Об утверждении строительных норм Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 489) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мынадай Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өндірістік ғимараттар» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 3.02-27-2019;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қоймалық ғимараттар» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 3.02-29-2019;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 3.02-09-2019;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жиналмалы темірбетон конструкциялар мен бұйымдардың өндірісі» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 5.03-02-2019 бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасы қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Басқа 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТТАР
ҚР ҚН 3.02–27–2019
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық-
шаруашылық істері
Комитет төрағасының
«__________» 2019 жылғы
_____ бұйрығына
1-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТТАР
ҚР ҚН 3.02–27–2019
1-тарау. Қолданылу саласы
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары
және қызметтікқ талаптары
1-параграф. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары .
2-параграф. Құрылыс нормаларының қызметтікқ талаптары
5-тарау. Өндірістік ғимараттардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын
талаптар
1-параграф. Негізгі ережелер
2-параграф. Ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету
бойынша талаптар
3-параграф. Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар
4-параграф. Ғимаратты пайдалану барысында адамдардың денсаулығын
сақтауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
5-параграф. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділік
6-параграф. Инженерлік қамтамасыз ету
7-параграф. Қоршаған ортаны қорғау
6-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
1-параграф. Энергия тұтынуды азайтуға қойылатын талаптар
2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
Тарау 1. 1-тарау. Қолданылу саласы
1-тарау. Қолданылу саласы
Тармақ 1
1. Осы құрылыс нормалары өндірістік мақсаттағы ғимараттарды жобалауға, салуға, реконструкциялауға, пайдалануға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы нормалардың талаптары жарылыс заттары мен жарылғыш құралдарын өндіретін ғимараттар мен құрылыстардан, сондай-ақ, жер асты тау өндірістерінен басқа, өнеркәсіптің барлық салаларындағы ғимараттарға, өндірістік үй-жайларға таралады.
Тармақ 3
3. Осы құрылыс нормаларының талаптарын өндірістік ғимараттарды жобалаудың және салудың барлық кезеңдерінде сақтау қажет.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынадай сілтемелер қажет:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексі (бұдан әрі – Экологиялық кодекс);
Тармақша 2
2) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс);
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
Тармақша 4
4) «Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) (бұдан әрі - ЭҚҚ);
Тармақша 5
5) «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген);
Тармақша 6
6) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген);
Тармақша 7
7) «Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысы;
Тармақша 8
8) ҚР ҚН 2.02-01-2014 «Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі».
Ескертпе* - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын басып шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі» ақпараттық каталогтары бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
Тарау 3. 3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 4
4. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) тұрмыстық ғимараттар - жұмысшылардың әлеуметтік қызмет көрсететін үй-жайларын орналастыруға арналған кәсіпорын ғимараттары.
Тармақша 2
2) алаң - ғимаратта немесе одан тыс орналасқан, дербес тіректерге, ғимараттың немесе жабдықтың конструкциясына тірелетін және жабдықты орнатуға, қызмет көрсетуге немесе жөндеуге арналған бір қабатты құрылыс (қабырғасы жоқ);
Тармақша 3
3) ғимараттың инженерлік жабдықтары - сұйықтықтарды, газдарды, электр энергиясын (су құбыры, газ құбыры, жылыту, электр, кәріз, желдету жабдығы) беру мен бұруды қамтамасыз ететін аспаптар, аппараттар, машиналар мен коммуникациялар жүйесі;
Тармақша 4
4) ғимараттың қабаттылығы – барлық жер үсті, техникалық және цокольдық қабаттарды қоса алғандағы ғимарат қабаттарының саны, егер оның жабынының жоғарғы жағы жердің орташа жоспарлау белгісінен кемінде 2 метрге (бұдан әрі – м) жоғарыда орналасқан болса;
Тармақша 5
5) жертөле қабаты – үй-жайдың еденін жердің жоспарлау белгісінен төмен белгілеу кезінде үй-жай биіктігінің жартысынан артық қабат;
Тармақша 6
6) техникалық қабат – инженерлік жабдықтарды орналастыруға және коммуникацияларды жүргізуге арналған қабат төменгі (техникалық еден астында), жоғарғы қабаттарда (техникалық шатырда) немесе ғимараттың орта бөлігінде орналасуы мүмкін;
Тармақша 7
7) цокольдық қабат (іргетасқабат) - үй-жайлардың еденін жердің жоспарлау белгісінен төмен белгілеу кезінде үй-жай биіктігінің жартысынан аспайтын қабат.
Тарау 4. 4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және қызметтікқ талаптары
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және қызметтікқ талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
Тармақ 5
5. Нормативтік талаптардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, мүліктерді және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, энергия тұтынуды үнемдеу мақсатында өндірістік ғимараттардың өмірлік циклінің барлық сатыларында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар оның технологиялық және ерекше ерекшеліктерін ескере отырып, өндірістік процесс пен еңбек үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Құрылыс нормаларының қызметтікқ талаптары
2-параграф. Құрылыс нормаларының қызметтікқ талаптары
Тармақ 6
6. Өндірістік ғимараттардың конструкциялары, олар бұзғанға дейін бүкіл өмірлік цикл ішінде ұшырайтын, жүктемелердің және басқа да әсерлердің үйлесімділігіне төзімділікті есептей отырып жобаланады.
Тармақ 7
7. Өндірістік ғимараттар өрттің пайда болуы мен таралу қаупінің және оның қауіпті факторларының алдын алу немесе азайту үшін жағдайлар жасауды ескере отырып жобаланады, ал ол туындаған жағдайда – адамдарды, оның ішінде қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдарды өрт қауіпсіз аймаққа көшіру және өртті жою кезінде көтергіш конструкциялардың орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Ғимаратта және аумақта өрт ошағын тез жою мүмкін болмаған жағдайда, өрттің және оның қауіпті факторларының жану ошағынан тыс жерлерге таралуын шектеу үшін жағдайлар жасалады. Өрт кезінде ғимараттың немесе оның элементтерінің ықтимал әрекеттері ең қолайсыз ауа райы жағдайында көрші ғимараттарға оттың таралуын шектеуі керек.
Тармақ 9
9. Өндірістік кәсіпорындар аумағын жоспарлау цехтар мен өндірістік учаскелердің орналасуы өндіріс процесінің талаптарына сәйкес, оның ағынын, цехтар мен учаскелердің технологиялық процестің дәйектілігімен байланысты өзара байланысын қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Өндірістік ғимараттарда аумақты абаттандыруды, сәулет-жоспарлау шешімдерін, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, ғимаратты пайдалану процесінде адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасалады.
Тармақ 11
11. Ғимараттың көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерінде ғимараттың өзін қалпына келтірмей өндірісті өзгертуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін пайдаланылатын технологиялық процестің даму келешегі ескеріледі.
Тармақ 12
12. Ғимараттың конструктивтік шешімдерінде қозғалыс, жұмыс, жылжымалы құрылғыларды, технологиялық және инженерлік жабдықтарды пайдалану процесінде онда адамдар болған кезде жарақат алу мүмкіндігін болдырмау тәсілдерін қарастыру қажет.
Тармақ 13
13. Инженерлік қамтамасыз етудің ішкі жүйелерімен температураны, оның ішінде қабырғалардың ішкі беттерінің температурасын, ауа қозғалысының ылғалдылығы мен жылдамдығын, сонымен қатар қоршау конструкцияларының жылу тұрақтылығы мен еден бетінің жылуын күшейтуді қоса алғанда, қолайлы микроклимат қамтамасыз етіледі.
Тармақ 14
14. Сумен жабдықтау және кәріз жүйелері және олардың ішкі желілері судың ағуына және топырақ пен қоршаған ортаның ластануына жол бермеуі керек.
Тармақ 15
15. Инсоляцияны қоса алғанда, үй-жайлардың дыбыс оқшаулауы мен жарықтандырылуы қалыпты жұмыс жағдайын жасауы, адамның денсаулығына зиян келтіру қаупінің алдын алуы керек.
Тармақ 16
16. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарда халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының келуі үшін қажетті қызметтерді жеке немесе қосалқы құралдардың көмегімен, сонымен қатар шұғыл жағдайда эвакуациялауды қауіпсіз жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалады.
Тармақ 17
17. Өндірістік ғимараттарды салу кезінде қоршаған ортаны қорғау, табиғи ортаны қалпына келтіру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молайту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алдын ала (есептік) санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу жөніндегі іс-шаралар қарастырылады.
Тармақ 18
18. Өндірістік ғимараттар мен іргелес аумақтарды жобалау кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жою жөніндегі іс-шаралар көзделеді.
Тармақ 19
19. Өндірістік ғимараттар және оларды қоршайтын құрылыс конструкциялары, жылыту және салқындату, желдету және ауаны баптау, сонымен қатар жарықтандыру жүйелері энергияны үнемдеу және жылуды сақтау тәртібінде жұмыс істеуі керек.
Тармақ 20
20. Өндірістік ғимараттарда ғимараттың есептік қызмет мерзіміне сәйкес құрылыс конструкцияларының, материалдар мен бұйымдардың жұмысқа қабілеттілігін сақтай отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, құрылыс материалдары мен конструкцияларын дайындау үшін өндіріс қалдықтары мен қайталама материалдарды барынша пайдалану, құрылыс конструкцияларын қайта пайдалану және бұзу кезінде құрылыс материалдарын өндіру үшін құрылыс сынықтарын қайта өңдеу қамтамасыз етіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Өндірістік ғимараттардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
5-тарау. Өндірістік ғимараттардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Негізгі ережелер
1-параграф. Негізгі ережелер
Тармақ 21
21. Ғимараттардың сәулеттік шешімдерін қала құрылысын, құрылыс жүргізетін ауданның климаттық шарттарын және құрылыс салатын ортаның сипатын ескере отырып қабылдау қажет.
Тармақ 22
22. Ғимараттарда адамдардың болу қауіпсіздігі: жұмыс аймағының ауасында шекті рұқсат етілген шоғырланудан жоғары зиянды заттардың болмауымен, үй-жайда жылу мен ылғалдың ең аз бөлінуімен; шудың, дірілдің, ультрадыбыстың, электромагниттік толқындардың, радиожиіліктердің, статикалық электр мен иондаушы сәулелердің рұқсат етілген мәндерінен жоғары болмауымен, сонымен қатар физикалық жүктемелердің, зейін кернеуінің шектелуімен және жұмысшылардың шаршауының алдын алумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 23
23. Өндірістік ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерімен тиісті нормативтік-техникалық құжатты сақтау жолымен қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.
Тармақ 24
24. Өндірістік ғимараттарды жобалау кезінде:
Тармақша 1
1) сыртқы қоршау конструкцияларының ауданын қысқартуды ескере отырып, ғимараттардың көлемдік-жоспарлау шешімдерін қабылдау;
Тармақша 2
2) табиғи және жасанды жарықтандыруды жобалау нормаларына сәйкес жарық ойықтарының ауданын қабылдау;
Тармақша 3
3) құрылыс конструкцияларына, технологиялық процестерге және жұмыс істейтіндерге діріл белсенді жабдықпен немесе сыртқы тербеліс көздерінен туындайтын динамикалық әсерлерді төмендету қажеттілігін ескере отырып, көлемдік-жоспарлау шешімдерін әзірлеу қажет.
Тармақ 2. 2-параграф. Ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша талаптар
2-параграф. Ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша талаптар
Тармақ 25
25. Ғимараттардың конструктивтік шешімдерін өндіріспен қойылатын талаптарды (цехішілік ортаның агрессивтілік дәрежесі, отқа төзімділік және басқалар), сондай-ақ құрылыс ауданынан (климаттық жағдайлар, жүктеме, тиісті материалдар мен конструкциялардың болуы және т.б.) ескере отырып қабылдау қажет.
Тармақ 26
26. Ұзындығы үлкен ғимараттарда олардың көлемдік-жоспарлау шешімдеріне және құрылыс ауданының табиғи-климаттық жағдайларына байланысты температуралық-шөгінді, шөгінді немесе сейсмикаға қарсы тігістер қарастырылады.
Тармақ 27
27. Құрылыс уақыт өте келе өзгеретін көрсеткіштер есепті пайдалану мерзімі ішінде конструкцияның көтергіш қабілетіне әсер етпейтіндей етіп жобаланады. Сонымен бірге қоршаған ортаның әсерін және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы іс-шараларды ескеру қажет.
Тармақ 28
28. Ықтимал зақымдануларды бір немесе кешенді іс-шараларды орындау есебінен шектеу немесе алып тастау қажет:
Тармақша 1
1) ғимарат ұшырайтын қауіптерді болдырмау, жою немесе төмендету;
Тармақша 2
2) әлеуетті қауіптерге сезімтал емес конструктивтік нысандарды таңдау;
Тармақша 3
3) конструкцияның жекелеген элементінің немесе кейбір бөлігінің істен шығуы немесе кездейсоқ жойылуы бүкіл құрылыстың толық істен шығуына әкеп соқпайтын конструктивтік нысандар мен жобалық шешімдерді қолдану;
Тармақша 4
4) мүмкіндігінше, алдын ала белгілерінсіз бұзылатын конструкциялық жүйелерді алып тастау;
Тармақша 5
5) конструктивтік элементтердің сенімді қосылуы.
Тармақ 29
29. Негіз қалаушы талаптарға сәйкестігі мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) жарамды құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолдану;
Тармақша 2
2) сапалы жобалау мен есептеу, сонымен қатар тиісті құрылыстық орындаулар;
Тармақша 3
3) нақты жобаға қатысы бар жобалау, дайындау, салу және пайдалану кезеңдерінде бақылау рәсімдерін тағайындау.
Тармақ 30
30. Жобалау кезеңінде оның ұзақ мерзімділігіне әсерін белгілеу және құрылыс материалдары мен бұйымдарын қорғау үшін тиісті іс-шараларды қабылдау үшін қоршаған ортаның жағдайын анықтау қажет.
Тармақ 3. 3-параграф. Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар
3-параграф. Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар
Тармақ 31
31. Ғимараттың өрт қауіпсіздігі және көлемдік-жоспарлау шешімдері мына талаптарға сәйкес болуы керек.
Тармақша 1
1) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген);
Тармақша 3
3) Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесі;
Тармақша 4
4) және Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа да нормативтік құжаттар.
Тармақ 32
32. Өндірістік ғимараттардың негізгі көлемдік-жоспарлау шешімдері технологиялық процестерді ұйымдастыруды ескере отырып анықталады. Сонымен бірге ғимараттар пайдаланудың есептік жағдайларында, сонымен қатар төтенше жағдайларда, қауіптің бірі болып табылатын өрт жағдайында қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 33
33. Ғимараттың көлемдік-жоспарлау шешімдері үй-жайлардың қызметтікқ өрт қауіптілігін ескере отырып орындалады. Ғимаратта әртүрлі қызметтікқ өрт қауіптілігі бар үй-жайларды орналастыру кезінде оларды ғимараттың өрт қаупіне жауап беретін өртке қарсы іс-шаралар қарастырылған бөліктерінде біріктіру қажет. Ғимаратта әртүрлі қызметтікқ өрт қауіптілігі бар үй-жайларды орналастыру кезінде оларды ғимараттың өрт қаупіне жауап беретін өртке қарсы іс-шаралар қарастырылған бөліктерінде орналастыру қажет.
Тармақ 34
34. Бір үй-жайда әртүрлі өрт қаупі бар учаскелер немесе технологиялық процестер болған кезде өрттің таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар қарастырылады.
Тармақ 35
35. Үй-жайларды орналастыру кезінде ойықтар мен тесіктер арқылы, құрылыс конструкциялары мен коммуникациялары бойынша, тігінен және көлденеңінен сыртқы ойықтар бойынша, сондай-ақ қоршау конструкцияларын немесе коммуникацияларды қыздыру немесе оларды бұзу нәтижесінде өрттің аралас үй-жайларға таралу қаупі ескеріледі.
