миграция жерлері бойынша деректер және оларды қорғау мәртебесін;
Тармақша 4
4) флора мен фаунаның кәсіптік және шаруашылық бағалы түрлерінің мекендеу, жаппай шоғырлану (көбею, серуендеу, қыстау жерлері), миграциялану жерлері бойынша деректерді.
Тармақ 299
299. Қорғауға жататын табиғи объектілер (су, топырақ, ауа, флора, фауна) келесілердің негізінде анықталады:
Тармақша 1
1) мелиоративтік жүйенің орналасу жерлері мен топырақ суларының төмендеу, көтерілу аймақтарының шегінде жанасатын аумақтардың зоогеографиялық, аң аулау шаруашылық, геоботаникалық, топырақтық, орман шаруашылық, гидрогеологиялық сипаттамалары;
Тармақша 2
2) су көзі, су қабылдағыш акваториясының ихтиологиялық, балық шаруашылық, гидрологиялық, гидробиологиялық, гидрохимиялық сипаттамалары (су жинағыш, су жіберетін құрылыстың қақпағынан 2000 м жоғары және 2000 м төмен аймақ мөлшерінде);
Тармақша 3
3) мелиоративтік жүйенің және құрылыстардың әсер ету аймағында орналасқан флора мен фаунаның ерекше қорғалатын түрлері, табиғат ескерткіштері, қорықтар туралы деректер.
Тармақ 300
300. Табиғатты қорғау шараларының, құрылыстардың құрамы мен типін мелиоративтік жүйе мен құрылыстардың жұмыс түріне, тәртібіне, параметрлеріне байластырып табиғи объектілердің заманауи және болжанылатын күйін (физикалық, химиялық, биологиялық көрсеткіштер бойынша) сипаттайтын деректердің негізінде белгіленеді.
Тармақ 301
301. Құрылыстардың немесе орналастырудың құрылымын, тип мөлшерін, жұмыс тәртібін флора мен фаунаның биологиялық еркшеліктерін ескерумен таңдалады.
Тармақ 2. 2-параграф. Балық қорғайтын шаралар мен құрылғылар
2-параграф. Балық қорғайтын шаралар мен құрылғылар
Тармақ 302
302. Балық шаруашылығы су айдындарында су алуды жобалау кезінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің келісімі бойынша балықты су жинау құрылыстарына түсуден сақтау үшін арнайы құрылғылар орнатуды қарастыру қажет.
Тармақ 303
303. Балық қорғайтын, балық өткізетін құрылыс сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобаланады.
Тармақ 304
304. Балық шаруашылығы су айдындарында мелиорациялық объектілерді орналастыру, жобалау, салу және жаңаларын пайдалануға беру, қолданыстағы мелиорациялық объектілерді қайта жаңарту және кеңейту кезінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің келісімі бойынша жобалар мен сметаларда қарастыру, сондай - ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау жөніндегі іс - шараларды, ал бөгеттерді салу кезінде - су қоймаларын балық шаруашылығына толық пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет.
Тармақ 305
305. Суаратын жүйелерді жобалаған, салған және қолданыстағы қайта құрған және кеңейткен кезде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің келісуін қарастыру қажет.
Тармақ 3. 3-параграф. Қорғайтын орман көшеттері
3-параграф. Қорғайтын орман көшеттері
Тармақ 306
306. Мелиоративтік жүйелерде қорғайтын орман көшеттері қарастырылады.
Тармақ 307
307. Табиғат жағдайларына байланысты табиғатта келесі мақсаттағы қорғайтын орман көшеттері (орман алқаптары) бар:
Тармақша 1
1) дала қорғайтын;
Тармақша 2
2) су қорғайтын;
Тармақша 3
3) топырақ қорғайтын;
Тармақша 4
4) көгалдандыру.
Тармақ 308
308. Дала қорғайтын орман алқаптарын құруға қарастырылатын аудан суландыру ауданының 4%-нан артық емес. Магистралды және тарату арналарының бойымен орман алқаптарының ауданын тазарту мен жөндеу үшін арналарға еркін қол жеткізуді жасауды ескерумен орман алқабының ені мен арналардың ұзындығына байланысты белгілеу қажет. Орман алқабының ұзындығын арнаның ұзындығының 60%-нан кем емес деп алу қажет. Орман алқаптарының қалған топтары үшін ауданды (жолдардың бойы, тоғандардың айналасы, кенттердің, сорап станцияларының маңы, ауыл шаруашылығында пайдаланылмаған жерлерде және тағы басқа) объектінің нақты жағдайларына қарай белгіленеді.
Тармақ 309
309. Дала қорғайтын орман алқаптары екі өзара перпендикуляр бағыттарда орналасуға жатады:
Тармақша 1
1) бойлық (негізгі) – бұл жердегі басым желдерге көлденең (шаң дауылдар туғызатын аңызақ, бұрқасын);
Тармақша 2
2) көлденең (көмекші) – бойлыққа перпендикуляр. Суарылатын жерлердің аумағын ұйымдастыруды жобалау кезінде егіс айналымдарының далалары мен жекелеген суаратын учаскелер ұзын жағымен басым желдердің бағытына кесе көлденең немесе одан 30°-тан артық емес ауытқуымен орналасуы қарастырылады.
Тармақ 310
310. 1,5° артық тіктігімен сулы эрозияға ұшыраған баурайларда бойлық топырақ қорғайтын және су қорғайтын орман алқаптарын баурайларға кесе көлденең, аумақты жалпы ұйымдастырумен, агротехникалық және гидротехникалық эрозияға қарсы шаралармен байластырып көлденең орналастыру қажет.
Тармақ 311
311. Егістік жерді қорғайтын орман алқаптары арасындағы қашықтықты мыналарға байланысты қабылдау қажет:
Тармақша 1
1) топырақтардың типіне (қарақұм, қызғылт, боз, шөлді, шөлейтті) және эрозияға ұшыраушылық деңгейіне;
Тармақша 2
2) ағаш жыныстарының Н есептік биіктігіне және желдік тәртіпке 30Н олардың тиімді әсер ету алыстығына;
Тармақша 3
3) суару тәсілдері мен техникасы. Бұнымен қоса бойлық орман алқаптарының арасындағы қашықтық 800 м-ден аспауы тиіс, көлденең – 2000 м, ал құмды топырақтарда – 1000 м.
Тармақ 312
312. Бойлық егістік қорғайтын орман алқаптары үш, ал көлденеңді екі қатарлы етіп қарастырылады. Магистралды арналар мен олардың тармақтарын қорғау үшін су қорғайтын орман көшеттері арнаның бір жағынан үш қатарлы етіп және әрбір жағынан екі қатарлы етіп жобаланады. Ашық коллекторлардың бір жағының бойымен үш қатардан орман алқаптары қарастырылады. Ірі магистралды арналар мен коллекторлардың бойымен орман алқаптары бір немесе екі жағынан 4-5 қатардан отырғызылады.
Тармақ 313
313. Суарылатын жерлерден немесе олардың шекарасымен арналарды жобалау кезінде орман алқаптарын дала жақтан бұталардың шетімен құру қажет.
Тармақ 314
314. Көшеттердің шеткі қатарын арналардың бойымен бөгеттің етегінен немесе шұңқырдың бөктерінен кем дегенде 3 м қашықтықта орналастыру қажет. Бөгеттің биіктігі 3 м-ден артық болған кезде бұл қашықтық 4-5 м-ге дейін артады. Орман көшеттерінің қатары науалардың шетінен 2,5-3 м қашықтықта, құбырлардан - 2 м қашықтықта қарастырылады.
Тармақ 315
315. Топырақтың қарқынды эрозиясымен учаскелермен суарылатын жерлердің шекаралары бойынша қорғайтын орман алқаптары көп қатарлы етіп қарастырылады (4-5 қатар).
Тармақ 316
316. Тоғандар мен су қоймаларының айналасында қорғайтын орман көшеттері бір, екі немесе үш белдіктен жобаланады. Бірінші белдікті (жағалауды күшейтуші) талдың бұталарынан екі және одан артық қатардан есептік тіреу деңгейінің аймағында орналастыру қажет. Теректер мен ағаш тәрізді талдардан отырғызулардың екінші белдігін есептік және күшейтілген тіреу деңгейлердің белгілері арасында орналастыру қажет. Үшінші белдік (эрозияға қарсы) ағаштардың құрғақшылыққа төзгіш жыныстарынан күшейтілген деңгейден жоғары қарастырылады.
Тармақ 317
317. Өзендердің жайылмаларында учаскелердің шекаралары бойынша орналасатын ағаш жыныстарының 2-4 қатарынан (басым түрде теректер) кешенді мақсаттағы қорғайтын орман алқаптарын құру қарастырылады.
Тармақ 318
318. Көшеттіктердегі, бақтардағы, жүзімдіктердегі цитрусты плантациялардағы қорғайтын орман алқаптары өзара әрекеттесуші орман алқаптарының желісі түрінде орналастырылады: суарылатын аумақтың сыртқы шекаралары бойынша – 2-3 қатардан, суарылатын аумақтың ішінде – 1-2 қатардан. Бақ ағаштарының немесе басқа көшеттердің бірінші қатары мен орман алқабының арасындағы қашықтық бақта (плантацияда) қабылданған қатараралық енінен кем емес болуы тиіс.
Тармақ 319
319. Жолдардың бойымен орман алқаптарын кювет шетінен 2,5-3 м қашықтықта орналастыру қажет.
Тармақ 320
320. Қорғайтын орман көшеттеріне су құю тәсілдері мен техникасы суарылатын ауыл шаруашылық жерлері үшін қарастырылады. Қосымша суаратын желіні құруға және орман алқаптарына су құю үшін тек суаратын техниканы пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 321
321. Ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін жаңбыр жаудыратын техниканы пайдаланған кезде оны орман алқаптарына су құю үшін пайдалану қажет.
Тармақ 322
322. Бар орман, бұтақты жолақтар мен көшетті жоюға олардың экологиялық белгіленуін ескерумен техникалық - экономикалық негіздеме бар кезде ғана жол беріледі.
Тармақ 4. 4-параграф. Жануарларды қорғау
4-параграф. Жануарларды қорғау
Тармақ 323
323. Желілік құрылыстарда (арналар, құбырлар) жабайы жануарлар үшін арнайы өткелдер қарастырылады. Өткелдердің құрылымы мен санын миграцияланатын жануарлардың түрлік морфометриялық және жүріс- тұрыстық ерекшеліктеріне, түріне байланысты миграция жолдары туралы деректердің негізінде қабылдау қажет.
Тармақ 324
324. Арналарға түскен тұяқты жануарларды суару мен шығару үшін трасса салынған учаскелердің әрбір 800 м сайын магистралды арналар қарастырылады.
Тармақ 325
325. Жануарлар көптеп мекендейтін жерлерде химиялық тәсілдермен ағаш - бұта өсімдігін жоюды қарастыруға болмайды.
Тармақ 5. 5-параграф. Эрозияға қарсы құрылыстар
5-параграф. Эрозияға қарсы құрылыстар
Тармақ 326
326. Эрозияға қарсы гидротехникалық құрылыстар белгіленуіне байланысты жобаланады:
Тармақша 1
1) су тоқтататын: белдік-арналар, белдік-терассалар, бөгеттер; жартылай бөгеттер;
Тармақша 2
2) су бағыттаушы: тау алды арналар; судың концентрацияланған ағындарын таратуға арналған белдіктер мен арналар;
Тармақша 3
3) су жинайтын (шектесуші) – тез ағыстар, өткелдер.
Тармақ 327
327. Эрозияға қарсы құрылыстар суармалы жерлердегі басқа шаралармен кешенде жыралы желінің дамуын тоқтату қамтамасыз етіледі, барлық суармалы алапта эрозиялық процестерді азайтуға және кейіннен тоқтату үшін жағдайлар жасалады.
Тармақ 328
328. Эрозияға қарсы гидротехникалық құрылыстарды жобалауды құрылыстарға жерлерді минималды бұруды, өңдеуге ыңғайлы егіс айналымы жолдарының конфигурациясын сақтауды ескерумен жүргізу қажет. Әр түрлі мақсаттағы құрылысты біріктіруге болады.
Тармақ 329
329. Суармалы жерлерді қорғайтын эрозияға қарсы құрылыстардың тобы осы құрылыс нормаларының 27-тармаққа сәйкес анықталады. Судың есептік максималды шығындары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес анықталады.
Тармақ 6. 6-параграф. Суларды қорғау
6-параграф. Суларды қорғау
Тармақ 330
330. Мелиоративтік жүйелерді жобалау кезінде су және онымен байланысты табиғи ресурстарды қорғау бойынша талаптар мен шаралар су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларының және бассейн, аймақ мелиорациясын дамыту схемаларының негізінде анықталады.
Тармақ 331
331. Су қоймалаларының мелиоративтік жүйесінің құрамында су тоғандары немесе қайтарымды су қабылдағыштары ретінде жобалау кезінде суларды қорғау бойынша шаралар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес анықталады.
Тармақ 332
332. Мелиоративтік жүйелерде және оларға жанасатын аумақтарда суларды қорғалатын табиғи кешендердің су тәртібінің азаюынан, өзгеруінен, су тәртібін сақтау немесе жақсартудан қорғау бойынша шараларды және су пайдалану шарттарын қарастыру қажет.
Тармақ 333
333. Суларды ластанудан қорғау үшін орман мелиоративтік шаралармен қорғаныс орман барлаудың ортақ жүйесіне сәйкес келетін су қорғайтын орман аймақтары мен орман алқаптарын құру қарастырылады. Су қорғайтын аймақтарды табиғи өсімдікті сақтаумен және оларға шаруашылық маңызы мен жоғары су қорғаушы әсері бар ағаштар мен бұталарды кіргізумен су қоймаларының, сулы жерлердің жағалауларымен құру қажет.
Тармақ 334
334. Мелиорациялық жүйенің су объектілерін немесе оның ықпал ету аймағындағы көздерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдалану кезінде су көзі мен су құбыры құрылыстарын қорғауға қойылатын талаптар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес анықталады. ӘОЖ 624.824:626/627 МСЖ 01.120: 91.040.01 ______________________________________________________________________________________________ Түйінді сөздер: аэрозольды суару, гидромелиорация, гидромодуль, суару желісінің пайдалы әсер ету коэффициенті, өңделетін жерлер, суару жүйесі, суармалы жерлер. ______________________________________________________________________________________________
Басқа 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ҚҰРҒАҚ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЙМАЛАРЫ ҚР ҚН 3.02-30-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2019 жылғы « » № бұйрығына 3-қосымша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ҚҰРҒАҚ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЙМАЛАРЫ ҚР ҚН 3.02-30-2019 1- тарау. Қолданылу саласы 2- тарау. Нормативтік сілтемелер 3- тарау. Терминдер мен анықтамалар 4- тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары 1-параграф. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары 2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары 5- тарау. Құрғақ минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының қоймаларының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар 1-параграф. Жалпы талаптар 2-параграф. Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерге талаптар 6- тарау. Су құбырлары мен кәріз жүйелеріне талаптар 7- тарау. Жылыту және желдету жуйелеріне талаптар 8- тарау. Электротехникалық құрылғыларға талаптар 9- тарау. Құрылыс конструкцияларын коррозиядан қорғауды жобалауға талаптар 10- тарау. Қоршаған ортаны қорғау 11- тарау. Өртке қарсы талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Қолданылу саласы
1-тарау. Қолданылу саласы
Тармақ 1
1. Осы құрылыс нормалары жаңадан салынып жатқан, қайта жаңартылатын және техникалық қайта жарақтандырылатын қойма ғимараттары мен құрғақ минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын сақтауға арналған үй-жайларды жобалау кезінде қойылатын талаптарды белгілейді:
Тармақша 1
1) агрохимикаттар, оның ішінде құрғақ минералды тыңайтқыштар және химиялық мелиоранттар (сыйымдылыққа шек қойылмайды);
Тармақша 2
2) ыдыстағы қатты және сұйық пестицидтер (бұдан әрі – пестицидтер) сыйымдылығы 4000 тоннадан (бұдан әрі – т) артық емес;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығына ыдыссыз (бос күйінде) жеткізілетін химиялық азық консерванттары (бұдан әрі – консерванттар);
Тармақша 4
4) тыңайтқыш және химиялық реагент ретінде қолданылатын сұйық аммиактар.
Тармақ 2
2. Осы құрылыс нормалары мына қоймалар үшін қолданылмайды:
Тармақша 1
1) сыйымдылығы 4000 т артық рельстер жанындағы пестицидтер қоймалары,
Тармақша 2
2) резерв мақсатындағы базалар құрамындағы қоймалар,
Тармақша 3
3) зауыт қоймалары,
Тармақша 4
4) қатты әсер ететін улы заттар қоймалары;
Тармақша 5
5) аммиакты баллондар қоймалары.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЭҚҚ);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР);
Тармақша 4
4) ҚР ҚН 2.02-11-2002* «Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрттік сигналдаудың жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары». Ескертпе – пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сілтемесі» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сілтемесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
Тарау 3. 3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 3
3. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) агрохимикаттар - өсімдіктерді қоректендіруге, топырақтың құнарлылығын реттеуге (шымтезек, органикалық тыңайтқыштарды, мелиоранттар қасиеттеріне ие табиғи материалдарды қоспағанда) арналған химиялық немесе биологиялық текті тыңайтқыштар, химиялық мелиоранттар;
Тармақша 2
2) әкімшілік ғимараттар – мемлекеттік, әкімшілік, қоғамдық құрылымдар мен мекемелердің басқарушы аппаратына жұмыс жасау ортасын құруғ мақсатымен ортақ сәулетпен біріктірілген құрылыстар, соның ішінде кеңселер;
Тармақша 3
3) қоймалар бөлігі – пестицидтер, агрохимикаттар, консерванттар сақтау қоймаларының тұрақты перегородкалармен бөлініп оқшауланған азғана бөлігі;
Тармақша 4
4) пестицидтер (улы химикаттар) – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ жинау алдында кептіру, жапырақтарды жою және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
Тармақша 5
5) рельс жанындағы қоймалары – темір жол вагондарынан түсірілген жүктерді сақтайтын қоймалар;
Тармақша 6
6) шығыс қоймалары - автокөліктерден түсірілген жүктерді сақтайтын қоймалар;
Тармақша 7
7) қоймалар секциясы – бірнеше бөліктерден тұратын қойма бөлігі;
Тармақша 8
8) силос – биіктігі диаметрінен бір жарым еседен артпайтын, көбінесе цилиндр формалы өздігінен түсірілетін сиымдылықты имараттар, сусымалы материалдарды ұзақ сақтауға және қайта тиеуге арналған;
Тармақша 9
9) пестицидтер қоймалары – пестицидтерді қабылдауға, сақтауға, жұмыс ерітінділерін дайындауға және олардың жұмыс ерітінділерін технологиялық және автокөлік құралдарына беруге арналған ғимарат пен құрылыс (оның бөлігі);
Тармақша 10
10) қатты агрохимикаттар – өсімдіктерді дамытуға, топырақтың құнарлығын арттыруға арналған және құрамында минералды қоректі элементтері бар түйіршіктелген, кристалл және ұнтақ(шаң күйде) түрдегі заттар;
Тармақша 11
11) тыңайтқыштарды араластырғыш қондырғылар - тыңайтқыштардың әр түрін араластыруға арналған қондырғылар (туктер - тыңайтқыштар синонимі);
Тармақша 12
12) химиялық мелиоранттар – қышқыл, сортаң және тағы да басқа топырақтың физико-химиялық қасиеттерін жақсартуға және құнарлығын артыруға арналған өндірістік немесе қазба заттар;
Тармақша 13
13) тыңайтқыштар – өсімдіктерді қоректендіру элементтері бар органикалық және минералды заттар. Осы құрылыс нормаларында қолданылатын басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Респбуликасының электроэнергетика және азаматтық қорғау саласындағы заңнамасына, сондай-ақ Заңның 20 бабының 23-16) тармағына сай бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қолданылады (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер).
