Об утверждении Правил оказания социальной помощи на лечение малообеспеченных граждан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамассыз етілген азаматтарға емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 31.01.2005 № С 16-1 шешімімен. Ақкөл аудандық әкімияттың халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақсган Рсспубликасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағы негізінде аудандық мәслихат шешті:
Тармақ 1
1. Аз қамтамассыз етілген азаматтарға емделуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2003 жылдың 1-қаңтарынан және Ақмола облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының 2002 жылғы 29 қазандағы № С 29-8 шешімімен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға емделуге әлеуметтік көмек көрсету ережесі. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы Заңының 12-бабының 1-тармағының негізінде, халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді және аз қамтамасыз етілген азаматтарға стационарда емделуге және аудан көлемінен тысқары жерлерде тексеруден өтуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібін тағайындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар.
1. Жалпы қағидалар.
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға стационарда емделуге және медициналық мекемелерде тексеруден өтуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі әлеуметтік көмек) аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы аудандық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім, құрамы аудан әкімиятының қаулысымен бекітілген атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия мәжілісінде (бұдан әрі Комиссия) қаралады.
Тармақ 3
3. Аз камтамасыз етілген азаматтарға стационарда емделуге немесе медициналық мекемелерде тексеруден өтуге мұқтаждық туғанда медициналық мекеменің жолдамасы қолда болған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді.
Тармақ 4
4. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасында еріп жүретін кісі қажет деген қорытынды болған жағдайда, аурудың жанына еріп жүретін кісіге әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек ауру балаға, сонымен бірге оған еріп жүретін ата-анасының біреуіне, асырап алған кісіге, қамқоршысына және басқа жақын туысына көрсетіледі. «Басқа жақын туысы» деген түсінік Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес анықталады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның шешімі берілген құжаттардың негізінде шығарылады.
Тармақ 6
6. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасайды, ай сайын аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға тапсырыс түсіріп отырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі арызды, оны алуға құкығы бар кісі қосымша тиісті құжаттарымен қоса береді.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қарау, құжаттар тапсырган күннен 10 күн мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда, комиссия ол туралы арыз иесіне жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 10
10. Арыз иесі арызы мен құжаттардағы мәліметтердің толықтығына және нақтылығына заңнамаларға сәйкес жауап береді.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізімі.
3. Қажетті құжаттардың тізімі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) стационарда емделу немесе медициналық мекемелерде тексеруден өту қажет деген медициналық мекеменің жолдамасы, ДКК анықтамасы;
Тармақша 2
2) материалдық тұрмыс жағдайын тексерген актісі;
Тармақша 3
3) жеке куәлік; СТН;
Тармақша 4
4) еріп жүретін кісінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) ата-анасының, асырап алушының, қамқоршысының және басқа жақын туысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмектің мөлшері комиссияның шешімімен бекітіледі.
Тармақ 13
13. Арыз иесі емделуден келген күнінен 3 ай өтпей өтініш беретін болса, онда әлеуметтік көмек төленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу.
5. Әлеуметтік көмекті төлеу.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек төлеу тиісті банктік операциялар түрлеріне Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар Банктер арқылы жүзеге асырылады.