Тармақ 36
36. Өндірістік ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және құрылымдық шешімдерімен өрт жағдайында қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) өрттің қауіпті факторлары салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенге дейін ғимаратқа іргелес жатқан аумаққа сыртқа қарай эвакуациялау;
Тармақша 2
2) көшіруге үлгермейтін адамдарды құтқару мүмкіндігі;
Тармақша 3
3) өрт сөндіру бөлімшелері мен өрт сөндіру құралдарының өрт ошағына қол жеткізу мүмкіндігі, сондай-ақ адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқару жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 4
4) іргелес өрт сөндіру бөліктеріне және жақын орналасқан ғимараттарға өртті таратпау.
Тармақ 37
37. Бір ғимаратта немесе үй-жайда әртүрлі жарылыс-өрт және өрт қаупі бар технологиялық процестерді орналастыру кезінде жарылыстың немесе өрттің алдын алу жөніндегі іс-шаралар көзделеді.
Тармақ 37
37. Бір ғимаратта немесе үй-жайда әртүрлі өрт жарылыс және өрт қаупі бар технологиялық процесстерді орналастыру кезінде жарылыстың немесе өрттің алдын алу шаралары қарастырылады.
Тармақ 38
38. Өрттің таралуын болдырмайтын құралдар өрт сценарийлерін құруды, ықтимал залалды болжауды және осы қаражатқа шығын мен шығынның ең аз сомасы бойынша неғұрлым тиімді шешім қабылдауды қамтитын техникалық-экономикалық негіздемеге сүйене отырып таңдалады.
Тармақ 39
39. Құрылыс материалдарының өрт қауіптілігінің топтары мен сыныптары бойынша, ал ғимараттардың – отқа төзімділік дәрежелері, отқа төзімділік шегі және конструкциялық өрт қауіптілігінің сыныптары бойынша сыныптамасын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті бойынша қабылдау қажет.
Тармақ 40
40. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың санаттарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес белгілеу қажет. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша ғимараттардың санаттары өртке немесе жарылысқа қатысты неғұрлым қолайсыз кезең үшін анықталады. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша ғимараттардың санаттары өртке немесе жарылысқа қатысты ең қолайсыз кезең үшін анықталады.
Тармақ 41
41. Өрт сөндірудің автоматты қондырғылары мен автоматты өрт дабылын, сондай-ақ хабарлау жүйелерін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген) «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» Техникалық регламентінің және өрт қауіпсіздігі жөніндегі басқа да қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қарастыру қажет.
Тармақ 42
42. Ғимараттың құрылыс шешімдерінде өртке қарсы қорғанудағы экономикалық залал мен шығынның ең аз сомасы адамдардың қауіпсіздігін ескере отырып, ғимарат пен үй-жайдың қызметтікқ арналуына сәйкес көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді таңдау кезінде бірінші кезекте отқа төзімділік деңгейінің және конструктивтік өрт қауіптілік сыныбының қызметтікқ өрт қауіптілік сыныбына сәйкес келуімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 43
43. Өрт бөліктердің ауданын, қабат санын өрт жарылыс және өрт қаупі санатына, отқа төзімділік деңгейіне, ғимараттың конструктивті және қызметтікқ өрт қауіптілік кластарына, өртті анықтаудың және сөндірудің сенімді құралдарын ескере отырып, өрт жүктемесі мен отқа төзімділік шегінің арақатынасымен бағаланатын көтергіш құрылыс конструкциясының өрт кезінде отқа төзімділік шегіне жету мүмкіндігіне байланысты шектеу қажет.
Тармақ 44
44. Өрт қауіпсіздігінің рұқсат етілген қауіп деңгейінің техникалық мүмкіндігін және экономикалық тиімділігін негіздеу ғимараттың арналуын және көлемдік-жоспарлық шешімдерін, талап етілетін қызмет етудің мерзімі, жауапкершілік деңгейі, объектінің өрт қауіптілігі және өрт сөндіру құралдарының сенімділігі ескеріле отырып орындалады.
Тармақ 45
45. Эвакуациялық жолдарды жобалау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына және ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілуі қажет.
Тармақ 46
46. Ғимараттың әрбір қабатын, оның ішінде жертөленің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялық шығатын жер қарастырылуы қажет, оның саны эвакуациялаудың есептік уақытымен және шығатын жердің құрсаулану ықтималдығын ескере отырып анықталады.
Тармақ 47
47. Егер эвакуациялық шығу дәлізге, сыртқа немесе басқыш торына аралас үй-жай арқылы жүргізілсе, онда шығуға дейінгі қашықтық аралас үй-жайлардың бірінің ең қауіпті санаты бойынша қабылданады.
Тармақ 48
48. Бір қабатты үй-жайда ең алыс үй-жайдың есігінен сыртқа қарай шығатын жеріне немесе ең жақын баспалдақ алаңына дейінгі дәліз бойымен әр түрлі санаттарды орналастыру барысында арақашықтық ең қауіпті санат бойынша анықталады.
Дәліздегі адам ағынының тығыздығы дәлізге үй-жайдан көшетін адамның санына арақатынасы ретінде анықталады, бұл жағдайда осы дәліздің аумағы ортақ дәліздерге үй-жайдан ашылатын есіктерінде, ортақ дәліздің ені азайтылған болып қабылданады:
Тармақша 1
1) есік төсемінің жарты еніне – есіктер бір бағытта орналасқанда;
Тармақша 2
2) есік төсемінің еніне – есіктер екі бағытта орналасқанда.
Тармақ 49
49. Дәлізден сыртқа немесе баспалдақ торына қарай шығатын көшіру жолының (есіктің) енін осы шығу арқылы эвакуацияланатын адамдардың жалпы санына, шығудың (есіктің) 1 м еніне сай келетін адам санына байланысты қабылдау қажет.
Тармақ 50
50. Эвакуциялық баспалдақтар енін есептеу кезінде халықтың мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қозғалу мүмкіндігін ескеру қажет.
Тармақ 51
51. Үй-жайларда және дәліздерде Заңның 20-бабы 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес өрт шығу жағдайында түтін сейілтуді қарастыру қажет.
Тармақ 52
52. Түтін шығару есебінде ескерілетін ашылатын зениттік шамдар жабынның ауданы бойынша біркелкі орналастырылады.
Тармақ 53
53. Тез тұтанатын, жанғыш және уытты сұйықтықтары бар аппараттар, қондырғылар және жабдықтар орнатылған жабындының және технологиялық алаңдардың учаскелерінде жанбайтын материалдардан немесе табандықтардан жасалған бітеу ернеулері қарастырылады. Ернеулер биіктігі, ернеулер немесе табандықтар арасындағы аудан жобаның технологиялық бөлігінде белгіленеді.
Тармақ 4. 4-параграф. Ғимаратты пайдалану барысында адамдардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
4-параграф. Ғимаратты пайдалану барысында адамдардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
Тармақ 54
54. Жаңа, кеңейтілетін, реконструкцияланатын, сондай-ақ, қолданыстағы өндірістік объектілерді орналастыру үшін алаңша таңдау талаптары жер, су ресурстары бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылданады.
Тармақ 55
55. Жаңа құрылысқа және қолданыстағы объектіні кеңейтуге арналған алаңша аэроклиматтық сипаттаманы, жер бедерін, атмосферада өнеркәсіптік шығарылымдардың таралу заңдылығын, тұрғын, рекреациялық, шипажай аймағына, халықтың демалу аймағына қатысты ық жағымен, атмосфераның ықтималды ластануын ескере отырып таңдалады.
Тармақ 56
56. Жаңа объектілерді рекреациялық аумақта, шипажайларда, санитариялық-қорғау, су қоймалардың суды қорғау және жағалау маңындағы жерлерде орналастыруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 57
57. Өндірістің сипаттамасына сәйкес кәсіпорындар жеке түрде де, әр түрлі деңгейі бар кооперация тобының құрамында да орналастырылады.
Тармақ 58
58. Зиянды заттар қолданатын объектілерде әкімшілік-шаруашылық және қосалқы белдеулер өндірістік және көліктік-қоймадан алшақтықтар арқылы бөлінеді.
Тармақ 59
59. Жер телімдерде кіреберістер, сондай-ақ, ғимаратты айналып өту мүмкіндігі қарастырылуы қажет. Кіреберіс жолдарының беті қатты жабынды болуы керек.
Тармақ 60
60. Кәсіпорынның аумағын қоршау ғимаратты пайдалану және сақтау шарттарын ескере отырып жобалануы қажет.
Тармақ 61
61. Қоршаудың жер асты бөліктерін судың әсерінен оқшаулау қажет. Қоршауда қолданылатын торлар мен сымдардың тот басуға қарсы жабыны болуы керек.
Тармақ 62
62. Ғимараттардың және технологиялық жабдыққа арналған ашық алаңшалардың ұзын осьтері зиянды заттарды пайдаланған кезде желдің басым бағытына параллель қабылданады.
Тармақ 63
63. Қызметкерлерге арналған автомобиль тұрақтары жүк көлігіне арналған тұрақ орындарынан бөлінеді.
Тармақ 64
64. Өндірістік мекемелердің аумағындағы кіреберістер, тұрақтар жүк көлігі телімнен тыс жерге шықпай-ақ барлық ғимараттар мен құрылыстарға кіре алатындай етіп жобаланады.
Тармақ 65
65. Өндірістік ғимараттардың жер телімдерін жобалау кезінде жүк түсіретін алаңшалар үшін орындар қарастырылуы қажет.
Тармақ 66
66. Объект аумағындағы құрылыстар мен жолдардан қалған бос орындар көріктендірілуі және көгалдандырылуы қажет.
Тармақ 67
67. Көлемдік-жоспарлау шешімдерімен ғимараттың қызметтікқ мақсаты қамтамасыз етіледі және өндіріс үшін оңтайлы жағдайлар жасалады.
Тармақ 68
68. Тиісті есептеулермен расталған құрылыс конструкциялары ықтималды қауіпті әсерлерді, ұзақ мерзімділікті және сенімділікті ескеруі, сондай-ақ үдемелі қирауға берік болуы керек.
Тармақ 69
69. Өндірістік ғимараттарды, үй-жайды және құрылысты жобалау технологиялық процесстермен және жабдықтармен айналыспайтын қызметкер нормаланған параметрден жоғары зиянды заттардың әсеріне шалдықпайтындай етіп жүзеге асырылады.
Тармақ 70
70. Ғимарат ішіндегі жекелеген үй-жайдың өзара орналасуын технологиялық ағымға сәйкес жобаланады, егер бұл технологиялық процесс ұйымның талаптарына қарсы келмесе, шикізаттың кері қайтуын немесе аралық және дайын өнімдер мен бұйымдардың түйіспелі жылжуын болдырмайды.
Тармақ 71
71. Жекелеген өндірістер мен өндірістік учаскелерді бір ғимаратта немесе құрылыста біріктірген кезде жұмыс істеушілерге зиянды факторлардың әсер етуінің алдын алу, сондай-ақ олардың осы өндірістік факторлармен байланысты емес жұмыстар орындалатын көрші учаскелерге (оқшаулау, ауа перделері және тағы сол сияқтылар) ағуы жөніндегі іс-шаралар қарастырылады.
Тармақ 72
72. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстың сыртқы қабырғалары, егер технологиялық процеске қойылатын арнайы талаптарға қарсы келмейтін болса, табиғи ауа алмасуды және табиғи жарықтандыруды ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 73
73. Тиеу-түсіру рампасының ұзындығы жүк айналымына және қойманың сыйымдылығына байланысты, сондай-ақ, ғимараттың көлемдік-жоспарлау шешімдерін ескере отырып анықталады. Тиеу-түсіру рампасының және платформасының енін тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы мен қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкес қабылдау қажет.
Тармақ 74
74. Қойма ғимаратының, үй-жайының едендері негізі мен жабыны конструкциялары, материалдары жиналатын жүктер жүктемесінің әсерін, еден үстілік көліктің механикалық әсер ету түрі мен қарқындылығын, шаң бөлінуін, статикалық электрдің және ұшқын түзілудің жиналуын ескере отырып белгілеу қажет.
Тармақ 75
75. Бу, газ, шаң түріндегі зиянды заттарды бөлмейтін ыстық технологиялық процестер болуын сипаттайтын объектілерді орналастыру үшін табиғи ауа алмасуды (аэрацияны) қамтамасыз ететін қабырғаның және жабынның конструктивті элементтері бар бір қабатты ғимараттар немесе көп қабатты ғимараттардың жоғарғы қабаты қарастырылады.
Тармақ 76
76. Қауіпті заттармен жұмыс жүргізілетін бір ғимаратқа бірнеше өндірістерді орналастыру кезінде улы заттардың көп құрамды қоспасының пайда болуына және олардың жапсарлас өндірістік үй-жайларға таралуына кедергі келтіретін құрылыстық шешімді пайдалану арқылы әрқайсысын оқшауландыру қамтамасыз етіледі.
Тармақ 77
77. Зиянды сұйықтықтар мен газдарды тасымалдау үшін құбырларды, сондай-ақ басқару пультінің үй-жайына, санитариялық-тұрмыстық қондырғыларға және жаяу өтетін туннельдерге транзиттік бу құбырларын төсеуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 78
78. Жұмыс орнында негізгі және қосалқы жабдықтарды орналастырумен тұрақты немесе уақытша (профилактикалық тексеру, технологиялық жабдықты жөндеу және баптау кезеңінде) жұмыс орнын құру және жұмыс істеу үшін жеткілікті өту жолдары мен бос алаңдар, сондай-ақ қызметкерлердің қызмет көрсету аймағында еркін жүріп-тұруы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 79
79. Өндірістік ғимараттарда орналастырылатын шикізат, жартылай фабрикат және дайын өнімдер, сондай-ақ жүк платформаларын (рампаны) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын ескере отырып жобалау қажет.
Тармақ 80
80. Өндірістік ғимараттарда жүк лифтерін орнатуға рұқсат етіледі.
Тармақ 81
81. Ғимаратты терезесіз және жарық шамдарсыз салуға, табиғи жарықтандыру жеткіліксіз жертөлелерде және цокольдық қабаттарда тұрақты жұмыс орындары бар өндірістік үй-жайды орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда келесілер қарастырылады:
Тармақша 1
1) жасанды жарықтандыру;
Тармақша 2
2) ультракүлгін сәулеленуді ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) жұмысшылар қысқа уақыт демалатын бөлмені ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) қолданыстағы гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес мәжбүрлі желдетудің тұрақты әрекет етуін қамтамасыз ету.
Тармақ 82
82. Барлық жұмысшылар үшін жұмыс уақытында демалатын үй-жайлар қарастырылуы қажет. Өндірістік үй-жайларда тамақты сақтауға және жеуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 83
83. Жертөледен шығатын жерлерді көтеру-тасымалдау жабдығы жұмыс істейтін аймақтан тыс жерде қарастыру қажет.
Тармақ 84
84. Өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғаларына кіріктірмелер, егер табиғи ауа алмасу және жарықтандыру бұзылмайтын болса, рұқсат етіледі.
Тармақ 85
85. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатты үй-жайларда сыртқы жеңіл лақтырылатын қоршау конструкцияларын қарастыру қажет.
Тармақ 86
86. Айтарлықтай жылу және басқа өндірістік зиянды заттар бөлініп шығатын ыстық цехтарда шұғыл еңіс жабындылар қарастыру қажет.
Тармақ 87
87. Жылытатын ғимараттың жабындыларын ішкі суағармен орындау қажет. Сүңгілер мен мұздардың түзілуіне кедергі болатын шаралар орындалған жағдайда жылытатын және жылытылмайтын ғимараттарда сыртқы суағарлар құрылған жабынды жасауға рұқсат етіледі.
