Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества сельского округа Обаған Узункольского района Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мәслихаттың «Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 284 шешімінің (2015 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5547 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2019 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 332 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің Тайсойған ауылының тұрғындары үшін
5
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің Обаған ауылының тұрғындары үшін
5
Басқа 6. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың
2019 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 332 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Обаған ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Обаған ауылдық округі аумағындағы тұрғындардын бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Обаған ауылдық округінің әкімі шақырады.
Ұзынкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Обаған ауылдық округінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Обаған ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Обаған ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Обаған ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Обаған ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Обаған ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ұзынкөл ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Обаған ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Обаған ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.