О мерах по улучшению правового всеобуча в Атырауской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды жақсарту жөнiндегi шаралары туралы Халықтың құқықтық мәдениетiн және хабардарлығын арттыру, экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз ету тиiмдiлiгiн көтеру, әрi заңдылықты, құқықтық тәртiптi, реттiлiктi нығайту мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 12 ақпандағы № 1569 қаулысымен  бекiтiлген өазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындаы жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 қаулысының  2-тармағын және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабының 1-бөлiмi 21-тармағын басшылыққа алып облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес үйлестiру-әдiстемелiк Кеңесi құрылсын (қосымша № 1).
Тармақ 2
2. Атырау облысында 2002-2005 жылдарға арналған жалпыға бiрдей құқықтық бiлiм берудiң кешендi бағдарламасы бекiтiлсiн (қосымша № 2).
Тармақ 3
3. Қала және аудан әкiмдерi үстiмiздегi жылдың 30 қазанына дейiн өз орынбасарларының төрағалығымен әйлестiру-әдiстемелiк кеңестерiн құрып, кеңестiң жұмыс жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн.
Тармақ 4
4. Қызметкерлерге құқықтық бiлiм беру жөнiндегi шығындар басқармалар, кәсiпорындар, мекемелер, қала, аудан әкiмдерiнiң өз қаражаты есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Атырау облысы iшкi iстер, бiлiм басқармалары басқа мүдделi органдармен бiрлесiп, полиция органдарында есепте тұрған, тәрбиелеу органдарында жазасын өтеп жүрген кәмелетке толмаған адамдарға құқықтық бiлiм берудi ұйымдастыру жөнiнде шаралар алсын.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 27 сәуiрдегi № 448 "Атырау облысында жалпыға бiрдей құқықтық бiлiм берудi жақсарту шаралары туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсiн.
Басқа 8
Облыс әкiмiнiң 2002 жылдың 6 қыркүйектегі № 226 қаулысына № 1 қосымша Жалпыға бiрдей құқықтық бiлiм берудi үйлестiру-әдiстемелiк Кеңесi 📌 Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімиятының 2004 жылғы 16 наурыздағы № 70 қаулысымен. Мүрсәлиева Тасқира Қабиқызы - облыс әкiмiнiң орынбасары, төрайым Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы - облыс әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, төрайымның орынбасары Кеңес мүшелерi: Асқарбеков Марат Төкенұлы облыс прокурорының орынбасары Нұғманов Рахметолла Таңатұлы - Атырау облысы әділет департаментінің бастығы (келісім бойынша) Есенғалиев Шалқарбек  Сатқанұлы - облыстық қаржы полициясының бастығы Исабеков Ақжiгiт  Қалтайұлы  - облыстық ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы Қуанышқали Қабиболла Жұмабекұлы  - Қазақстан Республикасы ақпарат министрлігінің Атырау облысы бойынша ақпарат басқармасының бастығы (келісім бойынша) Қабылов Нұрлан  - Атырау облыстық газетінің бас редакторы Қарасаева Әлия  Орынғалиқызы – облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қайненов Килимғали Қайненұлы - облыстық бiлiм беру басқармасының бастығы Шигаев Виктор    Михайлович - "Прикаспийская коммуна" облыстық газетінің бас редакторы Нұрғалиев Айтқали  Құмарғалиұлы - облыстық телерадиокомпания төрағасы Әміров Мұқаран Серікұлы - Атырау облысы ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша) Рысқалиев Сағидолла - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы (келісім бойынша)
Басқа 9
Облыс әкiмiнiң 2002 жылдың 6 қыркүйектегі № 226 қаулысына № 2 қосымша Атырау облысында 2002-2005 жылдарға арналған жалпыға бiрдей құқықтық бiлiм берудiң кешенді бағдарламасы № Iс-шаралар Жауаптылар Мерзiмi 1. Тұрақты жұмыс iстейтiн құқықтық бiлiм беру мектеп. терiнде құқықтық оқытуды 30-60 сағаттық жылдық оқу бағдарламасы бойынша жүргiзу. Қала, аудан әкiмдерi,   басқармалар, мекемелер, кәсiпорындар, ұйымдар басшылары. Үнемі 2. Құқықтық бiлiм беру мектептері тыңдаушыларының кәсiби, жас және басқа да ерекшелiктерiн ескере отырып, құқықтық бiлiм берудiң жоспары мен бағдарламасын әзiрлеу. Қала, аудан әкiмдерi,   басқармалар, мекемелер, кәсiпорындар, ұйымдар басшылары. Әрбір оқу жылына 3. Құқықтық білім беру мектептерінде оқу жылы аяқталысымен тындаушыларды аттестациядан өткізу. Қала, аудан әкiмдерi, басқармалар, мекемелер, кәсiпорындар, ұйымдар басшылары. Әр жылдың маусым айында. 4. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жалпыға бірдей құқықтық білім беруге құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, тәжірибелі заңгерлердің, заңгер-ғалымдардың қатысуын қамтамасыз ету. Облыс әкімі аппаратының мемлекетті-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімі, қала, аудан әкімдері, басқармалар мекемелер, кәсіпорындар,ұйымдар басшылары. Үнемі 5. Жалпы білім беретін мектептерде құқық пәндерін жүргізу: 5-8-сыныптарда «Құқық негізі» тақырыптағы сабақтары оқушылардың құқық, мемлекет, заңдылық, құқықтық тәртіп, құқықтық жауапкершілік ұғымдарын түсіндіру мақсатын көздейді. 9-сыныптарда Қазақстан Республикасының Конституциясы мен конституциялық құрылымы қағидаларын оқыту 10-11 сыныптарда құқықтың қайнар көздерін, азаматтық құқықтық қатынас, азаматтық жауапкершілік түсініктерін оқыту. Облыстық білім беру басқармасы Үнемі 6. Оқу орнының оқыту саласын есепке ала отырып, ҚР-ның қолданыстағы негізгі заңдарды тереңдетіп оқыту. Облыстық білім беру басқармасы,университеттер, институттар, колледждер. Үнемі 7. Білім беру мекемелері үшін жалпыға бірдей құқықтық білім беру жөніндегі материалдар әзірлеу. Облыстық білім беру басқармасы. 2002-2005 ж.ж. 8. Заң мәселелері бойынша жалпы білім беретін мекемелердің мектеп оқушылары, студенттер, тындаушылары арасында үйірмелер,клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдарын, оқушылар және көрермендер конференцияларын, олимпиадалар, айтыстар, дөнгелек үстелдер өткізу. Облыстық білім беру басқармасы,облыстық құқық қорғау органдары. Үнемі 9. Басылымдарда қолданыстағы заңдарды түсіндіруге құқық қолданушылықты насихаттауға бағытталған айдар ашу. Халықты құқықтық оқыту бойынша арнайы хабар ұйымдастыру. Облыстық бұқаралық ақпарат құралдары. Үнемі 10. Облыстың құқық қорғау органдары теледидар, радио,газет басылымдары үшін заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, заңдардағы өзекті мәселелер бойынша брифингтер, баспасөз мәслихаттарын өткізу. Бұқаралық ақпарат құралдары, облыстың құқық қорғау органдары. Үнемі 11. Мұғалімдер білімін жетілдіру институтында ҚР –сы қолданыстағы заңдары бойынша дәрістер өткізуді ұйымдастыру. Облыстық білім беру басқармасы, құқық қорғау органдары, Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің оқышылары, заңгер-ғалымдар. Жыл сайын. 12. Ауылдық жерлердегі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аудан орталықтарында «Құқықтық білім күндерін» ұйымдастыру. Қала, аудандар әкімдері облыстық әділет басқармасы, облыстық басқармалар. 2002-2005 ж.ж. 13. Басқармаларда, мемлекеттік мекемелерде, қала, аудандар әкімдері аппараттарында жалпыға бірдейқұқықтық оқытудың жағдайын зерделеу, оны жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Облыстық әділет басқармасы, мемлекеттік мекемелер, басқармалар басшылары Үнемі 14. 2002- жылдың – Денсаулық жылы деп жариялауына байланысты халық арасында маскүнемдік пен нашақорлыққа, СПИД қарсы, санитарлық эпидемиологиялық салауаттылықты жақсарту бойынша насихаттау шараларын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау басқармасы, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция және басқа да медициналық мекемелер. 2002- жыл 15. Әр түрлі деңгейдегі өкілетті органдардың депутаттары арасында құқықтық оқытуды ұйымдастыру. Облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар. Үнемі 16. Кітапханаларда заң әдебиеттеріне, мақалаларға арналған көрме ұйымдастырып, оны жаңартып отыру және халыққа қажетті заң әдебиеттері, журналдары, нормативтік құқықтық кесімдерінің жинақтары қорын құру. Облыстық мәдениет басқармасы. 2002-20005 ж.ж. 17. Қазақстан Республикасына көшіп келген оралмандарға ҚР қолданыстағы көші-қон, азаматтық мәселелер жөніндегі заңдарды оқыту. Облыстық көші-қон және демография басқармасы Жыл сайын. 18. Жалпыға бірдей құқықтық білім беруді ұйыдастыру және жүргізуге әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету. Облыстық әділет басқармасы. Үнемі 19. Жалпыға бірдей құқықтық білім беруді ұйыдастыру және жүргізуге бақылау жасау. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімі. Үнемі