Тарау 4. 4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
Тармақ 4
4. Осы құрылыс нормалар талаптарының мақсаттары тұрғындар мен территорияларды, ғимараттар мен имараттарды, қоршаған табиғи ортаны өте қауіпті және зиянды әсері бар құрғақ минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді химиялық заттармен қорғаушы мелиоранттардан қорғау үшін оларды ұзақ уақыт сақтайтын қойма имараттары мен бөлмелерді жобалау, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау мен жаңарту; қойма бөлмелері мен имараттардың тірек конструкцияларының беріктілігі мен олардың химиялық зиянды әсерлерге төзімділігін арттыру, тыңайтқыштар, пестицидтер мен мелиоранттардың қоршаған ортаға шашылуы мен таралуын болдырмау, ұзақ уақыт сақтаған кезде олардың сапасын бастапқы түрінде сақтау; қойма бөлмелеріндегі микроклиматты ұстап отыру болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
Тармақ 5
5. Техникалық, технологиялық және экологиялық параметрлер бойынша құрғақ минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдары қоймаларын мынадай функционалдық талаптарды қамтамасыз етуді ескере отырып жобалау қажет:
Тармақша 1
1) қойма имараттары мен бөлмелерінің механикалық беріктігі мен мызғымастығы оларды пайдаланған кезде жобада ескерілген барлық мүмкін механикалық және технологиялық әсерлерді апатсыз және бүлінбей көтеруі қажет;
Тармақша 2
2) құрғақ минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдары қоймаларының өрт қауіпсіздігі ұйымдастыру - техникалық іс-шаралар кешенінің және өрттің алдын алудың және өртке қарсы қорғаудың тиісті жүйелерінің сақталуын ескере отырып қамтамасыз етіледі. Көрсетілген жүйелердің құрамы мен функционалдық сипаттамалары объектінің функционалдық мақсаттарымен айқындалады және «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес белгіленеді;
Тармақша 1
1) қойма имараттары мен бөлмелері осылай жобаланады және салынады:
Тармақша 2
2) құрылысын салу не пайдалану кезінде мүмкін болатын қауіпті бүлінулер мен апаттық жағдайлардың дамуын болдырмауын конструктивтік-технологиялық шешімдер арқылы қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар мен пестицидтерді тиеу мен түсіру үшін, оларды қойма ішінде тасу кезінде барлық қауіпсіз жағдайлар жасалды;
Тармақша 4
4) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ететін қойма құрылыстары мен үй-жайларды пайдалану кезінде қауіпсіз жағдайлар жасалды;
Тармақша 5
5) қоймалық құрылыстар мен үй-жайларды пайдалану кезінде қауіпсіз жағдайлар жасалды және улы заттарды бөлу және су ортасының ластануы немесе улануы нәтижесінде адамдардың, жануарлардың денсаулығы мен өміріне және қоршаған ортаға қауіп тудырмады;
Тармақша 6
6) өрт техникасы, техникалық қондырғылар, құтқару мен жедел медициналық жәрдем машиналары келе алатындай өткелдер, жолдар мен жақын келетін жерлер қарастырылуы қажет;
Тармақша 7
7) құрғақ минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттардың қоймаларының жобасында тыңайтқыштар, пестицидтер мен химиялық мелиоранттарды тасымалдау үшін автомобил мен темір жолдар қарастыру қажет.
Тарау 5. 5-тарау. Құрғақ минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының қоймаларының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
5-тарау. Құрғақ минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының қоймаларының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
Тармақ 6
6. Құрғақ минералды тыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттарды сақтау қоймалары ауыл шаруашылығында және шаруа қожалықтарында қолданылатын, қатты әсер ететін улы заттар қоймаларынан басқа, тыңайтқыштар мен пестицидтерді уақытша және ұзақ сақтауға арналған. Қоймаларға бейімделген бөлмелер құрғақ минералды тыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттарды тиеу, жинау және түсіру үшін транспорттық құрылымдармен жабдықталуы қажет.
Тармақ 7
7. Құрамында күшті әсер ететін улы заттар қоймалары бар пестицидтер қоймаларының жобалық шешімдерін, белгіленген тәртіппен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісу қажет.
Тармақ 8
8. Аммиакты селитраға арналған қоймаларда басқа заттар мен материалдар сақталмауы тиіс.
Тармақ 9
9. Жылы жерде сақталуды қажет ететін пестицидтер үшін жылытатын қоймаларды жобалау керек.
Тармақ 10
10. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттар үшін қойма ғимараттарын жобалағанда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын сақтау жөнінде нұсқаулар болуы керек
Тармақ 11
11. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттар қойма ғимараттарының құрылыс конструкциялары мен негіздерінің беріктігі қалыпты деңгейдегі жауапкершілікке жатады.
Тармақ 12
12. Қойма ғимараттары мен бөлмелерді жобалаған кезде қажет:
Тармақша 1
1) тұтас ғимараттарды және де олардың жеке элементтерін тұрғызу(құрастыру) және пайдалану кездерінде олардың беріктігін, қаттылығын және кеңістікте өзгермеуін қамтамасыз ететін конструктивті сызбаларды қабылдау
Тармақша 2
2) бір алаңда орналасқан ғимараттар құрылыстарына арналған конструкцияларды, құрылыс бұйымдары және материалдарын таңдағанда ортақ алаңдық унификация талаптарын сақтау
Тармақша 3
3) қоймалардың архитектуралық шешімдері жоғарғы сапада орындалуы және олардың кәсіпорынның жалпы архитектуралық болмысымен үйлесуі қажет.
Тармақ 13
13. Қоймалардың жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша санаты «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР 18-қосымшасында белгіленген «Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың, ғимараттар мен құрылыстардың және сыртқы қондырғылардың санаттарын анықтау әдістемесі» талаптарына сәйкес анықталады.
Тармақ 2. 2-параграф. Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерге талаптар
2-параграф. Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерге талаптар
Тармақ 14
14. Жұмыс алаңдары, кіреберіс жолдар мен өтпе жолдар қатты жабынмен қарастырылады; құрылыс салынбаған телімдер көгалдандырылады.
Тармақ 15
15. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттар қоймаларының ғимараттары мен құрылыстары тұрғын және әкімшілік ғимараттардан санитариялық-қорғау аймақтарымен бөлінеді.
Тармақ 16
16. Қойма ғимараттарын көлемді жобалау шешімдерін дайындау кезінде олардың қайта жөндеу, кеңейту және пестицидтерден басқа өнімдер сақталатын қойма ғимараттарымен оқшаулау мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Тармақ 17
17. Тікбұрышты жүйелі модульді координатты (аралық өлшемдері, бағана адымдары, қабат биіктігі) қаңқалы ғимараттардың геометриялық параметрлері кәсіпорын ғимараттарының параметрлерлеріне сәйкес келуі қажет.
Тармақ 18
18. Тыңайтқыштарға арналған сүрлем және сүрлем корпустарының параметрлері өндіріс кәсіпорындары құрылыстарын жобалау нормативті құжаттарының талаптарына сәйкес қабылданады.
Тармақ 19
19. Рельске жақын қоймалардың қабылдау және беру орындарының (алаңдардың, рампалардың,теміржолдардың) үсті жанбайтын қалқалармен жабылады.
Тармақ 20
20. Жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті пестицидтерді сақтауға арналған қойма үй-жайларында отқа төзімділіктің I немесе II дәрежесі және құрылыс конструкцияларының К0 өрт қауіптілік сыныбы болуы тиіс, бұл ретте осы үй-жайлардың қабырғалары мен қалқаларындағы есіктер отқа төзімділіктің кемінде EI 30 шегі қарастырылуы керек.
Тармақ 21
21. Селитраның барлық түрлерін сақтау бөлмелерінде ағаштан жасалған тіреу межелер мен тіреу қабырғаларды қарастыруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 22
22. Агрохимикаттарға арналған (аммиак селитрадан басқа) ғимараттардағы плиталар коррозияға төзімді материалдардан жасалуы керек. Арка және рама плиталы каркастар жабындыларында салмақ түсу және гидроизоляция (жауын шашыннан) фунцияларын біріктіру қажет; плитаға қосымша қабаттау керек етілмейді.
Тармақ 23
23. Аммиак селитраларға арналған қойма бөлмелерінде шұңқырлар, каналдар, науалар және де басқа үңгулер болмауы керек.
Тармақ 24
24. Пестицидтер сақтайтын қойма бөлмелеріндегі едендер қышқыл және сілтілердің ерітінділері әсеріне төзімді, ал жарылыс өртқауіпті заттар бөлмелерінде еден ұшқынсыз болуы қажет; пестицидтер сақтайтын қойма бөлмелеріндегі едендерін асфальт бетоннан жасауға, ал қышқыл ерітінділері әсері болмаса еденді бетоннан жасауға рұқсат етіледі.
Тармақ 25
25. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттарының еден деңгейі құрылыс учаскесіндегі жерасты су котерілуінің қауіпті деңгейінен жоғары және ғимараттарға жанасып жатқан жерлердің жоспарланған белгілерден жоғары болуы керек.
Тармақ 26
26. Пестицидтер сақтайтын қойма бөлмелеріндегі едендер деңгейі жүк платформалы ғимараттардағы платформалар деңгейінен нормаланған шамаға жоғары болады.
Тармақ 27
27. Рельске жақын сұйық агрохимикаттар қоймаларының жоғарыдан ағызу пунктері бекітілген нормаға сәйкес геометриялық өлшемді эстакадамен жабдықталады.
Тармақ 28
28. Эстакаданы жабдықтау кезінде құрылыстың теміржолға жақындық өлшемдерін және теміржол цистерналарын қауіпсіз пайдалану талаптары ескеріледі
Тармақ 29
29. Қойма ғимараттарының қабырғасы цемент құм ерітіндісімен және табақша гидрооқшаулау материалдарымен су өткізбейтіндей етіп жасалады.
Тармақ 30
30. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттарының қақпасының размері жүк тиелген көліктік құралдардың көрінген өлшемдерінен жоғары болады.
Тармақ 31
31. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттарының бөлмелерін жобалау кезінде түтінтартқыш шахталар қарастырылады.
Тармақ 32
32. Қалыпты жағдайдағы су қайнау температурасынан төмен жалындау мен ұшқындау температурасымен сипатталатын пестицидтер қойма бөлмелерінде терезелер болмауы тиіс.
Тармақ 33
33. Рельске жақын жоғары ұшпалы пестицидтер (фумиганттар) қоймаларының секцияларының герметикалы терезелері мен арасы тығыздалған қақпалары болуы қажет.
Тармақ 34
34. Сұйық аммиактар қойма ғимараттарының қабырғасының резервуар паркі жағынан есіктер мен ашылатын терезелер болмауы тис.
Тармақ 35
35. Жер транспорттары жиі жүретін жерлердегі қойма ғимараттары қақпаларының бағандары мен жақтау көмкерулері механикалық бүлінуден ұшқындамайтын материалдармен қапталуы тиіс.
Тармақ 36
36. Қойма ғимараттарындағы құрал жабдықтарға қызмет көрсету алаңшалары техникалық талаптарға сәйкес пайдаланылады; аммиак селитраға арналған қойма бөлмелеріндегі алаңшалардың тұтас жабындысы және биіктігі нормаға сай борты болады.
Тармақ 37
37. Аммиак селитрасына арналған қойма бөлмелеріне теміржол жолдарын енгізуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 38
38. Едендік көлік құралдарының өтуі үшін пандустардың ені жүк тиелген көліктің ең үлкен енінен артық жобаланады.
Тармақ 39
39. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатты қойма үй-жайларын жертөле және цоколь қабаттарында орналастыруға рұқсат етілмейді. В санатындағы жертөле және цокольдық үй-жайлар автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталуы керек, мұндай үй-жайлардың ауданы белгіленген нормаға сәйкес қабылданады.
Тармақ 40
40. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттарын жобалау кезінде сақталатын жүктердің қосымша жүк салмағын ескеру керек және оларды уақытша ұзақ жүктеме мен әсерлерге жатқызу керек.
Тармақ 41
41. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттары мен құрылыстары жобаларында қабырғаларға өнімдерді үюдің ұйғарынды шекті биіктігін көрсететін жазуларды ашық түсті сызықтар мен жазбалармен жазуға нұсқаулар болуы керек.
Тармақ 42
42. Аммиакты селитралар қойма ғимараттарына ағаш құрылымдар қолдануға болмайды, ал кальций мен натрийлік селитралар үшін егер бұл тыңайтқыштар ағаш құрылымдарға жабдықталмай тиіп жатпаса қолдануға болады.
Тармақ 43
43. Жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті пестицидтерді сақтауға арналған қойма үй-жайларын басқа үй-жайлардан бөліп тұратын қалқалар отқа төзімділік шегі кемінде EI 45 жанбайтын материалдан қарастырылады, бұл ретте осы қалқалар есіктері өртке қарсы отқа төзімділік шегі кемінде EI 30 болуы керек.
Тармақ 44
44. Пестицидтер сақтайтын қойма бөлмелеріндегі едендер қышқыл және сілтілердің ерітінділері әсеріне төзімді, ал жарылыс өртқауіпті заттар бөлмелерінде еден сонымен бірге ұшқынсыз болуы қажет; пестицидтер сақтайтын қойма бөлмелеріндегі едендер асфальт бетоннан бола береді, ал қышқыл ерітінділері әсері болмаса еден бетоннан бола береді.
Тармақ 45
45. Аммиакты селитраларға арналған қойма бөлмелерінде шұңқырлар, каналдар, науалар және де басқа үңгулер болмауы керек.
Тармақ 46
46. Жер транспорттары жиі жүретін жерлердегі қойма ғимараттары қақпаларының бағандары мен жақтау көмкерулері механикалық бүлінуден қорғайтын металл емес материалдармен қапталады.
Тармақ 47
47. Қойма ғимараттарындағы құрал жабдықтарға қызмет көрсету және қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін алаңшалар мен мостиктер болуы қажет, ал аммиак селитраға арналған қойма бөлмелерінде олардың тұтас жабындысы және биіктігі нормаға сай борты болуы ескеріледі.
Тармақ 48
48. Тыңайтқыштар қойма ғимараттары мен құрылыстары жобаларында қабырғаларға өнімдерді үюдің ұйғарынды шекті биіктігін көрсететін жазуларды ашық түсті сызықтар мен жазбалармен жазуға нұсқаулар болу керек.
Тармақ 49
49. Тыңайтқыштар мен пестицидтердің қойма ғимараттарының жобасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарының сақталғаны жайлы нұсқамалар көрсетіледі.
Тарау 6. 6-тарау. Су құбырлары мен кәріз жүйелеріне талаптар
6-тарау. Су құбырлары мен кәріз жүйелеріне талаптар
Тармақ 50
50. Құрғақ агрохимикаттар үшін қойма бөлмелерінде өндірістік суқұбыр қарастырылмайды.
Тармақ 51
51. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттарында ішкі өртсөндіру суқұбыры қарастырылмайды. Объектіні сыртқы өртке қарсы сумен қамтамасыз ету «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 52
52. Пестицидтерге арналған қойма ғимараттары мен бөлмелерінде өндірістік қажеттіліке керек сыртқы суқұбырлары мен кәріз жүйесі қарастырылады.
Тармақ 53
53. Сұйық аммиактар және консерванттар қоймаларында жұмысшылардың үстіне агрессивті сұйықтар тиген жағдайда жуыну үшін орнатылған апаттық душ қызмет көрсетуші жұмысшыларға агрессивті сұйықтардың авариялық тиіп кетуі мүмкін жерлерден бірдей қашықтықта болады.
Тармақ 54
54. Пестицидтер сақтау бөлмелеріндегі еден және сөрелерді жуған, транспорттық жабдықтар мен тараларды жуып және залалсыздандырған өндірістік суларды сыртқы канализацияға жіберместен бұрын жергілікті тазарту ғимараттарында нейтралданады және залалсызданады.
Тарау 7. 7-тарау. Жылыту және желдету жуйелеріне талаптар
7-тарау. Жылыту және желдету жуйелеріне талаптар
Тармақ 55
55. Жылыту және желдету жүйелерін дайындағанда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын басшылыққа алған жөн.
Тармақ 56
56. Мұз еру температурасынан жоғары жағдайда сақталатын пестицидтер мен консерванттар қойма бөлмелері, сапа тексеру лаборатория бөлмелері, пестицидтерді өлшеп орау және қайта салу бөлмелері, авариялық душ бөлмелері жылыту жүйесімен жабдықталады.
Тармақ 57
57. Құрғақ агрохимикаттар мен тыңайтқыштардың қойма бөлмелері жылытылмайды.
Тармақ 58
58. Сақтау бөлмесінде дүркін газ бөліну және қышқыл бу шығу жағдайында авариялық желдету жүйесін басқаруды қолдан іске қосатын құрылғылары болуы керек; негізгі авариялық желдету жүйесі автоматты түрде іске қосылатынын қарастыру қажет.
Тармақ 59
59. Тек үнемі зиянды заттар бөлінетін (тиеу-түсіру кезінде, іштен жану двигателі жұмыс істегенде және тағы басқалары), қойма бөлмелерінде үнемі істеп тұрған желдетуден басқа, жұмыс зонасы ауасында зиянды заттардың ұйғарынды концентрациясын шектеп, сағатына бірдүркін ауа алмасуды қамтамасыз ету үшін зиянды заттар бөліну кезінде ұдайы жұмыс істейтін механикалық желдету жобаланады.
Тармақ 60
60. Қойма бөлмелерінде жылы кезде метеорологиялық жағдай нормаланбайды.
Тарау 8. 8-тарау. Электротехникалық құрылғыларға талаптар
8-тарау. Электротехникалық құрылғыларға талаптар
Тармақ 61
61. Электротехникалық құрылғылар электрқондырғылар құрылғылары ережелеріне сәйкес, өндіріс кәсіпорындарын электрмен жабдықтауды, электр күш және жарық жабдықтарын жобалау, ғимараттар мен құрылыстарды жайдан қорғау құрылғыларын жобалау нұсқауларымен жобалануы тиіс.
Тармақ 62
62. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В санатты қойма үй-жайларында орналасқан барлық электр қабылдағыштар, ғимараттар сыртында жанбайтын қабырғада немесе жеке діңгекте қондырылған пломбаланатын металл шкафтың ішінде жалпы ағыту аппаратымен (ажыратқыш) ажыратылады.
Тармақ 63
63. Электр қондырғылардың металл бөліктері мен жерге тұйықтау сымдары минералды тыңайтқыштар мен пестицидтермен жанаспауы тиіс.
Тармақ 64
64. Сұйық агрохимикаттар мен консерванттар қоймаларындағы электржелісі таралымдары түтіктермен өтіп жобаланады.
Тармақ 65
65. Электр шамдарының ажыратқыштары мен желдеткішті қосқыштар бөлмелердің сыртқы қабырғасында, металл шкафтың ішінде орналасады.
Тармақ 66
66. Қоймашылардың жұмыс орындарында қосымша жарық болады.
