Об обязательном социальном страховании Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Осы Заң азаматтарды міндетті әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерiн белгiлейдi және әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған кезде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушыларды әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысанын құруға байланысты қатынастарды реттейді. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) асырауындағылар санының коэффициентi – қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнiң санына қарай айқындалатын коэффициент;
Тармақша 3
3) асыраушы – өзiнiң асырауындағы отбасының еңбекке қабiлетсiз мүшелерiн өз кірісі есебiнен асырайтын адам;
Тармақша 4
4) әлеуметтiк аударымдар – әлеуметтік аударымдарды төлеушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін ақша;
Тармақша 5
5) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек –Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде есептелген және төленбеген әлеуметтік аударымдар сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;
Тармақша 6
6) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесі – әлеуметтiк аударымдар есептелетін объектiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
Тармақша 7
7) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам;
Тармақша 8
8) әлеуметтiк тәуекел – еңбекке қабілеттіліктен айырылуға және (немесе) жұмысынан айырылуға, асыраушысынан айырылуға, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылуға әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады;
Тармақша 9
9) әлеуметтiк төлемдер – әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
Тармақша 10
10) әлеуметтiк төлемді алушы (бұдан әрi – алушы) – әлеуметтік тәуекел жағдайы басталғанға дейін өзі үшін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өзіне қатысты әлеуметтiк төлемдерді тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;
Тармақша 10-1
10-1) бірыңғай төлем төлеуші – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабында айқындалған салық агенті;
Тармақша 11
11) еңбекке қабілетсіздік күндері санының коэффициенті – жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күндердің санына қарай айқындалатын коэффициент;
Тармақша 12
12) еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициентi – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент;
Тармақша 13
13) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
Тармақша 14
14) инвестициялық декларация – Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде инвестициялау үшін мақсаттарды, стратегияны, объектілер тізбесін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шарттары мен шектеулерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;
Тармақша 15
15) инвестициялық кіріс – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алынуға жататын) ақша;
Тармақша 16
16) кірісті ауыстыру коэффициентi – әлеуметтік тәуекел жағдайына қарай айқындалатын коэффициент;
Тармақша 17
17) қатысу өтілінің коэффициентi – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне жалпы қатысу өтіліне қарай айқындалатын коэффициент;
Тармақша 18
18) қор активтері – осы Заңда көзделген мақсаттарға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
Тармақша 19
19) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 20
20) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – қор) – әлеуметтік аударымдарды жинақтауды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;
Тармақша 21
21) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру – осы Заңда көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған кезде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;
Тармақша 22
22) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi – мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
Тармақша 23
23) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне жалпы қатысу өтілі – әлеуметтiк аударымдар түскен айлардың жалпы саны;
Тармақша 24
24) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушы – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және осы Заңда көзделген әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар жеке тұлға;
Тармақша 25
25) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің субъектілері – төлеушi; мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; Мемлекеттік корпорация; қор; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; орталық атқарушы орган; міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган; мемлекеттік кіріс органдары; халықты жұмыспен қамту орталығы;
Тармақша 26
26) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі;
Тармақша 27
27) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, қордың қызметiн реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 28
28) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
Тармақша 29
29) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Бап 3. 3-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
3-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы;
Тармақша 2
2) асыраушысынан айырылу жағдайы;
Тармақша 3
3) жұмысынан айырылу жағдайы;
Тармақша 4
4) жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы;
Тармақша 5
5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы;
Тармақша 6
6) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.
Бап 4. 4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi қағидаттары
4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi қағидаттары Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруі;
Тармақша 2
2) осы Заңда көзделген шарттарда әлеуметтік аударымдарды төлеудің мiндеттiлiгi;
Тармақша 3
3) қордың активтерін осы Заңда белгілеген мақсаттарға пайдалану;
Тармақша 4
4) осы Заңда көзделген шарттарда әлеуметтiк төлемдердiң мiндеттiлiгi;
Тармақша 5
5) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн саралау;
Тармақша 6
6) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың қызметiндегi жариялылық.
Бап 5. 5-бап. Әлеуметтiк төлемдерді алу құқығы
5-бап. Әлеуметтiк төлемдерді алу құқығы Мемлекет осы Заңда көзделген шарттарда мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде азаматтардың әлеуметтiк төлемдерді алу құқығына кепiлдiк бередi. Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, қандастар әлеуметтік төлемдерді алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.
Бап 6. 6-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету
6-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Мемлекет қор активтерінің сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепілдік береді.
