Об утверждении Правил расчета размера гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения, протезно-ортопедической помощи, технических вспомогательных (компенсаторных) средств, специальных средств передвижения, приобретаемых через портал социальных услуг Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаториялық-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2015 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мүгедектердің Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаториялық-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі КЕЛІСІЛДІ
Басқа 8. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып аланатын санаториялық-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы № бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып аланатын санаториялық-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаториялық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және санаториялық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары құнының әлеуметтік қызметтер порталында тіркелу кезінде мүгедектерге өткізу үшін өнім берушілер берген бағаның орташа мәні мөлшерінде орнын толтыру ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы есептеу тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы кағидаларға мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнайы жүрiп-тұру құралдары – мүгедектердiң белсендi және баяу жүрiп-тұруына арналған техникалық көмек түрi;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қызметтер порталы – әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі, мүгедектерге санаториялық-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын (бұдан әрі – тауарлар), сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйе болып табылады;
Тармақша 3
3) протездік-ортопедиялық көмек - мүгедектерді протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды пайдалануға үйрету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі;
Тармақша 4
4) техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдар - протездік-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдар;
Тармақша 5
5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Санаториялық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнайы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы есептеу тәртібі
2-тарау. Санаториялық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнайы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы есептеу тәртібі
Тармақ 3
3. Әрбір тауар құнының кепілді сомасын есептеу оны мүгедектерге сату үшін әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілер берген бағалардың орташа мәнін және өткен 3 (үш) қаржы жылындағы оның сатылған санын талдау негізінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік қызметтер порталында тауарға бағалар болмаған кезде есептеу үшін жергілікті атқарушы органдар тауарларды өнім берушілермен жасасқан мемлекеттік сатып алу шарттарында көрсетілген бағалар және олардың алдыңғы 3 (үш) қаржы жылындағы сатып алынған бағалар пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Тауардың кепілдендірілген сомасын есептеу мынадай формуламен жүзеге асырылады: КС = БОМ х ТБИ, мұнда: КС – құнын өтеудің кепілдендірілген сомасы; БОМ – мына формула бойынша есептелген бағалардың орташа мәні: БОМ = (Б1 * С1 +..........+ Б∞ * С∞): Ц1 - № 1 тауардың бағасы К1 = осы баға бойынша сатылған № 1 тауардың саны / барлық сатылған тауарлардың сомасы ТБИ - алдағы қаржы жылына арналған тұтыну бағалары индексінің болжамы немесе соңғы 3 (үш) жылдағы тауар бойынша бағалар индексінің орташа мәні, мынадай формула бойынша есептелген: ТБИ = (БИ баға1 + БИ баға2 + БИ баға3) / 3, мұнда: БИ баға1 - 1 жылға тауар бойынша бағалар индексі, пайызбен; БИ баға2 - 2 жылғы тауар бойынша бағалар индексі, пайызбен; БИ баға3 - 3 жылғы тауар бойынша бағалар индексі, пайызбен. Ең төменгі және/немесе ең жоғары баға бойынша сату саны 5%-дан кем болған кезде бағаның орташа мәнін есептеу кезінде осы бағалар ескерілмейді.
Тармақ 5
5. Кепілдендірілген соманы есептеуді уәкілетті орган құрған комиссия ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарынан кешіктірмей жүргізеді.