Тармақ 67
67. Аммиакты селитралар мен жанғыш пестицидтер сақталатын ауданы қалыпты өлшемдегі қоймалар автоматты өрт хабарлағыштармен жабдықталады.
Тармақ 68
68. Электр қауіпсіздігімен қамтамасыз ету үшін электр жабдықтарын, насостарын, технологиялық ыдыстарды, металл және темірбетон силостарды нөлдеу және жерге тұйықтау, статикалық зарядтан қорғау қажет.
Тармақ 69
69. Қоймалар жобасына енгізілетін электр қондырғылар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жобаланады.
Тарау 9. 9-тарау. Құрылыс конструкцияларын коррозиядан қорғауды жобалауға талаптар
9-тарау. Құрылыс конструкцияларын коррозиядан қорғауды жобалауға талаптар
Тармақ 70
70. Минералды тыңайтқыштардың құрылыс конструкцияларына зиянды әсерінің деңгейі ауаның ылғалдылығы артқан сайын арта береді, сондықтан минералды тыңайтқыштар қоймаларының салмақ түсер конструкцияларына және оның жеке элементтеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес коррозияға қарсы қорғаныс қолданылады.
Тармақ 71
71. Қоймаларды жобалау кезінде олардың пайдалану мерзімін ұзарту мәселесін келесі кешенді шешімдер арқылы орындау қажет:
Тармақша 1
1) қоймалардың және олардың жеке конструкцияларының конструктивті жобалау шешімдерін жетілдірумен,
Тармақша 2
2) конструкциялардың тыңайтқыштармен жанасу ауданын қысқартумен,
Тармақша 3
3) конструкциялардың беттерін тыңайтқыштар әсеріне төзімді жабындылармен қорғаумен,
Тармақша 4
4) конструкциялардың механикалық бүлінуін болдырмау,
Тармақша 5
5) құрылыс конструкциялары үшін тоттануға төзімді материалдарды қолданумен жасалуын қарастырады.
Тармақ 72
72. Минералды тыңайтқыштар қоймаларын проектілік пайдалану мерзімін қамтамасыз ету үшін құрылыс конструкциялары төзімді материалдармен және жабындылармен қорғалады. Қоймалардың құрылыс конструкцияларына коррозияға төзімділік беру конструкциялардың беттерін қорғау материалдарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сай таңдаумен шешіледі.
Тармақ 73
73. Жобалаған кезде, бірінші кезекте конструкцияға төзімділікті аталған агрессивтік ортаға төзімді материалдан жасау есебінен беру мүмкіндігі қарастырылады.
Тармақ 74
74. Қоймалардың конструкцияларын қорғауды жобалағанда сақталатын тыңайтқыштардың ең зиянды түрлерінің әсері немесе бірнешеуінің біріккен әсерлері есепке алынады.
Тармақ 75
75. Қоймалардың құрылыс конструкцияларын қорғау минералды тыңайтқыштардың әр түрлі зоналардағы агрессивті әсерлерін саралай отырып белгіленеді.
Тармақ 76
76. Минералды тыңайтқыштар қоймаларын жобалауда конструктивті шешім ашық беттің периметрінің қиылу ауданына ең аз қатынасының, ортаның агрессивтік әсерін және шаң қонуды жою немесе азайту мүмкіндігі бар пішінді тұтас қиындысы элементтерін қолдану талап етіледі.
Тармақ 77
77. Конструкциялардың беттерінде интенсивті жылумен өңдеуден болған шөгу сызаттары және де басқа дефектілер (жарылулар, қуыстар, жалаңаш арматуралар и тағы басқалары) болмауы керек.
Тармақ 78
78. Қоймалардың бетон және темірбетон конструкциялары ортаның агрессивті әсерінің деңгейіне байланысты жоғары тығыздықта немесе айрықша тығыздықтағы және суөткізбеу талаптарына сай бетоннан жасалады.
Тармақ 79
79. Темірбетон элементерінің түйісулері және түйіндерінің шешімі металл жалғауларының аз мөлшерде болуын, коррозиядан қорғау немесе оларды тығыздығы конструкциядағы бетоннан кем емес бетонмен бітеу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 80
80. Қоймалардағы агрессивті ортада жатқан жабдықтар астындағы бетон және темірбетон фундаменттері еден деңгейінен шығып тұруы керек. Минералды тыңайтқыштар қоймаларының темірбетон конструкцияларын жобалауда конструктивті шешім сызбаларда немесе олардың түсіндірме жазбаларында көрсетіледі: бетонның тұтқырлығы мен маркасын, төсейтін және жалғайтын деталдарды дәнекерлеуден кейін қорғау және лакпен бояу немесе мастика жағу варианттары.
Тармақ 81
81. Көтергіш ағаш желімделген конструкцияларды жобалау кезінде жаппай қима ескеріледі. Фанерадан желімдеп жасалған қорапша конструкциялары олардың ішкі кеңістігіндегі минералды тыңайтқыштармен тозаңдану мүмкіндігін болдырмауды есепке ала отырып жобаланады.
Тармақ 82
82. Қоршаушы қуыс металл конструкцияларды жобалау олардың ішкі кеңістігіне минералды тыңайтқыштар шаңының кіру мүмкіндігін болдырмауды ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 83
83. Қоймалар қабырғасын жай балшық және силикат кірпіштен жасағанда кірпіштің маркасы 100-ден төмен болмауы, цемент-құм ерітіндісінің маркасы 100-ден төмен болмауы, жіктері екі жағынан сылануы керек. Силикат кірпішін төменгі қабат қабырғасын қалауға қолдануға болмайды.
Тармақ 84
84. Минералды тыңайтқыштар қоймаларының фудаменттерін және басқа жерасты конструкциялар элементтерін жобалағанда топырақтың фильтрация деңгейі, тыңайтқыштардың агрессивті әсерінің деңгейі және жерасты суларының деңгейі есепке алынады
Тармақ 85
85. Әлсіз және орташа агрессивті жерасты суларының бар деңгейінен төмен орналасқан фундаменттердің етегін, жерасты суларының деңгейінен жоғары орналасқан, бірақ деңгейінің фундаменттердің етегіне дейін көтерілу мүмкіндігі болса, оларды қорғау үшін қышқылға төзімді асфальтпен қаптама жасалуы және екі қабат орама гидрооқшаулау жасалынады.
Тармақ 86
86. Ғимараттардың іргетастарына қолданған материалдар және де астына төселген қиыршық тас пен ұсақ тастар аталған агрессивтік ортада тоттануға төзімді болуы қажет.
Тармақ 87
87. Астыңғы қабаттың бүйір бетін гидроизоляциялау биіктігі кірпіш, ағаш және армоцемент қабырғалардың конструкцияларына битум мен қарамай негізінде жасалған орама және жапсырма материалдармен, гидроизоляцияның үздіксіз болуын (деформациялық сызатсыз) сақтай отырып жасалған көлденең гидроизоляцияға дейін жеткізілуі тиіс.
Тармақ 88
88. Ерігенде қышқыл реакцияға түсетін бос жатқан минералды тыңайтқыштармен тікелей түиісетін жер бетіндегі салмақтүсер және қоршау конструкцияларын өте төзімді қорғаныштармен жобалау қажет.
Тармақ 89
89. Қоршау қабырғаларына асбестоцемент, армоцемент және асбофанера панельдерін қолданғанда оларға минералды тыңайтқыштардың салмағын түсірмеу керек. Мұндай жағдайларда сақталып отырған минералды тыңайтқыштардың салмағынан қорғау үшін темірбетоннан, кірпіштен және ағаштан тіреу қабырға қойылады және олардың бетіне қорғаныш қабат жағылған болуы керек.
Тармақ 90
90. Аммиактық селитраны сақтаған кезде тыңайтқыштар құрылыстан қашықтықта қатар сақталады және поддондарға жайылады.
Тармақ 91
91. Минералды тыңайтқыштар коррозияға қарсы қорғанышы бар, әсіресе лакбояу жағылған конструкцияларға тікелей тиіп жатса, тыңайтқыштардың нығыздалу деңгейі есепке алынады.
Тармақ 92
92. Лакбояу жағылған конструкциялардың қорғаныш қабатын сақтау үшін олардың қатты нығыздалған тыңайтқыштармен тікелей түиісуін болдырмау керек және орташа нығыздалған тыңайтқыштармен де тікелей түиісуінің болмағаны жөн.
Тармақ 93
93. Тыңайтқыштар мен пестицидтерді ыдыстарда сақтағанда конструкцияның периметрі бойынша ағаш не басқа қалқан қажет емес. Нығыздалмаған және бос жатқан тыңайтқыштарды сақтағанда қалқандар қою міндет емес.
Тармақ 94
94. Аммиак, калий, кальций және натрий селитраларын сақтағанда ағаш қалқандарды қолдануға болмайды, өйткені олар өздігінен жанып кетуі мүмкін.
Тармақ 95
95. Армоцемент қоршау конструкцияларын қолданғанда олар ортаның агрессивті әсеріне байланысты ішкі жағынан жарылмайтын қаптамалармен түгел қорғалған, ал сыртқы жағы түгелдей гидрофобты немесе флюатты құраммен өңделуі тиіс.
Тармақ 96
96. Қалыпты немесе ылғалды климат аймақтары үшін ағаш конструкцияларын ортаның әсерінен қорғаныш қабатпен өңдеу қажет.
Тармақ 97
97. Ағаш конструкциялары қорғаныш қабатпен өңдеу заводтарда дайындау кезінде жасалынады.
Тармақ 98
98. Минералды тыңайтқыштар қоймаларын жобалауда барлық металл конструкциялар, конструкция элементтері, жеке бөліктері коррозиядан лакбояулармен қорғалуы тиіс. Болаттан жасалған бөліктер мен байланыстарды коррозиядан қорғау қарастырылады. Қорғанышы қалпына келмейтін бетондалмаған свальді заклад бөліктері және қосатын элементтер металл -лакбояу аралас қорғалуы тиіс. Метиздерде (болттарда, гайкаларда және тағы басқа) металл жабындарды коррозиядан қорғау көзделеді. Кірпіш қалауларындағы, ағаш және тағы басқа құрылыс конструкциялары мен материалдағы металл байланыс бөліктері де коррозиядан қорғалады.
Тармақ 99
99. Металл конструкциялардың беттері бояуға алдын ала дайын болуы керек.
Тармақ 100
100. Бұрандалы бөліктерге бояудың бірінші қабаты завод жағдайында жағылады, ал жабынды қабаты құрастыру кезінде жағылады.
Тармақ 101
101. Шатырды жабуға ағаш және фанераны қолданғанда олар бактерияларға және коррозияға қарсы препараттармен өңделуі тиіс.
Тармақ 102
102. Шатырды жабуға битум мен қара май негізінде жасалған жұмсақ орама төсенішті қолданғанда, гидроизоляция қабаты үшеуден кем емес болып қарастырылады.
Тармақ 103
103. Шатырды жабуға және рампа мен парапеттердің үстінен қалқа жасауға қаңылтырды қолдануға болмайды.
Тармақ 104
104. Бос жатқан минералды тыңайтқыштар қоймаларындағы еденге гидрооқшаулау жасағанда міндетті түрде желімдеп жапсыру арқылы гидрооқшаулау және астау құрылғылары қолданылады.
Тармақ 105
105. Ыдыстағы тыңайтқыштар сақтайтын қоймалардың еденін дымқылды жиыстыру жүргізу үшін орама материалдармен гидрооқшаулау жасалады.
Тармақ 106
106. Еден мен қабырғалардың, бағандардың, фундаменттердің тиіп тұрған жерлерін шаю суларының конструкцияларға және жерге кіріп кетпесі үшін плинтустар мен борттар қарастырылады.
Тармақ 107
107. Құрамында SO4 2- (күкірт қышқылды тұздар) бар тыңайтқыштарды артық тиегенде сульфатқа төзімді портландцементтен жасалған аса тығыз бетон қолданылады.
Тарау 10. 10-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
10-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 108
108. Құрамында агрохимикаттары бар, өндірістік және беттік ағындылар, талдаулар орындалғаннан кейін сұйық тыңайтқыш ретінде (агрохимиялық қызметтің келісімі бойынша) белгіленген алқапты жерге мерзімді ағызып жіберіледі немесе жер бедеріне сорылады (тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша).
Тармақ 109
109. Пестицидтермен ласталған машиналар, механизмдер, құрал-жабдықтар және пестицидтер шашылған не төгілген жерлер нейтралдаушы реагенттермен залалсыздандырылуға жатады. Пайдаланған сұйықтық ластанған сарқын су жүйесіндегі жинаушы-резервуарға ағызып жіберіледі.
Тармақ 110
110. Пестицидтерге арналған қоймаларда автокөліктер мен технологиялық машиналарды жуу мен залалсыздандыру үшін қойма жанында жеке ғимарат қарастырылады.
Тармақ 111
111. Тазалаушы кәріз жүйесін жерастында орналастырған кезде оларды тірегіштерге орналастыруды қарастыру қажет, ал өте терең орналастырған кезде лас ағындардың жер асты суларына қосылуын болдырмау қажет.
Тармақ 112
112. Механикалық желдеткіштермен ауаны атмосфераға жіберу арқылы тазалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сай орындалуы қажет.
Тарау 11. 11-тарау. Өртке қарсы талаптар
11-тарау. Өртке қарсы талаптар
Тармақ 113
113. Құрғақ минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын сақтауға арналған қойма ғимараттары мен үй-жайларды жобалау және салу кезінде «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптары, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер ескеріледі.
Тармақ 114
114. Өрт шыққан жағдайда барлық желдету жүйесі автоматты түрде ағытылады, сонымен бір уақытта автоматты өрт сөндіргіш жүйесі немесе автоматты өрт дабылы қосылады.
Тармақ 115
115. Түйіршіктелген және кристалды агрохимикаттардың, оның ішінде аммиак селитрасының қоймалары ҚР ҚН 2.02-11 талаптарына сәйкес өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларымен жабдықталады.
Тармақ 116
116. Сұйық агрохимикаттар қоймаларының аумағында жарылыс қауіпті газ қосындыларының жиналуы мүмкін подвалдар, тоннелдер, жерасты каналдар орналастыруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 117
117. Сорғы станциясының бөлмелерінде екі шығар есік болуы қажет, оның біреуі эвакуация есігі болуы керек.
Тармақ 118
118. Сұйық аммиактардың оқшауланбаған резервуарларын өрт кезінде жылу сәулесінен қорғау үшін суыту қажеттілігі, қоймаларды жеңіл тұтанғыш немесе жанғыш сұйықтар нысаналарына жақын орналастыру жағдайларын жобалағанда анықталады. Резервуарлардың жылумен сәулелендірілу мүмкіндігі есептеліп тексерілуі қажет.
Тармақ 119
119. Құрғақ минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын сақтауға арналған аумақ, сондай-ақ қойма ғимараттары мен үй-жайлар «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР-да белгіленген нормаларға сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі керек. ӘӨЖ 725.195 МСЖ 91 040.20, 91.080, 13.300, 55.220, 65.080, 65.100 _____________________________________________________________________________________________ Түйінді сөздер: қатты минералды тыңайтқыштар, мелиоранттар, қоймалар, номенклатура, аудан нормалары, технологиялық талаптар, конструктивті шешімдер, қоршаған ортаны қорғау. _____________________________________________________________________________________________
Басқа 4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ АСТЫҚТЫ САҚТАЙТЫН ЖӘНЕ ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАР, ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАР ҚР ҚН 3.02-32-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2019 жылғы « » № бұйрығына 4-қосымша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ АСТЫҚТЫ САҚТАЙТЫН ЖӘНЕ ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАР, ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАР ҚР ҚН 3.02-32-2019 1- тарау. Қолданылу саласы 2- тарау. Нормативтік сілтемелер 3- тарау. Терминдер мен анықтамалар 4- тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары 1-параграф. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары 2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары 5- тарау. 1-параграф. Жалпы талаптар 2-параграф. Конструктивтік шешімдерге қойылатын талаптар 3-параграф. Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар 4-параграф. Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар 5-параграф. Инженерлік қондырғылар 6-параграф. Халықтың мүмкіндігі шектеулі тобының қолжетімділігі бойынша талаптар 7-параграф. Қоршаған ортаны қорғау 8-параграф. Пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар 6- тарау. 1-параграф. Энергия тұтынуды үнемдеу 2-параграф. Қоршаған ортаны қорғау
Тарау 1. 1-тарау. Қолданылу саласы
1-тарау. Қолданылу саласы
Тармақ 1
1. Осы құрылыс нормалары астықты сақтау мен өңдеуге арналған кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау үшін аумақ пен жер теліміне, көлемдік-жоспарлық шешімдеріне, инженерлік жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы құрылыс нормаларының талаптары элеваторлардың, астық қоймаларының, диірмендердің, құрама жем зауыттарының және басқа да кәсіпорындардың жаңа ғимараттарын жобалауға және қолданыстағы ғимараттарын техникалық қайта жабдықтауға таратылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңы (бұдан әрі – Заң);
Тармақша 2
2) «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 164 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10971 болып тіркелген) (бұдан әрі – «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалары);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы «Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЭҚҚ);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығы «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген) (бұдан әрі – «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» ТР);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР). Ескертпе* – пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сілтемесі» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сілтемесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
Тарау 3. 3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 3
3. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) галерея – инженерлік және технологиялық коммуникацияларға, сонымен қатар адамдардың өтуіне арналған жер бетіндегі, жер астындағы немесе жер үстіндегі, толығымен немесе жартылай жабылған, горизонталь немесе көлбеу тар және ұзын конвейерлі көлік құрылысы;
Тармақша 2
2) жарылыс қауіпсіздігі – жарылу ықтималдығы жойылатын немесе ол туындаған жағдайда, одан туындайтын қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсер етуінің алдын алатын және материалдардың құндылықтарды сақтау қамтамасыз етілетін өндірістік процесс күйі;
Тармақша 3
3) жарылыс зарядтағыштар – жарылысты зарядтайтын және сақтандыратын мембраналары немесе айқара ашылатын клапандарды бар жарылысты зарядтайтын құрылғылардан, бұратын құбырлардан, қажет болған кезде оттан қорғайтын құрылғыдан тұратын арнайы техникалық құрылғылар;
Тармақша 4
4) зенит шамы – жоғарғы жарық шамы, жабын конструкциясына кіріктірме жарық өткізетін материалдан жасалған құрылғы;
Тармақша 5
5) өздігінен жану – жану ошағының туындауына алып келетін заттағы экзотермиялық процестер жылдамдығының күрт ұлғаюы;
Тармақша 6
6) платформа – мақсаты рампаға ұқсас құрылыс. Рампаға қарағанда екі жақты етіп жобаланады: бір жағы теміржолды бойлай, ал қарама-қарсы жағы автомобильдер кіретін жерді бойлай орналасады;
Тармақша 7
7) рампа – тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге арналған құрылыс. Рампаның бір жағы қойма қабырғасына жапсарлас, ал екіншісі теміржолды (теміржол рампасы) немесе автомобильдер кіретін жерлерге (автомобиль рампасына) бойлай орналасады. Рампа қойманың ішінде орналасуы мүмкін. Рампаның еден деңгейінен биіктігі көлік түрімен анықталады;
Тармақша 8
8) сүрлемдік – цемент, құм, астық, құрама жем, түйіршіктер және тағы басқалары сияқты сусымалы материалдарды сақтауға арналған ыдыс;
Тармақша 9
9) сүрлем корпусы – сүрлем жүйесінен тұратын, астықты тасымалдау механизмдерімен жабдықталған элеватордың бір бөлігі, құрылыс;
Тармақша 10
10) тамбур-шлюз – бір үй-жайдан екіншісіне оттың, газдың, шаңның, будың және басқа да зиянда заттардың өтіп кету ықтималдығын жоятын, сонымен қатар үй-жайлардағы ауа ортасының белгілі параметрлерін ұстауға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған тамбур;
Тармақша 11
11) шаң-ауа қоспасы – ауа ортасынан және осы ортадағы қалқымалы күйдегі шаңнан тұратын жүйе;
Тармақша 12
12) элеватор – астық сақтауға арналған құрылыс; Осы құрылыс нормаларында қолданылатын басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Респбуликасының электроэнергетика және азаматтық қорғау саласындағы заңнамасына, сондай-ақ Заңның 20 бабындағы 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге ( бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) сәйкес қолданылады.
