Об утверждении натуральных норм оснащения органов внутренних дел Республики Казахстан техническими средствами нейтрализации беспилотных летательных аппаратов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарын ұшқышсыз ұшу аппараттарын бейтараптандырудың техникалық құралдарымен жабдықтаудың табиғи нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты қылмыстық-атқару жүйесі комитеттінің төрағасы, департаменттерінінің, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағынының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары ішкі істер органдарының бөліністерін пилотсыз ұшу аппараттарын бейтараптандыру техникалық құралдарымен жабдықтауды тиісті қаржы жылына республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті (Т.Т. Ахметов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаментіне (Т.Т. Ахметов) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ________________ 2019 жылғы «____» _______
Басқа 0
Қазақстан республикасы Ішкі істер министірінің 2019 жылғы «____» __________ №____ бұйрығымен бекітілді № Атауы өлшем бірлігі Саны Пайдалану мерзімі, жыл Қолдану аймағы Тарату саласы 1 Пилотсыз ұшу аппараттарын бейтараптандыру-дың техникалық құралдары жинақ 2 7 Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасаққа, әрбір «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісіне, әрбір жылдам қимылдайтын арнайы жасаққа, әрбір қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне.