О Совете по финансовой стабильности Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 21) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Кеңес туралы ереже;
Тармақша 2
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жүйелік тәуекелдердің алдын алуға және (немесе) азайтуға жәрдемдесу Кеңестің негізгі міндеті болып табылады.
Тармақ 5
5. Кеңестің функцияларына:
Тармақша 1
1) қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін азайтуға бағытталған макропруденциялық саясатты іске асыру шараларын;
Тармақша 2
2) қаржы дағдарысы туындауының алдын алу және оның салдарларын барынша азайту жөніндегі шараларды;
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 4-1
4-1) жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы туралы мәселені қоса алғанда, оған реттеу режимін қолдануды;
Тармақша 5
5) қаржы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті өзге мәселелерді қоса алғанда, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын ала қарау және ұсыну кіреді.
Тармақ 6
6. Кеңес өз қызметі шеңберінде:
Тармақша 1
1) макропруденциялық саясат мәселелері бойынша: жүйелік тәуекелдерді бағалау және мониторингтеу нәтижелерін, сондай-ақ оларды азайту жөнінде ұсынылатын шараларды қарайды; пруденциялық реттеу құралдары бойынша ұсынымдарды қоса алғанда, макропруденциялық саясатты іске асыру бойынша ұсынымдар береді;
Тармақша 2
2) қаржы дағдарысы туындауының алдын алу және оның салдарларын барынша азайту жөніндегі шаралармен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың дағдарысқа қарсы шаралар бойынша ұсыныстарын қарайды және оларды іске асыру жөнінде ұсынымдар береді;
Тармақша 3
3) жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану мәселелері бойынша: жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасын қарайды және оны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оны мақұлдау немесе оны мақұлдаудан бас тарту туралы шешім шығарады; жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы туралы мәселені қарайды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарды үйлестіруді және Кеңес мүшелерінің арасында тиімді ақпарат алмасуға жәрдемдесуді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Кеңестің құқықтары
3. Кеңестің құқықтары
Тармақ 7
7. Кеңес:
Тармақша 1
1) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекетаралық және үкіметаралық үйлестіру-консультативтік органдармен ынтымақтасуға;
Тармақша 2
2) қаралатын мәселелер бойынша консультациялар жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, қоғамдық бірлестіктерді, жеке кәсіпкерлік субъектілерін, ұйымдарды, ғалымдарды және тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге ұйымдардан Кеңестің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдарды, оның ішінде: Ұлттық Банктен макропруденциялық саясат мәселелерін қарау кезінде анықталған жүйелік тәуекелдер, жүйелік тәуекелдерді бағалау және мониторингтеу нәтижелері туралы және оларды азайту бойынша ұсынылатын шаралар туралы ақпаратты; қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан макропруденциялық саясат мәселелерін қарау кезінде қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйі және тәуекелдері, қадағалау және реттеу шаралары туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 3-1
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңес жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттің қатысуы туралы мәселені қараған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге ұйымдардан материалдарды, оның ішінде: Ұлттық Банктен: реттеу режиміндегі банкті «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүйелік маңызы бар банкке жатқызу туралы ақпаратты; Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдік берген жағдайда жүйелік маңызы бар банкке не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкіне соңғы сатыдағы қарыз беру мүмкіндігі туралы ақпаратты; қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан: жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасын; жүйелік маңызы бар банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелерін, оның реттеу жоспарын, сондай-ақ жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасында көрсетілген реттеу құралдарының тізбесін, іске асырудың шарттары мен болжамды мерзімдерін; бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органнан: мыналар: Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы; жүйелік маңызы бар банкті реттеуге арналған қарыздар бойынша жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру үшін республикалық бюджет қаражатын және (немесе) өзге де қаражатты пайдалану мүмкіндігі туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 3-2
3-2) жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану мәселелері бойынша реттеу құралдарының тізбесіне, іске асырудың шарттары мен болжамды мерзімдеріне ұсынымдар беруге;
Тармақша 4
4) өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 4. 4. Кеңестің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру
4. Кеңестің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Кеңеске Кеңес төрағасы жетекшілік етеді. Кеңес төрағасы:
Тармақша 1
1) Кеңес қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;
Тармақша 3
3) Кеңес отырыстарын өткізу нысанын, күнін, орнын және уақытын айқындайды;
Тармақша 4
4) Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президенті алдында Кеңестің жұмысы туралы есеп береді.
