Об утверждении Правил оказании социальной помощи на погребение безработных граждан Күшін жойған
Басқа 0
Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 25.02.2005 № 14/5 шешімімен.
Ақкөл аудандық әкімияттың халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағы негізінде аудандық мәслихат шешті:
Тармақ 1
1. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2003 жылдың 1-қаңтарынан және Ақмола облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының 2002 жылғы
29 қазандағы № С 29-6
шешімімен бекітілген
Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережесі.
Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазакстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағының негізінде, халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге көрсетілетін әлеуметтік көмек тәртібін тағайындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамай аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы аудандық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім құрамы аудан әкімиятының қаулысымен әкімінің шешімімен бекітілген атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия мәжілісінде (бұдан әрі Комиссия) қаралады.
Тармақ 3
3. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге, егер қайтқан кісі қайтқан күні жұмыспен камту орталағында жұмыссыздық есебінде тұратын болса, әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі есептеу жүргізеді, жұмыссыз азаматтарды жерлеуге көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасайды, ай сайын аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға тапсырыс түсіріп отырады.
Тарау 2. 2. Әлеумегтік көмекті тағайындау тәртібі.
2. Әлеумегтік көмекті тағайындау тәртібі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті тағайындауға арызды, оны алуға құқығы бар кісі қосымша тиісті құжаттарымен қоса береді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды қарау, құжаттар тапсырған күннен 10 күн мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда, комиссия арыз иесіне жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 8
8. Арыз иесі арызы мен құжаттардағы мәліметтердің толықтығына және нақтылығына заңнамаларға сәйкес жауап береді.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізімі.
3. Қажетті құжаттардың тізімі.
Тармақ 9
9. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындау құкығын растайтын құжаттар болып, мыналар есептеледі:
Тармақша 1
1) АХАЖ органдары беретін анықтама;
Тармақша 2
2) қайтыс болғандығы туралы куәлік;
Тармақша 3
3) қайтқан кісіге жұмыспен қамту орталығынан анықтама;
Тармақша 4
4) жерлеуді өткізген және оны алуға құкығы бар кісінің жеке куәлігі, СТН
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттардың түпнұсқасы және олардың көшірмесі салыстыру үшін тапсырылады. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқасы арыз иесіне қайтарылады.
Тармақ 11
11. Құжаттардың болмауы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға әкеп соғады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
Тармақ 12
12. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек, тиісті жылға «Республикалық бюджет туралы» Заңымен бекітелген есеп айырысу көрсеткішінің 10 айлығы мөлшірінде көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Егер жұмыссыз азамат қайтыс болған күннен 3 айдан кеш қалмай өтініш білдіретін болса, жұмыссыз азаматты жерлеуге әлеуметтік көмек төленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметгік көмекті төлеу.
5. Әлеуметгік көмекті төлеу.
Тармақ 14
14. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек төлеу тиісті банктік операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттык Банкісінің лицензиясы бар Банктер арқылы жүзеге асырылады.