Тармақ 2
2. Қор активтерінің сақталуы:
Тармақша 1
1) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу жолымен оның қызметiн реттеу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде қор активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi барлық операцияларды есепке алу;
Тармақша 4
4) қордың меншікті қаражаты мен активтерiнiң бөлек есепке алынуын жүргiзу;
Тармақша 5
5) қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгiзу;
Тармақша 6
6) жыл сайынғы аудитті жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қордың ұдайы қаржылық есептiлiгi;
Тармақша 8
8) қордың активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi мен лимитін айқындау;
Тармақша 9
9) инвестициялық декларацияда қордың активтерін орналастыру кезінде тәуекелдердi әртараптандыру және азайту жөнінде талаптар белгiлеу;
Тармақша 10
10) осы Заңға сәйкес қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу арқылы қамтамасыз етiледi.
Бап 7. 7-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын тұлғалар
7-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын тұлғалар Мыналар:
Тармақша 1
1) жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;
Тармақша 2
2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары;
Тармақша 3
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
Тармақша 4
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ қандастар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатпайды.
Бап 8. 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қорды құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілейді;
Тармақша 3
3) еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындайды;
Тармақша 5
5) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілейді;
Тармақша 6
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 9. 9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілейді;
Тармақша 2
2) қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың және алушылардың қор мен өзге де мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдарын қарайды.
Бап 10. 10-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi
10-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi Орталық атқарушы орган:
Тармақша 1
1) қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) қордың қаржылық және өзге есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 3
3) қордың басшы жұмыскерлерін тағайындауға (тағайындаудан бас тартуға) келісім береді;
Тармақша 4
4) қордың қызметi туралы мәлiметтер, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан өзiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажеттi мәлiметтер алуға құқылы;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді;
Тармақша 7
7) қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін әзірлейді;
Тармақша 8
8) қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсыныс әзірлейді;
Тармақша 9
9) қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын жыл сайын, бірақ жылына екі реттен асырмай белгілейді;
Тармақша 10
10) қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11
11) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен қорға төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13
13) еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлейді;
Тармақша 14
14) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдап отыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16
16) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 17
17) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18
18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
11-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
Тармақ 1
1. Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алу;
Тармақша 2
2) қордың қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толықтыру және жаңартып отыру;
Тармақша 4
4) ай сайынғы қажеттілікті, әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру графиктерін қалыптастыру және қорға әлеуметтік төлемдерге қаражаттың қажеттігі туралы өтінімдерді жолдау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлеріне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және төлеушілерге әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпарат беру;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күнінен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, қорға төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды аудару, әлеуметтік төлемдердің және олардан ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару;
Тармақша 7
7) қордың қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеушілерге қайтаруды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) мемлекеттік кіріс органына төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсыну;
Тармақша 9
9) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтару.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік корпорация:
Тармақша 1
1) әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды;
Тармақша 2
2) әлеуметтік аударымдардың және олар бойынша өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларының қайтарылуын;
Тармақша 3
3) әлеуметтік төлемдерді және олардан ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарын;
Тармақша 4
4) әлеуметтік төлемдердің және олардан ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларының қайтарылуын есепке алу және аудару мәселелері бойынша қормен өзара іс-қимыл жасайды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік корпорацияның осы Заңда көзделген қызметтерді көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатын алуға құқығы бар. Бұл ретте Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтердің бағаларын орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен және орталық атқарушы органмен келісу бойынша белгілейді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік корпорация:
Тармақша 1
1) әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдауды және олардың толықтығын тексеруді жүзеге асыруға, тағайындауға арналған істердің макеттерін қалыптастыруға және оларды қорға беруге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуметтік төлемдерді қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға қажетті құжаттарды қабылдауды және олардың толықтығын тексеруді және оларды қорға беруді жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) алушыны әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару қажеттігі туралы хабардар етуге;
Тармақша 4
4) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын және әлеуметтік төлемге құқығы бар адамдарға теңдей қызмет көрсету жағдайларын қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң уақтылы және толық аударылуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) қордың шешімі негізінде әлеуметтік төлемді жүзеге асыруға, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге;
Тармақша 9
9) әлеуметтік төлемді тағайындауға арналған істің электрондық макетін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңсыз (негізсіз) деп танылған әлеуметтік аударымдардың сомасын есепке алмауға міндетті.