Тарау 4. 4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
Тармақ 4
4. Осы құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары:
Тармақша 1
1) астық сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар ғимараттары мен құрылыстарының қауіпсіздігін, адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғау және қоршаған ортаны қорғау;
Тармақша 2
2) энергиялық тиімділікті және ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 1
1) технологиялық және айрықша ерекшеліктерді есепке ала отырып, еңбекке қажетті жағдайларды жасау мақсатында барлық сатыларда және өмірлік айналымда көтергіш конструкциялардың орнықтылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
Тармақ 2. 2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
Тармақ 5
5. Астықты сақтау және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарда, ғимараттар мен құрылыстарда аумақты абаттандыруды, сәулет-жоспарлау шешімдерін, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, ғимаратты пайдалану барысында адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалады.
Тармақ 6
6. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар көтергіш конструкцияларының орнықтылығы мен механикалық беріктігі қамтамасыз етілетіндей тәсілмен жобаланады және салынады.
Тармақ 7
7. Астықты сақтау және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенінің және өрттің алдын алудың және өртке қарсы қорғаудың тиісті жүйелерінің сақталуын ескере отырып қамтамасыз етіледі. Көрсетілген жүйелердің құрамы мен функционалдық сипаттамалары объектінің функционалдық мақсаттарымен анықталады және «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптарына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 8
8. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар адамдардың өмірі мен денсаулығын ауадағы зиянды шаңды заттардан, шудан және ғимарат дірілінен қорғау қауіпсіздігін есепке ала отырып жобаланады.
Тармақ 9
9. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар жабдықтар мен құрылыстарды пайдалануға байланысты адамға төнетін қауіптердің алдын алуды есепке ала отырып жобаланады және салынады.
Тармақ 10
10. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар, құрылыстар мен ғимараттардың құрылысы кезінде қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді барынша азайтуға бағытталған шаралар есепке алынады.
Тармақ 11
11. Кәсіпорын ғимараттары мен құрылыстарында, сонымен қатар аумақпен жүру және жұмыс орындарына бару кезінде мүмкіндігі шектеулі топтарға қолжетімді болуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 12
12. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар балама энергия көздерін қолдануға, табиғи ресурстарды тиімді қолдануға және электр энергиясын тұтынуды үнемдеуге бейімделеді.
Тармақ 13
13. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар ауамен жылыту және желдету жүйелері үй-жайдың қажетті гидротермиялық тәртібі, сонымен қатар объектінің жарылу қауіпіне және оның салдарына жол бермеу қамтамасыз етіледі.
Тармақ 14
14. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстарда астықты үй-жайларға тасу және сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Тармақ 15
15. Барлық өндірістік ғимараттар мен құрылыстар кіретін астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар аумағы объектілердің мақсатына сәйкес олардың қауіпсіздігі мен орналасу функционалдығы талаптары сақтала отырып, жобаланады және орналастырылады.
Тармақ 16
16. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар аумағын адамдар мен көліктер үшін қауіпсіздік пен қолжетімділікті есепке ала отырып көріктендіру және көгалдандыру шаралары мен жұмыстары өткізіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Астық сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар ғимараттары мен құрылыстарының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
5-тарау. Астық сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар ғимараттары мен құрылыстарының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
Тармақ 17
17. Астықты сақтау және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және техникалық қайта жарақтандыру кезінде «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының талаптарын және осы құрылыс нормаларының талаптарын сақтау қажет.
Тармақ 18
18. Ғимараттардың сәулеттік шешімдері қала құрылысы, құрылыс ауданының табиғи-климаттық жағдайларын, сонымен қатар қоршаған ортадағы құрылыстардың сипатын есепке ала отырып қабылданады.
Тармақ 19
19. Кәсіпорынның орналасуы шикізат пен дайын өнімді тасымалдаудың ең аз қашықтығы, оның ішінде астық қоймаларының астық өндіретін жерлерге жақындығы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 20
20. Негізгі астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындарға, ғимараттар мен құрылыстарға диірмен-жарма және құрама жем кәсіпорындарының өндірістік корпустары, элеваторлардың жұмыс ғимараттары, бөлек тұрған сүрлемдер мен сүрлем корпустарын қоса алғанда, тасымалдайтын галереялары бар астық, шикізат және дайын өнім сақтауға арналған корпустар жатқызылады.
Тармақ 21
21. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезінде:
Тармақша 1
1) конструкцияның сенімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) құрылысқа зиянкестердің, паразиттердің және ылғалдың өтуіне жол бермеу;
Тармақша 3
3) астықтың қойма шашылып қалу ықтималдығын болдырмау;
Тармақша 4
4) құрылыстың орналасқан орны мен қоршаған климатты назарға алу;
Тармақша 5
5) құрылысқа арналған материалдарды қолдану кезінде астықты ең аз ластау ықтималдығын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) ағын судың үй-жайларға өту ықтималдығын жою керек.
Тармақ 22
22. Элеваторларды кәсіпорынның негізгі ғимараттарына, тез тұтанатын жанғыш сұйықтықтарды сақтайтын және қайта өңдейтін кәсіпорындарға тығыз, сонымен қатар жер бедерінен төмен орналастыруға болмайды.
Тармақ 23
23. Астықты сақтау және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды жобалау және салу кезінде жанбайтын материалдардан жасалған сэндвич-панельдерден жасалған қоршауларды, сондай-ақ астықты сақтау және қайта өңдеу саласындағы жетістіктерді ескере отырып, жаңа жабдықтарды қолдана отырып, металл силостары, қаңқалары бар элеваторлардың қазіргі заманғы түрлерін қолдануға рұқсат етіледі.
Тармақ 24
24. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық қауіпті аймақтарда жобалау кезінде сейсмикалық аудандардағы сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын басшылыққа алу керек.
Тармақ 25
25. Астық қоймаларында азық-түлік және жем астықтары үшін қамбалар мен бункерлер сыртқы қабырғаларға жапсарлас болады, тұқым астығы үшін қабырғалар мен қамбалар арасында өтетін жер қалдырады немесе жылу оқшаулауды орнатады.
Тармақ 26
26. Қалдықтар мен шаңға арналған бункерлер олардың астарына өтетін жол орналастыру арқылы жобаланады.
Тармақ 27
27. Сепараторларға, тазалау және жуу машиналарына қызмет көрсету мүмкіндігін жасау үшін оларды топтастырып орнатуға болмайды.
Тармақ 28
28. Сепараторлар арасындағы өткелдер аппаратураның қызмет көрсетуі мен үздіксіз жұмысын қиындатпауы керек.
Тармақ 29
29. Өткелдер ені олар конвейерлерде болған кезде түсіру арбаларының көлемін ескере отырып ұлғайтады.
Тармақ 30
30. Трассаның қажет жерлерінде түсіру арбалары болмаған кезде, конвейерлер арқылы өтетін көпірлер орналастырылады.
Тармақ 31
31. Еден жабындарының типі өндіріс технологиясының талаптарын ескере отырып белгіленеді.
Тармақ 32
32. Есіктердің, қақпалардың және терезелердің ойықтарын толтыру фальцтарда тығыздағыш аралық қабаттармен қарастырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Конструктивтік шешімдерге қойылатын талаптар
2-параграф. Конструктивтік шешімдерге қойылатын талаптар
Тармақ 33
33. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік шешімдері болжамдық қызмет ету мерзімі ішінде осы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес келеді.
Тармақ 34
34. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың жаңа конструктивтік жүйелерін, сонымен қатар құрылыста жаппай қолданғанға дейін жаңа материалдар мен конструкцияларды қолдану сараптамалық негіз болады.
Тармақ 35
35. Жеңіл лақтырылатын конструкциялар (бұдан әрі – ЖЛК) сыртқы қоршаулардың ауданы бойынша біркелкі таралуы тиіс. ЖЛК-ға армирленген шыны жатпайды.
Тармақ 36
36. Қабатаралық жабындар немесе галереялар қондырғыларына белгіленетін массадан ондағы өнімдерге түсетін динамика коэффициентін ескере отырып, жүктемелер әрекетіне тексерілуі қажет.
Тармақ 37
37. Жекелеген үй-жайлардың көтергіш конструкцияларын, цехтарды есептеген және жобалаған кезде жергілікті ықтимал қосымша жүктемелер әсері ескеріледі.
Тармақ 38
38. Жарылыс разрядты құбырлар үй-жайдан тыс шығарылады. Құбырлар конструкциясының бүтіндігі мен беріктігін қамтамасыз ету керек.
Тармақ 39
39. Механикалық беріктігі мен конструктивтік шешім бойынша кәсіпорынның өндірістік ғимараттары мен құрылыстарының көтергіш конструкциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес келеді. Бұл жағдайда жүктемелер және олардың үйлесімдігін, сусымалы материалдан түсетін жүктемелерді, жабдықтар мен жиналатын материалдардан түсетін жүктемелерді, сондай-ақ қондырғылар конструкциясына динамикалық әсерді ескеру қажет.
Тармақ 40
40. Құрама-монолитті жабындарды есептеген кезде құрылыс пен пайдалану барысында және монолиттеуден кейін конструкциядағы жұмыс жағдайларына сай келетін жүктемелер мен есептік схемалардың өзгеруі есепке алынады.
Тармақ 41
41. Астық сақтауға және қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен құрылыстар конструкциялары пайдалану барысында жүктемелердің, апаттық әсерлердің және тағы басқалардың ұлғаюын қоса алғанда, жүктемелер мен әсерлердің барлық түріне есептелінеді.
Тармақ 42
42. Сүрлемге ауа немесе газ жіберу кезінде пневматикалық шығару жүйелерінің жұмысы, қозғалмайтын сусымалы материалдарды белсенді желдету және газдандыру кезінде (қайнап жатқан қабат түзбей) сусымалы материалдар қысымымен қатар сүрлем қабырғасындағы және түбіндегі ауаның немесе газдың артық қысымы есепке алынады.
Тармақ 43
43. Ауаның артық қысымының мәні мен таралуын жоба деректері бойынша қабылдау қажет.
Тармақ 44
44. Сүрлемдер қабырғаларын есептеу кезінде жүктемелер мен әсерлердің негізгі үйлесімділігі ескеріледі.
Тармақ 45
45. Түрлі сусымалы материалдарды сақтауға болатын сүрлемдер қабырғаларын осы сусымалы материалдардан туындайтын ең жоғарғы қысымға есептеу қажет.
Тармақ 46
46. Темірбетон сүрлем қабырғаларындағы сусымалы материалдардың қысымынан болған күшті сүрлем қабырғалары конструкциясының кеңістіктік жұмысы есепке алына отырып анықталады. Сүрлемдердің құрама элементтері оларды тасымалдау және монтаждау кезінде туындайтын жүктемелер мен әсерлерге қосымша тексеріледі.
Тармақ 47
47. Сүрлем қабырғаларының конструкциясын есептеген кезде олардың бірлескен жұмысын ескере отырып, қабырғаның плитасының түбіне, арқалыққа немесе іргетас плитасына тіреу жапсарында пайда болатын күш ескеріледі.
Тармақ 48
48. Сүрлемнің болат қабықтарының пішімі немесе қалыңдығы өзгерген жерлер, жекелегенде цилиндр бөлігінің конус бөлікпен немесе жазық түппен жанасқан жерлер, сонымен қатар жүктемелер күрт өзгерген жерлер болат конструкциялардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қосымша жергілікті кернеуге (жиек әсері) тексеріледі.
Тармақ 49
49. Болат дәнекерленген конструкцияларды құрастыру кезінде тиісті конструктивтік шешімдер (кіру бұрыштары, қиманың бірден ауысуы және басқа да кернеу концентраторлары жоқ элементтер мен бөлшектерді кернеуді барынша біркелкі таратылған) мен технологиялық шараларды (құрастыру және дәнекерлеу тәртібі, алдын ала ию, сүргілеу, кесу, абразивтік шеңбермен тазалау және тағы басқа көмегімен тиісті аймақтарды механикалық өңдеу) қарастыра отырып, дәнекерленгендерді қоса алғанда, қалдық деформациялар мен кернеулер, сонымен қатар кернеу шоғырланымының қолайсыз әсерінің ықтималдығын жою керек.
Тармақ 50
50. Сүрлемдердің конус тәрізді воронкаларын есептеу көлденең сақиналы созылу және түзушіні бойлай әсер ететін осьтік созылу жүргізіледі.
Тармақ 51
51. Түптің арқалықтарын сүрлем қабырғалары және түптері (немесе воронкалар) арқылы берілетін жүктемелерге есептеу керек.
Тармақ 52
52. Сүрлем асты қабатының ұстындарын сүрлем түбіне нақты бекітуді есепке ала отырып, іргетасқа кіріктірме тіректер схемасы бойынша есептеу керек.
Тармақ 53
53. Сүрлем асты қабатының ұстындарын оларға сүрлемдерді жүктеудің (сүрлем корпустарын толығымен немесе ішінара жүктеу кезінде) түрлі схемалары кезінде берілетін ең жоғарғы күшке есептеу керек.
Тармақ 54
54. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың негіздері мен іргетастары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес, сонымен қатар осы бөлім талаптары есепке алына отырып жобаланады.
Тармақ 55
55. Сүрлем корпустарының монолитті плиталарын есептеген кезде бетон класын түскен жүктемелердің (статикалық, динамикалық) сипаты мен түрін және пайдалану шартын ескере отырып, плитаның жобалық көтергіш қабілетінің нәтижесінде белгіленеді.
Тармақ 56
56. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде көрсетілген орташа шөгінділер мен крендердің шекті мәндері тиісті негіздемелер кезінде ұлғайтылуы мүмкін.
Тармақ 57
57. Астық өнімдерінің қысымы берілетін астық қоймаларының көтергіш тас қабырғалары мен іргетастарын тірек қабырғалары ретінде есептеу керек.
Тармақ 58
58. Қақпаларға жапсарлас астық қоймалары қабырғаларының учаскелерін қақпалардың ойықтарына уақытша салынған қалқандар арқылы берілетін астық өнімдерінің қысымына есептеу қажет.
Тармақ 59
59. Ыдыстағы жүк қоймалары жабындарының плиталарын аккумулятор тиегіштері дөңгелектерінен түсетін күшке тексеру қажет.
Тармақ 3. 3-параграф. Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар
3-параграф. Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар
Тармақ 60
60. Объектілердің өрт-жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптары есепке алынуы тиіс.
Тармақ 61
61. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар үшін автоматты өрт сөндіру мен сигнализацияны «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» ТР талаптарына сәйкес қарастырылады.
Тармақ 62
62. Жылытылмайтын ғимаратта орналасқан жылытылатын өндірістік үй-жайларды өртке қарсы су құбырымен жабдықтау қажет. Кәсіпорындардың сыртқы өрт сөндіруге арналған суының есептік шығынын өрт қауіпсіздігі өндірісінің категориясына, ғимараттың немесе құрылыстың көлеміне және олардың отқа төзімділігіне байланысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес анықтау қажет.
Тармақ 63
63. Шаруашылық-ауыз су және өндірістік су құбырларымен біріктіруге сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер бойынша рұқсат етілмеген кезде кәсіпорындарда жеке өртке қарсы су құбырын орнатуға жол беріледі.
Тармақ 64
64. Астықты сақтау мен өңдеу бойынша жылытылмайтын ғимараттарда өрт өшірген кезде құрғақ құбырды, егер өртті өшіру сорғы станциясынан жүзеге асырылса, сыртқы өртке қарсы-шаруашылық су құбырымен қосу қажет.
Тармақ 65
65. Өнеркәсіптік алаң аумағында сақиналы желісі бар шаруашылық-өртке қарсы су құбыры жүйесін, қажет жағдайда - су қоры бар резервуар мен сорғы станциясын қарастыру керек.
Тармақ 66
66. Су құбыры желісінен су жинау үшін өрт гидранттарын орналастыру керек.
Тармақ 67
67. Элеваторларға, астық кептіргіштерге, астық пен құрама жем қоймаларына ішкі өртке қарсы су құбырын жүргізуге жол берілмейді.
Тармақ 68
68. Өрт қауіпсіздігі мақсатында түрлі өнімдерді бір сүрлемге немесе бункерге біріктіруге жол берілмейді.
Тармақ 69
69. Шикізаттың (өнімнің) тиісті түрі үшін көрсетілген өсімдік шикізатын, оны қайта өңдеу өнімдерін және құрама жем шикізатын сақтаудың тағайындалған нормасынан асып кеткен жағдайда:
Тармақша 1
1) белсенді желдетуді қолдану;
Тармақша 2
2) шикізатты (өнімді) бір сүрлемнен (бункерден) екіншісіне, алаңнан алаңға тасымалдауды жүргізу керек. Осы мақсатта бос ыдыс (алаң) қарастыру қажет.
Тармақ 70
70. Сүрлем қондырғыларына (оның ішінде металл конструкциялардан жасалған) дымқыл және шикі астықты сақтауға жол берілмейді.
Тармақ 71
71. Өндіріс қалдықтарын ашық ленталы конвейерлерде тасымалдауға жол берілмейді.
Тармақ 72
72. В категориялы өрт қауіпі бар үй-жайларда өндіріс қалдықтарын ыдыстарға салуға тыйым салынады.
Тармақ 73
73. Желдету жүйесі тұтану кезінде автоматты түрде сөнуі керек.
Тармақ 74
74. Өздігінен ағатын құбырларды, аспирациялық ауа өткізгіштерді тартуға, сондай-ақ электр кабельдерін төсеуге арналған шахталарда норияларды орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 75
75. Аспирацияның ауа енгізгіштерін, ауамен жылытқыштарды, материал сымдарын, өздігінен ағызатын құбырларды, норияларды және конвейерлерді тұрмыстық, қосалқы және әкімшілік-шаруашылық үй-жайлар, басқару пульті үй-жайлары, электр тарату құрылғылары және желдету камералары арқылы, баспалдақ торлары және тамбур-шлюздер арқылы өткізуге болмайды.
Тармақ 76
76. Үй-жайға шаңның өтіп кетуіне кедергі келтіру үшін силостар мен бункерлерге арналған люктер, сонымен қатар өздігінен ағызатын құбырлардың, аспирациялық ауа енгізгіштердің және қораптардың люктері тығыз қосылыстарға ие болуы тиіс.
Тармақ 77
77. Өртке қарсы қабырғалар немесе жабындар қиылысқан жерлердегі ауа енгізгіштерге отты ұстап қалатын клапандар орналастыру керек.
Тармақ 78
78. Терезелер мен шамдарды шынымен қаптау үшін ЖЛК қолдану керек.
