Об утверждении Правил о порядке оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища и потребления коммунальных услуг Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге көмек көрсету тәртібі туралы Ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 24.12.2004 № 110 шешімімен. 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы негізінде Таран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мөлшерін және көмек көрсететін тәртібін реттейтін «Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге көмек көрсету тәртібі туралы» ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Таран аудандық мәслихатының 2001 жылғы 20 наурыздағы № 56 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге көмек көрсету тәртібі туралы» ережені бекіту туралы» Таран аудандық мәслихатының сессия шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 3. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге көмек көрсетудің ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Таран аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 қарашадағы № 66 шешімімен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге көмек көрсетудің ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 4. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастыры туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес осы Ережелер әзірленді. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік көмек аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (уәкілетті орган) төлейтін тұрғын үй жәрдемақы түрінде көрсетіледі.
Тарау 5. Тұрғын үй көмек
Тұрғын үй көмек
Тармақ 1
1. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) Таран ауданының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын және тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеу үшін ең үлкен үлесі 30 пайыз аса болған үйді пайдаланушылар немесе меншік иелері тұрмыстық көмек алушылар болады.
Тармақ 2
2. Жеке меншігінде бір бірліктен артық немесе тұрғын үйлерді жалға беретін отбасылардың (азаматтардың) тұрмыстық көмек алуларына құқықтары болмайды.
Тармақ 3
3. Жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерге бармайтын және жұмыссыз санатында әлеуметтік қорғау органдарында тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасыларының тұрмыстық көмек алуға құқықтары жоқ. Жұмыспен қамту ұсыныстардың, дәлелді себептері болмаған, қоғамдық жұмыстарына, әлеуметтік жұмыс орындарына өз бетінше қатыспайтын, оқымайтын жұмыссыздар тұрғын үй көмек алу құқығынан алты айға айырылады. Айрықшалық ретінде:
Тармақша 1
1) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді күтетін тұлғалар, сексен жастан үлкен кісілер, жеті жасқа дейінгі балалар; жасы жеткен азаматтарға; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектер;
Тармақша 2
2) стационарлақ емдеуде ұзақ уақыт (бір айдан артық) емделетін тұлғалар.
Тарау 11. Тұрмыстық көмек тағайындау шарттары
Тұрмыстық көмек тағайындау шарттары
Тармақ 4
4. Тұрмыстық көмек алу үшін алаң нормасы есепке алынады:
Тармақша 1
1) жалғыз бас азаматтарға - 18 м2 қосу 9 м2;
Тармақша 2
2) жеке үйде тұратын жалғыз бас азаматтарға - 18 м2;
Тармақша 3
3) 2 адамнан тұратын отбасына - 18 м2 қосу - 9 м2;
Тармақша 4
4) 3 адамнан, одан артық адамнан тұратын отбасына- 36 м2 (18 м2 қосу 18 м2); Тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеу мына ережемен белгіленген нормадан аса жалпы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Отбасының бір мүшесіне электр қуатының шығыс нормасы - 45 кВт. Қосымша: Тобыл поселкесіндегі тамақ дайындау үшін табиғи газ келмейтін бес қабатты үйлерде тұратын тұлғаларға қосымша отбасына 96 кВт қосылсын (45 кВТ басқа), бірақ электр қуатына төлеуден көп емес.
Тармақ 6
6. Жалғыз бас тұратын азаматтарға табиғи газдың шығыс нормасы 18 м2 тұрғын алаңына есеп 1 м2 - 15 м3.
Тармақ 7
7. Халықтың тұрмыстық мұқтаждығына (газплиталары бар) қосылған газ шығыстарынынң нормасы: отбасының 1 мүшесіне - 8,3 кг, бірақ отбасына 2 шығыс нормасынан артық емес 8,3 кг қосу 8,3 кг.
Тармақ 8
8. Ыстық суды пайдалану нормасы айына - бір адамға 1,09 м3.
Тармақ 9
9. Салқын суды пайдалану нормасы - бір адамға 3,6 м3.
Тарау 22. Отбасының (азаматтардың) жиынтық кірістерін анықтау тәртібі
Отбасының (азаматтардың) жиынтық кірістерін анықтау тәртібі
Тармақ 10
10. Отбасының (азаматтардың) жиынтық кірісіне, белгіленген уақыт мерзіміне ақшалай және табиғи нысанда алу көздерінен ерікті, Қазақстан Республикасы және оның сыртында кірістердің барлық үлгілері кіреді, оның ішінде: еңбекақы түрінде алатын кіріс; кәсіпкерлік қызметтен кіріс; мүліктік кіріс; мемлекеттік емес зейнетақылар; стипендия, жәрдемақылар және әлеуметтік қолдаудың басқа; балаларға, басқа асыраудағы тұлғаларға алатын алименттер; денсаулығы мертікті азаматтарға залал келтірген үшін шығын өтеу үшін бір жолғы сома; ақшалай және табиғи түрінде ұтыстар; қосалқы шаруашылықтан кірістер, (оның ішінде: үй малдары, бақша,үй жанындағы учаскелер).
