Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества сельского округа Әйет района Беимбета Майлина Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мәслихат шешімдерінің:
Тармақша 1
1) «Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 22 шілдедегі № 222 (2014 жылғы 11 қыркүйекте «Маяк» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5030 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Мәслихаттың 2014 жылғы 22 шілдедегі № 222 «Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2017 жылғы 24 қарашадағы № 133 (2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7403 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың
2019 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 331 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Әйет ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Әйет ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Әйет ауылдық округінің әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Әйет ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Әйет ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Әйет ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Әйет ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 24. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2019 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 331 шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№
Елді мекеннің атауы
Кент тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1
Әйет ауылының шекараларында: Западная 1а, 2, 3, 3а, 4-8, 8а, 9, 10, 10а, 11-21, 23, 24, 24а, 25-30, 32, 34, 40 лет Победы, 4-15, 15а, 15б, 15е, 16-28, 30-32, 50 лет Октября 2, 3, 5, 10, 12, 14, Набережная 21, 23-26, 28, 28а, 29, 30, 30а,31, 32, 32а, 33, 35-37, 39-43, 43а, 44-46, 46а, 47-60, 63-67, 69-77, 79, 82, 84, 86, 86а, 87, 88, 90, 92, 94, 94а, 96-100 жұп жағы, Тәуелсіздік 76-80, 82-88 жұп жағы, 88а, 88б, 88в, 89, 90, 92, 94, 95-99, 103-106, 108-112, 114, 116, 118-130, 132-142 жұп жағы, 142а, 148, 158, Республика 89, 94, 97-101, 103, 105, 107, 108-124, 126-133, 135-142, 144-147, 148, 150, Е. Омаров 1б, 2, 2а, 4-6, 8-11, 14, 16-18, 18а, 19-23, 23а, 24-27, 27а, 28-30, 32-34, 37-45 тақ жағы, Мир 3, 5-8, 8а, 10, Е. Өмірзақов 1, 3-30, 32-43, 45-55 тақ жағы, Жабағы-Батыр 74, 79-83 тақ жағы, 85-87, 89-103, 105-113, 115, 116, Рассвет 2-18 жұп жағы, Совхозная 1, 3-12, 14-20 жұп жағы, Строительная 1-19, Темірбаев 1, 1а, 2-14, 16-30, 32-42, 44-54 жұп жағы, Тернопольская 1, 2а, 2б, 2в, 3-6, 6а, 7, 9-25, 27 көшелері.
3
2
Әйет ауылының шекараларында: Восточная 1-3, 5-9, 11, 17, 19, Тәуелсіздік 1е, 1ж, 4-9, 11, 13, 14, 16, 17, 18а, 20, 22, 24-28, 30, 33, 34, 36-42, 44-47, 50, 52, 56, 61, 68, 69 , Республика 1, 1а, 1б, 3-20, 22-24, 26, 30-34 жұп жағы, 35, 35а, 36-39, 39а, 42, 46-53, 57, 59, 61, 62, 64, 65, 68-70, 72, 74, 76-79, 82, 84, 86-88, 92, Лесопитомник 1, Майлин тұйық көше 1-9, 11-13, Набережная 1, 1а, 1б, 5, 9, 11, 13, 14в, 15, 15а, 17, 17а, 18, 20, 22, Болашақ 1, 3, 3а, 5, 9, 14, 15, 27-33 тақ жағы, Жабағы-Батыр 1, 1а, 1б, 1в, 2, 2а, 3-5, 7-9, 11-19, 21, 21а, 22, 22а, 23-43, 45-56, 59-67, 69-71, 73, 75, Садовая 1, 1а, 1б, 2, 2а, 2б, 4, 5а, 5б, 6-9, 11-19, 21-26, Б. Майлина 1-11 тақ жағы, 13-18, 20, 25, 27, 33, 35, 37, Среднее профессионально-техническое училище 3-9, 11-13, 15, Степная 2, 3, 5-30, Тобольская 1, 1а, 2-5, 5а, 6, 8-15, 17, 18, 18а, 19, 20, 20а, 21, 22, 26, 28, 30-34, 37-49 тақ жағы, 53, 55, Целинная 1, 3-8, Южная 2-5, 5б, 6, 8-26 жұп жағы, 30 көшелері.
3
3
Журавлевка ауылы
2
4
Красносельское ауылы
3
5
Орынбор ауылы
3
6
Щербиновка ауылы
2