Бап 12. 12-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi
12-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының, ал ол қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерiнің және алушының:
Тармақша 1
1) қорға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті: жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде МӘС бөлімшесі арқылы; өтініш жасаған кезде жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген кезде Мемлекеттік корпорация арқылы беруге;
Тармақша 2
2) қорға Мемлекеттік корпорация арқылы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
Тармақша 3
3) қорға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті: егер адам жұмыссыз ретінде тіркелген болса, Мемлекеттік корпорация арқылы; жұмыссыз ретінде тіркеу кезінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы; жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы; «Электрондық еңбек биржасы» порталында жұмыссыз ретінде тіркелген кезде аталған портал арқылы беруге;
Тармақша 4
4) қорға Мемлекеттік корпорация арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
Тармақша 4-1
4-1) қорға бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті: Мемлекеттік корпорация арқылы; «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беруге;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, қордан осы Заңда көзделген тәртiппен әлеуметтiк төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен алуға;
Тармақша 6
6) төлеушіден, Мемлекеттік корпорациядан, қордан, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты тегін сұратуға және алуға;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік корпорациядан және қордан әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты тегін сұратуға және алуға;
Тармақша 8
8) қордың және осы тармақта көрсетілген өзге мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың осы Заңда белгіленген құқықтарды шектеуге байланысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы, ал ол қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерi және алушы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті анық құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуға;
Тармақша 2
2) әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды жүргізуге;
Тармақша 3
3) әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияны қордың әлеуметтік төлемдер жөніндегі міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Бап 13. 13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Төлеушiнiң:
Тармақша 1
1) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен қайтарып алуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорациядан әлеуметтік аударымдардың және (немесе) олар бойынша өсімпұлдың төленген сомалары туралы қажетті ақпаратты тегін сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) осы Заңға сәйкес басқа да құқықтарды iске асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Төлеуші:
Тармақша 1
1) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегенi үшiн өсiмпұлды уақтылы және толық көлемде төлеуге;
Тармақша 2
2) қорға төленетiн әлеуметтiк аударымдардың сомаларын есептеу мен қайта есептеудi, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбеген жағдайда, өсiмпұл есептеудi өзі дербес жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салықтық есептілікті ұсынуға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір жұмыскер бойынша есептелген және төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын бастапқы есепке алуды жүргізуге;
Тармақша 5
5) жұмыскерге тиісті кезеңде тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлай отырып, оған қорға төленген әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары туралы мәліметтер ұсынуға;
Тармақша 6
6) қордың сұрау салуы бойынша, әлеуметтік төлем тағайындауға қажетті ақпарат беруге;
Тармақша 7
7) мемлекеттік кіріс органдарының талап етуі бойынша осы Заңның 17-бабында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынуға мiндеттi.
Тарау 2. 2-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР
2-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР
Бап 14. 14-бап. Әлеуметтiк аударымдардың мөлшерлемесі
14-бап. Әлеуметтiк аударымдардың мөлшерлемесі
Тармақ 1
1. Төлеушілердің мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн және (немесе) өз пайдасына қорға төлеуіне жататын әлеуметтiк аударымдары әлеуметтік аударымдар есептелетін объектiнің 3,5 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдар есептелетін объектiнің 5 пайызы мөлшерінде белгiленедi.
Тармақ 2
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдар есептелетін объектінің 20 пайызын құрайды.
Тармақ 3
3. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесі: 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 16,0 пайызды; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,9 пайызды; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 18,9 пайызды; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 18,1 пайызды; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4 пайызды; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 17,1 пайызды құрайды.
Бап 15. 15-бап. Әлеуметтік аударымдар есептелетін объект
15-бап. Әлеуметтік аударымдар есептелетін объект
Тармақ 1
1. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерлерге, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдарға еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары олар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады. Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы кіреді.
Тармақ 2
2. Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін мыналар: өзі үшін – алатын кірісінің өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы; жалдамалы жұмыскерлер үшін – қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін шығыстар әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады.
Тармақ 3
3. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объектілер болып табылады. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері қолданылады.
Тармақ 4
4. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ қандастарға еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары олар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады.
Тармақ 4-1
4-1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-2-бабында айқындалған жұмыскердің кірісі бірыңғай төлемді есептеу объектісі болып табылады. Бұл ретте бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бірыңғай төлем төлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдар есептелетін ай сайынғы объект тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс. Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, төленеді.
Тармақ 6
6. Қорға әлеуметтік аударымдар:
Тармақша 1
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында белгіленген;
Тармақша 2
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 50) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағында белгіленген;
Тармақша 3
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген кірістерден төленбейді. Осы тармақтың күші жұмыскерлердің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауына сәйкес бірыңғай төлем есептелетін кірістеріне қолданылмайды.
Бап 16. 16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу
16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу
Тармақ 1
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеуші әлеуметтiк аударымдарды қорға ай сайын, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банктік шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен, есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей төлейдi.
Тармақ 2
2. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген мерзімдерде әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлейді.
Тармақ 3
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен әлеуметтік аударымдарды төлейді.