Тармақ 79
79. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санаттағы өндірістері бар үй-жайлардың сыртқы қоршау конструкциялары, сондай-ақ элеваторлар ғимараттарының, диірмендердің Астық тазалау бөлімшелерінің, сүрлем корпустарының сүрлем үстіндегі және сүрлем астындағы қабаттарының өндірістік үй-жайлары ЖЛК есепке ала отырып жобаланады, бұл ретте жеңіл лақтырылатын конструкциялардың алаңы ғимараттың негізгі тірек конструкцияларының беріктігін ескере отырып анықталады.
Тармақ 80
80. Үш ауысыммен жұмыс жасайтын жарылу-өртену қаупі бар өндірістік үй-жайларда ауамен жылытуды ағынды желдету жүйесімен біріктіреді, ал қалған өндірістік және қосалқы үй-жайларда сумен жылыту қарастырылады.
Тармақ 81
81. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатындағы үй-жайларды ғимараттардың жертөле және цокольдық қабаттарында орналастыруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 82
82. Б категориялы үй-жайларды өзара және басқа категория үй-жайларымен байланыстырып тұратын жер асты галереяларын немесе тоннельдерді жобаларды технологиялық негіздеу қажет, бұл ретте оттан қорғайтын клапандар мен тамбур-шлюздерді орнату қарастырылады.
Тармақ 83
83. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатындағы үй-жайлардың үстіне және (немесе) астына тарату қосалқы станцияларының, трансформаторлық қосалқы станциялардың, тарату құрылғыларының үй-жайларын орналастыруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 84
84. Аккумулятор батареяларын отқа төзімді үй-жайларға орналастыру қажет.
Тармақ 85
85. Зарядтық станцияларды жертөлелік үй-жайларда орнатуға жол берілмейді.
Тармақ 86
86. Ішінде қызмет көрсетуші персоналдары тұрақты болатын үй-жайларда газ жабдығы жұмысындағы ақаулар және газдану туралы сигнал беруді қарастыру қажет.
Тармақ 87
87. Шаң-ауа қоспасының тұтыну көзі туындауы ықтимал жабдықтардан өндірістік үй-жайларға жанғыш заттардың өтуіне жол берілмейді.
Тармақ 88
88. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылыс қауіпсіздігі үшін өсімдік текті шаң-ауа қоспасының жарылу ықтималдығының алдын алу және астықтың, сонымен қатар оны қайта өңдеу өнімдерінің және құрама жем шикізатының өздігінен жану (өздігінен қызу) ошақтарының туындауын ескерту қарастырылады.
Тармақ 89
89. Жарылатын өнім жарылысты разрядтайтын құбырлардан аққан кезде оларды қызметкерлерге зақым келтірмейтіндей бағытталады.
Тармақ 90
90. Нориялар мен жабық конвейерлерді барлық ұзындығына жарылысты разрядтағыштарды орнату арқылы қорғау керек.
Тармақ 91
91. Конвейерлерді өткізуге арналған ойықтар автоматты өртке қарсы клапандармен немесе қалқандармен қорғалуы тиіс.
Тармақ 92
92. Өрт-жарылыс қаупі бар заттар (қоспалар) құбырларын тарату құрылғылары, трансформаторлық және түрлендіргіш қосалқы станциялар арқылы жүргізуге тыйым салынады.
Тармақ 93
93. Аспирациялық отностарды, шаң мен шаң тәрізді өнімдерді сақтау үшін бункерлерді өрт-жарылыс қауіпті ғимараттар мен құрылыстарда орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 94
94. Шырақтардың ғимарат сыртындағы жел әсерінен шайқалу ықтималдығын болдырмау керек.
Тармақ 95
95. Жарылысты разрядтауды сүрлемдердің жоғарғы бөліктерінде қарастыру керек.
Тармақ 96
96. Бункерлер мен сүрлемдерде қайталама жарылыстардың туындау ықтималдығын болдырмау, дамудың бастапқы сатысында жарылысты анықтау (ол оперативті ыдыста, технологиялық аспирациялық немесе тасымалдау жабдығында туындаған кезде), өздігінен ағатын құбыр және ауа құбырлары арқылы жарыла отырып жанатын жоғары температуралы өнімдердің туындауына, өршуіне және таралуына жол бермеу үшін объекттердегі жарылыстарды оқшаулау жүйелерін жабық конвейерлермен және басқа да коммуникациялармен қарастыру қажет.
Тармақ 97
97. Отқа кедергі жасайтын құрылғыларды және қысымның белгілі бір шекті деңгейіне жеткен кезде жарылыстың бастапқы сатысын анықтауға арналған басқарушы датчиктерді тарату жерлерін органикалық шаңның (шаң-ауа қоспасының) өрт-жарылыс қаупінің техникалық сипаттамалары есепке алына отырып, анықталады және негізделеді.
Тармақ 98
98. Жарылысты оқшаулау жүйесін қолмен басқаруды және техникалық қызмет көрсету және жұмыс жасау қабілетін тексеру ықтималдығы үшін автоматты басқаруды уақытша сөндіру және жарылысты локализациялау жүйесін қолмен басқару мүмкіндігін қарастыру керек.
Тармақ 99
99. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындарда, ғимараттар мен құрылыстарда қызметкерлерді үй-жайдан эвакуациялау жолдары арқылы қауіпсіз эвакуациялау жүйесі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 100
100. Эвакуациялық шығу жолдарын жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатты үй-жайлар арқылы орналастыруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 101
101. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша Б санатты үй-жайлары бар көп қабатты өндірістік ғимараттардың баспалдақ торларын орналастыру кезінде оларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын ескере отырып, бір-бірінен оқшаулау қажет.
Тармақ 102
102. Өндірістік ғимараттардағы баспалдақтарды эвакуациялау жолдары мен жолаушылар лифтісі конструкцияларының отқа төзімділігі талап етілетін шегін қамтамасыз ететін материалдардан қарастырылады. Баспалдақ торлары түтіндемеуі тиіс.
Тармақ 103
103. Баспалдақтар өлшемдері өндірістік ғимараттарды жобалау нормалары бойынша қабылданады.
Тармақ 104
104. Элеваторлардың жұмыс ғимараттарында және сүрлем корпустарында баспалдақ клеткалары болмаған кезде, сүрлем корпустарында сүрлем астындағы қабаттың қақпағына дейін жетуі тиіс сыртқы эвакуациялық ашық болат баспалдақтарды қарастыру керек. «Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысына сәйкес астықты сақтау және қайта өңдеу бойынша жалпы өндірістік қуаты елу мың және одан да көп тонна астықты сақтайтын және қайта өңдейтін элеваторларды көшпелі өрт сөндіру техникасымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қамтамасыз етеді.
Тармақ 4. 4-параграф. Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
4-параграф. Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
Тармақ 105
105. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорын аумағында келесі аймақтар қарастырылады:
Тармақша 1
1) өндірістік емес сипаттағы (әкімшілік, қызмет көрсету мақсатындағы және тағы басқа ғимараттар);
Тармақша 2
2) өндірістік;
Тармақша 3
3) қойма және қосалқы.
Тармақ 106
106. Қалалар мен ауылдарда салынып жатқан кәсіпорындардың бас жоспарларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес әзірлеу керек.
Тармақ 107
107. Автомобиль жолдарын қоспағанда, шикізат пен өнімдердің үлкен жүк айналымына ие астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар үшін теміржол кіре беріс жолдары жобаланады. Тиеу-түсіру аумағы шегіндегі теміржолдарға тиеу-түсіру алаңдары ретінде қарастырылатын құрылыс алаңдары қосылады. Сондай-ақ құрылыс алаңына автомобиль жолдарының қабылдау-жіберу құрылыстарының тиеу-түсіру алаңдары кіреді (жапсарлас алаңдары бар астық түсіруге арналған қабылдау құрылыстарының пандустары, дайын өнім қоймаларындағы рампалар және тағы басқалар).
Тармақ 108
108. Автомобиль жолдары мен жаяу жүргінші жолдары теміржолдармен қиылысқан кезде төсемдер ұйымдастырылады.
Тармақ 109
109. Объект аумағында объектілерге еркін мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін негізгі және қосалқы жолдар жобаланады.
Тармақ 110
110. Кәсіпорын ғимараттары мен құрылыстарына өрт автомобильдерінің өтуін қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 111
111. Кәсіпорын аумағындағы асфальтталған жабындардың алаңы ең төмен болуы және бекітілген талаптармен анықталуы тиіс. Аумақтың қалған бөлігі көріктендірілуі және көгалдандырылуы тиіс.
Тармақ 112
112. Сүрлем корпусы мен жұмыс ғимараты арасындағы үзіліс аз болуы тиіс.
Тармақ 113
113. Жобаланатын ғимараттар (диірмендер, жарма зауыттары, құрама жем зауыттары, элеваторлар жұмыс ғимараттары) ұстындарының торы мен қабаттарының биіктігі өндіріс технологиясымен анықталады.
Тармақ 114
114. Өндірістік ғимараттар едендері, жабындары, қабырғалары және арақабырғалары қуыссыз жобаланады. Бункерлер мен сүрлемдер қабырғаларының, түптерінің және воронкаларының көлбеулігі технологиялық жобалау нормалары бойынша қабылданады.
Тармақ 115
115. Жабындардың жабдықтарды орналастыру үшін қабылданатын белгілерін таза еден деңгейінде белгілеу керек.
Тармақ 116
116. Тұрмыстық үй-жайлар мен адамдар көп жүретін үй-жайларды (жиналысқа арналған бөлмелер, тамақтануға арналған бөлмелер) өндірістік үй-жайларға орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 117
117. Білік кесетін шеберхана оқшаулап орналастырылады.
Тармақ 118
118. Өндірістік немесе қосалқы үй-жайлардан теміржолға шығатын жерлер болған кезде ғимараттан шығатын жерге теміржолды қоршап тұратын қоршаулар орнатылады.
Тармақ 119
119. Түрлі өлшемді сүрлемдердің оңтайлы қатынасы олардың сыйымдылығы толығымен қолдану талабынан қабылданады, бұл ретте диаметрі үлкен сүрлемдерді қолдану ең жоғары болады.
Тармақ 120
120. Сүрлемдер мен сүрлем корпустарының жобалары сүрлемдерді бастапқы және пайдалану тиеу және түсіру тәртіптері жөніндегі, осы құрылыстардың шөгуін бақылау жөніндегі нұсқаулардан тұруы, сонымен қатар шөгінді маркалары мен реперлері қарастырылады.
Тармақ 121
121. Жобалық құжаттарда сүрлем қабырғалары құрама элементтерінің жіктерін атмосфералық жауын-шашындардан қорғау қарастырылады.
Тармақ 122
122. Сүрлемдер ішкі қабырғаларының беттерін әрлеу сусымалы материалдың жақсы ағуына септігін тигізуі керек.
Тармақ 123
123. Сүрлем қабырғаларының сыртқы бояуы ақшыл реңкті болуы тиіс. Бояуға арналған материалдар темірбетон сүрлемдер үшін сыртқы ортаның агрессивті әсерін есепке ала отырып, гидрофобты қоспаларды қолданып таңдалады.
Тармақ 124
124. Екі жоғарғы қабатты қоспағанда, құрылыс үстіндегі болат ұстындар мен жабындарда, сонымен қатар сүрлем астындағы көтергіш конструкцияларда (сүрлем қабырғасы астындағы ұстындар мен арқалықтарда) оттан қорғау қарастырылады.
Тармақ 125
125. Сүрлемдерді жобалаған кезде астық өнімдерін шығару кезінде олардың көлденең қысымын азайту бойынша құрылғылар қарастырылады, сонымен қатар тиеу мен түсіруді жеңілдету үшін квадрат силостар топтарға біріктіріледі. Сүрлемдерді біріктіру кезінде олардың ішкі көлемін қолдану барынша жоғары болуы тиіс.
Тармақ 126
126. Өткізу саңылауларымен біріктірілген сүрлемдер ішіне орналастырылатын электротермометрлерге арналған аспаларды жобалау кезінде, сонымен қатар сүрлемде бірнеше аспа болған кезде, аспаның төменгі ұшын көлденең ығысудан бекітуді қарастыру керек. Сүрлем асты жабындарының барлық плиталары сүрлем қабырғаларымен тығыз жанасады.
Тармақ 127
127. Тұтас аражабындар астықтарға, оны қайта өңдеу өнімдеріне және құрама жем шикізатына арналған сүрлемдер мен бункерлерді, олардың орналасу орнына қарамастан жауып тұрады.
Тармақ 128
128. Төбе конструкциясы сүрлем өлшеміне (цилиндр бөлігінің диаметріне) және құрылыс аймағына байланысты анықталады.
Тармақ 129
129. Сүрлемдердің төбесі атмосфералық жауын-шашыннан қорғауды қамтамасыз етеді және жүктемелердің келесі түрлеріне төзімді болады:
Тармақша 1
1) қар және жел;
Тармақша 2
2) көлік көпірі тарабынан болған жүктеме;
Тармақша 3
3) термоаспалар салмағы;
Тармақша 4
4) конструктивтік элементтер (баспалдақтар, люктер, ауа дефлекторлары және тағы басқалары) салмағы.
Тармақ 130
130. Ұн сақтауға арналған бункерлер мен сүрлемдер арасына өткізу терезелерін орнатуға жол берілмейді.
Тармақ 131
131. Сепаратор астындағы бункерлердің және қалдықтарға арналған бункердің қабатының биіктігі сепаратор астындағы бункер қабатының биіктігіне тең етіп қабылданады.
Тармақ 132
132. Бункердің конус бөлігін таразы қабатына орнату кезінде таразы астындағы бункер қабатының биіктігін конус бөлігінің биіктігіне азайту қажет.
Тармақ 133
133. Жұмыс ғимараты мен сүрлем корпусы арасындағы үзілу шамасын есептеу үшін олардың тереңдігін және элеватордың жұмыс ғимаратындағы сүрлем астындағы конвейерді көтерудің қажетті биіктігі назарға алынады.
Тармақ 134
134. Сүрлем асты қабатының биіктігін есептеуді түсіру арбалары бар сүрлем асты конвейерлеріне қатысты орындау қажет.
Тармақ 135
135. Жұмыс ғимаратының үй-жайындағы элеваторды жобалау заманауи қондырғылардың технологиялық шешімдерінің ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 136
136. Астық қоймалары мынадай типтерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) қамбалық – астықты жекелеген бөліктерде (қамбаларда) сақтау үшін;
Тармақша 2
2) едендік – астықты көлденең немесе көлбеу еденде үйіп сақтайды, ал тұқым дәндері – көлденең еденде ыдыста;
Тармақша 3
3) дәндердің силостық қоймалары.
Тармақ 137
137. Астық қоймаларының ғимараттарын жобалау кезінде құрастырылатын және монолитті темірбетон, металл және ағаш конструкцияларды, сонымен қатар жергілікті құрылыс материалдарын қолданады.
Тармақ 138
138. Өртке қарсы қабырғалар арасындағы астық қоймасы ғимараттарының ауданын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылдау керек.
Тармақ 139
139. Астық қоймасының қабырғалары, жабындары мен едендері қуыссыз болады. Астық қоймаларының ішкі беттері тегіс (дөңестері, ойықтары, көлденең қабырғалары, саңылаулары болмауы керек), тазалау және дезинсекциялау үшін қолжетімді болуы тиіс. Ғимараттардың құрылыс конструкцияларының материалдары, сонымен қатар конструкцияларды әрлеу және көгеру мен жанудан қорғау үшін қолданылатын заттар мен қоспалар сақталатын астық немесе тұқым үшін зиянсыз болуы тиіс.
Тармақ 140
140. Зарядтау станциясы қалған қойма үй-жайларынан өртке қарсы торлармен және жабындармен бөлінуі және оқшауланған шыға беріске ие болады.
Тармақ 141
141. Ыдыстағы жүк қоймаларының көп қабатты ғимараттарының ішінде шығатын жерлерге тамбур-шлюздер орната отырып, жүк лифті қарастырылады (технологиялық талаптар болған кезде).
Тармақ 142
142. Тік ұстындары немесе пирамида тәрізді торлары жоқ механикаландырылған астық қоймаларын қолдануға болмайды.
Тармақ 143
143. Құрама жемді, жармаларды, қауыздарды, ұнды, шротты және күнжараны жазық едені және төменгі (өтетін немесе өтуге болмайтын) галереялары бар механикаландырылған қоймаларда еденде сақтаған кезде, өнімді төменгі конвейерге өздігінен ағып кетудің алдын алу керек.
Тармақ 144
144. Ыдыстағы жүк қоймаларының бірінші қабатының еденінің деңгейін сәулет, қала құрылысы және құрылыс салсындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобалап тиеу платформалары (рампалары) деңгейінде қабылдау керек.
Тармақ 145
145. Едені көлбеу астық қоймаларын жұмысшылардың астықты қоймадан тиеу кезінде оның үйіндісінің үстіне шығу ықтималдығын болдырмайтындай тәсілмен жобалау керек.
Тармақ 146
146. Астық қоймасының және шикізат пен дайын өнімді еденде сақтайтын басқа да қоймалар еденінің деңгейі құрылыс учаскесіндегі топырақ суын қауіпті капиллярлық көтеру деңгейінен жоғары болуы тиіс.
Тармақ 147
147. Механикаландырылмаған қоймалардың едендерін көлденең етіп жобалау керек.
Тармақ 148
148. Механикаландырылған қоймаларды көлденең не болмаса көлбеу едендермен және жоғарғы және төмен тасымалдағыштармен салу қажет.
Тармақ 149
149. Едені көлбеу механикаландырылған қоймаларды топырақ суының деңгейі төмен аудандарда салу керек.
Тармақ 150
150. Тасымалдау галереялары мен тоннельдерінің және олардан шығатын жерлердің өлшемдері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылданады.
Тармақ 151
151. Тоннельдер басқа ғимараттармен және құрылыстармен тікелей байланыспауы тиіс.
Тармақ 152
152. Галереялар мен алаңдар үшін кіре берістер мен шыға берістер ұйымдастырылады.
Тармақ 153
153. Қауіпсіз монтаждау, қызмет көрсету және жөндеу үшін өндірістік ғимараттарда, галереяларда, тоннельдерде және эстакадаларда конвейерлердің трассаларын бойлай өтетін жерлер ұйымдастыру керек.
Тармақ 154
154. Ленталы конвейерлердің жол берілетін көлбеулігін орнату керек.
Тармақ 155
155. Пирамидалық воронкалар қырын қысымнан болатын жергілікті июде (қырдың жазықтығы бойынша) есептелінеді.
Тармақ 156
156. Топырақ суының ғимараттың жертөлелік қабаттары мен жерасты галереяларға (тоннельдерге) ағуын болдырмау керек.
Тармақ 157
157. Санитарлық тораптарды диірмендер, құрама дем зауыттары мен ұн қоймаларының өндірістік корпустарына орналастыруға (бірінші қабатты қоспағанда) рұқсат етілмейді.
Тармақ 158
158. Ойықтардың қолжетімділігі үшін стационарлық баспалдақ орнатылады.
Тармақ 5. 5-параграф. Инженерлік қондырғылар
5-параграф. Инженерлік қондырғылар
Тармақ 159
159. Кәсіпорынның сумен қамтамасыз етілуін және ішкі су құбырларын жобалауды сумен қамту жөніндегі қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттарға және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес және осы бөлім талаптары есепке алына отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 160
160. Астық өңдеуші кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктеріне арналған су сапасы халыққа арналған ауыз су қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.
