О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына : көрсетiлген қаулыға қосымшада: IV "Шығындар" деген бөлiмiнде: 12 "Көлiк және байланыс" деген функционалдық тобында: 1 "Автомобиль көлiгi" деген iшкi функциясында: 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" әкiмшiсi бойынша: 036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" деген бағдарламасында: 035 "Астана - Бурабай автомобиль жолының учаскесiн қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламасында "3112700" деген сан "2982700" деген санмен ауыстырылсын; 044 "Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзенi арқылы өтетiн көпiр" деген кiшi бағдарламасында "253000" деген сан "383000" деген санмен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттiк бағдарламасының 2002 жылға арналған паспортын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 102 қаулысына : көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармағының кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанында: "426" деген сан "464" деген санмен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 122 қаулысына : көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармағының кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бойынша iс-шаралар" деген 5-бағанында: 1) тармақшада "2" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын; 3) тармақшада "2" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 7-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармағының кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанында: коды 035 "Астана-Бурабай автомобиль жолының телiмiн қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламасында: "құрылыс" деген сөз алынып тасталсын; мынадай сөздермен толықтырылсын: "- жол-құрылыс материалдарын дайындау."; коды 044 "Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзенi арқылы өтетiн көпiр" деген кiшi бағдарламасында: "құрылыс" деген сөз алынып тасталсын; "45" және "10" деген сандар тиiсiнше "230" және "14" деген сандармен ауыстырылсын; 7-тармақта: 2) тармақша "- жол-құрылыс материалдарын дайындау" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшада "45" және "10" деген сандар тиiсiнше "230" және "14" деген сандармен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 13-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармағының кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанында: "- радиотехникалық бақылаудың 1 жылжымалы станциясы;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "- радиотехникалық бақылаудың 2 жылжымалы станциясы;"; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "- портативтiк iздестiру-өлшеу аспаптарының 10 жинақтауышы (көпфункционалдық тестiлеу қабылдағышы, портативтiк тестiлеу қабылдағышы, көпфункционалдық тестiлеу жиiлiк өлшегiшi, кеңейтiлген диапазонды радиостанциялар)."; 7-тармақта: төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "- радиотехникалық бақылаудың 2 жылжымалы станциясы;"; мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын: "- портативтiк iздестiру-өлшеу аспаптарының 10 жинақтаушы (көпфункционалдық тестiлеу қабылдағышы, портативтiк тестiлеу қабылдағыш, көпфункционалдық тестiлеу жиiлiк өлшегiшi, кеңейтiлген диапазонды радиостанциялар).".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.