Тармақ 3-1
3-1. Бірыңғай төлем төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде әлеуметтік аударымдар төлейді. Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
Тармақ 4
4. Банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан әлеуметтiк аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күн – қолма-қол ақшасыз нысанда, төлеушiнiң банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға әлеуметтiк аударымдарды енгiзген күні қолма-қол ақша нысанында жүзеге асырылатын әлеуметтiк аударымдарды төлеу күнi болып есептеледi.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік аударымдардың және (немесе) осы Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
Бап 17. 17-бап. Төлеушінің әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін жауаптылығы
17-бап. Төлеушінің әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін жауаптылығы
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген сомаларын мемлекеттік кіріс органдары мерзімі өткен әрбір күн үшiн (қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге өндiрiп алады немесе төлеуші оларды қордың шотына аударуға тиіс.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіде әлеуметтік аударымдар бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы төлеушіге әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама жібереді. Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – осы төлеушінің;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң осы төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады. Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті. Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі төлеушінің түсетін қолма-қол ақшаны түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей қорға аудару жолымен бұлжытпай орындауына жатады. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кіріс органының төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады.
Тармақ 6
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төлеуші ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі негізінде мемлекеттік кіріс органы тізім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушінің банктік шоттарынан әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады. Төлеушілердің банктік шоттарынан әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу төлеуші ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі. Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талапты қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді. Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың сомалары төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы қорға аударуға міндетті.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын көрсете отырып, әлеуметтік аударымдар бойынша туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар төлеушілердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Бап 18. 18-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару
18-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару
Тармақ 1
1. Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен, Мемлекеттік корпорацияның қор қаражаты түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей төлеушіге кейіннен аударуы үшін төлеушінің өтініші қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударылуға жатады.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік төлемдi тағайындау үшін есепке алынған кезеңге есептелген, төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.
Тарау 3. 3-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР
3-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР
Бап 19. 19-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтініш жасау және әлеуметтiк төлемдерді тағайындауға арналған құжаттарды қараудың мерзімдері
19-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтініш жасау және әлеуметтiк төлемдерді тағайындауға арналған құжаттарды қараудың мерзімдері
Тармақ 1
1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тиісті мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатпен қоса орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша өтініш беру жолымен жүзеге асырылады. Өтінішке тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріледі. Әлеуметтік төлемдерді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындаған кезде оларды тағайындау туралы өтініш ұсыну талап етілмейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде сұрау салынған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған мемлекеттік орган немесе ұйым өтініш берушіні құжаттардың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде немесе әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап оларды, жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті, беру мерзімі екі жұмыс күнінен аспайтын құжаттарды қоспағанда, қорға береді.
Тармақ 4
4. Қор құжаттар келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, қор өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушіге қайтарады.
Тармақ 5
5. Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға қажетті құжаттардың (мәліметтердің) анықтығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда қор мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, төлеушіге және өтініш берушіге сұрау салулар жіберуге құқылы. Бұл peттe өтiнiш беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы шешiм қабылдауда орын алған іркіліс және шешiм қабылдаудың ұзартылу, бірақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылу мерзiмдерi туралы жазбаша және (немесе) электрондық нысандарда хабарлануға тиiс.
Тармақ 6
6. Келесі өтiнiш жасау кездерінде әлеуметтік төлемдер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тағайындалады. Қордың шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
Тармақ 7
7. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық: еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына – МӘС бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап; асыраушысынан айырылу жағдайына – қайтыс болу туралы куәлiкте немесе хабарламада көрсетiлген қайтыс болған күннен бастап не соттың азаматты – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап не соттың оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап; жұмысынан айырылу жағдайына – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркелген күннен бастап; жүктiлiкке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына –жүктiлiк және босану бойынша демалыс берiлген, еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетiлген күннен бастап; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына – жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс берiлген, еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетiлген күннен бастап; бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына – баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған және балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда – соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды. Жұмысынан айырылу жағдайына, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді тағайындауға, сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді қайта есептеуге өтініш жасау мерзімдері қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап – он екі айдан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына он сегіз айдан аспайды. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш жасау мерзімі он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда, әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасалған күнге қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің жиырма үш жасқа толу мерзімінен аспайды.
Тармақ 8
8. Өтініш осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органда немесе ұйымда тіркелген күн немесе әлеуметтік төлемдерді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күн қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, тағайындалу мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы әлеуметтік төлемдер тағайындауға келісім алынған күннен бастап алты жұмыс күнінен аспайтын жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді қоспағанда, әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі сегіз жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) қордың кiнәсiнан уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдердің сомасы әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап өткен уақыт үшiн мерзiмдерi шектелмей төленеді.
Бап 20. 20-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
20-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
Тармақ 1
1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға әлеуметтiк төлем тағайындауға өтiнiш жасалған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе жалғастырып жатқанына қарамастан тағайындалады.
