Об утверждении Правил выплаты материальной помощи на обеспечение техническими средствами инвалидов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерді техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге материалдық көмек төлеу Ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 31.01.2005 № С 16-1 шешімімен. Ақкөл аудандық әкімияттың халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туталы» Заңының 12-бабының 1-тармағы негізінде аудандық мәслихат шешті:
Тармақ 1
1. Мүгедектерді техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге материалдық көмек төлеу Ережесі бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2003 жылдың 1-қаңтарынан және Ақмола облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының 2002 жылғы 29 қазандағы № С 29-11 шешімімен бекітілген Мүгедектерді техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге материалдық көмек төлеу ережесі. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағының негізінде, халыктың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленген және «Жергілікті деңгейде мүгедектерді әлеуметтік қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша І, ІІ, ІІІ топтардағы мүгедектерді техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге және протез жасайтын жерге барып және қайтып келу жол ақысына материалдық көмек көрсету тәртібін тағайындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы кағидалар.
1. Жалпы кағидалар.
Тармақ 1
1. І, ІІ, ІІІ топтардағы мүгедектерді техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге және протез жасайтын жерге барып және қайтып келу жол ақысын төлеуге материалдық көмек аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы аудандық бюджет есебінен көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Кресло-коляска, сурдотехника, тифлотехника алуға, протез жасайтын жерге барып және қайтып келуге материалдық көмек төлеу туралы шешім, құрамы аудан әкімиятының каулысымен бекітілген атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия мәжілісінде (Комиссия) қаралады.
Тармақ 3
3. І, ІІ және ІІІ топтардағы мүгедектерге кресло-коляска, сурдотехника, тифлотехника сатып алуға, сонымен қатар протез жасайтын жерге барып және қайтып келуіне материалдық көмек медициналық анықтама қолда болған жағдайда төленеді.
Тарау 2. 2. Материалдық көмек мөлшері.
2. Материалдық көмек мөлшері.
Тармақ 4
4. Материалдық көмектің мөлшері комиссияның шешімімен бекітіледі.
Тарау 3. 3. Материалдық көмек төлеу тәртібі.
3. Материалдық көмек төлеу тәртібі.
Тармақ 5
5. Материалдық көмек жеке өтініші бойынша, тиісті техниканы сатып алу қажеттігін растайтын дәрігерлік - әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы және басқа медициналық құжаттар немесе протез жасайтын зауыттан шақыру келгенде, жеке куәлігінің көшірмесі, СТН, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі бойынша жергілікті анықтамасы негізінде төленеді.
Тармақ 6
6. I, II, III топтардағы мүгедектерді техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге және протез жасайтын жерге барып және қайтып келу жол ақысына материалдық көмек төлеу тиісті банктік операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар Банктер арқылы жүзеге асырылады.