Тармақ 88
88. Радиожиілікті ауқымның электр магниттік өрістер көздерімен жұмыс істеуге арналған үй-жайды жобалау кезінде басқа өндірістік үй-жайдан оларды оқшаулап орналастыруды қарастыру қажет. Ортақ үй-жайларда электр магниттік өрістер көзін орналастыру, егер қондырғыларда және оларға қызмет көрсету жұмыстарымен байланысты емес қызметкердің жұмыс орнындағы олардың деңгейлері Қазақстан Республикасының радиотехникалық объектілерге қойылатын қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен бекітілген шекті рұқсат етілген мәнінен аспайтын жағдайларда рұқсат етіледі.
Аталған жағдайларды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда электр магниттік өріс көздері жеке үй-жайларда орналастырылады.
Тармақ 89
89. Электр магниттік өріс көзімен жұмыс істеуге арналған экрандалған үй-жайларда жұмыс алаңдары және көлемдер өңделетін бұйымның габаритіне қарай орнатылады.
Тармақ 90
90. Экрандалған үй-жайларда табиғи жарықтың, ультракүлгіннің жетіспеушілігін толтыру, ауаның газды және ионды құрамын өзгерту шаралары қарастырылады.
Тармақ 91
91. Экрандалған үй-жайлардағы қабырғалар, едендер және төбелер сіңіргіш материалдармен жабылады.
Тармақ 92
92. Шу көздері орналасқан жаңа және қайта жаңартылатын объектілерде үй-жайлардың ішінде, жұмыс орындарында, сондай-ақ тұрғын үй құрылыстарын қоршаған аумақта шуды азайтуға бағытталған сәулет-құрылыс іс-шаралары қарастырылады.
Тармақ 93
93. Жұмыс істеушілерге шудың, дірілдің, ультракүлгін және инфрадыбыстың әсеріне байланысты жұмыс орындарына жақын жерлерде кезекпен демалуға және алдын алу шараларын жүргізуге арналған үй - жайлар қарастырылады.
Тармақ 94
94. Жүк көтергіш крандарға қызмет көрсетуге арналған галереялар, алаңдар мен баспалдақтар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) сәйкес жобалануы қажет.
Тармақ 95
95. Терезелер мен шамдарды жөндеу және тазалау үшін технологиялық жабдықты орналастыру немесе ғимараттың жалпы биіктігіне байланысты жылжымалы немесе тасымалды едендік инвентарлық құралдарды (тіреуіш сатыларды, сырғитын алаңшаларды, телескопиялық көтергіштерді) қолдану мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін стационарлық құрылғыларды қарастыру қажет. Бұл құрылғыларды қолдану жобаның технологиялық бөлігінде негізделеді.
Тармақ 96
96. Шамдарды орнату қажеттілігі және олардың түрі (зениттік, П-тәрізді, жарықтық, жарық-эрациялық және басқалар) құрылыс ауданының климаттық жағдайларын ескере отырып, технологиялық процестің ерекшеліктеріне, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға байланысты жобамен белгіленеді.
Тармақ 97
97. Силикатты табақты шыныдан және шыны пакеттерден орындалатын зенитті шамдарды шынылаудың астында, сондай-ақ тік бұрышты жарықаэрациялық фонарьларды шынылаудың ішкі жағында қорғаныш металл торының құрылғысын қарастыру қажет.
Тармақ 98
98. Ашылатын терезелермен немесе жарық түсіретін шамдармен жабдықталған ғимараттарда ашық ойықтардың көлемін реттеуге арналған еденнен немесе жұмыс алаңдарынан басқарылатын механизмдер, сондай-ақ, осыған ұқсас жұмыстарды ыңғайлы және қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін терезелерді, шамдарды және жарық түсіретін арматураларды тазалау үшін алаңдар мен механизмдер қарастырылады.
Тармақ 99
99. Қақпа қашықтықтан және автоматты ашылатын болса, оны барлық жағдайларда қолмен де ашу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет.
Тармақ 100
100. Жобаның құрылыс бөлігінде жылыту, желдету, ауа баптау жүйелерін, желдету шығарындыларын тазалау қондырғыларын күрделі жөндеу, жөндеу және бақылау үшін жабдықталған арнайы үй-жайларды қарастыру қажет.
Тармақ 101
101. Қайта салынатын және реконструкцияланатын әкімшілік, тұрмыстық ғимаратты және өнеркәсіптік кәсіпорын үй-жайларын, өндірістік процестің жіктелуіне байланысты қосымша арнайы үй-жайлар мен әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы құрылғыларды жобалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.
Тармақ 5. 5-параграф. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділік
5-параграф. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділік
Тармақ 102
102. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының еңбек орындары бар үй-жайларды жобалау кезінде осы құжаттан басқа, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын ескеру қажет.
Тармақ 103
103. Мекемелерді, ұйымдар мен кәсіпорындарды жобалау кезінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына арналған жұмыс орындарын қарастыру қажет.
Тармақ 104
104. Өндірістік ғимараттарда, ғимараттың көлемдік-жоспарлық құрылымында (бөлек-бөлек орналасқан немесе мамандандырылған цехтарда, өндірістік учаскелерде және арнайы үй-жайларда) халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары есебіндегі қызметкерлер үшін жұмыс орындарын орналастыруға рұқсат етіледі.
Тармақ 105
105. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының жұмыс орындары еңбек қауіпіздігімен, болмашы немесе орташа физикалық жүктемелік жұмыстармен қамтамасыз етілуі керек, денсаулықты төмендететін немесе жарақат алу мүмкіндіктерін болдырмау керек.
Тармақ 106
106. Жұмыс аймағында (жұмыс орнының кеңістігінде) немесе үй-жайда гигиеналық нормативтерге сәйкес микроклиматқа санитариялық-эпидемиологиялық талаптар кешенінің орындалуы, сондай-ақ халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының сырқатының түріне байланысты белгіленген қосымша талаптарға сәйкес қамтамасыз етілуі қажет.
Тармақ 107
107. Жұмыс істейтін халықтың мүмкіндігі шектеулі тобына санитариялық-тұрмыстық қызмет көрсету сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6. 6-параграф. Инженерлік қамтамасыз ету
6-параграф. Инженерлік қамтамасыз ету
Тармақ 108
108. Ғимараттар мен үй-жайларды жылыту жүйесін, желдетуді және ауа баптауды жобалауда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын сақтау қажет.
Тармақ 109
109. Жаңа және реконструкцияланатын ғимараттарда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтерде көзделген ғимараттар мен құрылыстарды жылумен қорғау, сондай-ақ сыртқы қоршаулар арқылы жұмыс аймағына артық жылу мен суықтың түсуін, сондай-ақ технологиялық көздерден азайтуға бағытталған желдетуді жылыту және ауаны кондиционерлеу жөніндегі іс-шараларды қарастыру қажет.
Тармақ 110
110. Зиянды заттар бөлініп шығуы болғанда желдетудің механикалық ағынды және сору жүйесі, сондай-ақ, технологиялық процесті ескеретін жергілікті желдету қарастырылады.
Тармақ 111
111. Өндірістік ғимараттарда ағынды желдету камераларына алаңдар бөлінеді.
Тармақ 112
112. Желдету, ауаны баптау және ауа жылыту жүйелерінің ауа бөлгіштерінен ауа шығару температурасы мен жылдамдығын жұмыс аймағында микроклимат параметрлері қамтамасыз етілуін ескере отырып, желдету және ауаны баптау бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептеу әдісімен анықтау қажет.
Тармақ 113
113. Ағынды ауаны ластануы аз аймақтарға үлкен аймақ арқылы түспейтіндей және жергілікті сору жұмысы кезінде тепе-теңдікті бұзбайтындай етіп жіберу қажет.
Тармақ 114
114. Өндірістің немесе аралас үй-жайлардың бір ғимаратында әртүрлі қауіптілік сыныптарындағы зиянды заттарды бөлумен біріктірген кезде зиянды заттардың ағуын алдын алу қажет, ол неғұрлым уытты зиянды заттары бар үй-жайлар үшін ұйымдастырылған ағыннан сорудың басым болуын көздейді.
Тармақ 115
115. Жылытылатын өндірістік үй-жайлардың сыртқы қоршауларын жобалау кезінде қабырғалар мен төбелердің ішкі бетінде конденсаттың пайда болу мүмкіндігі болмайды. Бұл талаптан ауытқуға ылғал бөлу көзі болып табылатын технологиялық процестері бар үй-жайлар үшін ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 114
114. Сорылатын ауаны ол ластануы көп белдеу арқылы ластануы аз белдеуге келмейтіндей және жергілікті сорғылар жұмыс істеген кезде тепе-теңдікті бұзбайтындай бағыттау қажет.
Тармақ 115
115. Бір ғимаратта әртүрлі қауіптілік класының зиянды заттары бөлінетін өндірістерді немесе іргелес үй-жайларды қосу барысында, зиянды заттарды сорғының анағұрлым уытты зиянды заттары бар үй-жайға арналған ұйымдастырылған ағымнан басымдылығын қарастыра отырып, зиянды заттардың келуінің алдын алу қажет.
Тармақ 116
116. Көп қабатты өндірістік ғимараттарда қабатаралық алаңдардың жабындарындағы монтаждық ойықтар оқшаулағыш қалқандармен жабдықталады, ал ауа алмасулар әр қабат үшін бөлек есептеу қажет.
Тармақ 117
117. Шектес үй-жайлардан ауаның ұйымдастырылмаған түсуіне, егер оларда жағымсыз иісі бар заттар болмаса және зиянды заттардың мөлшері елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін шекті рұқсат етілген шоғырлану мәнінен аспаса рұқсат етіледі.
Тармақ 118
118. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарда ауаны баптау жұмыс орындарында микроклиматтың оңтайлы рұқсат етілген параметрлерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ қажетті микроклиматтық жағдайлар жасау үшін қарастырылуы қажет.
Тармақ 118
118. Аралас үй-жайдан ауаның ұйымдаспаған келуі, егер оларда жағымсыз иісті заттар болмаса және зиянды заттар құрамы елді мекеннің атмосфералық ауасына арналған шекті жол берілген құрамының мәнінен аспайтын болса рұқсат етіледі.
Тармақ 119
119. Апатты желдетуді зиянды (немесе жанғыш) заттардың көп мөлшерде жұмыс аймағы ауасына кенет ену мүмкіндігі болатын өндірістік үй-жайларда ғана қарастыру қажет.
Тармақ 120
120. Апатты желдетуді қосу және ауаны шығару үшін ойықтарды ашу үй-жайдың ішінде болсын, сыртында болсын қол жетімді жерлерден қашықтықтан қосылатындай етіп жобалау қажет.
Тармақ 121
121. Мерзімді жұмыстарға немесе адамдардың жүріп-тұруына арналған туннельдерде, техникалық қабаттардың үй-жайларында жұмыс істеу кезінде жұмыс аймағында ауа ортасының нормативтік параметрлерін қамтамасыз ететін есептік ауа алмастыруы бар мерзімді жұмыс істейтін желдеткішті қарастыру қажет.
Тармақ 122
122. Шу көзі орналасқан қолданыстағы өндірістік объектілерді жобалау және реконструкциялау кезінде жұмыс орындарындағы, сондай-ақ, өнеркәсіптік алаңдар аумағындағы үй-жай ішінде шуылдың рұқсат етілген деңгейіне дейін азайтуға бағытталған сәулет-құрылыс шараларын қарастыру қажет.
Тармақ 123
123. Жұмыс орындарында жылыту, желдету және ауабаптау қондырғыларынан шығатын шуыл мен діріл деңгейлері нормативтік мәндерден аспауы керек.
Тармақ 124
124. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда шаруашылық-ауыз су және техникалық сумен қамту (қажет болғанда) жүйелері жобаланады және жабдықталады.
Берілетін судың сапасы қолданыстағы гигиеналық нормативтерге сәйкес келуі керек.
Тармақ 125
125. Ішкі және сыртқы өрт сөндіруге арналған су шығындары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданады.
Тармақ 126
126. Техникалық су құбырын шаруашылық-ауыз сумен қосу, өндірістік құрал-жабдыққа және технологиялық процестерге ағынды үзусіз тазартылғанға дейінгі ағынды суларды беруге рұқсат етілмейді.
Тармақ 127
127. Ластанған ағын су түзілетін процесте үрлеу тәртібінде қайтарма сумен қамтамасыз ету жүйесін жобалау кезінде оларды әкетуге жер үсті және жер асты суларын ластанудан қорғау жөніндегі қолданыстағы санитариялық қағидалардың талаптары қойылады.
Тармақ 128
128. Кәріз желісі барлық ұзындығы бойында жабық және жанбайтын материалдан жасалуы керек. Өнеркәсіптік кәріздің қарау құдықтарын таза ұстау қажет, олар үнемі қақпақпен жабылып тұруы керек.
Тармақ 129
129. Өнеркәсіптік кәріз сұйықтықтарды іркіліссіз және қысым туындаусыз қалыпты және үздіксіз жоюды қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 130
130. Тазарту құрылғылары ағын судың қажетті тазартылуын қамтамасыз етпейтін, ақаулы немесе лас болған жағдайда өнеркәсіптік кәрізді пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тармақ 131
131. Агрессивті сұйықтықтардың (қышқылдардың, сілтілердің) және сынап, еріткіштер, биологиялық белсенді заттар сияқты зиянды заттардың ықтимал әсер ету орындарында еденді көрсетілген заттардың әсеріне төзімді, оларды сорбциялауға жол бермейтін және тазартуға және залалсыздандыруға болатын материалмен жабу қарастырылады. Көрсетілген заттарды бұру үшін жергілікті су бұру құрылыстарына суағарлар қарастырылады. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне мұндай ағындар қабылданбайды.
Тармақ 132
132. Өнеркәсіптік кәріз жұмысы суағар жағынан сұйықтықтардың іркіліссіз және қысым туындаусыз қалыпты және үздіксіз бұрылуын қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 133
133. Улы немесе жарылыс қаупі бар булар мен газдарды бөле отырып немесе құбырларда ерімейтін заттардың көп мөлшері пайда болатын химиялық реакцияларға әкелетін ағынды суларды кәріз желілерінде біріктіруге рұқсат етілмейді.
Тармақ 134
134. Өнеркәсіптік кәсіпорынның электрмен қамтудың тиімді заманауи орындалған жүйесі келесі талаптар қатарын қанағаттандыруы керек: үнемділік және сенімділік, пайдалану қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы, электр энергияның тиісті сапасын, кернеу деңгейлерін, жиілік тұрақтылығын.
Тармақ 135
135. Адамдар үнемі болатын өндірістік объектілерде табиғи жарықтандыру қарастырылады.
Тармақ 136
136. Тәуліктің жарық уақытында метеорологиялық жағдайлардан табиғи жарықтандырудың өзгеруі жұмыс аймақтарын жарықтандырудың жұмыс түріне сәйкес жасанды жарықтандыру нормаларымен белгіленген мәннен төмендеуін болдырмауы тиіс. Табиғи жарықтандырудың азаюының орыны жарықтандыруы жеткіліксіз жұмыс аймақтарында жасанды жарық беретін қондырғыларды автоматты қосу жолымен толықтырылады.
Тармақ 137
137. Табиғи, жасанды және құрама жарықтандыру жүйелерін, (тұрақты және тұрақсыз) нормаланатын көрсеткіштерін жұмыс орындарында қамтамасыз етуді ескере отырып, жобаланады: табиғи жарықтандыру коэффициентін, жұмыс үстін жарықтандыруды, көз қаратпау көрсеткішін, шағылысқан жарқылды, толқындау коэффициентін, жарықтықты, жарықтың біркелкі таралмауы.
Тармақ 138
138. Кәсіпорындарда жасанды жарықтандыруды жобалау кезінде жұмыс, апатты, күзет және кезекшілік жарықтандыруды қарастыру қажет.
Тармақ 139
139. Өндірістік ғимараттардың электрмен жабдықтау жүйелерін және ішкі электр жабдығын жобалау барысында ЭҚҚ ережесінің талаптары орындалады.
Тармақ 7. 7-параграф. Қоршаған ортаны қорғау
7-параграф. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 140
140. Өндірістік ғимараттарды жобалаған кезде қоршаған ортаны қорғау мақсатында Экологиялық кодекстің талаптарын ескеру қажет.
Тармақ 141
141. Өндірістік ғимараттар құрылысы процесінде төмендегілерді есепке алу қажет:
Тармақша 1
1) тікелей әсерлер – объект орналасқан ауданда жоспарланған қызметтің негізгі және ілеспелі түрлерімен тікелей беріледі;
Тармақша 2
2) жанама әсерлер – жобаны іске асыру салдарынан жанама (екінші жақтан) қоршаған ортада туындайды;
Тармақша 3
3) кумулятивті әсерлер – жобаны іске асырумен қатар жүретін өткен, осы немесе болжалатын әрекеттер негізінде туындаған ұдайы ұлғаятын өзгерістердің нәтижесінде туындайды.
Тармақ 142
142. Қоршаған ортаға әсерді бағалау барысында мыналарға әсер етуді бағалауды жүргізу қажет:
Тармақша 1
1) атмосфералық ауа, жылыжай газдары шығарылуының әсерінен басқа;
Тармақша 2
2) жер үсті және жер асты сулары;
Тармақша 3
3) су қоймалары түбінің беті;
Тармақша 4
4) ландшафтар;
Тармақша 5
5) жер ресурстары және топырақ жамылғысы;
Тармақша 6
6) өсімдік әлемі;
Тармақша 7
7) жануарлар әлемі;
Тармақша 8
8) экологиялық жүйелердің ахуалы;
Тармақша 9
9) халық денсаулығының күйі;
Тармақша 10
10) әлеуметтік сала (халықтың жұмыспен қамтылуы, білім алу, көлік инфрақұрылымы).
Тармақ 143
143. Құрамында зиянды заттары (немесе жағымсыз иістер) бар өндірістік үй-жайдың жергілікті және жалпы алмасатын желдету жүйелерімен атмосфераға жіберілетін ауаны тазалау, атмосфералық ауаның қолданыстағы гигиеналық нормативтермен анықталған деңгейге дейін зиянды заттардың қалдық көлемін атмосферада тарату жұмыстарын қарастыру қажет.
Тармақ 144
144. Атмосфералық ауаға ластағыш заттар шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорынның өндірістік алаңында атмосфералық ауада ластанған заттарды таратуға кедергі болатын тығыз ағаш-бұта тобына жататын көшеттерді отырғызуға рұқсат етілмейді.
Тармақ 145
145. Ғимаратты жобалау және салу кезінде құрылыс жер телімінің радон қауіпті деңгейін, техногенді радиобелсенді ластанудың болуын және құрылыс конструкциясының радиобелсенділігін ескеру қажет.
Тарау 6. 6-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
6-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Тармақ 1. 1-параграф. Энергия тұтынуды азайтуға қойылатын талаптар
1-параграф. Энергия тұтынуды азайтуға қойылатын талаптар
Тармақ 146
146. Ғимарат оның және бөлім жүйелеріне арналған энергияны тиімді пайдалану жөніндегі талаптарды ескере отырып жобаланады және салынады.
Тармақ 147
147. Жобалау барысында Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес объектіде энергия тиімділігін арттыру бойынша шешімдер мен шаралар кешенін қарастыру қажет.
Тармақ 148
148. Ғимараттардың энергия үнемдейтін конструкциялары жайлардағы белгіленген микроклиматты тиімді сақтаумен және оларды дайындау, ресурстарды қажет етуін төмендетумен қатар, жаңа технологияларды пайдалану есебінен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуы керек.
Тармақ 149
149. Технологиялық процесті жүзеге асыру және үй-жайдың микроклиматына қойылатын талаптарды орындау энергия ресурстарын үнемдеп шығындауды қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 150
150. Жұмыстан тыс уақытта үй-жайдағы температураны төмендетуге рұқсат етіледі.
Тармақ 151
151. Инженерлік жүйелер ауамен қамтамасыз ету жүйесін автоматты немесе қолмен реттеумен жабдықталады. Ғимараттың жылыту жүйелері жылу ағынын реттеуге арналған аспаптармен жабдықталады.
Тармақ 152
152. Жобалау кезінде жарық жақтармен ғимараттың дұрыс бағдарын қарастыру қажет. Ғимараттың дұрыс бағдары қыс мезгілінде жылуды табиғи сақтауға және жаз мезгілінде суытуға, сондай-ақ, үй-жайдың инсоляциясын қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Тармақ 153
153. Жылуды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін ғимараттың қоршау конструкциясы энергия үнемдейтін материалдарды пайдаланумен орындалады.
Тармақ 154
154. Ғимараттың энергия үнемдейтін жылу оқшаулауын және желдетуін қамтамасыз ету қажет (мысалы, ауа қабаты бар қабырға және төбелердің жылу оқшаулауы, бір камералы немесе екі камералы әйнек пакеттер, пассивті жылыту және суыту).
Тармақ 155
155. Инженерлік жүйелерде энергия үнемдеу шараларын қолдану қажет (мысалы, сорып алатын ауаның жылуын жою).
Тармақ 156
156. Ғимараттың энергетикалық тиімділігін жетілдіру барысында климаттық және жергілікті шарттарды, сондай-ақ, үй-жай ішіндегі климаттық жағдайларды назарға ала отырып экономикалық тиімділікті ескеру қажет. Бұл шаралар ғимараттың басқа техникалық талаптарына, сондай-ақ, олардың жалпы қол жетімділігіне, қауіпсіздігіне және мақсатты пайдалануына әсер етпеуі керек.
Тармақ 157
157. Ғимаратты салу кезінде көлеңкелеу, жылу қуатын негіздеу, сондай-ақ, ең алдымен ғимарат айналасындағы климаттық жағдайларды және ғимарат ішіндегі микроклиматты жақсартатын пассивті суыту технологиясын дамыту, пайдалану секілді қызып кетуді болдырмайтын шараларға көңіл аудару қажет.
Тармақ 158
158. Ғимараттарда тиімділігі жоғары балама жүйелерді (техникалық, экологиялық және экономикалық) орнату мүмкіндіктерін қарастыру.
Тармақ 159
159. Егер жүйелі талаптар кем дегенде келесілер үшін техникалық, экономикалық және қызметтікқ тұрғыдан тиімді болған жағдайда қолданылады:
Тармақша 1
1) жылыту жүйесі;
Тармақша 2
2) ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі;
Тармақша 3
3) ауа баптау жүйесі;
Тармақша 4
4) ірі желдету жүйелері;
Тармақша 5
5) осы жүйелердің үйлесімі.
Тармақ 2. 2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
Тармақ 160
160. Өндірістік ғимараттарды орналастыру, жобалау, салу, реконструциялау өсімдіктердің, жануарлардың және табиғи экологиялық жүйенің қызмет етуіне төзімді басқа организмдердің өсуі үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететіндей ретпен жүзеге асырылады.
Тармақ 161
161. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жөндеу, реконструкциялау объектілерінде бұрын қолданылған құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалану рұқсат беріледі.
Тармақ 162
162. Ландшафтты жоспарларда су, топырақ, биологиялық әртүрлілік, энергетикалық ресурстар, ауаның сапасы секілді мемлекеттік ресурстарды және қоғамдық мүдделердегі басқа табиғат ресурстарды саналы түрде сақтауды қарастырылады.
Тармақ 163
163. Өндірістік ғимараттарды салу мен пайдалану кезінде су тұтынуды төмендету және суды үнемдеу мақсатында ағын суларды қайта өңдей, табиғатты қорғау және өнеркәсіптегі экономикалық тиімділікті арттыру бойынша шаралар кешенін орындау қажет.
Басқа 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
ҚОЙМАЛЫҚ ҒИМАРАТТАР
ҚР ҚН 3.02–29–2019
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық-
шаруашылық істері
Комитет төрағасының
«__________» 2019 жылғы
_____ бұйрығына
2-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
ҚОЙМАЛЫҚ ҒИМАРАТТАР
ҚР ҚН 3.02–29–2019
1-тарау. Қолданылу саласы
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары
және қызметтікқ талаптары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары.
2-параграф. Құрылыс нормаларының қызметтікқ талаптары
5-тарау. Қоймалық ғимараттардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын
талаптар
1-параграф. Қоймалық ғимараттардың механикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге қатысты талаптар
2-параграф. Қоймалық ғимараттардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
қатысты талаптар
3-параграф. Қоймалық ғимараттарда гигиенаны және адам денсаулығының
қорғалуын қамтамасыз етуге қатысты талаптар
4-параграф. Пайдалану кезінде қауіпсіздік пен қолжетімділікті қамтамасыз
етуге қатысты талаптар
5-параграф. Энергияны үнемдеу және жылу шығынын азайтуға қатысты
талаптар
6-параграф. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалануға қатысты талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Қолданылу саласы
1-тарау. Қолданылу саласы
Тармақ 1
1. Осы құрылыс нормалары заттарды, материалдарды, өнім мен шикізатты сақтауға арналған, соның ішінде қызметтікқ өрт қауіптілігі басқа ғимараттарда орналасқан және ішкі ортасының берілген параметрлерін сақтау үшін ерекше құрылыс шараларын қажет етпейтін қоймалық ғимараттар мен үй-жайларын жобалауда қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы құрылыс нормалары құрғақ минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдары, жарылғыш, радиоактивті және күшті әсер ететін улы заттар, жанғыш және жанбайтын газдар, мұнай және мұнай өнімдері, каучук, целлулоид, жанғыш пластмассалар мен кинопленка, цемент, мақта, ұн, құрама жем, аң терісі, тері және тері бұйымдары, ауыл шаруашылық өнімдері сақталатын қоймалық ғимараттар мен үй-жайларын жобалауда, сондай-ақ тоңазытқыштар мен астық қоймаларына арналған ғимараттар мен үй-жайларды жобалауда қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынандай сілтемелер қажет:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексі (бұдан әрі – Экологиялық кодекс);
Тармақша 2
2) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс);
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
Тармақша 4
4) «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген);
Тармақша 5
5) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген № 15501);
Ескертпе* - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын басып шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі» ақпараттық каталогтары бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
Тарау 3. 3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 3
3. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамаларымен келесі терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) ғимарат – күш түсетін және қоршау конструкцияларынан тұратын, жер бетінде міндетті тұйық аумақ құратын, қызметтікқ мақсатына қарай адамдардың өмір сүруі немесе жүріп-тұруы, өндірістік үдерістерді орындау, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру және сақтау үшін пайдаланылатын жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін;
Тармақша 2
2) қоймалар – келіп түскен тауарларды қабылдау, сақтау, орналастыру және тарату операцияларының күллі кешенін жүзеге асыру үшін арнайы технологиялық жабдықпен жарақталған ғимараттар;
Тармақша 3
3) қоймалық логистика – қоймаларда тауарларды қабылдау, өңдеу, сақтау және жөнелту бизнес үдерістерін оңтайландыру жүйесі;
Тармақша 4
4) өрт – адамдардың өмірлері мен денсаулықтарына, мүлік пен қоршаған ортаға зиян келтіретін, арнайы ошақтан тыс бақылауға көнбейтін жану;
Тармақша 5
5) платформа – рампаға ұқсас қолданылатын құрылыс; рампадан айырмашылығы, екі жақты болып жобаланады: бір жағы темір жол бойында орналасса, қарама-қарсы жағы автомобильмен кіретін жолдың бойында орналасады;
Тармақша 6
6) рампа – бір жағы қойма қабырғасымен шектесіп, екінші жағы темір жолдың немесе автомобильмен кіретін жолдың бойында орналасатын, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге арналған құрылыс;
Тармақша 7
7) терминал – тауарды қоймада оңтайлы орналастыруды және сыртқы ортамен өзара байланысты автоматты басқаруды қарастыратын, кіретін, шығатын және ішкі ағындарды қамтитын, қоймалық мақсаттағы құрылыс;
Тармақша 8
8) шекті мүмкіндіктегі шоғырлану – қоршаған ортада тұрақты пайдалану немесе белгілі бір уақыт аралығында ықпал ету жағдайында адамдардың денсаулығына мүлдем дерлік әсер етпейтін және оның ұрпағына жағымсыз салдарын тигізбейтін зиянды заттардың болуы.
Тарау 4. 4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және қызметтікқ талаптары
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және қызметтікқ талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
Тармақ 4
4. Осы құрылыс нормаларының мақсаты қоймалық ғимараттар мен үй-жайларында:
Тармақша 1
1) материалдық құндылықтардың тиісінше сақталуы;
Тармақша 2
2) адамдардың өмірлері мен денсаулықтарының өндірістік және табиғи теріс факторлардан қорғалуы үшін қолайлы микроклимат пен қауіпсіз ортаны қалыптастыру болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Құрылыс нормаларының қызметтікқ талаптары
2-параграф. Құрылыс нормаларының қызметтікқ талаптары
Тармақ 5
5. Қызметтікқ талаптарға:
Тармақша 1
1) қоймалық ғимараттардың өмірлік циклының барлық кезеңдерінде олардың механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қоймалық ғимараттардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) адамдардың өмірлері мен денсаулықтарын қорғау;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуы жатады.
Тарау 5. 5-тарау. Қоймалық ғимараттардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
5-тарау. Қоймалық ғимараттардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Қоймалық ғимараттардың механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты талаптар
1-параграф. Қоймалық ғимараттардың механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты талаптар
Тармақ 6
6. Құрылыстық үй-жай мен оның жекелеген бөліктерінің немесе элементтерінің қауіпсіздігін сипаттайтын параметрлердің талап етілетін мәндері:
Тармақша 1
1) апробацияланған әдістемелер бойынша орындалған есептердің нәтижелерімен және (немесе) құрылыстық үй-жайдың барабар үлгілерін немесе фрагменттерін сынау нәтижелерімен;
Тармақша 2
2) қауіптердің жүзеге асырылу сценарийлерін үлгілеу нәтижелерімен негізделуі керек.
Есептерге арналған бастапқы мәліметтер құрылыс ауданы үшін климаттық ықпалдардың статистикалық тұрғыдан негізделген мәндерін, қауіпті табиғи және техногендік ықпалдардың қайталанушылық және қарқындылық сипаттамаларын, құрылыс салынатын аумақтағы, ал қажет болған жағдайда – нақты жер телімі аумағындағы инженерлік ізденулер нәтижелерін қамтиды.
Есептерге арналған бастапқы мәліметтер (инженерлік ізденулер нәтижелерін қоса алғанда), есептер мен сынаулар әдістері, жүктемелер мен ықпалдардың қабылданған мәндері, сондай-ақ ғимараттың немесе құрылыстың параметрлері мен басқа да сипаттамаларының қабылданған жобалық мәндері қолдану нәтижесінде ерікті негізде осы құрылыс нормалары талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін ұлттық стандарттардың және (немесе) ережелер жинақтарының бекітілген тізіміне енгізілген нормативтік құжаттар талаптарын қанағаттандырулары керек.
