О создании подвижного пункта управления начальника Гражданской обороны Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы азаматтық қорғыныс бастығы басқармасының жылжымалы пунктін құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен. Шығыс Қазақстан облысының аумағында төтенше жағдайлар ошақтарында және ол туған жағдайда құтқару және басқа шұғыл жұмыстар атқару кезiнде тұрақты басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы азаматтық қорғаныс бастығы басқармасының жылжымалы пунктi мына құрамда құрылсын:
Тармақша 1
1) оперативтi топ;
Тармақша 2
2) күзет және жолдама бөлiмi;
Тармақша 3
3) командалық штаб машиналарының бөлiмi;
Тармақша 4
4) жылжымалы байланыс торабы;
Тармақша 5
5) шаруашылық бөлiмi;
Тармақша 6
6) санитарлық бөлiмi.
Тармақ 2
2. Жылжымалы пункт бөлiмдерiн құру мыналарға жүктелсiн:
Тармақша 1
1) оперативтi топ - облыс Әкiмiнiң орынбасары, төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық комиссияның төрағасына;
Тармақша 2
2) күзет және жолдама бөлiмi - облыстық iшкi iстер басқармасының бастығына;
Тармақша 3
3) командалық-штаб машиналарының бөлiмi - Шығыс Қазақстан облысы ¶ Әкiмiнiң орынбасары, төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық комиссияның төрағасына;
Тармақша 4
4) жылжымалы байланыс торабы - "Қазтелеком" ашық акционерлiк қоғамының облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директорына;
Тармақша 5
5) шаруашылық бөлiмi - облыс Әкiмi аппаратының қаржы-шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсiне;
Тармақша 6
6) санитарлық бөлiмi - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығына.
Тармақ 3
3. Жылжымалы пункт басқармасының бастығы, оперативтi топ басшысы болып Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң орынбасары, төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық комиссиясының төрағасы тағайындалсын.
Тармақ 4
4. Жылжымалы пункт басқармасы бөлiмдерiнiң құрамы және толықтырулары N№1 қосымшаға сәйкес болсын.
Тармақ 5
5. Жылжымалы байланыс торабының құрамына облыстық телекоммуникация дирекциясынан телефон-телеграф байланысының аппаратурасы, облыстық ҰҚК облыстық басқармасынан жабық үкiмет байланысын қамтамасыз ету үшiн арнайы байланыс аппаратурасы, облыстық төтенше жағдайлар басқармасынан Р-140 радиостанциясы, УКВ радиостансасымен автомобиль енгiзiлсiн.
Тармақ 6
6. Жылжымалы пункт басқармасының дайындық мерзiмi жылжымалы пункт басқармасын әзiрлеу туралы өкiм берiлген кезден бастап 4 сағат белгiленсiн.
Тармақ 7
7. Байланыс құралдарының, көлiктiң, жеке құрамның, материалдық-техникалық құралдардың дер кезiнде дайын болуы үшiн жауапкершiлiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың, ұйымдар мен басқармалардың бiрiншi басшыларына жүктелсiн.
Тармақ 8
8. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы жылжымалы пункт басқармасын жинау тәртiбi мен хабарлау схемасын әзiрлесiн.
Тармақ 9
9. Жылжымалы пункт басқармасын практикалық өрiстету кезiнде облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ә.) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға арналған резервтiк қордан облыстық төтенше жағдайлар басқармасына (Темный Г.В.) есептеу және шығыс құжаттарына сәйкес ақша қаражаттарын бөлудi көздесiн.
Тармақ 10
10. Жылжымалы пункт құру және осы шешiмдi орындауға бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасарына, төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық комиссияның төрағасына жүктелсiн.
Тармақ 11
11. Жылжымалы пункттiң әзiрлiгi туралы 1998 жылғы 30 қыркүйекке баяндалсын. Жылжымалы пункт басқармасының әзiрлiгiне байқау жасау 1998 жылғы 15 қазанда жиналатын жерде жүргiзiлсiн, хабарлау және жылжымалы пункт басқармасын жинау жөнiнде жаттығу облыстық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының басшылығымен 1998 жылғы 15 қазанда жүргiзiлсiн.
Басқа 24. Шығыс Қазақстан облысы азаматтық қорғаныс бастығы басқармасының толықтырылу
Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1998 жылғы 28 қыркүйек N 590 шешiмiне N 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысы азаматтық қорғаныс бастығы басқармасының толықтырылу ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
Әкiм аппаратының басшысы Т.Ибраев