Об особых условиях и порядке реализации конкурсной массы республиканского государственного предприятия "Мангышлакский атомный энергокомбинат" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы "Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оңалту рәсiмiн қолданудың қанағаттанғысыз нәтижелеріне, ауыр қаржы-экономикалық жағдайына әрі оның дәрменсiздігіне байланысты, сондай-ақ оның ел экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнiн ескере отырып және "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы  2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бір апта мерзiмде "Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын (бұдан әрі - Кәсіпорын) оңалту рәсiмiн тоқтату, оны банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгінуді қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Сот Кәсіпорынды банкрот деп тану және конкурстық іс жүргiзудi қозғау туралы шешiм қабылдаған жағдайда, оның конкурстық массасын сатудың мыналарды көздейтiн ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн:
Тармақша 1
1) БН-350 реакторының энергиямен, жылумен, сумен үздiксiз жабдықталуы және радиациялық қауіпсiздігін қолдау үшiн қажеттi өндiрiстiң бiрыңғай технологиялық циклын қамтамасыз ететiн Кәсіпорынның мүлiктік кешенiн бiрыңғай лотпен (бұдан әрi - лот) сатуды;
Тармақша 2
2) лотты сатудың ең төмен бағасын әкiмшiлiк шығыстар мен бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлар талаптарының сомасынан төмен емес етiп белгiлеудi;
Тармақша 3
3) аукционға тек атом энергетикасы немесе өнеркәсiп объектiлерiн пайдалануға лицензиясы бар мамандандырылған заңды тұлғалардың қатысуын, сондай-ақ атом энергетикасы мен өнеркәсiбiнiң Қазақстан рыногындағы жұмыс тәжiрибесiнің 5 (бec) жылдан кем болмауын;
Тармақша 4
4) Кәсiпорынның үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурстық басқарушыға шарттар жасасу құқығын берудi.
Тармақ 3
3. Koнкурстық массаны сатып алушыларға мыналарды:
Тармақша 1
1) сатып алушының өндiрiстiк-технологиялық циклдың, тұтынушыларды энергиямен, жылумен, сумен жабдықтаудың және табиғат қорғау объектiлерiнің жұмысының үздiксiздігін қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер қабылдауын;
Тармақша 2
2) сатып алушының Кәсiпорын қызметкерлерiнің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер қабылдауын көздейтiн қосымша талаптар белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртiппен сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Кәсіпорынның мүліктiк кешенiн жарғылық капиталында мемлекет үлесi бар сатып алушы сатып алған жағдайда Кәсiпорынның қаржы-экономикалық жағдайын тұрақтандыру әрi өндiрiстiк қызметiн қалпына келтiру үшiн дивидендтердi өндiрiстiк-техникалық қайта жарақтандыруға, өндiрiсi мен инфрақұрылымын дамытуға жiберу туралы шешiм қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі