Об определении условии по предоставлению в имущественный наем (аренду) объектов, находящихся на балансе коммунальных государственных учреждений и в хозяйственном ведении или оперативном управлении государственных коммунальных предприятий, в том числе объектов государственной собственности, не подлежащих приватизации Күшін жойған
Басқа 0
Коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы объектілерді, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттарын белгілеу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.03.02
N 70 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы Ережелерді бекіту туралы" N 336
қаулысына
сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттары белгіленсін (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттары белгіленсін (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Уәкілетті органдар болып белгіленсін:
Тармақша 1
1) облыстық коммуналдық меншік департаменті облыстық бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың өз шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беруі жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) облыс қалалары мен аудандары әкімдері тиісінше қалалық және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға.
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 13 ақпандағы N 77
қаулысымен
, 2004 жылғы 14 мамырдағы N 246
қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н.Бурлаченкоға жүктелсін.
Басқа 7. Коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру ШАРТТАРЫ
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 11 қарашадағы
N 394 қаулысына N 1 қосымша
📌 Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 14 мамырдағы N 246
қаулысымен.
Коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру ШАРТТАРЫ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы заң күші бар "Жекешелендіру туралы" N 2721
Жарлығына
және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы коммуналдық меншікке жататын объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) берудің негізгі принциптерін, тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Мүліктік жалға (жалдауға) беру объектілері деп коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар, жабдық және өзге де мүлік (бұдан әрі - Объект) түсініледі.
Тармақ 3
3. Тек мемлекеттік меншік объектілері болып табылатын және жергілікті маңызы бар санатқа жатқызылған тарих және мәдениет ескерткіш ғимараттары, оларды пайдалану мен эксплуатациялау шарттары тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану жөніндегі құзырлы мемлекеттік органмен келісілген жағдайда ғана, мүліктік жалға (жалдауға) беріледі.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган (бұдан әрі - Жалға беруші) коммуналдық мекемелер объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беруді Жалдаушының өтінімі бойынша және объектінің баланс ұстаушысының келісімімен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. ОБЪЕКТІЛЕРДІ КЕЙІНГІ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ МҮЛІКТІК ЖАЛҒА (ЖАЛДАУҒА) БЕРУ ТӘРТІБІ
2. ОБЪЕКТІЛЕРДІ КЕЙІНГІ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ МҮЛІКТІК ЖАЛҒА (ЖАЛДАУҒА) БЕРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 5
5. Объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) алу өтінімдерін кез келген заңды және жеке тұлғалар бере алады. өтінімдер уәкілетті органға - Жалға берушіге беріледі.
Тармақ 6
6. Келіп түскен өтінімдерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау жалпылама негізде бір ай мерзімде өткізіледі.
Тармақ 7
7. Объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы келіп түскен өтінімдер мынадай құжаттар тапсырылғанда қаралады:
Тармақша 1
1) Объектінің қажеттілігінің негіздемесі;
Тармақша 2
2) нотариалды расталған құрылтай құжаттардың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 3
3) төлқұжат немесе жеке тұлғаны куәландыратын өзге де құжат көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
Тармақ 8
8. Жалға беруші өтінімді және ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша мына шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) Объектіні мақсатты пайдалануы бойынша мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы;
Тармақша 2
2) аталған Объект бойынша Жалға алушыны тендерлік іріктеу жүргізу туралы;
Тармақша 3
3) жазбаша себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы.
Тапсырушыларға қойылатын талаптарды қанағаттандыратын екі немесе одан көп өтінімдердің бар болуы жағдайында Объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру тек тендер нәтижесіне сәйкес мүмкін болады.
Тендерлік іріктеу нәтижесі бойынша объектіні жалға (жалдауға) беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336
қаулысымен
бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Жалға беруші Объектіні мақсатты пайдалану бойынша жалға беру (жалдау) туралы шешім қабылдаған соң, Жалдаушымен мүлікті жалға (жалдауға) беру шарты жасалынады.
