О внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: "Алматы қаласы" деген бөлімде: реттік нөмірі 123-14-жолдағы "Биоген" ЖАҚ" деген сөздер "Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты" ЖАҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына : көрсетілген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-18-жолмен толықтырылсын:
Тармақ 222-18
"222-18. "Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты" ЖАҚ";
Тармақша 3
3) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ж, 2000 ж., N 43, 513-құжат): көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын:
Тармақ 37
"37. "Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты ЖАҚ (Алматы қаласы) 54 пайыз".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі