Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении по городу Туркестан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына, 20 бабының 1 тармағының 4) және 6) тармақшаларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 70 (жетпіс) теңге көлемінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жеті жасқа дейінгі балаларды, егер ол бөлек орынға ие болмаса тегін тасымалдау және 7 мен 15 жас аралығындағы балалар үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жол жүру құжатының (билетінің) жалпы құнының елу процентін төлеу құқығы берілсін.
Тармақ 3
3. Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №1778 «Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3941 тіркелген, 2017 жылғы 01 қаңтардағы «Түркістан» газетінде және 2017 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Баирхановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.