Об утверждении Правил и сроков представления сведений в органы государственных доходов банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, кастодианами, центральным депозитарием, брокерами и (или) дилерами, обладающими правом ведения счетов клиентов в качестве номинальных держателей ценных бумаг, управляющих инвестиционным портфелем, а также страховыми (перестраховочными) организациями, филиалами страховы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиандардың, орталық депозитарийлердің, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 27-бабы 4-тармағы мен 24-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 267-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланған, Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) 6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиандардың, орталық депозитарийлердің, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқа 0. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиандардың, орталық депозитарийлердің, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымд
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы «__» _______ № ___ бұйрығымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиандардың, орталық депозитарийлердің, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиандардың, орталық депозитарийлердің, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған Салық істер бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға (бұдан әрі – Конвенция), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 2) тармақшасына, 27-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Қағида есеп беретін қаржы ұйымдарының мемлекеттік кірістер органдарына банктік шоттардың бар болуы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент-жеке тұлғалардың, бейрезидент-заңды тұлғалардың, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге де мүліктің бар болуы, түрі және құны туралы мәліметтерді, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын, бейрезидент-жеке тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаларға, заңды тұлғаларға ашылған, бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттарының бар болуы туралы және осы шоттардағы және бейрезидент-жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын жасасқан жинақтаушы сақтандыру шарттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) белсенді қаржылық емес ұйым – ол Келісімдегі қаржылық емес ұйым (бұдан әрі - ҚЕҰ) деген анықтауда көрсетілген кез келген өлшемшарттарға жауап беретін ұйым;
Тармақша 2
2) есеп беруші қаржы ұйымы – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиандардың, орталық депозитарийлердің, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдары;
Тармақша 3
3) есеп беруші шот – Келісімге сәйкес қаржылық ақпарат берілетін шот немесе сақтандыру келісімінің нөмірі;
Тармақша 4
4) есеп берушілік юрисдикция – уәкілетті органның ресми интернет ресурсында тізбесі орналастырылатын және кез келген өзгерісті көрсететін, Келісімге қол қоятын шет ел (аумақ);
Тармақша 5
5) есеп берушi тұлға – есеп беретiн юрисдикцияның тұлғасы;
Тармақша 6
6) ИН – сол елдің салықтық резиденті болып табылатын шот иесіне шет елмен (аумақ) берілетін идентификациялық нөмірі (немесе оның баламасы);
Тармақша 7
7) Келісім – Конвенцияның 6-бабын іске асыруға қабылданған, қаржылық шоттар туралы ақпаратпен автоматты түрде алмасу жөніндегі құзырлы органдардың көпжақты келісімі;
Тармақша 8
8) қаржылық ақпарат – мәліметтер: бағалы қағаздар мен бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын бейрезидент жеке тұлғалармен, заңды тұлғалармен жасалған шарттардың шеңберінде ашылған өзге де қаржы құралдарын есепке алу үшін жеке шоттарының бары туралы, сондай-ақ осы шоттарда бағалы бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары қалдықтарының бары туралы; банктік шоттарының және олардың нөмірлерінің бары туралы, осы шоттарда ақша қалдықтарының, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналасқан немесе бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын бейрезидент жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың басқаруында тұрған мүліктің түрі және құны туралы мәліметтердің бары туралы; пайда алушылары бейрезидент жеке тұлғалар болып табылатын жасасқан жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы; кастодиандық, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру шеңберінде бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын бейрезидент жеке тұлғалар, бейрезидент заңды тұлғалар ашқан шот жағдайында: тиісті есептік кезеңнің ішінде шотқа (немесе шотқа қатысты) төленген немесе аударылған әрбір жағдайында шотта сақталатын пайыздардың ортақ жалпы сомасын, дивидендтердің ортақ жалпы сомасын және шотта сақталған активтер бойынша алынған өзге де кірістің ортақ жалпы сомасын; күнтізбелік жыл ішінде немесе өзге де есептілік кезеңінде алынған, оларға қатысты Қазақстан Республикасының қаржы институты бағалы қағаздарды номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар, кастодиан, брокер ретінде әрекет еткен қаржы құралдарын өткізу кезінде қаржы активтерін сатудан немесе өтеуден түскен жалпы түсім; күнтізбелік жыл немесе тиісті есепті кезең ішінде төленген пайыздардың жалпы сомасы;
Тармақша 9
9) өзін-өзі сертификаттау нысаны – клиент қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде толтырылған және қол қойған, оған қойылатын талаптарды есеп беруші ұйым Келісімшарт негізінде дербес бекітетін және сауалнамада көрсетілген ақпарат үшін клиенттің жауапкершілігін қамтитын сауалнама;
Тармақша 10
10) пассивті қаржылық емес ұйым – белсенді қаржылық емес ұйымның өлшемдеріне сәйкес келмейтін ұйым немесе инвестициялық ұйым болып табылмайтын ұйым;
Тармақша 11
11) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
Тармақша 12
12) шот – ағымдағы және (немесе) жинақ шоты, металл шоттары, сондай-ақ кастодиальдық қызметті жүзеге асыру шеңберінде ашылған дербес шоттар (қосалқы шоттар) мен баланстық емес шоттар;
Тармақша 13
13) шот иесі – қаржылық ұйым келісіміне сәйкес шот ашқан жеке немесе заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Мәліметтерді беру тәртібі және мерзімдері
2-тарау. Мәліметтерді беру тәртібі және мерзімдері
Тармақ 4
4. Есеп беретін қаржы ұйымы әрбiр есеп беретін шот бойынша осы Қағидалардың осы Қағидаларға 1-қосымшада келтiрiлген нысанға (026.00 нысан) Келісімге сәйкес қаржылық ақпаратты ұсынады.
Тармақ 5
5. Қаржы ақпаратын ұсыну уәкілетті органның телекоммуникация желісі арқылы электронды түрде жүзеге асырылады. Ақпаратты беру кезінде қаржы ұйымы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік табыс ведомствосының ақпаратты электронды түрде қабылдауын растауды қабылдайды, электронды түрде ақпаратты қабылдау күні уәкілетті органның ақпаратын алу жүйесінде ақпарат қабылдау күні болып табылады.
Тармақ 6
6. Егер бұрын ұсынылған ақпаратқа толықтырулар мен (немесе) түзетулер енгізу қажет болса, онда есеп беретін қаржы ұйымдары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ақпаратты түзетілген белгімен қосымша мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы Қағидаларға және Келісімнің ережелеріне сәйкес келмейтін есепті анықтаған жағдайда, уәкілетті орган қаржылық ұйымға өтiнiш береді. Осы тармақта көрсетiлген уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша мәлiметтер мұндай өтiнiш алынған күннен бастап 15 (он бес) күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Тармақ 8
8. Қаржылық ақпарат жыл сайын 30 маусымнан кешіктірмей осы ақпарат қамтылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылда ұсынылады. Бұл ретте бірінші қаржылық ақпаратты ұсыну 2019 жылға қарасты орындалады.
Тармақ 9
9. Есептік жазба осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген тиісті тексеру рәсімдеріне сәйкес сәйкестендірілген күннен бастап есептік шот ретінде қарастырылады.
Тармақ 10
10. Шоттың балансы немесе шоттағы қаражат мөлшері күнтізбелік жылдың соңғы күндегі жағдай бойынша немесе шот есепті кезеңде жабылған жағдайда, шоттың жабылуы туралы хабарланады.
Тарау 3. 3-тарау. Мәліметтерді құрастыру
3-тарау. Мәліметтерді құрастыру
Тармақ 11
11. Егер сол шот иесімен бірнеше есеп шоттары болса, онда әрбір шот үшін жеке жол толтырылады.
Тармақ 12
12. Алфавит толтыруды қажет ететін барлық өрістер мен бағандар тек ағылшын тілінде ISO 8859 стандартына сай толтырылады.
Тармақ 13
13. Ел кодын көрсете отырып, Халықаралық стандарттау ұйымының ISO 3166-1 Альфа 2-ге сәйкес коды қолданылады.
Тармақ 14
14. Валюталық кодын айқындау кезінде Халықаралық стандарттау ұйымының ISO 4217 стандартына сәйкес келетін код қолданылады.
