О прокурорском надзоре за законностью исполнения наказаний и реабилитации граждан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы Ескерту: Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 04.11.2005 N 42 бұйрығымен. Қазақстан Республикасы "Прокуратурасы туралы" Заңның 11 бабы 4) тармақшасын басшылыққа алып, азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. "Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы" ұсынылған Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалау жөніндегі (басқарма құқығында) бөлімге (М.Қ.Қабақаев) аталған Бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу шараларын орындасын.
Тармақ 3
3. Бұйрық Бас әскери прокурорға, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
Тармақ 4
4. Осы Бұйрықтың орындалуына бақылауды басшылық жасайтын Бас Прокурорының орынбасары Ә.Жүкеновке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Аталған Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап әрекетке енгізіледі.
Басқа 6. Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 28 қараша 2002 жылғы N 62 бұйрығымен бекітілген Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тармақ 1
1. Аталған Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Прокуратурасы туралы" Заңы , және басқада Қазақстан Республикасының заң актілерімен қылмысты атқару мен азаматтарды ақтау заңдылығын қадағалауды белгілейтін тәртіптерімен өңделген.
Тармақ 2
2. Бас прокуратураның азаматтарды ақтау және жазаны орындауда заңдылық сақталуын қадағалайтын бөлімге:
Тармақша 1
1) облыстық прокурорлар және оларға теңестірілген прокурорлар қылмыстық жазаны орындауды, заңдылықтың дәлдік және біркелкі сақталуын қадағалауды, азаматтарды қамауға алу және қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау жөніндегі заңдардың талаптары мүлтіксіз сақталуын қадағалауды қамтамасыз етілсін;
Тармақша 2
2) заңмен бекітілген билікті қолдана отырып, адам құқығы, сотталғандармен қамаудағыларды адамгершілікпен ұстау туралы халықаралық келісімдер мен заңдардың дәлдік және бір келкі қолданылуына қол жеткізілсін;
Тармақша 3
3) қадағалауға алынған мекемелерде заңдылық сақталуын үнемі тексеріп, талдау жасап, азаматтарды ақтау жөнінде қабылданған облыстық прокуратураларының шешімдерінің негізделуін анықтап, заң бұзушылық фактілерін жойып, алдағы уақытта кемшіліктерге тосқауыл қойылсын;
Тармақша 4
4) төмен тұрған прокурорларға жұмысты ұйымдастыруда жіберген кемшіліктер және заңдылықты бұзғандығы үшін персоналды жауапкершілікпен ескерту беріледі;
Тармақша 5
5) өз жұмысын Бас прокуратураның басқа құрылымдағы бөлімшелерімен үйлестіре отырып жүргізсін;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен оған бағынышты органдарының тергеу изоляторы мен Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі қамаудағыларды ұстау жөніндегі құқықтық-нормативтік актілерінің заңға сәйкестігі қадағалансын. Заңға қайшы келетін актілердің қолданылуын дереу тоқтата наразылық келтірілсін;
Тармақша 7
7) азаматтарды ақтау және түзеу мекемелерінде жазаның орындалуында заңдылықтың сақталуын қадағалауда төмен тұрған прокуратураларға ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсетілсін. Облыстық прокурордың көмекшілерімен оқулық семинарлар, бірлескен тексерулер және сынақ мерзімін өткізу ұйымдастырылсын. Үздік жұмыс тәжірибесін кеңіннен таратып, заңдылықты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық прокурорларға, жазаның орындалуында заңдылықтың сақталуын қадағалайтын бөлімдерге (аға көмекші, көмекшілерге), арнайы прокурорларға, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға:
Тармақша 1
1) азаматтарды алдын ала қамау орындарында ұстау және қамауда ұстаудың заңда бекітілген мерзімін сақтау жөніндегі заңдылықтың сақталуы қадағалансын;
Тармақша 2
2) айына бір реттен кем емес тергеу изоляторлары тексерілсін;
Тармақша 3
3) азаматтардың бұзылған құқықтарын орнына келтіріліп, оған кінәлі лауазымды қызметкерлер жауапкершілікке тартылсын;
Тармақша 4
4) заңсыз қамауға алынған адамдар қолма-қол босатылсын;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторларында отырған адамдардың заңға сәйкес ұсталынуын қадағалау Ұлттық қауіпсіздік органдарына қадағалау жасауға бекітілген прокурорларға жүктелсін;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жазаны орындау органдары мен мекемелер әкімшіліктері заңдылықтың бұзылмауын қадағаласын;
Тармақша 7