Тармақ 161
161. Ұн-жарма және құрама жем өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік қажеттіліктеріне су шығынын технологиялық жобалау нормаларына сәйкес қабылданады.
Тармақ 162
162. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындарда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес тұрмыстық және өндірістік кәріз қарастыру қажет.
Тармақ 163
163. Астық өңдеуші кәсіпорын ғимараттарындағы желілік ішкі тұрмыстық және өндірістік канализацияларды біріктіруге жол берілмейді.
Тармақ 164
164. Ұн, жарма және құрама жем өндіруге және сақтауға арналған үй-жайларда тұрмыстық канализацияның көлденең құбырларын жүргізуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 165
165. Кәсіпорындардағы жауын-шашын канализациясы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қарастырылады.
Тармақ 166
166. Жобалау кезінде объекті канализациясының жүйелерін кооперациялау мақсаттылығын олардың ведомстволық тистілігіне қарамастан қарастыру, сонымен қатар қолданыстағы құрылыстардың техникалық, экономикалық және санитарлық бағалануын есепке алу, оларды қолдану ықтималдығын және олардың жұмыс жасауын күшейтуді қарастыру қажет.
Тармақ 167
167. Объекті канализациясының жобаларын су тұтыну және ағын суды бұру балансын міндетті түрде талдай отырып, сумен қамту жобаларымен бір уақытта әзірлеу қажет. Бұл жағдайда өндірістік сумен қамту және сулау үшін тазартылған ағын суды және жауын-шашын суын қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет.
Тармақ 168
168. Жауын-шашындық кәріз жүйесінде жауын-шашын, қар еру және жол жабындарын жуу кезеңінде түзілетін беттік ағынның ең көп ластанатын бөлігін тазалау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 169
169. Өндірістік және жауын-шашын кәрізінің тазалау құрылыстары өнеркәсіптік кәсіпорын аумақтарында орналастырылады.
Тармақ 170
170. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың канализация желілерін көшенің немесе квартал елді мекеннің квартал ішілік желісіне жалғау кезінде кәсіпорыннан тыс орналастырылатын бақылау құдықтары бар шығарылымдарды қарастырылады.
Тармақ 171
171. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың ауасын жылыту, желдету және баптау, желдету ауасын атмосфераға лақтыруды жобалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес және осы бөлім талаптары есепке алына отырып жүргізіледі.
Тармақ 172
172. Үш қабаттан аз Б категориялы өндірістік үй-жайлар үшін жалпы желдету және ауаны жылыту жүйелері қабылданады.
Тармақ 173
173. Жылыту аспаптарына еркін мүмкіндікті қамтамасыз ету керек. Жылыту аспаптарын қуыстарға орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 174
174. Кәсіпорын үй-жайларындағы ауаның есептік параметрлері технологиялық жобалау нормалары мен басқа да нормативтік құжаттарды есепке ала отырып қабылданады.
Тармақ 175
175. Желдету жүйелерінің барлық металл ауа енгізгіштері мен жабдықтары электр қондырғыларды орнату жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес жерге қосылады.
Тармақ 176
176. Едені жазық қоймалардың өтетін галереяларын орналастыру кезінде оларды соратын мәжбүрлі желдетумен немесе табиғи желдетумен жабдықталады.
Тармақ 177
177. Астықты сақтау мен өңдеу бойынша кәсіпорындардың шаң түзетін қондырғылары аспирация жүйесімен жабдықталады.
Тармақ 178
178. Жергілікті желдеткішті зиянды заттар бөлетін жерлерде орналастыру керек.
Тармақ 179
179. Сыртқы ағын ауаны шаңнан тазалауды астық тазалау, ұнтақтау, жинау (қаптау), қауызын алу цехтарының (бөлімдерінің) және құрама жем цехтарының үй-жайларында қарастырылады (технология талаптарына сәйкес).
Тармақ 180
180. Электр қалқандардың үй-жайлары мен диспетчер бөлмесіне жіберілетін ағын ауа ауа сүзгілерінде тазартылады. Желдету камералары саңылаусыз болуы және сүзгілерге қызмет көрсету үшін қол жетімді болады.
Тармақ 181
181. Конденсат жылуын технологиялық және тұрмыстық қажеттіліктерге су дайындау үшін будың технологиялық тұтынушыларынан пайдалануды қарастыру қажет.
Тармақ 182
182. Ауа енгізгіштердің көлденең учаскелері ең қысқа ұзындыққа ие болуы тиіс.
Тармақ 183
183. Транзиттік ауа енгізгіштерді шикізат және дайын өнім үй-жайларын бойлай, сонымен қатар түрлі категориялы үй-жайлар арқылы өткізбеу керек.
Тармақ 184
184. Элеваторлардың жұмыс ғимараттарына жеке тұрған астық кептіргіштердің желдеткіштері мен шаң ұстағыштарды орнатуға тыйым салынады.
Тармақ 185
185. Аспирациялық қондырғылардың ауа енгізгіштерінің жылыту жүйесінің құбырларына жапсарлас орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 186
186. Аспирациялық қондырғыларды технологиялық және көлік жабдықтарымен оқшаулауды қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 187
187. Шаң жинауға және сақтауға арналған ыдыстарға және оперативтік ыдыстарға аспирация орналастыру кезінде оны технологиялық және көлік жабдығының аспирациясымен біріктірудің алдын алу керек.
Тармақ 188
188. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың электрлік қондырғыларын қоршаған орта жағдайларын және үй-жайлар мен электр қондырғылардың жарылу қауіптілігі, өртену қауіптілігі және адамдардың электр тоғынан зақым алу қауіптілігі бойынша жіктеуші есепке ала отырып, ЭҚҚ талаптарына сәйкес жобалау керек.
Тармақ 189
189. Сорғы станциялары бар объектілерді электрмен қамту категориясы олардың сенімділігінің категориясынан төмен болмауы тиіс, бұл жағдайда қуаты тек сорғы станциясының ғана қажеттіліктерін қанағаттандыратын екі тәуелсіз өзара резервтелетін қуаттандыру қуатын қарастыру ұсынылады.
Тармақ 190
190. Ғимараттар мен құрылыстарды жасанды жобалау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді басшылыққа алу керек.
Тармақ 191
191. Жұмыстар жүргізілетін баспалдақ марштары, сүрлем астындағы және сүрлем үстіндегі қабаттар және басқа да жерлер сияқты жұмыс жүргізілетін жерлерде кешкісін және түнде апаттық жарықтандыру орнатылады.
Тармақ 192
192. Желілердің жарықтандыру элементтерін шаң өтуден конструктивтік жайластыру керек.
Тармақ 193
193. Тамбур-шлюздер апаттық жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 194
194. Электр үй-жайлар үшін жарылыс қаупі бар аймақтарға байланысты артық жылу шығаруға арналған механикалық тарту-сору желдеткішімен жабдықталады.
Тармақ 195
195. Статикалық электрден қорғау үшін электромагнитті сепараторлардың қоршауларын орнату керек.
Тармақ 196
196. Электр қондырғыларды орнату жөніндегі техникалық регламенттердің және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жалпы мақсаттағы электр жабдықтары (жарылыстан қорғау құралдарынсыз) тарату құрылғыларына (бұдан былай - ТҚ), трансформатор, жиынтықтағы трансформаторлық және түрлендіргіш қосалқы станцияларға (бұдан әрі - тиісінше ТС, КТС және ТС) арналған талаптар қабылданады.
Тармақ 197
197. Арматура орнатылған құбырлардағы немесе кронштейндердегі сымдарды жалғауға тыйым салынады.
Тармақ 198
198. ТҚ, ТС және КТС үй-жайларында жанбайтын кабель каналдары мен едендер орнатылады.
Тармақ 199
199. Майлы трансформаторлары бар ТС және КТС үй-жайларының есігінің немесе шығыс желдету саңылауларының үстінде орналасқан терезелер үшін жанбайтын күнқағар орнату керек.
Тармақ 200
200. Қышқылдық және сілтілік аккумулятор батареялары бар үй-жайлар бөлінеді.
Тармақ 6. 6-параграф. Халықтың мүмкіндігі шектеулі тобының қолжетімділігі бойынша талаптар
6-параграф. Халықтың мүмкіндігі шектеулі тобының қолжетімділігі бойынша талаптар
Тармақ 201
201. Физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру, сонымен қатар физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер қызмет көрсететін ғимараттар мен үй-жайлардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес орындалады.
Тармақ 202
202. Астықты сақтау мен өңдеу бойынша кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар халықтың мүмкіндігі шектеулі тобына жататын тұлғалардың еш кедергісіз әрі қауіпсіз қолдануы үшін жобаланып жабдықталады және қолжетімді болады.
Тармақ 203
203. Мүмкіндігі шектеулі келушілердің жүру жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалыс жолдарындағы барлық бойлық көлбеу жерлер қолжетімді көлбеумен орнатылады.
Тармақ 204
204. Жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жиектеме пандустар, жол бөлігіне кіруді қоспағанда, жаяу жүргіншілерге арналған аймақ шегінде толығымен орналастырылады.
Тармақ 205
205. Жаяу жүргіншілер жолдарының жүріс бөлігімен қиылысқан жерлеріндегі жанасу учаскелері басқа жаяу жүргіншілер учаскелерінен ерекшеленетін жабынның фактуралық бетімен орындалады.
Тармақ 7. 7-параграф. Қоршаған ортаны қорғау
7-параграф. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 206
206. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында кәсіпорынды жобалау кезінде төмендегідей шаралар қабылданады:
Тармақша 1
1) атмосфераны қорғау;
Тармақша 2
2) геологиялық және су ортасын қорғау;
Тармақша 3
3) қалдықтарды азайту және жою жөніндегі шаралар.
Тармақ 207
207. Атмосфераның ластануын азайту және энергия шығынын төмендету үшін жаңа технологияларды, жаңа қондырғылар мен келешегі бар шешімдерді енгізу керек.
Тармақ 208
208. Атмосфераның ластанатын жерлерін оқшаулау үшін жабындар, қалқалар, арақабырғалар орнатылады.
Тармақ 209
209. Өндірістік процесте ауаны шаңнан тазалау үшін тиімділігі жоғары шаң тазалайтын жабдықты қолдану міндетті.
Тармақ 210
210. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалаған кезде жауын-шашын суын тазалауды және жауын-шашындық кәріз желілері арқылы үстіңгі еріген суды бұруды қамтамасыз ету қарастырылады.
Тармақ 211
211. Аумақты көріктендіру мен көгалдандыру оны жоспарлау кезінде міндетті сипатқа ие болуы тиіс.
Тармақ 212
212. Өндірістік қалдықтарды азайту бойынша шараларды есепке алу қажет.
Тарау 6. 6-тарау. Энергия үнемдеу мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша талаптар
6-тарау. Энергия үнемдеу мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Энергия тұтынуды үнемдеу
1-параграф. Энергия тұтынуды үнемдеу
Тармақ 213
213. Астықты сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар энергияны тиімді қолдану бойынша талаптарды есепке ала отырып жобаланады және салынады.
Тармақ 214
214. Жобалау процесінде қолданыстағы құжаттарға сәйкес объектінің энергиялық тиімділігін арттыру жөніндегі шешімдер мен шаралар кешенін қарастыру қажет.
Тармақ 215
215. Энергия ресурстарының шығындарын оңтайландыру үшін технологиялық процестер параметрлерін автоматты реттеуді қолдану керек.
Тармақ 216
216. Ғимараттарды жобалаған кезде жарық жақтары бойынша дұрыс бағытты белгілеу қажет, бұл қыс мезгілінде жылуды табиғи сақтап қалуға және жаз мезгілінде салқындатуға септігін тигізеді, сонымен қатар үй-жайды инсоляциялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 217
217. Үй-жайдың жылуын сақтау мақсатында қоршау конструкциялары үшін энергия үнемдейтін материалдарды қолдануға жол беріледі.
Тармақ 218
218. Жылыту және желдеткіш параметрлерін автоматты реттеу жүйесі жұмыстан тыс уақытта жылытудың кезекші жүйесімен, аспаптардың термостатикалық клапандарымен жабдықталады.
Тармақ 219
219. Ғимараттар мен құрылыстарда техникалық, технологиялық, экологиялық және экономикалық тараптан тиімділігі жоғары балама жүйелерді орнату мүмкіндігін қарастыру талап етіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
Тармақ 220
220. Ресурстар шығынын оңтайландыру үшін кептіргіштер мен қазандарда табиғи газды сұйылту процесінің автоматты регуляциясы қолданылады.
Тармақ 221
221. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін астық кептірудің табиғи тәсілінің қондырғылары қолданылады.
Тармақ 222
222. Кәсіпорындар ресурстарын үнемдеу үшін балама энергия көздері қолданылады.
Тармақ 223
223. Кәсіпорын аумағында технологиялық қажеттіліктер үшін нөсер, жаңбыр ағындарын жинау және өңдеу қарастырылады.
Тармақ 224
224. Кәсіпорын аумағын жел мен шу оқшаулаудан қорғау үшін жасыл көшеттер отырғызу жүзеге асырылады. ӘОЖ 727.14 МСЖ 91.040.20 _____________________________________________________________________________________________ Түйінді сөздер: аумақ, көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдер, өндірістік ғимараттар, сүрлемдер, сүрлем корпустары, воронкалар, сүрлем түптері, астық сақтау, қайта өңдеу, элеваторлар. _____________________________________________________________________________________________
Басқа 5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫҢ БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ЖОБАЛАУ ҚР ҚН 3.04-02-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2019 жылғы « » № бұйрығына 5-қосымша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫҢ БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ЖОБАЛАУ ҚР ҚН 3.04-02-2019 1- тарау. Қолданылу саласы 2- тарау. Нормативтік сілтемелер 3- тарау. Терминдер мен анықтамалар 4- тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары 1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты 2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары 5- тарау. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау кезінде жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар 1-параграф. Жалпы талаптар 2-параграф. Сенімділікті қамтамасыз ету бойынша талаптар 3-параграф. Пайдалану сипаттамаларына қойылатын талаптар 4-параграф. Бетон және темірбетон конструкцияларға арналған материалдар 5-параграф. Конструктивтік талаптар 6-параграф. Негізгі есептік ережелер 7-параграф. Негізгі есептік ережелер 8-параграф. Сызаттардың пайда болуы мен ашылуы және деформациялар бойынша темірбетон конструкциялардың элементтерін есептеу 9-параграф. Бетон және темірбетон конструкциялар элементтерін температуралық, ылғал, сейсмикалық әсерлерге есептеу 10-параграф. Қоршаған ортаны қорғау 6- тарау. Бетон және темірбетон конструкциялар элементтерін беріктікке және төзімділікке есептеу
Тарау 1. 1-тарау. Қолданылу саласы
1-тарау. Қолданылу саласы
Тармақ 1
1. Осы құрылыс нормалары гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы норма жаңадан салынатын, реконструкцияланатын және жөнделетін энергетикалық және су-көлік гидротораптарының құрамына кіретін; су ортасының әсерінде тұрақты немесе кезеңдік болатын барлық кластағы бетон және темірбетон конструкцияларға, сондай-ақ су тасқынымен күресуге және аумақты су басу және су тасқынынан қорғауға арналған құрылыстарға таралады.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексі «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» (бұдан әрі – Экологиялық кодекс);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
Тармақша 3
3) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңы (бұдар әрі - Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы Заң). Ескертпе – пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сілтемесі» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сілтемесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
Тарау 3. 3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 3
3. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) бетонның өткізгіштігі – бетонның қысым градиенті кезінде өзі арқылы газды немесе сұйықтықты өткізбейтін (су өткізбейтін W маркасымен регламенттеледі) немесе қысым градиенті болмаған кезде суда еріген заттардың диффузиялық өткізгіштігін қамтамасыз ету (ток тығыздығы мен электрлік шаманың нормаланған шамаларымен регламенттеледі) қабілеті.
Тармақша 2
2) гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар.
Тарау 4. 4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
Тармақ 4
4. Осы құрылыс нормаларының нормативтік талаптардың мақсаты – адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүлікті және қоршаған ортаны қорғау, кез-келген сипаттағы бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ энергия үнемдеуге қол жеткізу мақсатында гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон құрылыс конструкцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
Тармақ 5
5. Бетон және темірбетон конструкциялары гидротехникалық құрылыстардың зақымдануынсыз және бұзылуынсыз жобада қарастырылған қауіпсіздікті, ұзақ мерзімділікті, пайдалану жарамдылығын, механикалық және технологиялық әсерлердің барлық түріне қарсы тұру қабілеті қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6
6. Бетон және темірбетон конструкциялардың қауіпсіздігі, пайдалану жарамдылығы, ұзақ мерзімділігі бетон мен арматураның әртүрлі түрінің қасиеттеріне қойылатын талаптарды орындауды, оларға жүктеме сипаты мен қоршаған ортаның әсерін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 7
7. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларының пайдалануға жарамдылығын қамтамасыз ету үшін әртүрлі есептік әсерлер кезінде сызаттардың пайда болуы немесе шамадан тыс ашылуы болмайтындай, сондай-ақ қондырғының, механизмдердің қалыпты жұмысы бойынша технологиялық талаптардың, элементтердің бірлескен жұмысы бойынша конструктивтік талаптардың және басқа да белгіленген жобалық талаптардың бұзушылығын тудыратын басқа да зақымдаулар туындамайтындай бастапқы сипаттамаларға ие болуы тиіс.
Тармақ 8
8. Ұзақ мерзімділіктің жоғары талаптар қойылатын темірбетон конструкцияларға, сонымен қатар толығымен созылған қимада агрессивтік ортада пайдаланылатын конструкцияларға қысым астындағы газдар немесе сұйықтыққа қарсы, радиация және тағы басқа әсерге қарсы өткізбеушілік қамтамасыз етілуі қажет.
Тармақ 9
9. Гидротехникалық құрылыстар конструкциялары ұзақ мерзімді, жүктеменің ұзақ әсері, қолайсыз климаттық, технологиялық, температуралық және ылғал әсерлері, алма-кезек мұздату және жібіту, агрессивті әсерлер және тағы басқа кезінде қауіпсіздік пен пайдалануға жарамдылықты қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 10
10. Жүктемелердің ұзақ мерзімді әсерін ескеру арқылы анықталатын темірбетон конструкциялар мен олардың элементтерінің деформациялары гидротехникалық құрылыстар қондырғылары мен механизмдерін қалыпты пайдалану талаптарынан шығатын жобада белгіленген шамалардан аспауы керек.
Тармақ 11
11. Бетон және темірбетон конструкцияларды жобалау кезінде бетонға және оларды құраушыларға, арматураға қойылатын талаптарды орындау кезінде қоршаған ортаны қорғау, энергияны үнемдеу және табиғи ресурстарды тиімді қолдану қамтамасыз етіледі.
Тармақ 12
12. Көпірлердің бетон және темірбетон конструкциялары, көлік туннельдері мен автомобиль және темір жол үйінділерінің астында орналасқан құбырлар Заңның 20 бабындағы 23-16) армақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) сәйкес жобаланады.
Тарау 5. 5-тарау. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау кезінде жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
5-тарау. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау кезінде жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
Тармақ 13
13. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау кезінде конструкцияның беріктігі мен орнықтылығы, құрылыстың ұзақ мерзімділігі, сондай-ақ пайдалану шарттарына сәйкес конструкцияның қаттылығы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 14
14. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерінің талаптарын орындау қажет.
