О создании целевой группы Күшін жойған
Басқа 0
Мақсатты топ құру туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
"Мемлекеттік қаражат есебінен ұсталушы қызметкерлерге жалақыны дер
кезінде төлеу үшін жедел ұйымдастыру және бақылау жасау жөнінде Үкіметтік
топ құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы
N 1024 Қаулысын орындау мақсатында:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қаражат есебінен ұсталушы қызметкерлерге жалақыны дер
кезінде төлеу үшін жедел ұйымдастыру және бақылау жасау жөнінде облыстық
мақсатты топ мына құрамда құрылсын:
Татаев Марат Қабдығалиұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы,
Құрманғалиев Айтмұқан - облыстық қаржы басқармасының бастығы,
әлмадиұлы төраға орынбасары,
Цыганков Анатолий - облыстық экономика басқармасының бастығы,
Григорьевич
Юркина Алла Ивановна - облыстық қазына басқармасының бастығы,
Ақажанова Гүлмая Естайқызы - облыс әкімі аппаратының экономикалық
реформалар бөлімінің бастығы,
Аханаев Орман Құрманғалиұлы - облыстық салық комитетінің бастығы.
Тармақ 2
2. Облыстық мақсатты топ облыс қалалары мен аудандарының атқарушы
органдарының бюджет қаражаттары есебінен ұсталушы қызметкерлерге жалақыны
дер кезінде төлеу мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіруді жүзеге асырсын.
Жүргізіліп жатқан жұмыс туралы облыс әкіміне апта сайын хабарлансын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне бюджет қаражаттары есебінен
ұсталушы қызметкерлерге жалақыны дер кезінде төлеуді қамтамасыз ету үшін
дербес жауапкершілік жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) осындай мәселелерді шешу үшін аймақтарда мақсатты топтар құрсын.
Тармақша 2
2) аймақтық мақсатты топтардың қызметтерін бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялау ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары
М.Қ. Татаевқа жүктелсін.