7) үнемі, жылына екі рет барлық түзеу мекемелерінде заңдардың дұрыс орындалуына жалпы тексеру жүргізілсін. Тексеру кезінде сотталғандардың заң белгілеген құқықтары мен міндеттерін, еңбекке пайдалану, бас бостандығынан айыру жерлерінде ұстау заңдылығын, сотталған жасөспірімдер мен әйелдерге байланысты тәртіп пен жазаны өтеп шығу туралы заң талаптарына аса көңіл бөлінсін, сондай-ақ қылмыстық атқару жүйесін және бюджет есебін мақсатына қарай қолдану мәселелері мүлтіксіз орындалсын. Облыстық прокурорлар мен олардың орынбасарлары мұндай тексеріске өздері қатыссын;
Тармақша 8
8) түзеу мекемелерінде ай сайын сотталғандарды жеке мәселесі бойынша қабылдау және айыпкерлер /тәртіп бұзғандар/ қапасында ұстау, қапас бөлмесімен жеке қапасқа ауыстыру заңдылығы тексеріліп отырсын;
Тармақша 9
9) заңның бұзылуын анықтап, оны шегеру үшін, сотталған адамдарды басынып, намысын қорлауды болдырмау үшін қажетті шаралар қолданылсын. Мұндай жағдайда заңда рұқсат етілген өкілеттіктің барлық түрі прокурорлық шара қолдану актісін енгізу арқылы жүзеге асырылсын;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес заңдылығын сақтау жөніндегі тексерістерге маңызды көңіл аударылсын. Пенитенциар жүйесі қызметкерлерінің құқық бұзушылықтары мен жемқорлық сипатындағы әрбір қылмыстары жайында Бас прокуратурасының бөліміне арнайы хабарлау берілсін және алдын-ала тергеу мен істің сотта қаралу қорытындысы туралы хабарлансын;
Тармақша 11
11) жазасын өтеу орындарда қылмыстардың қайталануын болдырмау үшін қылмыстық-құқықтық құралдар қолданылсын. Қылмыстық атқару жүйесінің, тергеу абақтысы мен айдауыл қорғаушыларының қызметкерлері істеген қылмыстардың барлық түрі, кісі өлтіру, түзеу мекемелеріндегі жаппай тәртіпсіздік, бағынбаушылық, қаруланып және топтасып қашу, сондай-ақ түзеу мекемелеріндегі жұмыс тәртібін бұзу кезіндегі қандай да бір ауыр зардапқа апарып соққандығы жайында Бас прокуратура бөліміне арнайы хабарламалар жедел жолдансын. Төтенше оқиға жағдайлары мен оны тудырған кінәлі лауазымды адамдардың жауабы туралы қызметтік тергеу мен сот қарауы нәтижелері хабарланып тұрсын;
Тармақша 12
12) мұқият, қажет болса тиісті жерлерге барып, заңның бұзылуы туралы ақпарат тексерілсін. Үнемі, түзеу мекемелерінің әкімшілігімен, сондай-ақ осы мекемелер бағынатын ішкі істер органдары мен сотталып, жазасын өтеп жатқан адамдардың өтініштерін, арыздарын қарау тәртібі туралы заңның орындалуы қадағалансын;
Тармақша 13
13) сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын және ауырғанына байланысты мерзімінен бұрын жазадан босату туралы заңның орындалуына тиісті қадағалау жүргізілсін, сондай-ақ заңда қарастырылған басқа негіздер бойынша, сотталғандарды түзеу мекемелерінен қоныстандыру колониясына және ұстау шарттарының бір түрінен екінші түріне ауыстыру кезінде, оларды негізсіз пайдалану немесе пайдаланудан бас тарту фактілері уақытында анықталып шешілсін;
Тармақша 14
14) сотталған адамдарды жазадан босатуда заң белгілеген дайындау тәртібінің орындалуы тексерілсін, түзеу мекемелерінің әкімшілігімен босағандарды жұмысқа орналастыру үшін уақытында және нақты шаралар қолданылсын, ал жасы жеткен немесе мүгедек сотталғандарды босату кезінде, оларды мүгедектер және кәрілер үйіне орналастыруға шара қолданылсын. Осы мәселелерді шешер кезде, жергілікті басқару органдары мен басқармалар, қоғамдық ұйымдар арасында өзара тиімді байланыс қамтамасыз етілсін;
Тармақша 15
15) бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ қылмыстық жаза, сондай-ақ шартты түрде соттау шараларын орындау қадағалансын. Жылына екі рет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмысты орындау инспекцияларының қызметінің заңдылығын тексеруі жүргізілсін;
Тармақша 16
16) ақталған азаматтарға жеңілдік көрсету, орнына ақша төлеудің дұрысы мен заңдылығын тексеру жөнінде халықтық әлеуметтік органдарының және басқадай бақылау органдарының жұмыстары үнемі бақылауда болып, заңдылығы қадағалансын;
Тармақша 17
17) құзырлығы бар органдарға заңдылықтың бұзылуын болдырмау мақсатында ұсыныс енгізу үшін жинақталып қорытылған материалдар қолданылып, жазаның орындалу заңдылығы бойынша прокурорлық қадағалау тәжірибесі үнемі талдансын. Облыстық прокуратуралардың жазаның орындалу заңдылығын қадағалау бөлімдері (аға көмекшілері, көмекшілері) өзіне жүктелген міндеттерден шеттеп, төменгі тұрған прокурорларға өз жұмыстарын жүктеп, олардың іс-әрекеттерін бақыламайды және тәжірибелік көмек көрсетпейді, мұндай жағдайлар болмасын.
Тармақ 4
4. Бас әскери прокурор мен әскери прокурорлар тәртіпті түзеу батальондарында заңдардың орындалуын үнемі тексерсін, әскери қызметкерлерді уақытша қамау қапасында ұстау заңдылығын қадағаласын, заңның бұзылуы анықталса, оны жою үшін уақытында шара қолданылсын.
Тармақ 5
5. Қолданып жүрген заң талаптарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында осы мәселелерді (істерді) алға тартып, құқықтық насихаттау жұмыстары жүргізілсін.