Тармақ 11
11. Отбасының тоқсанға жиынтық табысын есепке ала отырып, кіріс шамасы отбасының айлық есеп айыратын көрсеткішінің алты есе мөлшерінде алынады:
Тармақша 1
1) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі азаматтарға - бір айлық есеп айыратын көрсеткіші;
Тармақша 2
2) он сегіз жастан зейнеткер жасына жеткенше дейін - екі айлық есеп айыратын көрсеткіші.
Тарау 27. Тұрмыстық көмекті тағайындау үшін уәкілетті органына азаматтар үндеуінің тәртібі
Тұрмыстық көмекті тағайындау үшін уәкілетті органына азаматтар үндеуінің тәртібі
Тармақ 13
13. Тұрмыстық көмек алу үшін үміткерлер уәкілетті органға мына құжаттар тапсыруы тиіс:
Тармақша 1
1) СТТН, жеке куәліктің №, халық банктің шоты көрсетіліп, тұрмыстық көмек тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) балалар туу туралы куәліктердің көшірмелері;
Тармақша 3
3) жұмыссыз сапада жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкіл органы тіркеуде тұрған тұлғаларға - анықтама;
Тармақша 4
4) жұмыс істейтін азаматтар - өткен тоқсанға жалақы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) алатын алимент мөлшерін растайтын мәліметтер (мәлімет болмаған жағдайда - сот орындаушысынан анықтама) және басқа кірістер: зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, ұтыстар, өткен тоқсанға әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) отбасы құрамы және тұратын жерінде тіркелген жер участке және қосалқы шаруашылығы көрсетілген анықтама;
Тармақша 7
7) қызмет көрсетуге ақы төлеуді (жылыту, су, т.б.) есептеу туралы коммуналдық қызметтен анықтама.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмек тағайындау туралы өтініштерін азаматтар тұратын жерінде уәкілетті органға береді.
Тармақ 15
15. Ағымдағы айдын жиырма төртінші жұлдызында құжаттарды қабылдау аяқталады.
Тарау 38. Тұрмыстық көмекті тағайындау тәртібі
Тұрмыстық көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 16
16. Тұрмыстық көмек тағайындау үшін есепке өткен тоқсанның кірістері алынады.
Тармақ 17
17. Тұрмыстық көмек алу үшін алғашқы рет келген азаматтарға өтініш берген кезден көмек тағайындалады.
Тармақ 18
18. Тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеуге, отбасының (азаматтардың) шығысы, табысы және коммуналдық қызметіне тарифтердің шекті үлесі өзгерген жағдайда, уәкіл органы бұрын есептеген соманы қайтадан есеп шығарады.
Тармақ 19
19. Тұрмыстық көмек мөлшері тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеуге теңдестіру шаралармен қамтамасыз етілетін және осы мақсатта отбасының шекті шығыс мөлшерімен жалдаушының (меншік иесі) дерек төлеуінің айырмашылығында анықталады.
Тармақ 20
20. Тұрмыстық көмек сұраған айынан тоқсанына бір рет тағайындалады.
Тармақ 21
21. Тұрғын үйді сатқан жағдайда жәрдемақы мәміле жасалған айдан төленбейді.
Тармақ 22
22. Тұрмыс көмек тиынсыз теңгемен төленеді.
Тармақ 23
23. Кіріс туралы күмәнді ақпарат берген жағдайда өтініш ағымдағы күнпарақ жылға жәрдемақы алу құқығын жоғалтады.
Тармақ 24
24. Заңсыз тұрмыстық көмек сома белгілі заңнама тәртібінде төлеттіріп алынады.
Тарау 48. Тұрмыстық көмекті төлеу тетігі
Тұрмыстық көмекті төлеу тетігі
Тармақ 25
25. Уәкілетті органы тұрмыстық көмек тағайындау жинақтық түгендеу тізімдемесін аудандық қаржы басқармасына ұсынады.
Тармақ 26
26. Аудандық қаржы басқармасы, есептелген тұрмыстық көмектің жиынтық ведомостте көрсетілген сомада уәкілетті органды қаржыландырады.
Тармақ 27
27. Уәкілетті органы тұрмыстық көмек сома жазбаша өтініш бойынша халық банкте немесе жәрдемақы алушылардың жеке шоттарына азаматтардың өтініштеріне сәйкес түсетін сомаларды есептейтін коммуналдық қызмет көрсету жабдықтаушыларға есепшот арқылы аударады.
Тармақ 28
28. Аудандық қаржы басқармасы жыл сайын кемінде бір рет алғашқы құжаттар бойынша тұрмыстық көмекті төлеуге бюджет қаражатын дұрыс жіберуін тексеруді міндетті түрде өткізеді.
Тарау 53. Ерекше шарттар
Ерекше шарттар Қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы мәселені шешу, аудан әкімімен құрылған дауды немесе шиеленісті жағдайларды қарау жөніндегі комиссияға шығарылады.