Тармақ 7
7. Қойма ғимараттарының көлемдік-жоспарлау шешімдері ғимараттарды елеулі қайта құрусыз тауарларды қоймалау технологиясын өзгерту, сондай-ақ оларды өндірістік үй-жайларға қайта жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 8
8. Қоймалық ғимараттардың геометриялық параметрлері – аралық қанаттарының өлшемдері, ұстындарының адымдары және қабаттарының биіктігі технология талаптарымен анықталады; жедел әрекетті (жабдықты) ғимараттарда нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келулері керек.
Тармақ 9
9. А және Б санатты қоймалық үй-жайлардың сыртқы қоршау конструкциялары оңай алынатын болып жобалануы қажет.
Тармақ 10
10. Қоймалық ғимараттардың еден үстімен өтетін көлік көп жүретін жерлеріндегі ұстындар мен ойықтардың жиектері механикалық зақымдалулардан қорғалады және боялады.
Тармақ 11
11. Тиеу-түсіру рампалары мен платформаларды тауарлар мен тиеу-түсіру механизмдерін атмосфералық жауын-шашыннан қорғау талаптарын ескере отырып жобалау қажет.
Тармақ 12
12. Тиеу-түсіру рампасының ұзындығын қойманың жүк айналымы мен сыйымдылығына қарай, сондай-ақ ғимараттың көлемдік-жоспарлау шешімін негізге ала отырып, анықтау қажет.
Тиеу-түсіру рампалары мен платформаларының енін технология талаптары мен тиеу-түсіру жұмыстарының қауіпсіздік техникасына сәйкес қабылданады.
Тармақ 13
13. Тиеу-түсіру рампалары мен платформаларының кем дегенде екі таралып орналасқан сатысы немесе пандусы болуы керек.
Тармақ 14
14. Қақпаларды, темір жолдардың кіретін жерлерін, зениттік фонарьларды, ішкі суағарларды, парапеттерді және терезелер мен фонарьлар әйнектерін тазалау мен жөндеуге арналған құрылғыларды орнату өндірістік ғимараттарды жобалауға қойылатын талаптарға сәйкес қабылдау қажет.
Тармақ 15
15. Қоймалық ғимараттардың еден жабындары мен негіздерінің конструкциялары мен материалдары жиналатын тауарлардан болатын жүктеменің қабылдануын, еден үстімен жүретін көліктің механикалық ықпалдарының түрі мен қарқындылығын, шаң бөлінуін, статикалық электрдің жинақталуы мен ұшқын түзілуін есепке ала отырып, белгіленуі қажет.
Тармақ 16
16. Тамақ өнімдерін сақтауға арналған қоймалық үй-жайларда кеміргіштер бүлдіре алмайтын құрылыс материалдарынан жасалған, қуыстары жоқ қоршау конструкциялары; сыртқы есіктердің, қақпалар мен люк қақпақтарының тұтас, қуыссыз беттері; желдету жүйелері каналдарының саңылауларын жабуға арналған құрылғылар; қабырғалар мен ауа өткізгіштердегі желдету саңылауларының және жертөле қабаттары терезелерінің болат тормен қоршалуы қарастырылуы қажет (терезелерді болат тормен қоршау конструкциялары ашылатын немесе алынып-салынбалы болулары керек).
Осындай қоймалық ғимараттардың жобаларында құбырларды өткізуге арналған (қабырғалардағы, аралық қабырға мен жабындардағы) саңылауларды және үй-жайлардың қоршау конструкцияларының (ішкі және сыртқы қабырғаларының, аралық қабырғалардың өзара және еденмен немесе аралық жабындармен) түйіскен жерлерін мұқият бітеу туралы нұсқаулар қарастырылуы қажет.
Тармақ 2. 2-параграф. Қоймалық ғимараттардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты талаптар
2-параграф. Қоймалық ғимараттардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты талаптар
Тармақ 17
17. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауды қамтамасыз ету үшін құрылыс объектісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентіне (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген) «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес жобаланады және құрылады.
Тармақ 18
18. Өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша қоймалық ғимараттар мен үй-жайлары оларда сақталатын заттарға, материалдарға, өнімге, шикізатқа және олардың буылып-түйілуіне қарай А, Б, В1-В4 және Д санаттарына бөлінеді.
Үй-жайлар мен ғимараттардың өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жобаның технологиялық бөлігінде белгіленеді.
Ескертпе* - Бұдан әрі қарай мәтін бойынша «заттар, материалдар, өнім және шикізат» термині «тауарлар» терминімен біріктіріледі.
Тармақ 19
19. Қойма ғимараттарының көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдері өрт жағдайында қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) өрттің қауіпті факторлары салдарынан өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төнгенге дейін қызметкерлердің сырттағы, ғимаратқа іргелес жатқан аумаққа көшірілуін;
Тармақша 2
2) паналап үлгермеген қызметкерлерді құтқару мүмкіндігін;
Тармақша 3
3) өрт бөлімшелері мен өрт сөндіру құралдарының өрт ошағына жету, сондай-ақ адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқару шараларын жүргізу мүмкіндігін;
Тармақша 4
4) өрттің іргелес жатқан өрттен қорғау бөліктеріне және қатар орналасқан ғимараттарға таралмауын.
Тармақ 20
20. Өндірістік ғимараттарда үздіксіз технологиялық үдерісті қамтамасыз ету үшін технологиялық жобалау нормаларымен белгіленген мөлшердегі шикізат пен жартылай фабрикаттардың шығындық (аралық) қоймалары тікелей өндірістік үй-жайларда ашық немесе торлы қоршаулардың артында орналастырылады. Технологиялық жобалау нормаларында мұндай деректер болмаған жағдайда, көрсетілген тауарлардың саны ауысымдық қажеттіліктен аспайтын болып белгіленеді.
Тармақ 21
21. Отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі, конструкциялық өрт қауіптілігі С0 сыныбындағы терминалдардың бір қабатты ғимараттарында қажет болған жағдайда 1-ші типті өртке қарсы тосқауылдармен қоршалған және өрт кезінде ауаның тежелуін қамтамасыз ететін эвакуациялау дәліздерін орнатуға болады. Бұл жағдайда дәліздің ұзындығы эвакуациялау жолының ұзындығын есептеу кезінде есепке алынбайды.
Тармақ 22
22. Заттар жоғарыда, стеллаждарда сақталатын В санатындағы қоймалық ғимараттар фонарьлары немесе жабындарында түтінді жоюға арналған сору шахталары бар, отқа төзімділігі I – IV дәрежелі, С0 сыныбындағы бір қабатты ғимараттар болып жобалануы қажет.
Түтінді жоятын сору шахталарын (люктарды) стеллаждардың арасындағы өткелдердің үстінде орналастыру қажет.
Тармақ 23
23. Отқа төзімділігі I, II, III және IV дәрежелі, өрт қауіптілігінің С0 және С1 сыныптарындағы ғимараттарға іргелес жатқан рампалар мен жаппалардың конструкциялары жанбайтын материалдардан қабылдануы қажет.
Тармақ 24
24. Автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген) «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес қарастырылуы қажет.
Тармақ 25
25. Қоймалық ғимараттарды сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету сумен жабдықтауды, сыртқы желілер мен құрылыстарды, ішкі су құбыры мен канализацияны жобалауға қойылатын талаптарға сәйкес жобалануы қажет.
Тармақ 3. 3-параграф. Қоймалық ғимараттарда гигиенаны және адам денсаулығының қорғалуын қамтамасыз етуге қатысты талаптар
3-параграф. Қоймалық ғимараттарда гигиенаны және адам денсаулығының қорғалуын қамтамасыз етуге қатысты талаптар
Тармақ 26
26. Адамдардың ғимараттарда болу қауіпсіздігі санитариялық-эпидемиологиялық және микроклиматтық талаптармен қамтамасыз етіледі: жұмыс аймақтарының ауасында зиянды заттардың шекті мүмкіндіктегі шоғырлануынан жоғары болмауы, үй-жайларға жылу мен ылғалдың барынша аз бөлінуі; шуылдың, дірілдің, ультрадыбыс деңгейінің, электромагнитті толқындардың, радиожиіліктердің, статикалық электр мен иондаушы сәулеленулердің мүмкін болатын мәндерден жоғары болмауы, сондай-ақ дене жүктемелерінің, зейін қоюдың шектелуі және гигиеналық нормативтерге сәйкес жұмыс істеушілердің шаршауына жол бермеу арқылы.
Тармақ 27
27. Конструкцияларда қолданылатын материалдар пайдалану барысында шекті мүмкіндіктегі шоғырлануынан асатын көлемде зиянды, өрт және жарылыс қаупі бар, жағымсыз иіс шығаратын заттарды, сондай-ақ ауру тудыратын бактерияларды, вирустарды және зеңдерді бөлмеуі керек.
Тармақ 28
28. Тамақ өнімдерін сақтауға арналған қоймалық үй-жайлардың едендерін жабуда қара майды, шайырды және басқа да экологиялық тұрғыдан зиянды материалдарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Тармақ 4. 4-параграф. Пайдалану кезінде қауіпсіздік пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатысты талаптар
4-параграф. Пайдалану кезінде қауіпсіздік пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатысты талаптар
Тармақ 29
29. Қоймалық ғимараттардың көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдері олардың ішіндегі адамдардың қозғалу, жұмыс істеу, жылжымалы құрылғыларды, технологиялық және инженерлік жабдықты пайдалану кезінде жарақат алу мүмкіндігін болдырмауға септігін тигізулері керек.
Тармақ 30
30. Физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектулі тұлғалар үшін қолжетімді ғимараттар мен құрылыстардың жобалық шешімдері:
Тармақша 1
1) олардың мақсатты жерлерге қол жеткізулерін және ғимараттар мен құрылыстардың ішінде кедергісіз жылжуларымен;
Тармақша 2
2) қозғалу (соның ішінде эвакуациялау) жолдарының, сондай-ақ қызмет көрсету және жұмыс жасау орындарының қауіпсіздігімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 31
31. Адамдардың электр тогынан зардап шегулерін болдырмау үшін жобалау шешімдерінде қарастырылады:
Тармақша 1
1) электр қондырғыларын сенімді оқшаулау және жерге тұйықтау шаралары;
Тармақша 2
2) қорғаныстық өшіру құрылғыларының болуы;
Тармақша 3
3) электрмен жабдықтау жүйесінің қолмен ұстауға болатын бөліктерінде электр жүктемесінің пайда болуын болдырмау шаралары.
Тармақ 32
32. Жобалық құжаттамада жарылыстар нәтижесінде сәтсіздіктерге ұшырап, жарақат алуды болдырмау шаралары, оның ішінде:
Тармақша 1
1) жылыту жүйелерін орнату кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы;
Тармақша 2
2) жылу генераторларын дайындайтын кәсіпорындар талаптарының сақталуы;
Тармақша 3
3) ыстық сумен жабдықтау және жылыту жүйелеріндегі қыздыру температурасы мен қысымның реттелуі;
Тармақша 4
4) үй-жайлардың ауасында жарылыс қаупі бар заттардың шамадан тыс жинақталып қалуын болдырмау қарастырылады.
Тармақ 33
33. Қойма ғимараттарын жобалау кезінде адамдарды қорғау қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) сыртқы көздер (құрылыстың сыртынан) тудыратын ауа шуылынан;
Тармақша 2
2) ғимараттың немесе құрылыстың басқа бөлме-жайларындағы ауа шуылынан;
Тармақша 3
3) соққы шуылынан;
Тармақша 4
4) жабдықтан шығатын шуылдан;
Тармақша 5
5) үй-жайда шамадан тыс жаңғырық шығаратын шуылдан қорғау.
Тармақ 34
34. Бір уақытта көп адам бола алатын және олардың қауіпсіздігі дыбыс айыру мүмкіндіктеріне байланысты болатын үй-жайлар мен ашық алаңдарда оңтайлы акустикалық жағдайлар жасалуы тиіс.
Тармақ 35
35. Су бұру объектілерін сырттан жарықтандырудың мынандай түрлерін қабылдау қажет:
Тармақша 1
1) жалпы, біркелкі жұмысшы жарықтандыру;
Тармақша 2
2) күзетпен жарықтандыру;
Тармақша 3
3) кезекші жарықтандыру.
Нақты объект үшін қажетті жарықтандыру түрлері жобада анықталады және тапсырыс берушімен келісіледі.
Тармақ 36
36. Апатты және басқа да төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жобалық құжаттамада апатты және эвакуациялық жарықтандыру қарастырылады.
Апатты жарықтандырудың жұмыс жарықтандыруы өшкен кезде, автоматты түрде қосылатын дербес қоректену көзі болуы керек.
Қоймалық ғимараттарда үй-жайлардан апатты және эвакуациялық шығу жолдарының көрсеткіштері қарастырылуы тиіс.
Тармақ 37
37. Қоймалық ғимараттар тұрақты және ұялы байланыс түрлерімен жабдықталады.
Тармақ 38
38. Рұқсатсыз енуден қорғануды қамтамасыз ету үшін:
Тармақша 1
1) қоймалық ғимараттарда қылмыстық әрекеттер мен олардың салдарының болу мүмкіндігін азайтуға бағытталған шаралар қарастырылуы;
Тармақша 2
2) ҚР заңнамасымен көзделген жағдайларда қоймалық ғимараттарда телевизиялық бақылау, дабыл жүйелері және лаңкестік әрекеттер мен рұқсатсыз енуден қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жүйелер орнатылуы қажет.
Тармақ 5. 5-параграф. Энергияны үнемдеу және жылу шығынын азайтуға қатысты талаптар
5-параграф. Энергияны үнемдеу және жылу шығынын азайтуға қатысты талаптар
Тармақ 39
39. Қоймалық үй-жайлардағы температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы тауарларды сақтау технологиясының талаптарына сәйкес қабылдануы қажет.
Тармақ 40
40. Ішкі жылумен жабдықтау және жылыту жүйелері, ауамен жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері, соның ішінде сыртқы ауаны қабылдау құрылғылары, апатты желдету, жабдықты орналастыру және ауа өткізгіштер, өрт кезінде түтіннен қорғау және ішкі суықпен қамтамасыз ету жүйелері, қоймалық ғимараттардағы микроклимат параметрлерінің мәндері жылытуды, желдетуді және ауа баптауды жобалауға қойылатын талаптарға сәйкес қабылданады.
Тармақ 41
41. Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелеріндегі негізгі параметрлерді қашықтықтан бақылау мен тіркеу технологиялық талаптар және жобалауға берілетін тапсырма бойынша қарастырылуы қажет.
Тармақ 42
42. Пайдалану энергия шығынын төмендету мақсатында ғимараттың сыртқы қабығы бетінің алаңының онда жасалған көлемге қатынасына тең жинақы көрсеткішінің ең аз мәні бар көлемдік-жоспарлау шешімдерін қабылдау қажет.
Тармақ 43
43. Жобалау құжаттамасында технологиялық процестерді автоматтандыруды әзірлеу кезінде қоймаларда (қойма логистикасы) тауарларды қабылдау, өңдеу, сақтау және тиеу бизнес процестерін оңтайландыру көрсетіледі.
Тармақ 44
44. Логистикалық үдерісті ұйымдастыру кезінде:
Тармақша 1
1) шығындарды азайтуға және тауарды қайта өңдеу үдерісін жетілдіруге септігін тигізетін жұмыс аймақтарына бөлу кезінде қойманың ұтымды жоспарлануына;
Тармақша 2
2) жабдықты орналастырып қою кезінде кеңістіктің тиімді пайдаланылуына;
Тармақша 3
3) түрлі қойма операцияларын орындайтын әмбебап жабдықты пайдалануға;
Тармақша 4
4) қойма ішінде тасымалдау бағыттарын барынша қысқартуға;
Тармақша 5
5) жөнелту партияларын біріктіруді және орталықтандырылған жеткізу тәсілін қолдануды жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) ақпараттық жүйе мүмкіндіктерін барынша пайдалануға;
Тармақша 7
7) қойма ішінде тасымалдау бағыттарын эвакуация бағыттарына барынша жақындатуға қол жеткізу қажет.
