Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы Күшін жойған
Басқа 0
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 - бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) бекітілген, Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота
2019 жылғы 25 желтоқсаны
№ 340 қаулысына
қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота
№
Мекеменің атауы
Жұмыс орындарының саны
Квотаның пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3
33,3 %
1