Тармақ 10
10. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шартында міндетті түрде мыналар қарастырылуы тиіс:
Жалға берушінің міндеттері:
Тармақша 1
1) Жалдаушының шартта белгіленген тәртіппен Объектіні иеленуі мен пайдалануына кедергі болатын іс-қимыл жасамау;
Тармақша 2
2) келісімнің шарттарының орындалуына бақылау жүргізу.
Жалдаушының міндеттері:
Тармақша 1
1) объектіні тиісті тәртіпте ұстау, объектіге немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттер жасамау;
Тармақша 2
2) объект жалдаушының кінәсінен зақымдалған жағдайда, өз есебінен жөндеу жұмысын жүргізу;
Тармақша 3
3) Жалға берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмау;
Тармақша 4
4) Жалға берушінің, санитарлық қадағалау қызметінің және ғимараттарды пайдалану және ұстау-күту тәртібіне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің объектіге және оған жақын орналасқан жер учаскесіне кіруіне рұқсат беру, көрсетілген олқылықтарды олар белгіленген мерзімде жою;
Тармақша 5
5) Жалға берушінің келісімімен ғана Объектіні ішкі жалдауға (қосалқы жалгерлікке) беру, мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға (қайта жалдауға) беру;
Тармақша 6
6) мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты бойынша өз құқықтарын кепілге бермеу немесе оларды салым ретінде шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде енгізбеу;
Тармақша 7
7) шартта белгіленген мөлшерде, мерзімдерде және тәртіпте жалдау ақысын төлеу;
Тармақша 8
8) әр тоқсан сайын төлем ақыны төлегені туралы есеп беру;
Тармақша 9
9) шартта белгіленген мерзімде Объектіні қанағаттанарлық жағдайда қайтару;
Тармақша 10
10) Жалға алынған мүлікті өз есебінен ағымдағы жөндеу жүргізу және жалға алынған мүлікті ұстау жөніндегі шығыстарды көтеру.
Тармақ 11
11. Айыппұл төлеу кінәлі жақты шарт бойынша алған міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
Тармақ 12
12. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шартында ескерілетін дүркінді немесе бір жолғы енгізілетін төлемдердің тұрлаулы сомасында барлық жалданатын мүлік үшін тұтастай немесе оның құрамдас бөлігінің әрбірі үшін бөлек белгіленеді.
ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін жалдау үшін төлемді есептеу кезінде жалпы пайдаланатын орындарға кіруді Жалдаушының осы алаңдарды үлестік пайдалануына үйлесімді ескеру қажет.
Тармақ 13
13. Білім беру мемлекеттік мекемелерінің тұрғын емес жайларын санамағанда Жалдаушының заңды мәртебесі мен объектінің орналасқан мекен-жайына қарай жалға беру ақысының ставкасы бір шаршы метр үшін жылына 300 теңге көлемінде белгіленеді (қоса тіркеледі).
Білім беру мемлекеттік мекемелеріндегі тұрғын емес жайларды жалға беру ставкасы:
- Шымкент қаласы аумағында орналасқан объектілер үшін жылына бір шаршы метрге - 300 теңге;
- Ордабасы, Төлеби, Мақтаарал, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас аудандары мен Арыс, Кентау, Түркістан қалаларының аумақтарында орналасқан объектілер үшін жылына бір шаршы метрге - 200 теңге;
- Бәйдібек, Отырар, Созақ, Шардара, қазығұрт аудандарының аумағында орналасқан объектілер үшін жылына бір шаршы метрге - 150 теңге.
Тармақ 14
14. Мүліктік жалға (жалдауға) беру ақысына коммуналдық қызмет көрсетулер үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге бөлінетін қаражат, Объектіге көрсетілген қызмет үшін төлемдер қосылмайды. Жалдаушы бұл төлемдерді тікелей бөлек келісім бойынша баланс ұстаушыға немесе ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және басқа қызметтерге төлейді.