Тармақ 6. 6-параграф. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға қатысты талаптар
6-параграф. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға қатысты талаптар
Тармақ 45
45. Қойма ғимараттарын жобалау кезінде экологиялық заңнама талаптарына, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және басқа да қолданыстағы нормаларға сәйкес «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін әзірлеу қажет.
Тармақ 46
46. Қоймалық ғимараттар алаңдарында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұзылуы, ластануы, су басуы немесе су астында қалуы мүмкін болатын жерлерде топырақтың құнарлы қабатын алу қарастырылуы қажет.
Алынған құнарлы топырақ қабатын уақытша сақтау орны мен шарттарын, сондай-ақ пайдалану тәртібін жер телімдерін пайдалануға беретін органдар белгілейді.
Тармақ 47
47. Жалпы алмастыру желдеткішімен қоймалық ғимараттардан шығарылатын және құрамында зиянды, жағымсыз иіс шығаратын заттар бар ауаның атмосфераға шығарылу, сондай-ақ осы заттарды сейілту көлемі олардың қоймалық ғимаратқа жақын жерде орналасқан елді мекендердің атмосфералық ауасындағы шоғырлануы шекті мүмкіндіктегі шоғырлануынан аспайтындай есептермен қабылданады.
Елді мекендер мен кәсіпорындар аумақтарында желдету шығарындыларынан туындайтын атмосфералық ауа ластануын есептеулерде зиянды заттардың ең жоғары жиынтық шығарындылары, осы заттардың атмосфералық ауада технологиялық шығарындылардан шоғырлануы және құрылыс ауданында зиянды заттардың фондық шоғырланулары есепке алынады.
Тармақ 48
48. Жобалау құжаттамада қоршаған ортаға залалын тигізбейтін ағынды суларды бұру қарастырылады.
Басқа 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
КӨП ҚЫЗМЕТТІК ҒИМАРАТТАР МЕН КЕШЕНДЕР
ҚР ҚН 3.02–09–2019
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық-
шаруашылық істері
Комитет төрағасының
«__________» 2019 жылғы
_____ бұйрығына
3-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
КӨП ҚЫЗМЕТТІК ҒИМАРАТТАР МЕН КЕШЕНДЕР
ҚР ҚН 3.02–09–2019
1-тарау. Қолданылу саласы
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары
және қызметтікқ талаптар
1-параграф. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының
мақсаттары
2-параграф. Құрылыс нормаларының қызметтікқ талаптары
5-тарау. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді жобалау және салу
кезіндегі жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы ережелер
2-параграф. Жер теліміне қойылатын талаптар
3-параграф. Өрт және басқа апаттық жағдайлар кезіндегі ғимараттың
қауіпсіздік талаптары
4-параграф. Ғимараттарды пайдалану барысында адамдардың денсаулығын
қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
6-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
бойынша талаптар
1-параграф. Ғимараттың энергия тиімділігі бойынша талаптар
2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Қолданылу саласы
1-тарау. Қолданылу саласы
Тармақ 1
1. Осы құрылыс нормалары көп қызметтік ғимараттар мен кешендер жайларын орналастыруға, жер теліміне, көлемдік-жоспарлық шешіміне, инженерлік қамтамасыз етуге, құрамы мен алаңының ішкі ортасына негізгі талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы құрылыс нормалары көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді, оның ішінде, биіктігі 50 метрден жоғары ғимараттарды жобалауға және салуға, сондай-ақ қолданыстағы көп қызметтік ғимараттар мен кешендер объектілерін реконструкциялау мен күрделі жөндеуге қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы құрылыс нормалары қайта салынатын, реконструкцияланатын, кеңейтілетін және жаңғыртылатын көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді жобалауға таратылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынандай сілтемелер қажет:
Тармақша 1
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі (бұдан әрі –Кодекс);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
Тармақша 3
3) «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысы (бұдан әрі - Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары. (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 болып тіркелген);
Тармақша 5
5) «Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) (бұдан әрі - ЭҚҚ);
Тармақша 6
6) «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген);
Тармақша 7
7) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген).
Ескертпе* - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын басып шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі» ақпараттық каталогтары бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
Тарау 3. 3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 4
4. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамаларымен мынандай терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) атриум – қабат-қабат галереялар арқылы тігінен артатын көп жарықты кеңістік түріндегі ғимараттың бір бөлігі, одан әртүрлі мақсаттағы жайлар шығады.
Көп жарықты кеңістік түріндегі көлденеңінен артатын атриум (ұзындығы биіктіктен көп болғанда) пассаж деп аталады;
Тармақша 2
2) аумақты көгалдандыру – жасанды бақ-саябақ кешендері мен объектілері: саябақ, бақша, шағын бақ, бульвар орналастырылған табиғат кешені аумағының бір бөлігі, оның шегінде кемінде 70% өсімдік жабыны бар тұрғын, қоғамдық, іскерлік, коммуналдық, өндірістік мақсаттағы аумақтардың құрылысы аз көлемде жүргізілген аумақтар;
Тармақша 3
3) жер телімі – нақты қызметтік (мысалы, көп қызметтік кешен), құрылыстық, ландшафтық мақсаттағы қала аумақтарының оқшауланған бір бөлігі;
Тармақша 4
4) кіріктірме объектілер – негізінен ғимарат ауқымында орналасқан, шығыңқы бөлігі ғимараттың қасбеті жағынан 1,5 метрден, бүйір беті жағынан 6 метрден аспайтын мекемелер, өнеркәсіптер және басқа да жайлар;
Тармақша 5
5) кіріктірме-жапсарлас объектілер – ғимараттың ауқымында және ауқымынан шығыңқы салынған, қасбет жағынан шығыңқылығы 1,5 метрден, ал бүйір жағынан 6 метрден көп мекемелер, өнеркәсіптер және басқа да жайлар;
Тармақша 6
6) көп қызметтік ғимараттар (кешендер): Инженерлік, әлеуметтік, қызметтік өзара байланысты жүйелермен біріктірілген, заманауи әлеуметтік-мәдени, технологиялық, қала құрылысы және сәулет талаптарына жауап беретін әртүрлі мақсаттағы, негізгі функцияларды атқаратын үш және одан астам (балалардың келуіне арналған екі үй-жайлар немесе алаңдар) объектілерді орналастыруға арналған біртұтас сәулет тобы немесе өзара байланысты жеке тұрған ғимараттар.»;
Тармақша 7
7) көп қызметтік тұрғын үй кешендері (тұрғын үй КҚК) – көп пәтерлі ғимараттар, әдеттегідей, бірінші кезекте кешен тұрғындары үшін күнделікті қызмет көрсететін жақын объектілер кіретін пәтерлердің жайлылығы жоғары кешен. Үй аумағынде күзет болуы мүмкін;
Тармақша 8
8) көше, аудан - қаланың көше-жол торабының қызыл сызықпен шектелген аумағы;
Тармақша 9
9) қалалық торап – жалпы қалалық мәні бар магистральдық көшелер қиылысында құрылатын қоғамдық мақсаттағы аумақ;
Тармақша 10
10) қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақ – арнайы санитариялық және экологиялық қорғау шараларын қажет етпейтін әкімшілік, ғылыми-зерттеу, қоғамдық мекемелерді және олардың кешендерін, қонақ үйді және қонақ үй кешендерін, іскерлік және қаржылық белсенді орталықтарды, мәдени, спорттық, коммерциялық, сауда-тұрмыстық қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру объектілерін, көлікті, жерүсті және жерасты гараждары мен ашық автотұрақтарды, басқа ғимараттарды және құрылыстарды, оның ішінде көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді орналастыруға арналған елді мекен аймағы;
Тармақша 11
11) магистральаралық аумақтар – І сыныпты жалпы қалалық мәндегі магистральдік көшелердің қызыл сызығымен, қалалық тораптар аумағымен және магистральдік аумақтар шекараларымен шектелетін аумақ;
Тармақша 12
12) магистраль бойындағы аумақ – жалпы қалалық немесе аудандық мәндегі магистральді көшелерге қосылатын аумақ;
Тармақша 13
13) рекреациялық аумақтар – елді мекендердегі тұрғындар демалатын орындарды ұйымдастыру мен орналастыруға арналған аумақтар. Оларға бақтар, орман - бақтар, саябақтар мен гүл бақтар, хайуанаттар бағы, су қоймалары мен жағажайлар, аквапарктер, ландшафтты сәулет объектілері, демалу мен саяхаттауға арналған басқа да орындар, сондай-ақ, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстар кіреді. Рекреациялық аумақтарға, елді мекендер шекарасының шегінде орналасқан қорғалатын табиғи объектілер енгізілуі мүмкін.
Тарау 4. 4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және қызметтікқ талаптары
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және қызметтікқ талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
Тармақ 5
5. Нормативтік талаптардың мақсаты көп қызметтік ғимараттар мен кешендерде адамдардың тұруы мен келіп-кетуі, жұмыс істеуі үшін өрт, санитариялық-эпидемиологиялық, эргономиялық, механикалық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергетикалық тиімділік пен ресурс үнемдеу нормалары мен талаптарын сақтай отырып, кеңістік пен уақытты тиімді пайдалануды ескеру арқылы адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін қажетті жағдай жасау болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Құрылыс нормаларының қызметтікқ талаптары
2-параграф. Құрылыс нормаларының қызметтікқ талаптары
Тармақ 6
6. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің негізі мен көтергіш конструкциялары жобалау мерзімі ішінде оларды салу, реконструкциялау және пайдалану кезінде сыналатын болжамды әсерлердің үйлесіміне шыдайды.
Тармақ 7
7. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер автоматты өрт дабылы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және адамдарды өрт туралы хабардар ету қондырғыларымен жабдықталады.
Тармақ 8
8. Көп қызметтік ғимараттарда оларды пайдалану барысында аумақты көріктендіруді, сәулет-жоспарлау шешімін, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін өмір тіршілігі үшін қажетті жайлы жағдай жасалады.
Тармақ 9
9. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер онда адамдар тұрған және келіп-кеткен кезде олардың қызмет ету мерзімінің ішінде жай ауасында ластаушы заттардың, жарықтандырудың, инсоляцияның, күннен қорғаудың, шудың, дірілдің және сәуленің болуына байланысты адам денсаулығына залал келтірмейтіндей жобалануы және салынуы керек.
Тармақ 10
10. Сумен қамтамасыз ету және су құбыры жүйелері судың қажетті көлемде үзіліссіз берілуін қамтамасыз ететіндей жобаланады және салынады.
Тармақ 11
11. Кәріз жүйелері сұйық ағындыларды сумен жабдықтау жүйесіне түсірмей, топырақ пен қоршаған ортаны ластамай, ортаға иіс шығармай өз уақытында жоюды қамтамасыз ететіндей жобаланады және салынады.
Тармақ 12
12. Ғимаратты ылғалдан қорғау үй-жайға атмосфералық ылғалдың енуін, онда дымқылдың пайда болуын болдырмауды, ал сумен жабдықтау және кәріз жүйелері судың немесе сұйық ағындарының аққан жағдайында – апат ошағын үй-жай шегінде оқшаулауды қамтамасыз ететіндей орындалады.
Тармақ 13
13. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер, олардың іргелес аумақтары мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоса алғанда, барлық адамдардың мақсатты жеріне кедергісіз жету мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей жобаланады және салынады.
Тармақ 14
14. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер, олардың іргелес аумақтары адамдардың жарақат алу ықтималдығын қысқартатындай жобаланады және салынады.
Тармақ 15
15. Ғимарат құрылыстар мен бөліктер жүйесі үшін энергияны тиімді пайдалану жөніндегі талаптарды ескере отырып жобаланады және салынады.
Тармақ 16
16. Ғимарат онда табиғи ресурстарды пайдалану кешенді болып табылатындай және атап айтқанда, құрылыс конструкцияларын, олардың материалдары мен қирағаннан кейінгі бөлшектерін қайта пайдалануға, экологиялық үйлесімді шикізаттар мен қайталама материалдарды пайдалануға кепілдік беретіндей жобаланады, салынады және бұзылады.
Тармақ 17
17. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді жобалау кезеңінде объектінің террористік тұрғыдан осал Қазақстан Республикасы объектілерінің тізбесіне қатыстылығын айқындау және террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес объектінің терроризмге қарсы қорғаудың тиісті жүйесін құру үшін шаралар қабылдау қажет.
Тарау 5. 5-тарау. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер жобалау және салу кезіндегі жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
5-тарау. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер жобалау және салу кезіндегі жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Тармақ 18
18. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді жобалау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 болып тіркелген) санитариялық қағидалардың және көп қызметтік объектілерді жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін басқа да нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы қажет.
Тармақ 19
19. Көп қызметтік объектілерді модельдеудің негізгі ерекшелігі қала құрылысы мен типологиялық мәселелерді кешенді шешу болуы керек.
Тармақ 20
20. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер адамдардың қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыратын әлеуметтік орта құрумен толықтырылған әртүрлі қызметтер мен процестерге мүмкіндік кешенділігін қамтамасыз ететін коммуникативтік құрылымның бірыңғай ұйымы құрылатындай жобаланады және салынады.
Тармақ 21
21. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер қалаға сәулеттік композициялық келбет беруі және бір мезгілде қоршаған құрылысқа өнегелілік ретінде кіріктірілуі керек.
Тармақ 22
22. Ішкі кеңістікті жоспарлау бойынша мынадай нормаларды қамтамасыз ету қажет:
Тармақша 1
1) барлық қызметшілер мен келушілер үшін қауіпсіз, ыңғайлы және өнімді ортаны;
Тармақша 2
2) жылыту, ауа баптау және ғимаратты желдету, электрлік және механикалық жүйелерді тиімді пайдалану;
Тармақша 3
3) ұйымдастырушылық өзгерістерді қамтамасыз ету үшін ғимараттың бейімділігін қолдау;
Тармақша 4
4) жұмыс орындарын желдеткішпен және табиғи жарықпен қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) кеңістікті тиімді пайдалану мен адамдардың ғимаратта болуы үшін қажетті жүйелерді құру мақсатында адамдардың тығыздығы мен ағынының бағытын реттеу бойынша тиісті жүйелерді қарастыру керек.
Тармақ 23
23. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер уақытты үнемдеу мен халықтың қалалық көлік пен аумақты тиімді пайдалану үйлесімінің ыңғайлылығын қамтамасыз ететіндей жобаланады және салынады.
Тармақ 24
24. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер адамдар пропорциясына шамалас және эргономиялық болуы керек.
Тармақ 25
25. Қызметтік ерекшеліктеріне байланысты көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді мынадай топтарға бөлуге болады:
Тармақша 1
1) көп қызметтік тұрғын үй кешендері;
Тармақша 2
2) қоғамдық көп қызметтік кешендер.
Тармақ 26
26. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің құрамы мен ауданы, ондағы жобаланатын объектілердің өзара орналасуы әрбір нақты жағдайда талап етілетін параметрлермен анықталады.
Тармақ 27
27. Кешеннің байланыс ғимараты мен қондырғылары ретінде жерасты жолдарын, пандус және жылжымалы тротуарлар бар галереялар, көлбеу көтергіштер, климатпен реттелетін жер үстінен өтетін жерлер, «әуе көпірлері», байланыстырғыш ғимараттарды, түрлі деңгейдегі құрылыстарды қолдану қажет.
