Об утверждении категорий налогоплательщиков – физических лиц, состоящих на регистрационном учете в качестве индивидуального предпринимателя или лица, занимающегося частной практикой, юридических лиц, Правил и сроков представления банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, сведений по итоговым суммам платежей за календарный год, поступившим на текущий счет посредством применения оборудования (устройства), предназначенного для осуществления платежей Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары, төлем карточкаларын мен мобильдік төлемдерді пайдаланумен, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның нысанын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 24-бабы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаңған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2019 жылғы «__» ____________ № __бұйрығына 1-қосымша
Тармақ 1
1. Дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары.
Тармақ 2
2. Жеке практикамен айналысатын адамдар.
Тармақ 3
3. Арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар.
Тармақ 4
4. Ойын бизнесi субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалар жатады.
Басқа 2. Төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2019 жылғы «__» ___________ № __бұйрығына 2-қосымша Төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 24-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға - салық төлеушінің (бұдан әрі – салық төлеушілер) ағымдағы шотына түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Банктер мен ұйымдар) ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мәліметтерді беру тәртібі мен мерзімі
2-тарау. Мәліметтерді беру тәртібі мен мерзімі
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттарына сәйкес жыл сайын, есепті жылдың кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей, есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Microsoft Excel форматында салық төлеушілердің санаттары қалыптастырады.
Тармақ 3
3. Комитет салық төлеушілердің тізбесін қалыптастырған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Банктерге және ұйымдарға көрсетілген тізбені қоса бере отырып, Мәліметтер ұсыну туралы сұрау салуды жібереді.
Тармақ 4
4. Банктер мен ұйымдар Мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Комитетке Мәліметтерді осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Microsoft Excel форматында электрондық құжат түрінде жібереді.
Тармақ 5
5. Мәліметтердің нысаны мынадай түрде толтырылады:
Тармақша 1
1) нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;
Тармақша 2
2) нысанның 2-бағанында Мәліметтер ұсынылатын кезең көрсетіледі;
Тармақша 3
3) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі;
Тармақша 4
4) нысанның 4-бағанында салық төлеушінің атауы көрсетіледі;
Тармақша 5
5) нысанның 5-бағанында банктік шоттары ашылған банктің (филиалының, құрылымдық бөлімшесінің) БСН көрсетіледі;
Тармақша 6
6) нысанның 6-бағанында банктік шоттары ашылған банктің (филиалының, құрылымдық бөлімшесінің) банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
Тармақша 7
7) нысанның 7-бағанында банктік шоттары ашылған банктің (филиалының, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі;
Тармақша 8
8) нысанның 8-бағанында банктік шоттың түрі көрсетіледі;
Тармақша 9
9) нысанның 9-бағанында банктік шот валютасының түрі көрсетіледі;
Тармақша 10
10) нысанның 10-бағанында салық төлеушінің банктік шотының нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 11
11) нысанның 11-бағанында күнтізбелік жыл үшін, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы түскен, төлемдердің қорытынды сомасы көрсетіледі;
Тармақша 12
12) нысанның 12-бағанында есепті күнтізбелік жыл үшін ағымдағы шотқа түскен мобильді төлемдердің жиынтық сомасы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Мәліметтер мәліметтерді беру жөніндегі уәкілетті тұлғаның немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Басқа 3. Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1451 бұйрығына 3-қосымша нысан Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы туралы мәліметтер р/с № Жыл Са­лық тө­ле­у­ші Рек­ви­зи­ты бан­ка (фи­ли­а­ла, под­раз­де­ле­ния бан­ка), в ко­то­ром от­кры­ты бан­ков­ские сче­та Банк шот­та­ры ашы­л­ған банк­тің (фи­ли­а­лы­ның, бө­лім­ше­сі­нің) де­ректе­ме­ле­рі Банк шо­ты­ның тү­рі Банк шо­ты­ның ва­лю­та­сы Банк шо­ты­ның нө­мі­рі Күн­тіз­бе­лік жыл үшін түс­кен тө­лем­дер­дің жиын­дық со­ма­ла­ры Күн­тіз­бе­лік жыл үшін ағым­да­ғы шот­қа түс­кен мо­биль­ді тө­лем­дер­дің жиын­тық со­ма­ла­ры ЖСН/ БСН ата­уы БСН БСК ата­уы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 _____________________________________________________________ нысанды жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы _____________________________________________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу: БСК – банктің сәйкестендіру коды; БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; р/с – реттік саны.