Тармақ 15
15. Бетон және темірбетон конструкциялардың түрлерін таңдау (тұтас құймалы, құрама-тұтас құймалы, құрама, оның ішінде алдын ала кернелген және негізіне анкерленген) материалды көп тұтыну, энергияны көп тұтыну, еңбекті көп тұтыну және құрылыс құнын ең жоғары азайтуды ескеру арқылы құрылыстың белгілі бір жағдайында оларды қолданудың техника-экономикалық орындылығы ескеріле отырып жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Конструкция түрлерін, олардың элементтерінің негізгі өлшемдерін, сонымен қатар темірбетон конструкцияларды арматурамен толтыру дәрежесін нұсқалардың техника-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру негізінде қабылдау қажет.
Тармақ 17
17. Құрама конструкциялар элементтері мамандандырылған кәсіпорындарда механикаландырылған дайындау шарттарына жауап беруі керек.
Тармақ 18
18. Құрама конструкциялардағы элементтердің түйіндері мен жалғауларының конструкциялары күшті сенімді жіберуді, түйісу аймағында элементтердің өздерінің беріктігін, сонымен қатар түйіспеде қосымша төселген бетонның конструкция бетонымен байланысын қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 19
19. Конструкциялардың су өткізбеушілігі және аязға төзімділігі, олардың есептік қималарында судың қарсы қысымын азайту тиісті шараларды қолдана отырып қамтамасыз етілуі керек.
Тармақ 20
20. Кернеу бойынша элементтердің беріктігін және сызатқа төзімділігін бағалау кезінде (арқалық-қабырғалар, консоль қабырғалар, жуан арқалықтар, құбырлар және көлемді элементтер) соңғылары серпімділік теориясының әдістерімен немесе тәжірибе жүзінде анықталады.
Тармақ 21
21. Сейсмикалық аудандарда орналасқан гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша талаптарды орындау қажет.
Тармақ 2. 2-параграф. Сенімділікті қамтамасыз ету бойынша талаптар
2-параграф. Сенімділікті қамтамасыз ету бойынша талаптар
Тармақ 22
22. Бетон және темір-бетон конструкцияларының негізгі нормаланатын және бақыланатын сипаттамалары ретінде су өткізбеушілік, беріктігі және аязға төзімділігі қызмет етеді.
Тармақ 23
23. Ұзақ мерзімділік талаптарын қанағаттандыру үшін конструкция белгіленген уақыт ұзақтығы ішінде конструкцияның геометриялық сипаттамаларына және материалдардың механикалық сипаттамаларына жүктемелер, қолайсыз климаттық, температуралық және ылғал, агрессивтік әсерлер, алма-кезек мұздату және еріту әсерлерін ескере отырып, қауіпсіздік және пайдалануға жарамдылық талаптарын қанағаттандыратындай бастапқы сипаттамаларда болуы керек.
Тармақ 24
24. Жобалау кезінде бетон және темірбетон конструкцияларының жобаланатын конструктивтік шешімдері жеткілікті сенімділікпен шекті жағдайдың барлық түрінің туындауының алдын алуы қамтамасыз етіледі. Материалдар сапасы, өлшемдерін белгілеу және конструкциялау осы құрылыс нормаларының және қолданыстағы нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкес келуі керек. Конструкцияларды жобалаған кезде тиісті нормативтік құжаттармен белгіленетін экология, энергия үнемдеу, өртке қарсы қауіпсіздік және ұзақ мерзімділік талаптары сақталады және негіздің біркелкі емес отырылуы ескеріледі.
Тармақ 25
25. Сенімділікті қамтамасыз ету үшін жүктемелердің және олардан туындаған күштердің, кернеудің, деформацияның, жылжудың, сызаттардың ашылуының есептік мәндері гидротехникалық құрылыстар конструкцияларын немесе негіздерін жобалаудың белгіленген нормаларының оларға тиісті шекті мәндерден аспауы керек.
Тармақ 26
26. Құрылыс конструкциялары мен гидротехникалық құрылыстардың негізін шекті жағдайлар әдісі бойынша есептеу керек, оның негізгі ережелері материалдардың, топырақтың, жүктеме мен әсерлердің, конструкциялардың геометриялық сипаттамасын, олардың жұмысының шартын ескере отырып, конструкциялар мен негіздердің тоқтаусыз жұмысы үшін талап етілетін пайдалану сипаттамасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 3. 3-параграф. Пайдалану сипаттамаларына қойылатын талаптар
3-параграф. Пайдалану сипаттамаларына қойылатын талаптар
Тармақ 27
27. Сызаттардың болмауы жөніндегі талаптар толығымен созылған қима кезінде өткізбеушілік қамтамасыз етілуі тиіс (сұйықтық немесе газдардың қысымы астындағы, радиация әсеріне ұшырайтын және басқа) темірбетон конструкцияларға, ұзақ мерзімділік бойынша жоғары талаптар қойылатын бірегей конструкцияларға, сонымен қатар күшті агрессивті орта әсері кезінде пайдаланылатын конструкцияларға қойылады.
Тармақ 28
28. Сыртқы, оның ішінде агрессивті әсерлер кезінде бетон және темірбетоннан жасалған конструкциялардың ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ету үшін тек бастапқы сипаттамаларын ғана емес, сонымен қатар жоспарлы қызмет ету мерзімі ішінде пайдалану көрсеткіштерін, яғни тоқтаусыз жұмыс істеуін, сақтығын, жөндеуге жарамдылығын және пайдаланудың ұзақ мерзімін қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 29
29. Бетон және темірбетон конструкциялардың қауіпсіздігі, қалыпты пайдалануға жарамдылығы, ұзақ мерзімділігі бетонға және оны құраушыларға, конструкция есептеріне қойылатын талаптарды, конструктивтік талаптарды, технологиялық және пайдалану талаптарын орындаумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 4. 4-параграф. Бетон және темірбетон конструкцияларға арналған материалдар
4-параграф. Бетон және темірбетон конструкцияларға арналған материалдар
Тармақ 30
30. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларына арналған бетон сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің және осы бөлімнің талаптарын қанағаттандыруы керек.
Тармақ 31
31. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларды олардың түрі мен жұмыс шартына байланысты жобалаған кезде бетон сапасының көрсеткіштерін белгілеу қажет (сығылуға беріктігі бойынша бетон класы және осьтік созылу, бетонның аязға төзімділік пен су өткізбеушілік бойынша маркасы).
Тармақ 32
32. Аязға төзімділік бойынша талаптар тек судың айнымалы деңгейі аймағында орналасқан бетонға және сыртқы су үстіндегі бетонға қойылады. Аязға төзімділік бойынша бетон маркасын пайдалану шартын ескеру арқылы климаттық жағдайларға және бір жыл ішіндегі (ұзақ мерзімді бақылау мәліметі бойынша) алма-кезек мұздату және ерітудің есептік циклдерінің санына байланысты белгілеу қажет. Бөгеттер бетонына қойылатын беріктік, су өткізбеушілік, аязға төзімділік және тағы басқалар бойынша талаптарды әртүрлі аймақтардағы бетонның іс жүзіндегі жұмыс шартына сәйкес дифференциалды белгілеу қажет.
Тармақ 33
33. Құрылыс ауданы үшін барынша суық айдың орташа айлық температурасы нормативтік құжаттар бойынша, сондай-ақ гидрометеорологиялық қызмет деректері бойынша анықталады.
Тармақ 34
34. Гидротехникалық құрылыстар конструкциясының бетонына жобада белгіленген және тәжірибелік зерттеулермен айғақталған шекті созылымдылық, толтырғыштар бар цемент сілтісінде зиянды өзара әрекеттестіктің жоқтығы, су түбіндегі және үйінділермен өлшенген су ағынының шайылу қарсылығы, кавитацияға және химиялық әрекеттесуге қарсы төзімділік, бетон қатқан кезде жылу бөлушілік бойынша қосымша талаптар ұсынылады.
Тармақ 35
35. Пайдалану барысында сыртқы ауаның кері температуралық әсеріне немесе агрессивті су әсеріне ұшырауы мүмкін құрама конструкциялар элементтерінің түйіспелерін тұтас құю үшін аязға төзімділік және су өткізбеушілік бойынша түйіспе элементтер үшін қабылданғаннан төмен емес жобалық маркалардың бетоны қолданылады.
Тармақ 36
36. Егер техника-экономикалық есеп бойынша гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларының су өткізбеушілігін арттыру үшін қатайтатын цементтегі бетонды қолданған орынды болса, ал конструкцияның өз салмағынан түсетін жүктемені азайту үшін – жеңіл бетон қолданылса, онда мұндай бетонның кластары мен маркаларын нормативтік құжаттар бойынша қабылдау қажет.
Тармақ 37
37. Қатайтуды тездету үшін атмосфералық қысым кезінде жылумен өңдеуге немесе автоклавта өңдеуге ұшырайтын бетонның серпімділік модулін нормативтік құжаттар бойынша қабылдау қажет.
Тармақ 38
38. Гидротехникалық құрылыстардың темірбетон конструкцияларын арматуралау үшін тиісті мемлекеттік нормативтердің немесе белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік құжаттар талаптарына жауап беретін және төмендегі түрлердің біреуіне тиесілі арматуралық болатты қолдану қажет:
Тармақша 1
1) ыстықтай жұқартылған - А-I класы тегіс, А-II, A-III, A-IV, A-V класының мерзімдік профилі; термиялық және термомеханикалық нығайтылған - Ат-IIIС, Aт-IVC, Aт-VCK класының мерзімдік профилі;
Тармақша 2
2) шыбықты арматуралық болат:
Тармақша 3
3) суықтай тартылған қарапайым сым - Вр-I класының мерзімдік профилі. Салма бөлшектер мен жалғағыш қаптамалар үшін прокат көміртекті болат қолданылады.
Тармақ 39
39. Темірбетон конструкцияларды арматуралауға арналған арматуралық болат маркаларын олардың жұмыс шарттарына және құрылыс ауданындағы ең суық бес күндіктегі сыртқы ауаның орташа температурасына тәуелді бетон және темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптар бойынша, ал порт және көлік құрылыстары үшін, сондай-ақ, нормативтік құжаттар талаптары бойынша қабылданады.
Тармақ 40
40. Гидротехникалық құрылыстар конструкцияларын (тірек қабырғалары, тіреу, мелиорация құрылысы және тағы басқа) конструктивтік арматуралау үшін нормативтік құжаттар талаптарына жауап беретін композиттік арматураны қолдануға рұқсат етіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Конструктивтік талаптар
5-параграф. Конструктивтік талаптар
Тармақ 41
41. Температуралық және ылғал әсеріне ұшырайтын конструкцияларды жобалаған кезде төмендегідей шараларды қарастыру қажет. Конструктивтік шешімдер:
Тармақша 1
1) осы табиғат жағдайларында барынша тиімді конструкцияны таңдау;
Тармақша 2
2) конструкцияны тұрақты және уақытша температуралық-шөгу жіктерімен кесу;
Тармақша 3
3) сыртқы бетон беттеріне жылуоқшаулағышты орнату;
Тармақша 4
4) алдын ала кернеуленген арматураны қолдану (қабырғасы жұқа конструкциялар үшін). Технологиялық шаралар:
Тармақша 1
1) цементтің төмен термиялық маркаларын қолдану арқылы ауа енгізетін және пластификациялаушы қоспаларды, шығарылатын күл мен басқаларды қолдану есебінен цемент шығынын азайту арқылы бетонның жылу бөлуін төмендету;
Тармақша 2
2) бетон қоспаларының температурасын реттеу;
Тармақша 3
3) бетондау қабаттарының биіктігі мен құрылыстың берілген өсу қарқындылығы кезінде қабаттарды төсеу қашықтығының ең тиімді үйлесімі есебінен бастапқы жылу және экзотермияны ең жоғарғы сейілту;
Тармақша 4
4) бетон массивтерінің беттерін қоршаған орта температурасының күрт ауытқуынан қорғау және жылдың жылы маусымында тұрақты немесе уақытша жылуоқшаулағыш немесе жылугидрооқшаулағыш, суару, ауа баптау арқылы шатырларды орнату және тағы басқалардың көмегімен дымқыл күйде сақтау үшін олардың температуралық және ылғал тәртіптерін реттеу;
Тармақша 5
5) бетон қалауын құбырлы салқындатуды қолдану;
Тармақша 6
6) бетонның біркелкілігін арттыру, оның жоғары созылуын қамтамасыз ету, осьтік созылуда беріктік шегін арттыру;
Тармақша 7
7) статикалық анықталмайтын конструкцияларды тұйықтау, сондай-ақ оны ең төмен пайдалану температураларына жақын бетон температуралары кезінде көлемді конструкцияларды тұтас құю.
Тармақ 42
42. Тұтас құймалы бетон және темірбетон құрылыстарында сызаттардың пайда болуының алдын-алу немесе олардың ашылуын азайту үшін тұрақты отыратын-температураны және отыру жіктерін, сонымен қатар уақытша құрылыс жіктерін қарастыру қажет.
Тармақ 43
43. Тұрақты жіктер құрылыс процесінде, сондай-ақ пайдалану барысында құрылыс бөліктерінің өзара жылжу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Уақытша құрылыс жіктері:
Тармақша 1
1) құрылыстарды тұрғызу процесінде отыратын-температура кернеуінің төмендеуін;
Тармақша 2
2) құрылыс кезеңінде құрылыс бөліктерінің біркелкі отырмауынан туындаған күштерді азайтуды;
Тармақша 3
3) құрылысты тұрғызу бойынша жұмыстардың талап етілетін қарқындылығын сақтауды;
Тармақша 4
4) армоконструкциялар, қалыптар, құрама элементтер және тағы басқа сәйкестендіруді қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 44
44. Құрама-монолиттік конструкциялар үшін конструкцияларды тұтас құйған кезде түйіспелер беті бойынша сенімді байланысты қамтамасыз ететін шараларды қарастыру қажет.
Тармақ 45
45. Температуралық кернеуді, сондай-ақ тиісті негіздеме кезінде негіздің біркелкі отырмау әсерін азайту үшін температураларды теңестіру және отыруды тұрақтандырғаннан кейін бетонмен толтырылатын (тұйықталатын блоктар) уақытша кеңейтілген жіктерді салуға жол беріледі.
Тармақ 46
46. Қиманың биіктігі және ені бойынша арматуралық шыбықтар арасындағы көрінетін қашықтық арматураның бетонмен бірлесе жұмыс істеуін қамтамасыз етуі және бетон қоспасын төсеу және тығыздау қолайлылығын ескере отырып, белгіленуі керек. Көлемді емес конструкциялар үшін шыбықтар арасындағы көрінетін қашықтықты бетон және темірбетон конструкцияларды жобалау жөніндегі талаптарға сәйкес қабылданады.
Тармақ 47
47. Агрессивті орта жағдайларында темірбетон конструкцияларын пайдалану кезінде қорғаныш қабатының қалыңдығын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді ескере отырып тағайындау қажет.
Тармақ 48
48. Созылған және сығылған арматураның бойлық шыбықтары олар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес есеп бойынша талап етілетін қалыпты немесе қима элементінің бойлық осіне көлбеу жүргізілуі тиіс.
Тармақ 49
49. Төзімділікке есептелетін конструкцияларда бір қимада созылған жұмыс арматурасы шыбықтарының жартысынан аспай түйісуі тиіс. Осы конструкцияларда созылған жұмыс арматурасы үшін түйістерді айқастыра (дәнекерлеусіз және дәнекерлеумен) қолдануға рұқсат етілмейді.
Тармақ 50
50. Арматура және болат жабынның бірлескен жұмысы қамтамасыз етілетін болаттемірбетон конструкцияларды жобалау кезінде соңғысының қалыңдығын монтаждау және тасымалдау шарттары бойынша ең төмен қабылданады.
Тармақ 51
51. Темірбетон конструкциялардың арматурасы армофермалар, армопакеттер, дәнекерлеу каркастары және торлар түрінде қарастырылады. Армоконструкциялар типтерін жұмыс өндірісінің қабылданған тәсілін ескере отырып белгілеу керек. Олар бетонды механикаландырылған беру және оны мұқият өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 52
52. Темірбетон конструкцияларға арматураны орнатуды оны бетондау блогына бекіту үшін конструктивтік элементтерге металды ең жоғарғы үнемдеу арқылы индустриялық әдістермен жүргізу қажет. Құрылыс кезеңінде жүктемелерді қабылдау үшін пайдалану жүктемесіне есептеу арқылы анықталған арматура қимасының ауданын арттыруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 53
53. Судың айнымалы деңгейі аймағында орналасқан және теріс температуралардың әсеріне ұшырайтын бетон құрылыстардың ашық беттерін, сонымен қатар ыстық құрғақ климат жағдайында тұрғызылатын құрылыстардың ашық беттерін А-ІІ класты арматурадан жасалған торлармен арматуралауға жол беріледі. Барлық қалған жағдайда бетон құрылыстардың ашық беттерін конструктивтік арматуралауға рұқсат етілмейді.
Тармақ 54
54. Алдын ала кернелген элементтерді конструкциялау кезінде бетон және темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптарды, құрылыстардың жеке түрлерін жобалаудың өзге де нормативтік-техникалық құжаттарының және осы бөлімнің талаптары орындалады.
Тармақ 55
55. Тартылған арматураға қандай да бір бөлшектерді дәнекерлеуге және ұстатуға рұқсат етілмейді. Бұл талап бетонды қысу күшін бергеннен кейін бұйымдардан шығып тұрған кернеуленетін арматураның ұшына бөлшектерді дәнекерлеуге таратылмайды.
Тармақ 56
56. Бойлық кернелмейтін арматураны көлденең арматура (қамыт) кернелетін арматураны қамтуы үшін элементтің сыртқы бетіне жақын орналастыру керек.
Тармақ 57
57. Қырлы элементтерде шыбықты кернелген арматураны элементтің әр қырының осі бойынша немесе оған симметриялы орналастырылады.
Тармақ 6. 6-параграф. Негізгі есептік ережелер
6-параграф. Негізгі есептік ережелер
Тармақ 58
58. Бетон және темірбетонды конструкциялар жүктемелер мен әсерлердің барлық үйлесімі кезінде бірінші топтың шекті жағдайы бойынша, ал екінші топтың шекті жағдайы бойынша – тек жүктемелер мен әсерлердің негізгі үйлесімі кезінде ғана есептеу талаптарын қанағаттандыруы керек.
Тармақ 59
59. Шекті жағдай бойынша есептеуді, әдеттегідей, конструкцияны салу, тасымалдау, монтаждау және пайдаланудың барлық кезеңдерінде жүргізу керек.
Тармақ 60
60. Бетон конструкцияларды:
Тармақша 1
1) бірінші топтың шекті жағдайы бойынша – беріктік пен төзімділік есебіне сәйкес конструкцияның орналасқан орны және пішінінің төзімділігін тексеру арқылы беріктікке;
Тармақша 2
2) екінші топтың шекті жағдайы бойынша – сызаттардың пайда болуы бойынша – температуралық, ылғал және сейсмикалық әсерлер есебіне сәйкес есептеу қажет.
Тармақ 61
61. Темірбетон және болат темірбетон конструкцияларды есептеу керек:
Тармақша 1
1) бірінші топтың шекті жағдайы бойынша – конструкцияның орналасқан орны мен пішінінің төзімділігін тексеру арқылы беріктік бойынша беріктік пен төзімділік есебіне сәйкес көп рет қайталанатын жүктеме кезіндегі төзімділік бойынша;
Тармақша 2
2) екінші топтың шекті жағдайы бойынша – құрылысты қалыпты пайдалану шарты бойынша сызаттардың пайда болуына жол берілмеген жағдайда, сызаттардың пайда болуы бойынша (сызаттарға төзімді конструкциялар) немесе сызаттардың ашылу шамаларын шектеу бойынша (сызаттарға төзімді емес конструкциялар) және жылжу шамасы сызаттардың пайда болуы мен ашылуын есептеуге сәйкес конструкцияларды және онда орналасқан механизмдерді қалыпты пайдалану мүмкіндігін шектеуі мүмкін жағдайларда деформациялар бойынша.