Тармақ 2
2. Адамның жалпы еңбекке жарамдылығынан айырылу дәрежесін куәландыру және белгілеу Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес МӘС бөлімшесінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылудың белгiленген бүкіл кезеңіне тағайындалады. Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлем жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесi өзгерген күннен бастап жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте қор үш жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттік корпорацияны әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнің өзгергені туралы шығарылған шешiм жөнінде хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады. Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған кіріс, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған кіріс – төлеуші беретін кірістер туралы анықтама негізінде кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі. Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері кірістің орташа айлық мөлшері есебінен алып тасталады және кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады. Әлеуметтік аударымдарды бірыңғай төлем төлеуші төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерінің ең жоғары шегі әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Осы тармақтың алтыншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады. Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады. Бұл ретте кірісті ауыстыру коэффициентi 0,6 болады. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті 30 пайыздан 100 пайызға дейін белгіленген жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне сәйкес келеді. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы үшiн қатысу өтілінің коэффициентi: алты айдан кем болғанда – 0,1; алты айдан он екі айға дейін – 0,7; он екi айдан жиырма төрт айға дейiн – 0,75; жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн – 0,85; отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн – 0,9; қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн – 0,95; алпыс айдан жетпіс екі айға дейін – 1,0 болады; алпыс және одан да көп айға – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 1,0-ге 0,02 қосылып отырады. Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі есепке жатқызылады.
Бап 21. 21-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
21-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
Тармақ 1
1. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелерінің:
Тармақша 1
1) он сегіз жасқа толмаған және егер оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген болса, осы жастан асқан балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар. Бұл ретте, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің, егер олардың еңбекке қабілетті ата-анасы болмаған немесе егер олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда құқығы бар. Осы тармақшада көрсетілген, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған, он сегіз жастан асқан адамдардың оқуды бітіретін уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар;
Тармақша 2
2) егер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының үш жасқа толмаған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерiнің (қарындастарының) немесе немерелерiнің күтiмімен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының немесе ерлі-зайыптының бiреуiнің не атасының, әжесінің, аға-iнiсiнің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, айырылып қалған әрбiр ата-анасы үшiн асырап алушыға, қорғаншыға төленедi.
Тармақ 3
3. Бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады.
Тармақ 4
4. Қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшесiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады.
Тармақ 5
5. Қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлемдегі үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi. Әлеуметтiк төлемдегі үлесін бөлу қорға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi.
Тармақ 6
6. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнің саны өзгерген жағдайда, қор әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiм қабылдайды. Бұл peттe әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады.
Тармақ 7
7. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады. Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады. Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлемдерді алу құқығы сақталатын уақыт кезеңі бойына ай сайын төленiп тұрады.
Тармақ 8
8. Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы – асыраушы қайтыс болғанға дейiн оның асырауында болған адамдардың санына қарай айқындалады және оның асырауында бiр адам болса – 0,5; асырауында екi адам болса – 0,65; асырауында үш адам болса – 0,8; асырауында төрт және одан көп адам болса – 1,0 болады. Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері, кірісті ауыстыру коэффициенті және қатысу өтілінің коэффициенті осы Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Бап 22. 22-бап. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
22-бап. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
Тармақ 1
1. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркелген күннен бастап тағайындалады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың және қатысу өтілінің тиiсті коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады. Бұл ретте, кірісті ауыстыру коэффициенті 0,45-ті құрайды, ал әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері мен қатысу өтілінің коэффициенті осы Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Тармақ 3
3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдер: ол үшін алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бір айға; ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – екі айға; ол үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – үш айға; ол үшін отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – төрт айға; ол үшін қырық сегіз айдан алпыс айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бес айға; ол үшін алпыс және одан көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – алты айға тағайындалады.
Тармақ 4
4. Келесі өтініш жасау кезінде жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем жұмысынан айырылу жағдайына арналған, бұрын алып келген әлеуметтік төлемнің әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жалпы қатысу өтілінен он екі айдың шегерілетіні негізге алына отырып тағайындалады.
Тармақ 5
5. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқытуға жіберген жағдайларда, жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдер тоқтатылмайды.
Бап 23. 23-бап. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем
23-бап. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем
Тармақ 1
1. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға тағайындалады.
Тармақ 2
2. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады. Байқоңыр қаласының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын тұрғындарына жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлем осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен берілген немесе Ресей Федерациясының федералдық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың Байқоңыр қаласы аумағында орналасқан бөлімшелері берген еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақ негізінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңіне тағайындалады.
Тармақ 3
3. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін еңбекке қабілетсіздік күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады. Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістердің сомасын он екіге бөлу жолымен айқындалады. Әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде осы Заңның 20-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген ережелер ескеріледі. Әлеуметтік аударымдарды бірыңғай төлем төлеуші төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады. Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады. Еңбекке қабілетсіздік күндері санының коэффициенті жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақ берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу жолымен айқындалады.
Тармақ 4
4. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа, егер бұл еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып ақы төлейді.
Бап 24. 24-бап. Бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
24-бап. Бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
Тармақ 1
1. Бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем балаға (балаларға) күтімді жүзеге асыратын және қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға тағайындалады. Бұл ретте, егер балаға күтімді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бірнеше қатысушысы жүзеге асыратын болса, бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем көрсетілген адамдардың біреуіне ғана тағайындалады.
