Об утверждении Правил оказания социальной помощи на рождение ребенка Күшін жойған
Басқа 0
Бала туғанда әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.11.2003 № С 2-3 шешімімен.
Ақкөл аудандық әкімияттың халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағы негізінде аудандық мәслихат шешті:
Тармақ 1
1. Бала туғанда әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітнісін (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2003 жылдың 1-қаңтарынан және Ақмола облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының 2002 жылғы
29 қазандағы № С29-5
шешімімен бекітілген
Бала туғанда көрсетілетін әлеуметтік көмектін ережесі.
Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 12-бабының 1- тармағының негізінде, халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарын әлеуметтік әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді және көмек көрсету тәртібін тағайындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар.
1. Жалпы қағидалар.
Тармақ 1
1. Бала туғанда көрсетілетін әлеуметтік көмек аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі аркылы аудандық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Бала туғанда әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім, құрамы аудан әкімиятының қаулысымен бекітілген атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия мәжілісінде (бұдан әрі Комиссия) қаралады.
Тармақ 3
3. Бала туғанда көрсетілетін әлеуметтік көмек, егер отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық жиынтық табысы бала туған кездегі кедейлік шегінен төмен болған жағдайда тағайындалады және төленеді.
Бала туғанда әлеуметтік көмек алу құқығын анықтағанда, бала туған кезеңдегі отбасы құрамы есептелінеді.
Егер бала өлі туса, онда бала туғандағы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылады.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі есептеу жүргізеді, бала туғанда көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасайды, ай сайын аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға тапсырыс түсіріп отырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі арызды, оны алуға құкығы бар кісі қосымша тиісті құжаттарымен қоса береді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қарау, құжаттар тапсырған күннен 10 күн мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда, комиссия ол туралы арыз иесіне жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 8
8. Арыз иесі арызы мен құжаттардағы мәліметтердің толықтығына және анықтығына заңнамаларға сәйкес жауап береді.
Тармақ 9
9. Комиссияның шешімі сот тәртібімен шағым беру арқылы қаралуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізімі.
3. Қажетті құжаттардың тізімі.
Тармақ 10
10. Бала туғанда әлеуметтік көмек тағайындау құқытын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) баланың туу туралы куәлігі;
Тармақша 2
2) АХАЖ органы берген баланың туу туралы анықтамасы;
Тармақша 3
3) өтініш жасаган кездің алдындағы тоқсандағы отбасының кірісі туралы анықтама (еңбекақы туралы анықтама; алатын зейнетақы немесе арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері туралы анықтама);
Тармақша 4
4) отбасы құрамы туралы анықтама немесе үй кітабынан көшірме;
Тармақша 5
5) жеке қосалкы шаруашылық туралы анықтама;
Тармақша 6
6) жұмыс істемейтін ата-аналардың еңбек кітапшасының көшірмесі және жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз боп танылғандығы туралы анықтама;
Тармақша 7
7) салық комитетінен кәсіпкерлік қызметімен айналысатындығы туралы анықтама;
Тармақша 8
8) шешесінің жеке куәлігі, СТН, ЖӘК.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттардың түпнұсқасы және олардың көшірмесі салыстыру үшін тапсырылады. Салыстырып тексергеннен кейін құжттардың түпнұсқасы арыз иесіне қайтарылады.
Тармақ 12
12. Құжаттардың болмауы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға әкеп соғады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
Тармақ 13
13. Бала туғандағы әлеуметтік көмек, тиісті жылға «Республикалық бюджет туралы» Заңымен бекітілген есеп айырысу көрсеткішінің төрт есе мөлшерінде көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Екі немесе одан да көп бала туғанда әлеуметтік көмек әр балаға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 15
15. Бала туған күннен кейін 3 айдан кеш қалмай өтініш білдіретін болса, онда бала туғанға әлеуметтік көмек төленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу.
5. Әлеуметтік көмекті төлеу.
Тармақ 16
16. Бала туғанға әлеуметтік көмек төлеу тиісті банктік операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар Банктер арқылы жүзеге асырылады.