Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов в городе Нур-Султан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексті, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қабылданған шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 0. Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №______шешіміне қосымша Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері № п/п Тариф атауы Тариф (теңге) 1. Абаттандырылған үй шаруашылықтарында тұратын жеке тұлғаға (1 жеке тұлға айына) 390* 2. Абаттандырылмаған үй шаруашылықтарында тұратын жеке тұлғаға (1 жеке тұлға айына) 414* 3. Заңды тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған тариф (1 текше метр үшін) 2 144 * Ескерту: Келесі жеңілдіктер мөлшері қарастырылған: 100% жеңілдік - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға; 50% жеңілдік - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге, көп балалы аналарға, I-топтағы мүгедектерге; 25% жеңілдік – II-топтағы мүгедектерге, жасы бойынша зейнеткерлерге