О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства национальной экономики Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1) және2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ___________
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында: 48-қосымшадағы 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қаржылық есептілікті деңгейлес және сатылас талдаудың мақсаты бухгалтерлік баланстың, кірістер мен шығыстар туралы есептің, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің негізгі баптарында болған өзгерістерді ұсынуды білдіреді. Деңгейлес (уақытаралық) талдау ұйымның деректерін шамамен және абсолюттік түрдегі соңғы екі есепті кезеңдегі деректерін салыстыруды және есептіліктің немесе олардың топтарының жекелеген баптарындағы өзгерістерінің үрдістерін анықтауды білдіреді. Деңгейлес талдау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қаржы министрінің бұйрығы) қаржылық есептіліктің: «Бухгалтерлік баланс», «Табыстар мен шығындар туралы есеп» және «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс)», «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс)» нысандары бойынша жүргізіледі. Сатылас (құрылымдық) талдау жалпы қорытынды көрсеткіштегі есептіліктің жекелеген баптарының үлес салмағын айқындауды және алынған нәтижені алдыңғы кезеңдегі деректермен салыстыруды білдіреді. Сатылас талдау Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген қаржылық есептіліктің: «Бухгалтерлік баланс» және «Табыстар мен шығындар туралы есеп» нысандары бойынша жүргізіледі.».
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы « » № бұйрығына 1-қосымша
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы « » № бұйрығына 2-қосымша
Басқа 2.1
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы « » № бұйрығына 3-қосымша
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы « » № бұйрығына 4-қосымша
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы « » № бұйрығына 5-қосымша
Басқа 5
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы « » № бұйрығына 6-қосымша