О внесении изменений в некоторые постановления акимата по установлению зон санитарной охраны Күшін жойған
Басқа 0
Санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің
39-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 «Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қостанай облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
Әкімдіктің
2019 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 543 қаулысына
қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Таран ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымаларының учаскесінде «Викторовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз сумен су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 394 қаулысында (2012 жылғы 25 қазанда «Костанайские новости» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3850 болып тіркелген):
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейімбет Майлин ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымалар учаскесінде «Викторовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымалар учаскесінде «Викторовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.»;
мемлекеттік тілдегі көрсетілген қаулының қосымшасында «Таран ауданының» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданының» деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі көрсетілген қаулының қосымшасында «Тарановского района» сөз тіркесі «района Беимбета Майлина» деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімдігінің «Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы «Алюминий Казахстана» акционерлік қоғамы филиалының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 543 қаулысында (2013 жылғы 5 ақпанда «Костанайские новости» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3978 болып тіркелген):
көрсетілген қаулының қосымшасында «Таран ауданы» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданы» деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімдігінің «Таран ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 120 қаулысында (2013 жылғы 4 маусымда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4122 болып тіркелген):
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыма учаскесінде жер асты шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыма учаскесінде жер асты шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасында «Таран ауданының» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданының» деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімдігінің «Таран ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 121 қаулысында (2013 жылғы 26 сәуірде «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4098 болып тіркелген):
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейімбет Майлин ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасында «Таран ауданында» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданында» деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімдігінің «Таран ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» 2013 жылғы 17 маусымдағы № 236 қаулысында (2013 жылғы 30 шілдеде «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4188 болып тіркелген):
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейімбет Майлин ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасында «Таран ауданындағы» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданындағы» деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.
Тармақ 6
6. Қостанай облысы әкімдігінің «Таран ауданының Ақсуат ауылы шекарасындағы Тобыл өзенінде көлденең арна астындағы кәріз учаскесінде Тобыл орталықтандырылған сіңіру шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» 2013 жылғы 16 қазандағы № 444 қаулысында (2013 жылғы 12 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4309 болып тіркелген):
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейімбет Майлин ауданының Ақсуат ауылы шекараларындағы Тобыл өзенінде көлденең арна астындағы кәріз учаскесінде Тобыл орталықтандырылған сіңіру шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Ақсуат ауылы шекараларындағы Тобыл өзенінде көлденең арна астындағы кәріз учаскесінде Тобыл орталықтандырылған сіңіру шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.»;
мемлекеттік тілдегі көрсетілген қаулының қосымшасында «Таран ауданының» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданының» деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі көрсетілген қаулының қосымшасында «Тарановского района» сөз тіркесі «района Беимбета Майлина» деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.
Тармақ 7
7. Қостанай облысы әкімдігінің «Таран ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» 2013 жылы 16 қазандағы № 450 қаулысында (2013 жылғы 12 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4314 болып тіркелген):
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасында «Таран ауданының» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданының» деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.