О работе акимов Жарминского, Глубоковского районов и города Курчатова по развитию малого и среднего бизнеса и созданию новых рабочих мест в свете Послания Президента страны народу Казахстана Күшін жойған
Басқа 0
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
тұрғысында шағын және орта бизнесті дамыту және жаңа жұмыс
орындарын құрү жөніндегі Жарма, Глубокое аудандары мен
Курчатов қаласы әкімдерінің жұмысы туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында шағын
кәсiпкерлiктi дамытуды жандандыру және жаңа жұмыс орындарын құру жөнiнде
Курчатов қаласының, Жарма және Глубокое аудандарының әкiмдерi белгiлi бiр
жұмыс жүргiзуде.
Бұл мәселелер қала және аудан әкiмдерi жанындағы алқаларда және
мәжiлiстерде тұрақты қаралады.
Кәсiпкерлiктi дамытудың аймақтық бағдарламалары бекiтiлген, шағын
кәсiпкерлiктiң субъектiлерiне бос тұрған және пайдаланылмайтын обьектiлер
мен аяқталмаған құрылыс объектiлерiн беру, коммерциялық қызметке және
өндiрiстi ұйымдастыруға арналған жер учаскелерiн беру жөнiндегi жұмыс
жалғасуда.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Жарма ауданында 27951 мың теңгенiң
(ауданда өндiрiлген жалпы өнiмнiң 26 процентi), Глубокое ауданында - 97237
мың теңгенiң (ауданда өндiрiлген жалпы өнiмнiң 14 процентi), Курчатов
қаласында 69800 мың теңгенiң (тиiсiнше 27,1 процентi) өнiмi өндiрiлдi.
Глубокое ауданында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өндiрген өнiм көлемi
өткен жылдың осындай көрсеткiшiмен салыстырғанда 49 процент өстi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен бюджетке түскен салық түсiмдерiнiң
жалпы көлемi үстiмiздегi жылдың 8 айында Глубокое ауданында 19447 мың
теңгенi, Жарма ауданында 12800 мың теңгенi, Курчатов қаласында 11229 мың
теңгенi құрады. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - жеке тұлғалардан түсетiн
түсiмдердiң өсуi байқалуда. Курчатов қаласында үстiмiздегi жылы 799 патент
берiлдi, мұның өзi өткен жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 7 есе көп.
Бақылаушы қызметтердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге тексеру
жүргiзуiнiң облыстық мәслихат бекiткен ережелерiне сәйкес қалалар және
аудандарда бақылаушы қызметтердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге
бiрлесiп тексеру жүргiзу жоспарлары бекiтiлген.
Қалада және аудандарда нарықтық инфрақұрылым объектiлерi бар.
Үстiмiздегi жылдың басынан берi жұмыссыздық деңгейiнiң Курчатов
қаласында 0,4 процент, Жарма ауданында 2,6 процент, Глубокое ауданында 0,9
процент кемiгенi байқалған.
Аймақтар басшыларының кәсiпкерлермен кездесулерi жүйелi түрде
өткiзiледi.
Сонымен қатар Курчатов қаласы, Жарма және Глубокое аудандары
әкiмдерiнiң жұмысында кәсiпкерлiктi дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру
мәселесiн шешуде орын алған кемшiлiктерi мен олқылықтары бар.
Мысалы Жарма және Глубокое аудандарында шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң қызметiне кiрiспеу мәселесiне байланысты "Кәсiпкерлiк
қызмет бостандығына мемлекеттiк кепiлдiктердi iске асыру жөнiндегi қосымша
шаралар туралы", "Кәсiпкерлiк қызмет бостандығына азаматтар мен заңды
тұлғалар құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жарлықтарының бұзуылуына жол берiлген.
Әкiмдер тарапынан нарықтық инфрақұрылым қалыптастыруға, атқарушы
өкiмет буындарымен керi байланысты қамтамасыз етуге жеткiлiксiз көңiл
бөлiнедi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бос тұрған және пайдаланылмайтын
орынжайларды, соның iшiнде кейiннен меншiкке беру құқығы бар сенiммен
басқаруға беру жөнiндегi жұмыс жеткiлiктi мөлшерде жүргiзiлмейдi.
Жарма ауданында жаңа жұмыс орындарын құруға есеп жүргiзу жөнiндегi
аудандық қызметтердiң жұмысында келiспеушiлiк байқалады.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Глубокое және Жарма аудандары әкiмдерiнiң шағын кәсiпкерлiктi
дамытуды жандандыру және жаңа жұмыс орындарын құру жөнiндегi жеткiлiксiз
жұмысы атап көрсетiлсiн.
Тармақ 2
2. Курчатов қаласының, Жарма, Глубокое аудандарының әкiмдерi:
Тармақша 1
1) бос тұрған объектiлердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беру
жұмысын жандандырсын;
Тармақша 2
2) шағын кәсiпкерлiктiң нарықтық инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңiл
бөлсiн;
Тармақша 3
3) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамыту есебiнен жұмыссыздық
деңгейiн одан әрi қысқарту жөнiнде қосымша шаралар қолдансын;
Тармақша 4
4) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктi
қолдаудың аймақтық бағдарламалары шеңберiнде адрестiк қолдауды қамтамасыз
етсiн.
Тармақ 3
3. Жарма ауданының әкiмi (Белихин И.В.):
Тармақша 1
1) шағын кәсiпкерлiктi дамытуды жандандыру жөнiндегi нормативтiк-
заңдылық базасына сәйкес аудан қызметтерiнiң мiндеттерiн нақтыландыру
жөнiнде ұйымдастырушылық қосымша шаралар қолдансын, осы бағыттағы
бақылаудың дәрежесiн арттырсын;
Тармақша 2
2) жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерi бойынша аудан қызметтерiнiң
есеп берудегi сәйкестiлiктерiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) атқарушы өкiмет құрылымдары лауазымды адамдарының тарапынан
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне кiрiсуге жол бермеу жөнiнде
жұмыс жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Глубокое ауданының әкiмi (әкiрамов М.ә.):
Тармақша 1
1) кәсiпкерлерге ауылшаруашылық өнiмiн өткiзуге көмек беру мақсатында
маркетингтiк қызмет жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) атқарушы өкiмет құрылымдары лауазымды адамдарының тарапынан
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне араласуға жол бермеу жөнiнде
жұмыс жүргiзсiн.
Тармақ 5
5. Курчатов қаласының әкiмi (Дмитропавленко В.Н.):
Тармақша 1
1) статистикалық объективтi есеп беру мақсатында шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң әкiмшiлiк регистрiнiң көкейтестiлiгiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) қала маңындағы жерлерде шаруа қожалықтарын ұйымдастыру жөнiндегi
жұмысты жалғастырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық шағын
кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi департаментке (Тұрлыбаева А.К.) жүктелсiн.