Тармақ 28
28. Жерасты және жерүсті қабаттарының санын қала құрылысының талаптарына және бөлінген жер телімінің геологиясына сәйкес белгілеу қажет.
Қабаттар мен жайлардың биіктігі пайдалану қажеттілігіне сәйкес анықталады, алайда қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленгендегіден төмен емес.
Тармақ 29
29. Жоспарлау мен құрылыс салуды жобалау кезінде Заңның 20-бабы 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес аумақтар мен жайларды сәулелендіру және жарықтандыру нормаларымен қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 30
30. Сыртқы инженерлік желілерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобалау қажет.
Тармақ 31
31. Ғимараттардың шаң тазарту мен қоқыс шығару жүйелері көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді құрайтын жеке мекемелердің пайдалану қажеттіліктеріне сәйкес анықталады.
Тармақ 32
32. Адамдар тұратын бөлігіндегі қоқыс жинау камерасының ауданы, осы бөлікте тұрған адамдар санына байланысты есептеледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Жер теліміне қойылатын талаптар
2-параграф. Жер теліміне қойылатын талаптар
Тармақ 33
33. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді орналастыру үшін құрылыстың жер телімі мен аумағына қойылатын негізгі талаптарды нақты сәулеттік-жоспарлау жағдайларына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылдау қажет.
Тармақ 34
34. Құрылыс алаңын қоғамдық ғимараттарға қойылатын талаптарға сәйкес анықтау қажет және қолданыстағы бар көлік пен жаяу жүргіншілер жолдарының жүйесімен байланыстыру немесе іргелес жер телімдерінің қарамағына беру қажет.
Тармақ 35
35. Жер телімінің алаңы қала құрылысының жағдайын, ортаның сипаттамасын, ерекшелік пен қызметтікқ құрамды ескере отырып анықталады.
Жер телімінің көлемі жаһандық қала көлігі схемасының қалыпты жұмыс істеуі үшін шектелуі керек.
Тармақ 36
36. Ғимараттар арасындағы ең аз қашықтық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) техникалық регламентінің талаптарына сәйкес отқа төзімділік дәрежесіне және өрт қауіптілік сыныбына байланысты қабылданады;
Тармақ 37
37. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің қалалық, ауылдық және басқа да елді мекендердің аумағында орналастырылуы аумақтарды, аудандарды дамытудың қала жоспарлары және аумақты жоспарлау жобалары құрамында немесе олардың негізінде анықталады.
Тармақ 38
38. Тұрғын және қоғамдық көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді жобалау кезінде төмендегілерді сақтау қажет:
Тармақша 1
1) аумақты, қалалық тораптарды, желі маңындағы және желі арасындағы аумақтардың тиімді пайдалану қарқындылығы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 157 бұйрығымен бекітілген Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және күтіп ұстау (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10163 болып тіркелген) қағидаларына сәйкес тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, тарихи жоспарлау мен құрылыстарды салуды сақтау жөніндегі талаптар;
Тармақша 3
3) қоршаған орта мен рекреациялық аймақтарды қорғауға қойылатын талаптар;
Тармақша 4
4) санитариялық-гигиеналық талаптар;
Тармақша 5
5) өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Тармақ 39
39. Адамдарды ғимараттар мен аймақтар арасында тиімді және ыңғайлы бөлу немесе ауыстыру үшін тиісті әртүрлі жолдардың, сондай-ақ қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз ететін жүйесін ұйымдастыру қажет.
Тармақ 40
40. Велосипедшілер үшін ғимаратпен және жаяу жүргіншілер жолдарымен ыңғайлы байланысқан жеке жол бөлу қажет.
Тармақ 41
41. Ортаның сан алуандығын дамыту мен ұлғайтудың жалғастығын қамтамасыз ету мақсатында реконструкциялаған кезде ғимаратты көшеге байланысты бағдарлау, ашық және орнатылған кеңістіктердің көлемдік арақатынасы, ішкі аулалар, көгалдандыру және көріктендіру сияқты реконструкцияланатын ортаның оң сапасын сақтау (жасау) қажет.
Тармақ 42
42. Кедергісіз өту үшін толық жарықтандырылған жаяу жүргіншілер жолын қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 43
43. Жаяу жүргіншілер жолдары жарықпен және шудан қорғаумен қамтамасыз етілуі керек.
Тармақ 44
44. Қоқыс салатын жәшіктер, шамдар, пошта жәшіктері және тағы басқалары бар фурнитура аймағын қарастыру қажет.
Тармақ 45
45. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер құрамындағы ашық және жабық (оның ішінде жерасты) автотұрақтар көлемі (сыйымдылығы) есеппен анықталады. Ғимарат терезесінен жерүсті автотұраққа дейінгі, кіргенге және шыққанға дейінгі арақашықтық автомобиль тұрақтарына арналған нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес өрт машиналары кіретін жолдармен қамтамасыз ету арқылы қабылданады.
Аумақты жоспарлаған кезде кіруге және шығуға ыңғайлы тұрақ аймағын қарастыру қажет.
Тармақ 46
46. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер аумағындағы гараж-тұрақтарды (кіріктірме, кіріктірме-жапсарлас, жерасты) автомобиль тұрақтарына қойылатын талаптарға сәйкес жобалау қажет.
Тармақ 47
47. Аумақты көгалдандыру елді мекендер аумақтарын көріктендіру жөніндегі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес жобаланады.
Тармақ 3. 3-параграф. Өрт және басқа апаттық жағдайлар кезіндегі ғимараттың қауіпсіздік талаптары
3-параграф. Өрт және басқа апаттық жағдайлар кезіндегі ғимараттың қауіпсіздік талаптары
Тармақ 48
48. Көтергіш және қоршау конструкцияларының отқа төзімділік шегін өрт қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес қабылданады.
Тармақ 49
49. Ғимараттар өрт кезінде ғимараттарды немесе оның элементтерін тұрғызу ықтималдығын ескере отырып, элементтердің ауа райының ең қолайсыз жағдайлар кезінде де өрттің іргелес ғимараттарға таралмайтындай орналастырылуы керек.
Тармақ 50
50. Ғимараттарда оларға барлық жағынан өрт сөндіру техникалары, құтқарушы және медициналық қызмет техникалары еш кедергісіз кіруін қамтамасыз ететін өткелдер, жүру жолдары және кіру жолдары болуы керек.
Тармақ 51
51. Ғимараттар өрт туындауының және таралуының алдын алатын немесе қаупін азайту мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолдану арқылы жобалануы және салынуы керек, ал өрт болған жағдайда, адамдарды, оның ішінде дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарды өрттің қауіпті факторы жоқ аймаққа эвакуациялаған уақытта тіреу конструкцияларының орнықты болуын қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 52
52. Отынды жағуға арналған құралдар ғимараттарда реттелмейтін жануды немесе жарылысты болдырмайтындай орналастырылуы керек, ал электрлік қондырғылары жану көзі сияқты әлеуеттік мүмкіндіктері төмен болуы керек.
Тармақ 53
53. Ғимарат өртті тез жою мүмкін болмаған жағдайда оның ошағынан тыс өрттің таралуын шектеуді қамтамасыз ететіндей жобаланады және салынады.
Тармақ 54
54. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер өрт болған жайдайда, адамдарды ғимараттан эвакуациялау кезінде адамдар құрамының физиологиялық жүйке жүйесінің, оның ішінде әлсіз адамдардың физикалық жүйке жүйесі үйлесімділігінің мүмкіндіктерін ескере отырып, мекемелердің, ұйым мен кәсіпорындардың (жайлар тобы) құрамында жобалануы керек.
Тармақ 55
55. Эвакуациялық жолдар мен шығаберістер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 56
56. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт қауіптілігі бойынша ғимараттар сыныбы және көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің отқа төзімділік дәрежесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) Техникалық регламенті және өрт қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар бойынша анықталады.
Тармақ 57
57. Көп қызметтік ғимараттарға салынған көп қызметтік ғимараттар гараж-тұрақтар мен жертөлелер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды мен құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген) Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес автоматты өрт дабылымен, автоматты түрде өрт сөндіру, хабарлау және өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару қондырғыларымен қорғалуы керек.
Тармақ 58
58. Көп қызметтік ғимараттарға сауналар орналастыру орны пайдалану қажеттілігіне сәйкес анықталады.
Тармақ 59
59. Тұрғын үй ғимараттарына кіріктірме автотұрақтардың отқа төзімділік дәрежесі олар салынатын ғимараттың отқа төзімділік дәрежесінен кем болмауы керек.
Тармақ 60
60. Электр техникалық шахталар мен қуыстарға төселетін кабельдік құрылғыларды ғимараттарды автоматты өрт сигнализациясының жүйесімен жабдықтау жөніндегі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес өртке қарсы қорғаныс құралдарымен жабдықтау қажет.
Тармақ 61
61. Ғимараттардың қасбеттерін көтергіш құрылғылармен жабдықтау кезінде қасбеттерді жөндеу және тазалау үшін аталған құрылғылар өрт сөндіру бөлімшелерінің пайдалануына, соның ішінде адамдарды құтқару үшін есептеледі.
Тармақ 62
62. Автоматты өрт дабыл жүйелерімен, автоматты түрде өрт сөндіру және адамдарға өрт туралы хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты өрт түрде сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген) Техникалық регламентінің, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылдау қажет.
Тармақ 63
63. Ғимараттың үй-жайлары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес өртке қарсы ішкі су құбырымен жабдықталады.
Тармақ 64
64. Лифттердің құрылымына қойылатын өртке қарсы талаптарды қолданыстағы өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың нұсқауларына сәйкес орындау қажет. Өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдауға арналған лифт холлдарында (тамбур-шлюздерде) ішкі өрт крандарын қарастыру қажет.
Тармақ 65
65. Қабаттардағы (вестибюльге шығатындардан басқа) лифттен шығатын жолдарды лифт холлдары арқылы қарастыру қажет, олар жанасатын дәліздерден және үй - жайлардан өздігінен жабылатын есіктері бар өртке қарсы қалқалар арқылы, ал өрт сөндіру лифтілерінен шығатын жолдарды тамбурлар арқылы бөлу қажет.
Лифт холлдарын жапсарлас коридорлардан сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің қолданыстағы талаптарына сәйкес қалқалармен бөлуге рұқсат етіледі.
Тармақ 66
66. Әрбір өрт бөлігі үшін электрлік қорғаныс үй-жайларын қарастыру қажет.
Тармақ 67
67. Балалар болатын үй-жайлардан эвакуациялық жолдарда, сондай-ақ осы үй-жайлардан шығатын баспалдақ алаңдарында электр магниттік құлыптарды орнатуға рұқсат етілмейді.
Тармақ 4. 4-параграф. Ғимараттарды пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
4-параграф. Ғимараттарды пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
Тармақ 68
68. Қоғамдық көп қызметтік ғимараттар мен кешендер әлеуметтік-мәдени аспектінің белгілі бір талаптарына сай келуі керек, тіршілік әрекеті кезеңдерінің толықтығын және қызметті еркін таңдауды қамтамасыз ету керек, қалалар мен елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымдық сапасын арттыруды қамтамасыз ететін ортаның орналасу жеріне тартымдылығы мен қолайлылығын қамтамасыз етуі қажет.
Тармақ 69
69. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің кеңістіктік құрылымы түрлі мекемелер, ұйымдар мен өнеркәсіптердің арасындағы адамдардың ағыны мен технологиялық байланысты айқын бөлуді қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 70
70. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің құрамына жалпы мақсаттағы ғимараттар тобы кіретін болса, оларға ауладан жеке кіретін оқшауланған есік қоюды қарастыру қажет.
Тармақ 71
71. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердегі қоғамдық мақсаттардағы жайлардың биіктігі қоғамдық ғимараттарды жобалау бойынша қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына, пайдалану қажеттілігіне, алайда кемінде тиісті құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 72
72. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді жобалау кезінде осы берілген нормативтік құжаттан басқа әртүрлі мекемелер мен өнеркәсіптер бойынша нормативтік талаптарды ескеру қажет.
Тармақ 73
73. Күрделі технологиялық қызмет атқаратын ірі мекемелер мен кешенді (әмбебап) қызмет көрсететін өнеркәсіптерде (әмбебап дүкендер, тапсырыс беруші дүкендер, тұрмыстық үйлер, қоғамдық тамақтануға арналған кәсіпорын кешені, мейрамханалар, мәдениет үйлері, ірі кинотеатрлар, сондай-ақ кеңселер мен қонақ үйлер және тағы басқа) жеке кіріп шығатын есіктері болуы керек.
Тармақ 74
74. Қоғамдық мақсаттағы кіріктірме-жапсарлас (жапсарлас) мекемелер шатырының деңгейі ғимараттың адамдар тұратын бөлігімен түйіскен жерінде тұрғын жайлардың еден белгісінен аспауы керек.
Тармақ 75
75. Ішкі кеңістік пен жоспарлау жөніндегі басшылыққа қойылатын нормалардың мақсаттары:
Тармақша 1
1) барлық қызметкерлер мен келушілерге арналған қауіпсіз, ыңғайлы әрі өнімді орта қалыптастыру;
Тармақша 2
2) ғимараттардың жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерін, электрлік және механикалық жүйелерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ұйымдастырушылық өзгерістерді қамтамасыз ету үшін ғимараттың бейімделгіштігін қолдау.
Тармақ 76
76. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерде орналасқан жайлардың тұрғын үй бөлігі қызметтікқ және жоспарлық оңаша болуы және өрт талаптарына сәйкес оқшауланған шығатын есіктері болуы керек.
Тармақ 77
77. Кешеннің адамдар тұратын бөлігіндегі пәтерлердің құрамы мен ауданын, олардың пайыздық қатынасын әрбір нақты жағдайда қабылдау керек.
Тармақ 78
78. Тұрғын жайларды (жалпы бөлмелерді, қонақ және жатын бөлмелерді) көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің астыңғы қабаттарында немесе табиғи жарықтандырусыз жобалауға болмайды.
Тармақ 79
79. Үй-жайдың тұрғын үй бөлігін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобалау керек.
Тармақ 80
80. Ғимараттың қабатына байланысты лифтіге қажеттілік, лифтілер саны, олардың типі қоғамдық ғимараттарға арналған қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келуі керек.
Тармақ 81
81. Жолаушылар эскалаторларын, траволаторларды орнату қажеттілігі әрбір нақты жағдайда анықталады.
Тармақ 82
82. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында және шаруашылық байланыста және тұтынушылар бар қабаттардың өндірістік қызметтерінде шағын қуатты көтергіштер қарастыру керек. Ғимарат қабатына, оның ішінде қонақ үйлерге – тағамдар, киім-кешек, шығыс материалдарын және тағы басқаларды беру үшін жүк және жолаушылар жүк лифтілерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Тармақ 83
83. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар тізімі қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға арналған ережелерден (санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес), сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерден құрастырылады.
Тармақ 84
84. Инженерлік жүйелерді жобалауда, осы жүйелердің жұмысы кезінде қалыптан жоғары шуды, оның ішінде инженерлік-коммуникациядағы статикалық қысымнан жоғары шуды болдырмау қажет.
Тармақ 85
85. Шу мен тербеліс көзі болып табылатын инженерлік немесе техникалық жабдықтар бар жайларды, шу мен тербелістің нормативтік көрсеткішерін арнайы қондырғылар мен жабдықтарды пайдалану арқылы қамтамасыз еткен жағдайда және оларды арнайы есеппен дәлелдегенде, тұрғын немесе қызметтік жайлардың жанына, үстіне немесе астына орналастыруға рұқсат етіледі.
Тармақ 86
86. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердегі дыбыс оқшаулау қабырғалары мен аражабындар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес келуі керек.