Тармақ 62
62. Болат темірбетон конструкцияларды жобалаған кезде тасымалдау, монтаждау және құрылыс жүктемелер әсеріне (арнайы әзірленген нормативтік құжаттарға сәйкес) металл қаптаманың және табақты арматура мен бетонның бірінші топтың шекті жағдайы бойынша бірлескен жұмысын қамтамасыз ететін анкерлер беріктігі есептеледі.
Тармақ 63
63. Құрама-монолиттік конструкцияларды, сонымен қатар көтергіш арматурасы бар конструкцияларды конструкция жұмысының екі кезеңі үшін есептеу керек:
Тармақша 1
1) конструкцияны қолдану орнына салынған бетон берілген беріктікті алғанға дейін – осы бетонның меншікті салмағы әсеріне және құрылысты салудың осы кезеңінде әрекет ететін басқа жүктемелер әсеріне;
Тармақша 2
2) конструкцияны қолдану орнына салынған бетон берілген беріктікті алғанға дейін – конструкцияны пайдалану кезінде әсер ететін жүктемеге, оның ішінде меншікті салмақ. Беріктікке есептеуге салынатын күштер мен кернеулерді қоспай, екі кезең бойынша жеке-жеке есептік жүктемелерге жүргізіледі.
Тармақ 64
64. Бөгеттер негізіне анкерленген І және ІІ класты құрылыстар үшін конструкцияларды есептеу арқылы анкерлік құрылғылардың көтергіш қабілетін, бетон және анкердегі кернеу релаксациясын анықтау үшін тәжірибелік зерттеулер жүргізіледі. Анкерлерді тоттанудан қорғау шараларын қарастыру қажет. Алдын ала кернелген конструкциялар үшін жобада анкерлерді немесе оларды алмастырушыларды қайтадан керу, сонымен қатар бетондағы анкерлер күйін басты бақылауды жүргізу мүмкіндігі қарастырылады.
Тармақ 65
65. Құрама конструкциялар элементтерін көтеру, тасымалдау және монтаждау кезінде туындайтын күштерге, элементтің өз салмағынан түсетін жүктемеге есептеген кезде бетон және темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптар бойынша белгіленген динамикалық коэффициенттермен есептеуге енгізу қажет.
Тармақ 66
66. Элементтердің есептік қималарында судың қарсы қысымының шамасын пайдалану кезеңінде конструкция жұмысының шартын ескере отырып, конструктивтік және технологиялық шаралар ескеріле отырып анықталады. Ауқымды екпінді және суасты гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларының элементтерінде судың қарсы қысымын көлемдік күш ретінде ескеріліп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер бойынша анықталады. Шыбықты және плиталық элементтерде судың қарсы қысымын қарастыратын есептік қимаға салынған созылатын күш ретінде ескеру керек, бұл жағдайда материалдың меншікті салмағы өлшеуді ескерусіз алынады. Судың қарсы қысымы бетондау жіктеріне сәйкес келетін қималарды, сонымен қатар тұтас құймалы қималарды есептеген кездегідей ескеріледі.
Тармақ 67
67. Тегеурінді шыбықты және плиталы элементтердің есептік қималарындағы қарсы қысым күшін қарсы қысым әсерімен негізделген кернеу эпюрасы ауданына тең деп қабылдау керек.
Тармақ 68
68. Көтергіш қабілетті және қалыпты пайдалануға жарамдылығын тексеру кезінде ішкі күштер (кернеулер) және жылжуларды сызаттың пайда болуымен және бетон қозғалғыштығымен, материалдардың кернеулері мен деформациялары арасындағы сызықты емес тәуелділікпен негізделген конструкцияның серпімді емес әрекетін ескере отырып, сонымен қатар құрылыс салу және жүктеу реттілігі ескеріле отырып анықталады. Элементтер қималарындағы күштерді (кернеулерді) конструкциялардың серпімді емес әрекетін ескере отырып, конструкцияны есептеу әдістемесі әзірленбеген кезде немесе есептеу құрылысты жобалаудың аралық кезеңінде орындалған жағдайда, конструкцияның серпімді жұмысын болжауда анықтауға жол беріледі.
Тармақ 69
69. Статикалық анықталатын шыбық жүйелерін, жұқа плиталарды және аркаларды бірінші және екінші топтардың шекті жағдайы бойынша есептеген кезде күштерді, жылжуларды және бұрылыс бұрыштары материалдардың кедергі әдістерімен анықталады. Кернеулер бойынша элементтердің беріктігін және сызаттарға төзімділігін бағалау кезінде (арқалықтар-қабырғалар, консоль қабырғалар, қалың арқалықтар, құбырлар және көлемді элементтер) соңғылары серпімділік теориясы әдістерімен немесе тәжірибе жүзінде анықталады.
Тармақ 70
70. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкциялары элементтерін есептеген кезде құрылыс кезеңінің тұрақты сипаттағы қосымша байланыстарын (эстакадалар, кертікті конструкциялар, арқалықтар, кран астындағы жолдар, жұмыстар өндірісіне арналған қосымша арматура және тағы басқалар) ескеру қажет.
Тармақ 71
71. Гидротехникалық құрылыстарды жобалаған кезде осы нормалармен регламенттелмейтін есептеулерді (алдын ала кернелген конструкциялар есептері, жалпы жағдайдағы қималарды есептеу, оның ішінде орталықтан тыс сығылу қисығына және қисық иілуге есептеу, қысқа консольдерді есептеу, майыстыру және үзуге есептеу, қалау бөлшектерін есептеу және тағы басқалар) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сәйкес мемлекеттік нормативтерге қойылатын талаптар бойынша орындау ұсынылады. Бұл жағдайда тиісті коэффициенттерді ескеру қажет.
Тармақ 7. 7-параграф. Бетон және темірбетон конструкциялар элементтерін беріктікке және төзімділікке есептеу
7-параграф. Бетон және темірбетон конструкциялар элементтерін беріктікке және төзімділікке есептеу
Тармақ 72
72. Бетон элементтерін беріктікке есептеу олардың бойлық осіне қалыпты қималар үшін жүргізіледі. Шекті жағдайдың орын алу шарты қималардағы күштер арқылы көрсетілуі мүмкін емес элементтерді беріктікке есептеу басты кернеулер әрекетінің алаңдары үшін орындалады.
Тармақ 73
73. Пайдалану шарты бойынша сызаттардың пайда болуына жол берілетін орталықтан тыс сығылған элементтерді қиманың созылған аймағы бетонының кедергісін ескерусіз есептейді.
Тармақ 74
74. Барлық иілетін элементтер, сонымен қатар пайдалану шарттары бойынша сызаттардың түзілуіне жол берілмейтін орталықтан тыс сығылған элементтерді бетонның созылу кедергісін ескере отырып есептейді.
Тармақ 75
75. Беріктігі қиманың созылған аймағының бетон беріктігімен анықталатын бетон конструкцияларын, егер сызаттардың пайда болуы бұзылуға, жол берілмейтін деформацияларға немесе конструкцияның су өткізбеушілігінің бұзылуына алып келмеген жағдайда қолдануға жол беріледі.
Тармақ 76
76. Темірбетон элементтерді беріктікке есептеуді олардың бойлық осіне қалыпты қималар, сондай-ақ ең қауіпті бағыт қимасының осіне көлбеулер үшін жүргізіледі.
Тармақ 77
77. Айналу кезеңі болған жағдайда, ықтимал бағыттар ішінен ең қауіпті шиыршықты сызаттың созылған аймағында шектелген кеңістіктік қималар беріктігін тексеру керек. Сонымен қатар жүктеменің жергілікті әсеріне (мыжылу, майысу, үзілу) элементтерді есептеу жүргізіледі.
Тармақ 78
78. Элемент қимасына әртүрлі түр мен класты арматураны салған кезде оны тиісті есептік кедергілер арқылы беріктік есебіне енгізеді.
Тармақ 79
79. Элементтің бойлық осіне қалыпты қимадағы шекті күштер келесі алғышарттар нәтижесінде анықталады:
Тармақша 1
1) бетонның созылуға кедергісі нөлге тең деп алынады;
Тармақша 2
2) сығылуға бетонның кедергісі бетонның сығылған аймағында біркелкі бөлінген тең Rb кернеулер түрінде болады;
Тармақша 3
3) арматурадағы созылатын кернеу созылудың есептік кедергісінен Rs артық емес алынады;
Тармақша 4
4) арматурадағы сығылатын кернеу созылудың есептік кедергісінен Rsc артық емес алынады.
Тармақ 80
80. Сыртқы күш қима симметриясы осі жазықтығында әрекет ететін және арматура элемент қырының аталған жазықтығына перпендикуляр бағытталған кезде, элементтің бойлық осіне қалыпты қима есебін шекті жағдай арматура жұмысы шартының тиісті коэффициенттерін ескере отырып, Rs есептік кедергіге тең созылған арматура кернеуіне бір уақытта жетумен орын алған кезде, бетонның сығылған аймағының салыстырмалы биіктігі ξ және бетонның сығылған аймағының салыстырмалы биіктігі ξR арасындағы қатынасқа байланысты жүргізілуі тиіс. Бетонның сығылған аймағының салыстырмалы биіктігі ξ сыртқы және ішкі күштер жүйесінің әсерімен элементтің тиісті тепе-теңдігі шарттарынан анықталады.
Тармақ 81
81. Иілетін және үлкен эксцентриситеттері бар орталықтан тыс созылған темірбетон элементтер ξ кем немесе тең ξR шартын қанағаттандыруы тиіс. Кезең мен қалыпты күш әсері жазықтығына салыстырмалы симметриялы, кернелмейтін арматурамен арматураланған элементтер үшін шекаралық мәндерді бетонның тиісті класы кезінде ξR шекті мәндері бойынша, ал кернелген арматурамен арматураланған элементтер үшін – бетон және темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптар бойынша қабылдау қажет.
Тармақ 82
82. Элементтің есептік ұзындығының оның биіктігіне белгілі бір қатынасы кезінде темірбетон элементтерді көлденең күш әсеріне есептеуді басты созылатын кернеулер бойынша қабырғалық конструкция түрінде жүргізіледі.
Тармақ 83
83. Қамыттармен армирленген, тұрақты биіктіктегі иілетін және орталықтандырылмаған Сығылған элементтерді есептеу осы құрылыс нормаларының есептік коэффициенттерін ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 84
84. Элемент осіне перпендикуляр бағытта әсер ететін қалыпты кернеулерді есепке алу кезінде басты созылатын кернеулерді бетон және темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
Тармақ 8. 8-параграф. Сызаттардың пайда болуы мен ашылуы және деформациялар бойынша темірбетон конструкциялардың элементтерін есептеу
8-параграф. Сызаттардың пайда болуы мен ашылуы және деформациялар бойынша темірбетон конструкциялардың элементтерін есептеу
Тармақ 85
85. Сызаттардың пайда болуы бойынша темірбетон элементтерді есептеу төмендегідей жүргізіледі:
Тармақша 1
1) пайдалану шарты бойынша сызаттардың пайда болуына жол берілмеген жағдайларда;
Тармақша 2
2) статикалық анықталмайтын шыбықты және массивті конструкцияларды есептеу кезінде сызаттардың пайда болу аймақтарын анықтау үшін;
Тармақша 3
3) гидротехникалық құрылыстардың жеке түрлерін жобалау нормаларының арнайы талаптары болған кезде.
Тармақ 86
86. Сызаттардың пайда болуы бойынша есептеулерде қиманың сығылған аймағында арматураның болуын ескермеуге рұқсат етіледі.
Тармақ 87
87. I және II класты құрылыстар үшін бетондау жіктерінің бетон элементтерінің созылу беріктігіне әсері тәжірибелер негізінде анықталады.
Тармақ 88
88. Бетон және темірбетон конструкцияларды деформациялар бойынша есептеуді иілулер, бұру бұрыштары, жылжулар және әртүрлі әсерлерден конструкциялардың тербеліс амплитудасы қолданыстағы шекті рұқсат етілген мәндерден аспауы керек шартпен жүргізеді.
Тармақ 89
89. Темірбетон конструкциялардың деформациялары, сондай-ақ статикалық анықталмайтын конструкциялар элементтеріндегі күштер сызаттар мен бетонның серпімді емес қасиеттерін ескере отырып, құрылыс механикасы әдістерімен анықталады.
Тармақ 9. 9-параграф. Бетон және темірбетон конструкциялар элементтерін температуралық, ылғал, сейсмикалық әсерлерге есептеу
9-параграф. Бетон және темірбетон конструкциялар элементтерін температуралық, ылғал, сейсмикалық әсерлерге есептеу
Тармақ 90
90. Температуралық әсерлерді есепке алуды жүргізу керек:
Тармақша 1
1) бетон конструкцияларды беріктігі бойынша есептеу кезінде, сондай-ақ осы конструкциялардың бұзылуы олардың жұмысының статикалық сызбасын өзгертуі, қосымша сыртқы күш әсерлерін және қарсы қысымның артуын тудыратын, су өткізбеушілік пен конструкцияның ұзақ мерзімділігін төмендетуге алып келетін жағдайларда оларды сызаттардың пайда болуы бойынша есептеу кезінде;
Тармақша 2
2) статикалық анықталмайтын темірбетон конструкцияларды есептеу кезінде; сонымен қатар темірбетон конструкцияларды сызаттардың пайда болуы (болдырмау) бойынша есептеу кезінде;
Тармақша 3
3) температуралық жіктер конструкция мақсаты үшін құрылыс элементтерінің және сүзуге қарсы тығыздамалар деформациясы мен жылжуын анықтау кезінде;
Тармақша 4
4) құрылыс салу және оны қалыпты пайдалану шарты бойынша талап етілетін температуралық тәртіптерді белгілеген кезде;
Тармақша 5
5) топырақпен жанасатын, тікбұрышты емес қиманың (таврлы, сақиналы) жұқа қабырғалы темірбетон элементтерін есептеген кезде. Температуралық әсерлерді, егер осы конструкциялардың қозғалу еркіндігі қамтамасыз етілсе, жұқа қабырғалы конструкциялар есебінде ескермеуге рұқсат етіледі.
Тармақ 91
91. Бетон және темірбетон конструкцияларды есептеген кезде пайдалану және құрылыс кезеңінің температуралық әсерлері ескеріледі. Гидротехникалық құрылыстардың жеке түрлерінің бетон және темірбетон конструкцияларын есептеулерде ескерілетін температуралық әсерлердің нақты тізімі құрылыстың тиісті түрлерін жобалау нормаларымен белгіленеді.
Тармақ 92
92. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын тиісті негіздеме кезінде температуралық әсерлерге есептеулер кезінде күн радиациясының жылулық әсерін есепке алуға жол беріледі.
Тармақ 93
93. Бетон және темірбетон конструкцияларды есептеу кезінде ылғал әсерлерін ескеру осы конструкцияларда бетонның отыру немесе ісінудің даму мүмкіндіктеріне байланысты негізделуі тиіс. Бетонның отыруын:
Тармақша 1
1) массивті конструкциялардың;
Тармақша 2
2) егер құрылыс кезеңінде бетонның құрғауының алдын алу шаралары қарастырылған болса, су астындағы, сумен жанасатын немесе топырақпен көмілген жұқа қабырғалы конструкциялардың есептеулерінде ескермеуге рұқсат етіледі.
Тармақ 94
94. Конструкциялардың температуралық және ылғал өрістері тұрақты емес процесстер үшін қабылданған негізгі ережелерді қолдану арқылы құрылыс физикасының әдістерімен есептеледі.
Тармақ 95
95. Сыртқы ауа температурасы мен ылғалдылығы туралы деректер және басқа климатологиялық сипаттамалар құрылыс ауданындағы метеорологиялық бақылаулар негізінде қабылданады. Мұндай бақылаулар болмаған жағдайда қажетті мәліметтер нормативтік құжаттар және ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ресми құжаттары бойынша қабылданады. Су қоймаларындағы су температурасы арнайы есептеу негізінде және ұқсастықтар бойынша анықталуы тиіс.
Тармақ 96
96. І класты гидротехникалық құрылыстар конструкциялары үшін сейсмикалық әсерге есептеумен қатар тәжірибелік, соның ішінде модельдік зерттеулер жүргізіледі; құрылыстардың динамикалық сипаттамаларын және оларды есептеудің қолданыстағы әдістерін нақтылау үшін ішінара тұрғызылатын және қолданыстағы құрылыстарда натурлық зерттеулерді жүргізу орынды.
Тармақ 97
97. Гидротехникалық құрылыстарды сейсмикалық аудандарда салу барысында бетон және темірбетон конструкцияларды есептегенде сейсмикалық әсер ескеріледі.
Тармақ 10. 10-параграф. Қоршаған ортаны қорғау
10-параграф. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 98
98. Бетон және темірбетон конструкциялар қоршаған ортаға ең төмен әсерді, зиянды қалдықтармен ластанудың алдын-алу, жою, оларды залалсыздандыру мен кәдеге жарату бойынша сенімді және тиімді шаралар ескеріле отырып жобаланады.
Тармақ 99
99. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау, салу және пайдалану кезінде қарастырылған қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар шаң мен газ шығарылымдарын, заттарды тастау мен өзге әсерлерді төмендету, атмосфералық ауаны, топырақты, суды қорғау жолымен қоршаған ортаға кері әсерді төмендетуді қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 100
100. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау мен салу кезінде қоршаған ортаны қорғау мақсатында экологиялық таза технологиялар мен материалдар пайдаланылады.
Тарау 6. 6-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
6-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
Тармақ 101
101. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау кезінде энергия мен ресурсты үнемдеудің оңтайлы техника-экономикалық көрсеткіштері қамтамасыз етіледі.
Тармақ 102
102. Бетон және темірбетон конструкцияларды жобалау кезінде пайда болатын қалдықтарды жинау және қайта өңдеуден тұратын «жасыл» құрылыс принциптерін сақтау қажет.
Тармақ 103
103. Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларының элементтері энергия тиімділігі бойынша талаптарды қамтамасыз етуді ескере отырып жобаланады.
Тармақ 104
104. Бетон және темірбетон конструкцияларды жобалау кезінде экология және ресурстарды үнемдеу саласындағы соңғы жетістіктер ескеріледі.
Тармақ 105
105. Бетонға, арматураға, гидротехникалық құрылыстарды салудың технологиялық параметрлеріне қойылатын талаптарды жобалаумен табиғи ресурстарды ұтымды қолдану қамтамасыз етілуі керек.
Тармақ 106
106. Бетон және темірбетон конструкцияларды жобалау кезінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында химиялық қоспалардың және жылу энергетикасының қалдықтарын қолдануды қарастыру қажет. ӘОЖ 627.8012.4(083.74) МСЖ 91.100.30 91.080.40 93.160 _____________________________________________________________________________________________ Түйінді сөздер: конструкциялар, бетон, арматура, есептік көрсеткіштер, беріктік бойынша есептеу, жарықшақтың ашылуы бойынша есептеу, деформациялар бойынша есептеу, конструктивтік талаптар, гидротехникалық құрылыстар. _____________________________________________________________________________________________