Тармақ 15
15. 026.00 нысанындағы «Жалпы ақпарат» бөлімінде мына мәліметтер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 1-жолда нысанның түрі көрсетіледі. Есепті кезең ішінде алғаш рет жаңа деректерді ұсынғанда «негізгі» ұяшық белгіленген: егер ақпарат уәкілетті органның бұрын ұсынылған ақпаратты түзету туралы өтініші бойынша берілсе, онда ақпарат негізгі ақпарат ретінде түзетілген ақпаратпен бірге ұсынылады және «түзетілген» қорап таңбалануы тиіс. Уәкілетті органның сұрауы ақпараттық жүйе арқылы жолданады. Ұсыну үшін ақпараттары жоқ қаржы мекемелері, «есепке алу үшін шоты жоқ» деген торкөзді белгілейді, тек «Жалпы ақпарат» бөлімі толтырылады.
Тармақша 2
2) 2-жолда алдыңғы есептің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Жол бұрынғы ақпараттың күшін жою үшін өзгертілген ақпаратты ұсыну кезінде толтырылады;
Тармақша 3
3) 3-жолда ақпарат ұсынылатын есептік кезеңді (жыл) көрсетеді (араб цифрларында көрсетілген).
Тармақ 16
16. 026.00-нысанның «Қаржы ұйымы туралы ақпарат» бөлімі мынадай деректер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 4-жолда ақпарат ұсынатын қаржы ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 5-жолда құрылтайшы және өзге де құжаттарға сәйкес ақпарат ұсынатын қаржы ұйымының атауы көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 6-жолда орналасқан мекен-жайы (пошталық мекен-жайы) көрсетіледі. Егер қаржы ұйымының пошта қызметі көше мекенжайын пошта арқылы жібермесе және қаржы ұйымының пошталық индексі болса, онда пошталық индекс нөмірдің орнына көрсетіледі; «Мәліметті ұсынған адамның А. Т. Ә.» есеп беруші қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасының тегi, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетiледi; «Беру күні» жолында уәкілетті органға ақпарат берілген күні көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 026.01 нысанындағы «Шот иесі туралы мәліметтер» бөлімінде мемлекеттік органға табыс етілген шот иесі немесе алушы туралы ақпаратты көрсету үшін толтырылады:
Тармақша 1
1) А бағанында 0001 пішіміндегі жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 2
2) В бағанында шот иесінің коды көрсетіледі: заңды тұлғалар үшін –1; жеке тұлғалар үшін – 2;
Тармақша 3
3) С бағаны жеке тұлғаның аты, тегі және әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы - шот иесі немесе алушы;
Тармақша 4
4) D бағаны жеке тұлғаның туған күнін, егер B бағаны жеке тұлғаның және салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірінің жоқтығы көрсетілсе;
Тармақша 5
5) E бағанында шот иеленушінің ИН көрсетілуі тиіс. Егер ИН болмаса, онда графика толтырылмайды;
Тармақша 6
6) F бағаны ИН шығарған елдің коды көрсетіледі;
Тармақша 7
7) G бағанында шот иесінің немесе төлем алушының салық төлеушінің салық коды көрсетілуі тиіс;
Тармақша 8
8) бағанында заңды тұлғаның түрі - шот иесі немесе төлем алушы көрсетіледі. Аталған баған заңды тұлға В бағанында көрсетілген жағдайда толтырылады. Заңды тұлғаның түріне байланысты мынадай мәндер толтырылады: CRS101 - Бір немесе бірнеше бақылаушы тараппен жауапты тұлға ретінде пассивті қаржылық емес ұйым; CRS102 - Келісімнің мақсаттары үшін жауапты тұлға; CRS103 - Келісімнің мақсаттары үшін есеп беретін пассивті қаржылық емес ұйым;
Тармақша 9
9) I жолында облыс/қала атауы (облыс, аудан, республикалық маңызы бар қала) көше атауы, үй / ғимарат нөмірі, этажы, кеңсе, пошталық индексі мекенжайы көрсетіледі. Шот иесінің мекенжайы деп тұрақты тұрғылықты жері көрсетіледі. Бенефициарлық меншік иесімен немесе бақылаушы тұлғамен байланыс үшін есеп беруші қаржы ұйымында осындай мекенжай жоқ болса, есеп беруші қаржы ұйымы пайдаланатын пошта мекен-жайы көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 026.01 нысанындағы «Бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат» бөлімі «Шот иесі туралы мәлімет» бөлімінің С бағанында көрсетілген пассивті қаржылық емес ұйымның бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат беру үшін толтырылады:
