Об утверждении Правил выплаты материальной помощи на документирование малообеспеченных граждан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтарды құжаттандыруға материалдық көмек төлеу Ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 06.09.2004 № С 11-6 шешімімен. Ақкөл аудандық әкімияттың халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағы негізінде аудандық мәслихат шешті:
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарды құжаттандыруға материалдық көмек төлеу Ережесі бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2003 жылдың 1-қаңтарынан және Ақмола облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының 2002 жылғы 29 қазандағы № С 29-9 шешімімен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарды құжаттандыруға материалдық көмек төлеу ережесі Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағының негізінде, халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді және кедей азаматтарды және белгілі тұратын жері жоқ кісілерді құжаттандыруға материалдық көмек төлеу тәртібін тағайындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар.
1. Жалпы қағидалар.
Тармақ 1
1. Кедей азаматтарға және белгілі тұратын мекен-жайы жоқ кісілерді құжаттандыруға материалдық көмек аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының кассасы арқылы аудандық бюджет қаржысы есебінен қалалық және селолық округтардың әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарына қажетті құжаттарды ресімдеу үшін есеп беруге ақшалай төленеді.
Тармақ 2
2. Кедей азаматтарды және белгілі тұратын мекен-жайы жоқ кісілерді құжаттандыруға материалдық көмек төлеу туралы шешім, құрамы аудан әкімиятының қаулыларымен бекітілген атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның (Комиссия) мәжілісінде қаралады.
Тармақ 3
3. Кедей азаматтарға және белгілі тұратын мекен-жайы жоқ кісілерге, төлқұжаттары ескі үлгіде болса, жеке куәлігін жоғалтқан немесе бірінші рет алатын болса материалдық көмек төленеді.
Тарау 2. 2. Материалдық көмектің көлемі.
2. Материалдық көмектің көлемі.
Тармақ 4
4. Материалдық көмектің көлемі комиссия шешімімен бекітіледі.
Тарау 3. 3. Материалдық көмек төлеу тәртібі.
3. Материалдық көмек төлеу тәртібі.
Тармақ 5
5. Материалдық көмек жеке арызы негізінде төленеді.