Тармақ 9
9. Кеңес мүшелері:
Тармақша 1
1) Кеңес отырысының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) Кеңес отырыстарына материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады, Кеңестің алдында тұрған міндеттерді шешуге ықпал етеді;
Тармақша 3
3) Кеңес отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысады.
Тармақ 10
10. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімде, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі. Кеңес отырыстары оның мүшелерінің тікелей қатысуымен немесе сырттай нысанда өткізіледі және Кеңес төрағасын қоса алғанда, Кеңестің кемінде төрт мүшесі дауыс беруге қатысқан кезде құқықтық күші бар болып саналады. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдау аяқталған күн Кеңестің отырыстарын сырттай нысанда өткізу күні болып табылады. Кеңестің құрамына кіретін лауазымды адам орнында болмаған жағдайда, Кеңес отырысына орнында болмаған лауазымды адамның міндеттерін атқаратын адам дауыс беру, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге немесе Кеңес отырысының хаттамасына қол қою құқығымен қатысады.
Тармақ 11
11. Ұлттық Банк Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 12
12. Кеңестің жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және Кеңес мүшелерінің ұсыныстары және бұрын қабылданған шешімдер негізінде Кеңес отырыстарын өткізу үшін тиісті материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары және ол бұрын қабылдаған шешімдер негізінде отырыстың күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
Тармақша 3
3) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өткізілетін нысаны, күні, орны, уақыты және күн тәртібі туралы, Кеңес отырысы сырттай нысанда өткізілген кезде сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдау аяқталатын күн туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) Кеңестің шешімдерін ресімдеуді және келісуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Кеңес шешімдерінің орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарға хаттаманың көшірмесін және өзге қажетті материалдарды жібереді.
Тармақ 13
13. Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады. Отырыс тікелей қатысу нысанында өткізілген кезде Кеңестің жұмыс органы өткізілген отырыстан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді және Кеңестің мүшелеріне келісуге жібереді және Кеңестің жұмыс органы оларға хаттаманы жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде отырысқа қатысқан Кеңестің барлық мүшелері қол қояды. Отырыс сырттай нысанда өткізілген кезде Кеңестің жұмыс органы хаттаманы сырттай дауыс берудің алынған бюллетеньдері негізінде дауыстарды санау қорытындысы бойынша өткізілген отырыстан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімдейді және оны Кеңестің жұмыс органы ресімдеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңес төрағасы қол қояды.
Тармақ 14
14. Кеңестің шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады және ұсынымдық сипатқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
Тармақ 15
15. Кеңестің шешімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кез келген өзге тәсілмен қаржы нарығы субъектілерінің назарына жеткізілуі мүмкін.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік органдар Кеңестің жұмыс органына Кеңестің шешімдерінің орындалғаны не орындалмағаны туралы ақпаратты тиісті негіздемесімен қоса Кеңес тиісті шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей немесе Кеңес шешімінде көрсетілген мерзімдерде ұсынады.
Тарау 5. 5. Кеңес қызметін тоқтату
5. Кеңес қызметін тоқтату
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі Кеңес қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.
Басқа 60. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің ҚҰРАМЫ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, төраға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі болатын Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы _________________________
Басқа 61. Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 994 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 310-құжат).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 204 Жарлығының 1-тармағының 7) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 189-құжат).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 476-құжат).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 351-құжат).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 750 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 29-құжат).
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат).
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 568 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 50-51-52, 325-құжат).