Тармақ 2
2. Екi және одан көп бала туған кезде, бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем әр балаға жеке-жеке тағайындалады.
Тармақ 3
3. Бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жарым жасқа толған күнді қоса алғанда тағайындалады. Бiр жарым жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда, әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған айды қоса алғанда төленедi. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған және балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда, әлеуметтік төлем соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап бала бір жарым жасқа толған күнді қоса алғанда тағайындалады.
Тармақ 4
4. Бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстыру коэффициентiне көбейту жолымен айқындалады. Бұл ретте, кірісті ауыстыру коэффициенті 0,4-ті құрайды, ал әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері осы Заңның 20-бабы 4-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес айқындалады. Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады. Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады. Бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің мөлшері осы Заңның 26-бабына сәйкес ұстап қалуға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша есептеле отырып, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес баланың туу кезектілігіне қарай белгіленген, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмайды. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40 пайызынан аспауға тиіс.
Тармақ 5
5. Алушы қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген жағдайларда, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайына арналған әлеуметтік төлем баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар негізінде мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне белгілеу жағдайларын қоспағанда, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға жүргізіледі.
Бап 25. 25-бап. Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі
25-бап. Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі Әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін ақшаны алушының банктік шоттарына аудару жолымен не алушының электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақша түрінде Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізіледі.
Бап 26. 26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу
26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу
Тармақ 1
1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайларына, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемдерден Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұстап қалынады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.
Тармақ 2
2. Алушының өтініші негізінде ұстап қалу жүргізілетін артық есепке жатқызылған (төленген) әлеуметтік төлемдердің сомалары жағдайларынан басқа, әлеуметтік төлемдерден ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемдерден атқарушылық іс жүргізу тәртібімен ұстап қалу жүргізілмейді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік төлемдерден ұстап қалу төленуге тиесілі сомадан жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлемдерден төленуге тиесілі соманың 25 пайызынан асырып ұстап қалуға болмайды.
Бап 27. 27-бап. Әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру және қайта бастау
27-бап. Әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру және қайта бастау
Тармақ 1
1. Әлеуметтік төлем:
Тармақша 1
1) алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткені туралы;
Тармақша 2
2) алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы;
Тармақша 3
3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған;
Тармақша 4
4) іздестірудегі адамдарды хабарсыз кеткен деп тану фактісінің анықталуы туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алғанға дейін алушының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактілерінің анықталуы туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.
Тармақ 2
2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылуының белгіленген кезеңі аяқталған күннен бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылудың кезекті кезеңі белгіленгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Тармақ 3
3. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға мүгедектік белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап қайта куәландырылғанға дейін;
Тармақша 2
2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы берген, қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысаны бойынша оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы анықтаманың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап тоқтатыла тұрады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлем әлеуметтік төлемнің тоқтатыла тұруын туғызған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің негізінде қайта басталады.
Бап 28. 28-бап. Әлеуметтік төлемдерді тоқтату
28-бап. Әлеуметтік төлемдерді тоқтату
Тармақ 1
1. Әлеуметтік төлем:
Тармақша 1
1) алушының қайтыс болуына (соттың хабарсыз кеттi деп тануына немесе қайтыс болды деп жариялауына) байланысты тоқтатылады. Бұл ретте әлеуметтік төлем алушы қайтыс болған айды қоса алғанда (соттың хабарсыз кеттi деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап) жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) алушының әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған, анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте әлеуметтік төлем тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;
Тармақша 3
3) алушының әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) алушы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған;
Тармақша 2
2) МӘС бөлімшесі алушыны еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем қайтыс болған айды қоса алғанда жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның мүгедектігі белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап;
Тармақша 3
3) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адам – он сегіз жасқа (он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда), ал аталған адам жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқып жатқан жағдайда жиырма үш жасқа толған күннен бастап;
Тармақша 4
4) он сегіз жастан асқан алушының (асырауындағының) білім беру ұйымынан оқудан шығарылуына немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстыруға байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем алушының (асырауындағының) оқудан шығарылғаны немесе сырттай оқу нысанына ауысқаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) алушы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған күннен бастап;
Тармақша 2
2) алушы халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде есептен шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң;
Тармақша 2
2) бала (балалар) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне белгіленген ай өткен соң;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда, ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған немесе олардың ата-ана құқықтары шектелген, асырап алу туралы шешімдер жарамсыз деп танылған немесе олардың күші жойылған, қорғаншылар өз міндеттерін орындаудан босатылған немесе шеттетілген ай өткен соң тоқтатылады.