Жалдау ақысы жергілікті бюджетке аударылады.
Тарау 3. 3. ШАРТТЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БҰЗУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
3. ШАРТТЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БҰЗУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
Тармақ 15
15. Шартты мерзімінен бұрын бұзудың негіздері мен шарттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Жалдаушының заңды тұлға ретінде таратылуы;
Тармақша 2
2) Жалдаушының мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын бұзуы;
Тармақша 3
3) заңнамалық актілермен немесе шартпен көзделген жағдайларда Жалға берушінің немесе Жалдаушының талабы бойынша;
Тармақша 4
4) егер Жалдаушы шартта белгіленген төлеу мерзімі аяқталғанда екі реттен көп мүлікті пайдалану үшін төлемді төлемесе;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген өзге де жағдайлар.
Тарау 4. 4. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
4. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
Тармақ 16
16. Осы Шарттармен реттелмеген барлық мәселелер бойынша мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының тараптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 17
17. Объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде туындайтын даулар тараптардың өзара келісімі бойынша немесе заңнамамен белгіленген тәртіпте қаралады.
Басқа 52. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттары
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 11 қарашадағы
N 394 қаулысына N 2 қосымша
📌 Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 14 мамырдағы N 246
қаулысымен.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттары
Тармақ 1
1. Осы Шарттар Қазақстан Республикасының
Азаматтық
кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336
қаулысын
, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336
қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 67
қаулысын
орындау үшін әзірленген және барлық мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің орындаулары үшін міндетті болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы коммуналдық меншікке жататын объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) берудің негізгі принциптерін, тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Мүліктік жалға (жалдауға) беру объектілері деп коммуналдық меншік болып табылатын ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар, жабдық және өзге де мүлік (бұдан әрі - Объект) түсініледі.
Тармақ 3
3. Тек мемлекеттік меншік объектілері болып табылатын және жергілікті маңызы бар санатқа жатқызылған тарих және мәдениет ескерткіш ғимараттары, оларды пайдалану мен эксплуатациялау шарттары тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану жөніндегі құзырлы мемлекеттік органмен келісілген жағдайда ғана, мүліктік жалға (жалдауға) беріледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлкін үш жылға дейінгі мерзімге мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы шешімді өз бетінше қабылдайды.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлкін үш жылдан аса мерзімге, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жедел басқару құқығындағы мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру мемлекеттік басқару органымен келіскеннен кейін және уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жалға алынған мүлікті пайдаланғаны үшін ақы төлеу ақшамен жүргізіледі. Жалдау ақысының есептік ставкаларын уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келісім бойынша жалға беруші бекітеді.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы тұрғын емес жайларды жалға беру ақысы кәсіпорынның өзіндік есеп шотына төленеді.
Тармақ 8
8. Тендерлік іріктеу арқылы Объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру және мүліктік жалға (жалдауға) беру шартын ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336
қаулысымен
бекітілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 61. Жалға беру ақысының мөлшерін анықтауда қолданылатын жоғарылату коэффициенті
Мемлекеттік мекемелер балансындағы
объектілерді мүліктік жалға (жалдауға)
беру шарттарын бекіту туралы
облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 қарашадағы
N 394 қаулысына N 3 қосымша
Жалға беру ақысының мөлшерін анықтауда қолданылатын жоғарылату коэффициенті
Тармақ 1
1. Жалдаушының заңды мәртебесі ескерілетін коэффициент:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға - 1
Тармақша 2
2) Мемлекеттік емес заңды тұлғаларға - 3,5
Тармақша 3
3) Жеке тұлғаларға - 2,5
Тармақ 2
2. Объектінің орналасқан жері ескерілетін коэффициент:
Тармақша 1
1) Облыс орталығында
N1 аймақ - 10
N2 аймақ - 8
N3 аймақ - 6
Тармақша 2
2) қала және аудан орталықтарында - 5
Тармақша 3
3) ауылдық жерде - 4