Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам разовой выплаты для оформления удостоверении личности гражданина Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін рәсімдеу үшін бір жолғы төлем беру Ережелерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Щучье аудандық мәслихатының 03.02.2005 № С-13/6 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жеке куәлігі жоқ аз қамтылған азаматтарды құжаттандыру мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Жеке куәлігі жоқ, аз қамтамасыз етілген азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін рәсімдеу үшін ұсынылған бір жолғы төлем беру Ережелері бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелген уақыттан бастап қүшіне енеді.
Басқа 3
Щучье аудандық мәслихатының
2002 жылғы 27 қарашадағы «Аз
қамтамасыз етілген азаматтарға
Қазақстан Республикасы
азаматының жеке куәлігін
рәсімдеу үшін бір жолғы төлем
беру Ережелерін бекіту туралы»
№ С-20/2 шешімімен бекітілген
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін рәсімдеу үшін бір жолғы төлем беру Ережелері.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін рәсімдеу үшін бір жолғы төлем беру Ережелері (әрі қарай Ережелер) 258.51 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтарға әлеуметтік төлем» бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдер ұйымдастыру тәртібін ретке келтіреді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасы Заңы Ереже қабылдау үшін құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Ереже «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен ретке келтірілетін қатынастарға жарамсыз.
Тарау 2. 2. Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі.
2. Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі.
Тармақ 4
4. Бір жолғы төлемдер әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады және жеке куәлігі болмауы себепті атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жеке бас әлеуметтік коды жоқ, жан басына шаққандағы кіріс кедейлік деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға беріледі.
Тармақ 5
5. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға бір жолғы ақшалай төлем селолық (қалалық) учаскелік комиссия түжырымы негізінде беріледі.
Тармақ 6
6. Азаматтардың өтініші негізінде селолык, (қалалық) округтің учаскелік комиссиялары олардың тұрмыстық жағдайын, қамтамасыз етілуі деңгейін тексереді және тиісті акт жасайды.
Тармақ 7
7. Тексеру актісі бойынша Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алмақшы аз қамтамасыз етілген азаматтар тізімі жасалады. Тізімдерді селолық (кент) округтер және Щучье қаласының әкімдері Щучье аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы бөлімшесі бекітіп, аудандық еңбек, жұмыспен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне беріледі.
Тармақ 8
8. Бір жолғы төлем көлемі 400 теңге, ол төмендегі шығындардан қүралады:
Фотосурет бағасы - 180 теңге
Жеке куәлігінің бағасы — 165 теңге
Ксерокөшірме бағасы — 35 теңге
Халықтық банкте жеке тұлғалардан алынатын мемлекеттік баж салығы — 20 теңге
Тармақ 9
9. Төлем қаржы аудандық еңбек, жұмыспен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің есебіне аударылу жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Бір жолғы төлемді қаржыландыру
3. Бір жолғы төлемді қаржыландыру
Тармақ 10
10. Бір жолғы төлемдер бойынша каржылық шығындар осы мақсатқа аудандық бюджетте көзделген «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтарға әлеуметтік төлем» 258.51 бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Төлемді жүзеге асыруға бақылау жасау.
4. Төлемді жүзеге асыруға бақылау жасау.
Тармақ 11
11. Бір жолғы төлемдерге бақылау жасау «Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.