Об утверждении Правил выплаты материальной помощи к государственным праздникам социально-уязвимым слоям населения Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарына мемлекеттік мерекелерде материалдық төлеу Ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 25.02.2005 № С 17-4 шешімімен. Ақкөл аудандық әкімияттың халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағы негізінде аудандық мәслихат шешті:
Тармақ 1
1. Халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарына мемлекеттік мерекелерде материалдық көмек төлеу Ережесі бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2003 жылдың 1-қаңтарынан және Ақмола облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының 2002 жылғы 29 қазандағы № С 29-10 шешімімен бекітілген Халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарына мемлекеттік мерекелерде материалдық көмек төлеу Ережесі Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылты 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 14-тармағына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсандағы өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы Заңының 12-бабының 1-тармағының негізінде, халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді және аудан әкімінің шешімі бойынша мемлекеттік мерекелерге және жалпы аудандық көпшілік шараларға материалдық көмек көрсету тәртібін тағайындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар.
1. Жалпы қағидалар.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мерекелерге материалдық көмек алуға құқығы бар кісілер: I, II топтағы мүгедектер; 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; таратылған кәсіпорындар мен ауданға басқа елді мекендерден келген 70 толған зейнеткерлер; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; Ұлы Отан соғысында қаза болған және қатынасқан мүгедектер мен қатысушылардың жесірлері; Ұлы Отан соғысы жылдары көрсеткен қажырлы еңбектері үшін, бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған иегерлері; шоғырландыру лагерлерінің кәмілетке толмаған тұтқындары; Ауғанстандағы және басқа мемлекеттердегі жауынгерлік іс-қимылға қатысушы интернационалист-жауынгерлер; 1986-1987, 1988-1989 жылдардағы ЧАЭС апаттың зардабын жойған мүгедектер; «Алтын алқамен», «Күміс алқамен», «Батыр-Ана», «I және II дәрежелі Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; ақталған азаматтар, жалғызілікті кәрі және жалғыз тұратын азаматтар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мерекелерге көмек аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы аудандық бюджет қаржысы есебінен ақшалай төленеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мерекелерге көмек төлеу туралы шешім, құрамы аудан әкімиятының қаулысымен бекітілген атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиясының (Комиссия) мәжілісіне ұсынылады.
Тарау 2. 2. Материалдық көмек мөлшері.
2. Материалдық көмек мөлшері.
Тармақ 4
4. Материалдық көмек мөлшері әр категория бойынша Комиссияның шешімімен тағайындалады.
Тарау 3. 3. Материалдық көмекті төлеу тәртібі.
3. Материалдық көмекті төлеу тәртібі.
Тармақ 5
5. Мемлекетгік мерекелерге материалдық көмек төлеу тиісті банктік операциялар түрлеріне Қазакстан Республикасы Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар Банктер арқылы жүзеге асырылады.