Тарау 4. 4-тарау. ҚОРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ
4-тарау. ҚОРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ
Бап 29. 29-бап. Қордың мәртебесі
29-бап. Қордың мәртебесі
Тармақ 1
1. Қор құрылтайшысы мен жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Бап 30. 30-бап. Қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптар
30-бап. Қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер қордың басшы жұмыскерлері деп танылады.
Тармақ 2
2. Қордың басшы жұмыскерлеріне мынадай талаптар белгіленеді:
Тармақша 1
1) атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары үшін: білімі – жоғары кәсіптік (заң, қаржылық-экономикалық) білім; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметпен тікелей байланысты басшы лауазымдарда және қаржы нарығында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі не халықты әлеуметтік қорғау саласында басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілі болуы;
Тармақша 2
2) бас бухгалтер үшін: білімі – жоғары кәсіптік (қаржылық, экономикалық) білім; қаржылық-бухгалтерлік жұмыста кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) жоғары кәсіптік білімі және осы баптың 2-тармағында көзделген қызмет салаларында ең аз қажетті жұмыс өтілі жоқ;
Тармақша 2
2) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам қордың басшы жұмыскері болып сайлана (тағайындала) алмайды. Кәсібилікті, адалдықты, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқтығын, оның ішінде соттың өмір бойына қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы жұмыскері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылу құқығынан айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген шешімінің жоқтығын растайтын фактілердің болуы мінсіз іскерлік бедел болып табылады;
Тармақша 3
3) бұрын осы адам осы заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымында болған кезеңінде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервациялауға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған;
Тармақша 4
4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сайлану (тағайындалу) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған адам қордың басшы жұмыскері болып сайлана (тағайындала) алмайды.
Бап 31. 31-бап. Қордың қызметi
31-бап. Қордың қызметi Қор өз қызметiн қордың комиссиялық сыйақысы есебiнен жүзеге асырады. Комиссиялық сыйақының шамасы жылына екі реттен артық өзгертілмейді. Қордың комиссиялық сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен әлеуметтік аударымдардан, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдан, инвестициялық кірістен алынады. Қордың меншікті қаражаты қордың жарғылық капиталынан, комиссиялық сыйақыдан қалыптастырылады және солардан тұрады. Қор мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қайтарылуын, сондай-ақ инвестициялық кірісті есепке алуды жүргізу;
Тармақша 2
2) әлеуметтік төлемдерді және әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларының қайтарылуын есепке алуды жүргізу;
Тармақша 3
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйені құру және дамыту. Осы Заңда реттелмеген бөлікте қордың қызметіне Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы қолданылады.
Бап 32. 32-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
32-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Қордың:
Тармақша 1
1) әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Осы Заңда белгіленген тәртiппен бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;
Тармақша 3
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмысын жүргізуге;
Тармақша 4
4) қордың қызметiн қамтамасыз етуге қордың активтерінен комиссиялық сыйақы алуға;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік корпорациядан ақпарат алуға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң субъектілерінен қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар ашуға;
Тармақша 8
8) осы Заңға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қор:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асыруға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің және олардан ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы қорға қайтаруды қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) әлеуметтік төлемді тағайындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңсыз (негізсіз) деп танылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алмауға;
Тармақша 4
4) қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
Тармақша 5
5) жылдық қаржылық есептілік аудитінің жүргізілуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) үш жылда бір рет міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын бағалау аудитін қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алған жағдайда, әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату үшін шешімдердің жобаларын қалыптастыруға;
Тармақша 8
8) әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату не тағайындаудан бас тарту туралы шешімдер қабылдауға;
Тармақша 9
9) қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруға;
Тармақша 10
10) график бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпорацияны күн сайын қаржыландыруды жүргізуге;
Тармақша 11
11) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге;
Тармақша 12
12) қордың активтерін есепке алуды жүзеге асыруға арналған бағдарламалық қамтылым түрінде қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне ие болуға, сондай-ақ ақпараттың сақталуын және санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 13
13) ақпаратты сақтауға арналған резервтік орталыққа ие болуға;
Тармақша 14
14) ақпараттық жүйелерден алынған, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдердің сомалары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 15
15) Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңсыз (негізсіз) деп танылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат беруге;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Қор:
Тармақша 1
1) қордың активтерiн кепiлге беруге;
Тармақша 2
2) осы Заңда көзделмеген кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысуға құқылы емес.
Бап 33. 33-бап. Қор активтерiнiң құрылуы
33-бап. Қор активтерiнiң құрылуы
Тармақ 1
1. Қордың активтерi қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтік төлемдерге және әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсiмпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға жіберілген қаражатты шегере отырып, әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшiн өсiмпұл, инвестициялық кіріс, әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қорға түсетiн өзге де түсiмдер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 2
2. Қордың активтерi тек қана мынадай мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) тізбесі мен лимиттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшiн өсiмпұлдың артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ қате есепке жатқызылған өзге де қаражаттың сомаларын қайтару.
Тармақ 3
3. Қордың активтері:
Тармақша 1
1) кепіл нысанасы болмайды;
Тармақша 2
2) кредиторлардың талабы бойынша өндіріп алынбайды;
Тармақша 3
3) мүлікке тыйым салу немесе өзгеше түрде ауыртпалық салу нысанасы болмайды;
Тармақша 4
4) қордың және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша инкассолық өкіммен өндіріп алынбайды;
Тармақша 5
5) осы Заңның 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқаруға берілмейді;
Тармақша 6
6) мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болмайды.
Бап 34. 34-бап. Қордың активтерін басқару тәртібі
34-бап. Қордың активтерін басқару тәртібі
Тармақ 1
1. Қордың активтерін сенімгерлік басқаруды Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялық декларацияның және қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қор активтерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттеріне сәйкес орналастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қордың активтерін шоғырландыру және орналастыру, инвестициялық кiрiс алу жөнiндегi барлық операцияларды есепке алуды жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес тоқсан сайын қорға шоттардың және қор активтерiмен жасалған инвестициялық қызметтің жай-күйі туралы есепті ұсынады.
Бап 35. 35-бап. Есепке алу және есептілік
35-бап. Есепке алу және есептілік
Тармақ 1
1. Қор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қордың меншікті қаражаты мен активтерi бойынша бөлек бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және қаржылық есептілікті ұсынады.
Тармақ 2
2. Қор бухгалтерлiк есепке алуда және есептiлiктi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi мен олардың сақталу мерзiмдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
Бап 36. 36-бап. Аудит
36-бап. Аудит
Тармақ 1
1. Қордың аудитін және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын бағалау аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқықты аудиторлық ұйымдар жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Аудиторлық есеп коммерциялық құпияны құрамайды.
Тармақ 3
3. Қордың міндетті жыл сайынғы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
Тармақша 1
1) қордың меншікті қаражаты;
Тармақша 2
2) қордың активтері бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.
Тармақ 4
4. Қордың міндетті жыл сайынғы аудиті және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын бағалау аудиті бойынша шығыстар қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 37. 37-бап. Дауларды шешу
37-бап. Дауларды шешу Осы Заңды орындау бойынша қордың, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын барлық дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
Бап 38. 38-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
38-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 39. 39-бап. Өтпелі ережелер
39-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін айқындалған мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көбейтілуін қоса алғанда, жыл сайын көбейтілуі ескеріле отырып, әлеуметтік төлем мөлшерін тағайындау кезінде есепке алынған қатысу өтілі мен еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенттеріне бөлу және осы Заңға сәйкес көзделген қатысу өтілі мен еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенттеріне көбейту жолымен қайта есептелуге жатады.
Тармақ 2
2. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін айқындалған мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көбейтілуін қоса алғанда, жыл сайын көбейтілуі ескеріле отырып, әлеуметтік төлем мөлшерін тағайындау кезінде есепке алынған қатысу өтілі мен асырауындағылар саны коэффициенттеріне бөлу және осы Заңға сәйкес көзделген қатысу өтілі мен асырауындағылар саны коэффициенттеріне көбейту жолымен қайта есептелуге жатады.
Тармақ 3
3. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін айқындалған мөлшері әлеуметтік төлем мөлшерін тағайындау кезінде есепке алынған қатысу өтілі мен кірісті ауыстыру коэффициенттеріне бөлу және осы Заңға сәйкес көзделген қатысу өтілі мен кірісті ауыстыру коэффициенттеріне көбейту жолымен қайта есептелуге жатады. Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің ұзақтығы осы Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 4
4. Мыналардың:
Тармақша 1
1) осы Заңның 1-бабы 7) тармақшасының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
Тармақша 7
«7) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – осы Заңда белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;»;
Тармақша 2
2) осы Заңның 13-бабының 2-тармағы бірінші абзацының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлеуші:»;
Тармақша 3
3) осы Заңның 15-бабының 5-тармағы екінші бөлігінің қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда, онда осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.»;
Тармақша 4
4) осы Заңның 17-бабы 1-тармағының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың төлемдерін қоспағанда, әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген сомаларын мемлекеттік кіріс органдары мерзімі өткен әрбір күн үшiн (қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге өндiрiп алады немесе төлеуші оларды қордың шотына аударуға тиіс.».
Бап 40
Тармақ 1
1. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы, 14-бабының 2-тармағы, 15-бабының 3-тармағы, 16-бабының 3-тармағы, 20-бабы 4-тармағының бесінші және алтыншы бөліктері, 21-бабы 7-тармағының үшінші және төртінші бөліктері, 22-бабы 1-тармағының екінші бөлігі, 23-бабы 3-тармағының төртінші және бесінші бөліктері, 24-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктері 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат) күші жойылды деп танылсын.