Тармақша 1
1) J-бағанында заңды тұлғаның атауы және бенефициарлық меншік иесінің немесе бақылаушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
Тармақша 2
2) K бағанында, егер J-бағанында жеке тұлға көрсетілсе күні-айы-жылы нысанындағы жеке тұлғаның туған күні көрсетіледі;
Тармақша 3
3) L бағанында шот иесінің ИН көрсетеді;
Тармақша 4
4) M бағанында ИН берген елдің коды көрсетіледі;
Тармақша 5
5) N бағанында шот иесінің тұрғылықты жерінің коды көрсетіледі;
Тармақша 6
6) O жолында облыс/қала атауы (облыс, аудан, республикалық маңызы бар қала) көше атауы, үй / ғимарат нөмірі, этажы, кеңсе, пошталық индексі мекенжайы көрсетіледі. Бенефициарлық меншік иесінің немесе бақылаушы тұлғаның мекенжайы деп тұрақты тұрғылықты жері көрсетіледі. Бенефициарлық меншік иесімен немесе бақылаушы тұлғамен байланыс үшін есеп беруші қаржы ұйымында осындай мекенжай жоқ болса, есеп беруші қаржы ұйымы пайдаланатын пошта мекен-жайы көрсетіледі.
Тармақ 19
19. 026.01 нысандағы «Қаржылық мәлімет» бөлімі есептік шотқа қатысты қаржылық ақпаратты көрсету үшін толтырылады:
Тармақша 1
1) P бағанында шот нөмірі көрсетіледі. Шот нөмірі есеп беруші қаржы ұйымы берген сәйкестендіру нөмірі болып табылады. Егер қаржы институтында нөмірлеу жүйесі болмаса, онда NANUM көрсетіледі;
Тармақша 2
2) Q бағанында S, T, U, V, W бағандарында көрсетілген валюта коды көрсетіледі;
Тармақша 3
3) R бағанында, егер «Қаржылық мәлімет» бөлімінде көрсетілген шот күнтізбелік жыл ішінде жабылған болса белгі қойылады;
Тармақша 4
4) S бағаныда егер есептi жабу кезiнде осындай кезеңде жабылған болса немесе күнтiзбелiк жылдың аяғындағы жағдай бойынша ақшаның қалдығы немесе шотта құны көрсетіледі. Өмірді сақтандыру жөніндегі бойынша толтырған кезде, күнтізбелік жылдың соңына жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша болмаған шығындардың қалыптастырылған резерві немесе шарт бұзылған жағдайда, шартты бұзу күніне сатып алу сомасының мөлшері көрсетіледі;
Тармақша 5
5) Т бағанында төленген дивидендтердің жалпы үлес сомасы көрсетіледі;
Тармақша 6
6) U бағанында тиісті шот бойынша есеп беруші қаржы мекемесі төлеген сыйақылардың (пайыздардың) жалпы ортақ сомасы көрсетіледі;
Тармақша 7
7) V бағанында активті сатудан немесе кері сатып алудан түскен жалпы табыс көрсетіледі;
Тармақша 8
8) W бағанында өзге кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі;
Тармақша 9
9) S, T, U, V бағандары толтырылған кезде табыстың біреуден аса түрлері көрсетілуі мүмкін.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы _______________ № ____ бұйрығына 1-қосымша
Басқа 2
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы ______________ № ____ бұйрығына 2-қосымша Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) Қаржы, демеушілік көрсететін, делдалдық ұйымының атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ Нысанның коды версиясы _____________________ Нысанның түрі __________________________________________________ Нысанның атауы _________________________________________________ Кезең ___________________________________________________________ Қабылдау әдісі ___________________________________________________ 026.00 Нысаны құжатының кіріс (тіркеу) нөмірі: ______________________ Нысанды өңдеу Жүйесі Мәртебесі Күні/Уақыты 026.00 Нысанды қабылдау кезіндегі қателіктер: Қолданбалы сервердің қолтанбасы