Тармақ 87
87. Қоқысты шығару жүйесін әзірлеген кезде қоқысты шығаруды жобалау жөніндегі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарын басшылыққа алу керек.
Тармақ 88
88. Биік ғимараттар секциясындағы қоқыс салғыштар қызмет көрсету аймағының биіктігі бойынша бөлек болуы тиіс. Гравитациялық жылдамдықты төмендету үшін техникалық қабаттарда қалдықтарды тастауға және тазалау құрылғысының жұмысына кедергі келтірмейтін сөндіргіш құрылғыларды қарастыру ұсынылады.
Тармақ 89
89. Негіздер мен көтергіш конструкциялар әсерлердің өзіне тән сандық мәндері мен қауіпсіздік коэффицентін пайдалану арқылы жобаланады, технологиялық нормаларды сақтай отырып салынады және ескерту мен қорғаныс шараларын сақтай отырып пайдаланылады.
Тармақ 90
90. Биік ғимараттардың тіреу қаңқаларын темірбетоннан немесе тек конструкциялық материалдарының оттан қорғанысы бар болат конструкциялардан жобалау керек, бұл жағдайда көзделген конструкциялардың ұзақ уақытқа жарамдылығы ғимараттарды күрделі жөндегенге дейін оларды пайдаланудың есептік мерзіміне сәйкес келуі керек. Оттан қорғауды тексеру үшін бақылау люктерін қарастыру керек.
Тармақ 91
91. Жобаланатын құрылыс аймағына іргелес орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды белгіленген параметрлер шегінде дірілдік жүктемелер мен қолайсыз деформациядан қорғау жөніндегі шараларды қарастыру қажет.
Тармақ 92
92. Көтергіш конструкцияны жобалау мен есептеу кезінде төмендегілер ескеріледі:
Тармақша 1
1) ұзақ мерзімділігі;
Тармақша 2
2) пайдалануға жарамдылығы;
Тармақша 3
3) талап етілетін көтергіш қабілеті.
Тармақ 93
93. Ғимараттардың көтергіш конструкциялары белгіленген нормаларды сақтаған кезде өзінің қасиетін қызмет етудің болжанған мерзімінің ішінде қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талабына сәйкес сақтауы керек.
Тармақ 94
94. Беріктігі мен орнықтылығы анықталатын көтергіш конструкциялар, сондай-ақ, жалпы ғимараттың қызмет ету мерзімі тиісті материалдардан жасалған құрылыс конструкцияларына арналған құрылыс нормаларының талаптарын ескере отырып, жол берілген шекте өздерінің қасиетін сақтап қалуы керек.
Тармақ 95
95. Ғимараттың қызмет етуінің болжанған мерзіміне қарағанда, қызмет ету мерзімі аз элементтер, бөлшектер мен қондырғылар жөндеу аралық кезеңдерге сәйкес ауыстырылуы тиіс.
Тармақ 96
96. Конструкциялар мен бөлшектер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес ылғалға, төмен температураға, агрессивті ортаға, биологиялық және басқа да қолайсыз факторлардың ықтимал әсерлеріне төзімді материалдардан орындалуы керек.
Қажетті қорғаныш құрамдар мен жабындар қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес пайдаланылуы керек.
Тармақ 97
97. Сейсмикалық әсерді, дайындауды, топырақтың шөгуін және аяздан кеуіп кетуді қоса алғанда, топырақтың басқа ауыспалылықтарына ұшыраған қиын геологиялық жағдайлар аудандарындағы құрылыс кезінде инженерлік коммуникацияларды енгізу әртүрлі инженерлік жүйелер бойынша нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес негіздің ықтимал деформацияларын қалпына келтіру қажеттілігін есепке ала отырып орындалады.
Тармақ 98
98. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді жобалаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көтергіш конструкциялардың мониторингін жүргізу қажет.
Тармақ 99
99. Биік ғимараттар мен құрылыстардың мониторингі үшін мыналарды қамтамасыз ету қажет:
Тармақша 1
1) шынайы көлемдегі уақытта тапсырманың техникалық жағдайының өзгерісі туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін заманауи жүйені пайдалану есебінен қол жеткізілген пайдалану қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;
Тармақша 2
2) техникалық мониторинг нәтижесін бағалауда адам факторының ықпалын төмендету;
Тармақша 3
3) алдын-ала шынайы сынақтар, теориялық есептер мен үлгілеу нәтижелерін ескере отырып әзірленген заманауи ақпараттық технология базасындағы мониторингтің мамандандырылған интеллектуалдық бағдарламалық құралдандыру жүйесін пайдалану;
Тармақша 4
4) қиын жағдайда жедел әрекеттерді арттыру үшін қала жүйелерімен және мәліметтер базасымен бірігу мүмкіндігі.
Тармақ 100
100. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер және іргелес аймақтар пайдалануға қойылған талаптар орындалған жағдайда, жаяу жүргіншілер, оның ішінде балалар мен егде жастағы адамдардың жүріп тұруына, көлемді заттарды тасымалдауға, көлік құралдарын жылжытуға, ғимаратқа рұқсатсыз енуге байланысты электр құралдарын және қондырғыларын, лифтілер мен басқа да инженерлік жабдықтарды пайдаланғанда оқыс оқиғалардың болуын, адамдардың жарақат алуын және олардың өміріне қауіп төндіруді ең төменгі шекке жеткізетіндей етіп жобаланады және салынады.
Тармақ 101
101. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер және іргелес аумақтардағы, адамдар байланысқа түсетін шыны және басқа да морт сынатын материалдан жарақат алмайтындай жобалануы және салынуы керек.
Тармақ 102
102. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер және іргелес аумақтар адамдардың абайсызда бір деңгейден екінші деңгейге құлау ықтималдығын азайтатындай жобалануы және салынуы керек.
Тармақ 103
103. Ғимараттарда құрылыс конструкциялары мен қондырғыларын қауіпсіз жағдайда пайдалану мен күту мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
Тармақ 104
104. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің найзағайдан қорғау құрылғыларын қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес орындау керек.
Тармақ 105
105. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің радиациялық қауіпсіздігі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сай жүзеге асырылады.
Тармақ 106
106. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердегі сумен қамтамасыз ету мен канализацияны сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жобалау керек.
Тармақ 107
107. Шаруашылық ауыз су өткізу жүйелеріндегі гидростатикалық ағынды қолданыстағы нормаларға сәйкес қабылдау керек.
Тармақ 108
108. Бөлме ішіне ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сақиналы бөгеттерін төсеуге болмайды.
Тармақ 109
109. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерге кіріктірме қоғамдық жайлардың төменгі қабаттарының сыртқы желісіне автономды түрде шығатын жеке канализация жүйесін қарастыру керек.
Тармақ 110
110. Суды ішкі суағар жүйесінен әрі қарай төгетіндей етіп жауын суының даладағы канализация желісіне әкету керек.
Тармақ 111
111. Сумен қамтамасыз ету, канализация және суағар жүйелерін ең жоғарғы пайдалану шегіне дейін құбыр өткізгіштердің қажетті өткізгіштік қабілетін, қажетті қысымды, ыстық су температурасын, санитарлық-техникалық құралдардың гидравликалық қақпақтарының ашылып кетуге қарсы беріктігін, канализация және суағарлардың әкеткіш құбыр өткізгіштерінің бітеліп қалмауын қамтамасыз ете отырып жобалау керек.
Тармақ 112
112. Сумен қамтамасыз ету жүйесі судың қажетті мөлшерде үздіксіз берілуін қамтамасыз ететіндей жобалануы және салынуы керек.
Тармақ 113
113. Ішкі өртке қарсы су құбыры жүйесін басқару өртке қарсы қорғау жүйелерін орталықтан басқару пультінен қарастыру.
Тармақ 114
114. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердегі жылыту, желдету, ауаны баптау мен түтіннен қорғайтын апаттық желдеткіштерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер мен осы тараудың талаптарына сәйкес жобалау керек.
Тармақ 115
115. Жылыту, ыстық сумен қамтамасыз ету, желдету және ауа баптау (бұдан әрі – ішкі жылумен қамтамасыз ету жүйесі) жүйелерін орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесінің жылу желісі арқылы жүзеге асыру керек.
Тармақ 116
116. Ішкі жылумен қамтамасыз ету жүйесін жылумен қамтамасыз ету көзінің желісіне жылу пункттері арқылы қосуды қарастыру керек. Жылу пункттерінде жылу тасымалдағыштардың параметрлеріне байланысты диспетчерлік пунктке ақпарат беру мен қондырғылардың жұмысын автоматты түрде реттеуді қарастыру керек.
Тармақ 117
117. Жерасты автотұрақтарының жылыту жүйесін жылу жүйелеріне тікелей схема бойынша қосу керек. Осы жүйелерді жеке жылу алмастырғыштарға немесе таратушы және жинақтаушы коллектордың құбырлары арқылы сыртқы жылу желісіне тікелей байланыссыз сұлба бойынша қосуға жол беріледі.
Тармақ 118
118. Ұсақ тазалаушы сүзгілерді жылу желісінің беруші құбыр өткізгішіне және жылыту жүйесінің кері құбырына орнату керек.
Тармақ 119
119. Тапсырма бойынша ауа баптаудың орталықтандырылған және жергілікті ауа баптау жүйесін (жеке типті) жобалауға рұқсат беріледі.
Тармақ 120
120. Адамдар тұратын жайлардың кез-келген желдету жүйелерінің ауа тасымалдағышын (өткізгішін) тұрғын үй ғимараттары арқылы өткізуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 121
121. Желдетудің ішке кіретін және сыртқа шығару жүйесін орнатқанда, дыбыс оқшаулағыш және дірілден қорғау бойынша шараларды қарастыру қажет.
Тармақ 122
122. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді газбен жабдықтауды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобалау қажет.
Тармақ 123
123. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің электр қондырғыларын жобалаған кезде ЭҚҚ, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер, сондай-ақ төменде келтірілген талаптарды басшылыққа алу қажет:
Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді жасанды жарықтандыруды ЭҚҚ сәйкес орнату керек.
Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді электрмен жабдықтаудың сенімділік дәрежесін ЭҚҚ сәйкес қабылдау керек.
Электрмен қамтамасыз етудің қосымша көзін дизельдік электростанциядан қарастыру керек.
Дизельдік электр станциялар азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын жобалау бойынша қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарда мазмұндалған талаптарды орындаған кезде көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің жерасты қабаттарында және өрт сөндіру мен түтінді жоюдың автоматты қондырғысына салынуы немесе орналасуы мүмкін.
Дизельдік электр станцияларына бекітілген регламент бойынша мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетіледі.
Электр желілерін ЭҚҚ сәйкес өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау керек.
Жеке тұрған трансформаторлық шағын станциялардан бастап ғимаратқа дейінгі ең төменгі арақашықтықты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша қала құрылысы жағдайына байланысты әрбір нақты жағдайда белгілеу керек.
Байланыс және автоматты ақпараттық-басқару жүйелерін жобалаған кезде байланыс жүйесін жобалау бойынша қолданыстағы мемлекеттік нормативтерді, сондай-ақ күзет сигнализациясының жүйесін, күзет телевидениесі мен домофондар жүйесін жобалау жөніндегі басшылық құжаттарды басшылыққа алу керек.
Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді жобалау кезінде терроризмге қарсы қорғау жүйесін «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес қарастыру керек.
Көп ғимараттар мен кешендердің жайларына арналған байланысу, дабыл қағу және басқа да желілермен жабдықтау деңгейі әрбір нақты жағдайда анықталады.
Әлсіз токты жүйелерді жобалаған кезде отқа төзімді бөлімдерге бөлінген ғимараттың құрылымдық шешімдерінің ерекшеліктерін ескеру керек.
Ғимараттар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) Техникалық регламенттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты өрт түрде сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген) Техникалық регламентінің, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес өртке қарсы қорғау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Жерасты және жапсарлас салынған автотұрағы бар ғимараттар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) Техникалық регламентінің, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес түтінге қарсы қорғау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Диспетчерлеуді байланыс жүйесін орнату жөніндегі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар негізіндегі көлемде және диспетчерлеу жүйесіне қосуға арналған техникалық шартқа сәйкес орындау керек.
Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер және іргелес аймақтар олардың түрлі мақсатқа арналған жайларына, физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоса алғанда, барлық адамдар еш кедергісіз жете алатындай етіп жобалануы және салынуы керек.
Көп қызметтік ғимараттар мен кешендерді жобалау барысында жергілікті жағдайлар мен қосымша талаптарды ескере отырып, физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен басқа да мүмкіндігі шектеулі топтардың аумаққа жете алатындай нақты шаралар атқару керек.
Физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың және халықтың басқа да мүмкіндігі шектеулі топтарының кіреберіс бөлмелерге, лифтілерге, қоғамдық мақсатта пайдаланылатын жайлар және пәтерлерге кедергісіз жетуін қамтамасыз ету керек.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін ғимаратқа кіре беріс кезінде деңгейдің түсуіне, лифтіге, қоқыс құбырына және дәліздерге кіретін пандустарды (немесе физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі арбадағы тұлғаларды жылжытуға арналған көтергіштерді), сондай-ақ басқа да қажетті құрылғылар мен құралдарды қарастыру керек. Мұндай көтергіштердің конструкциясы эвакуациялық жолдардың есептік (ең төменгі) енін азайтпауы керек.
Физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі кресло-арбадағы тұлғалардың жеңіл автокөліктерін орналастыру үшін орындарды гараж-тұрақтар мен автотұрақтардан қарастыру керек.
Тармақ 140
140. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес сәулет-жоспарлау шешімдері физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың және басқа да халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, толыққанды өмір сүру ортасын құрудың барлық талаптарына сай болу керек.
Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің жобалық құжаттарын жасау барысында қоршаған ортаны қорғаудың, табиғат қорларын тиімді пайдаланудың, тұрғындардың өмір сүру ортасын қауіпсіз етіп қалыптастыру және денсаулықты сақтаудың басымдылығы қамтамасыз етілуі керек. Қала құрылысын жобалау кезінде міндетті түрде қанағаттандырылатын жалпы экологиялық және санитарлық-гигиеналық талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген.
Жобалық құжаттарды әзірлеу кезінде, жобалаудың барлық кезеңдерінде, ұйғарылған шаруашылық іскерліктің қоршаған ортаға әсерін нормативтік құжаттар талаптарына сай бағалау және атмосфералық ауа сапасының жобалық шешімдерді іске асыру барысында, барлық ластау көздерінің жиынтығынан жер бедерін, жазықтықта жобалаудың ұйымдастырылуын, аймаққа тән шағын ауа-райын, желдету тәртібін еске ала отырып, атмосфераның ластану деңгейін есепке ала отырып, атмосфера ауасы сапасының өзгеруін болжау жүргізілуі керек.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік-техникалық құжаттардың және басқа да құжаттардың барлық талаптары ескерілуі керек.
Газбен ластанатын аймақтардың қалыптасуын болдырмау және оларды оқшаулау мақсатында көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің аумақтарды желдету жағдайын ескеретін және көп қызметтік ғимараттар мен кешендерге арналған атмосфералық ауа сапасының гигиеналық нормативтердегі мөлшерлемелерін қамтамасыз ететін көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің орналастырылу шешімдерін ойластыру керек.
Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің ойластырылатын қорғау шаралары, қала құрылысы, сәулет-орналастыру, сәулет-құрылыс шараларын қамту керек:
Тармақша 1
1) аймақты қызметтік аймақтарға бөлу және акустикалық жайлылықтың қажетті деңгейін ескере отырып, құрылыс аймағын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) санитариялық-қорғаныш аймақтарын орнату;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаның шудан қорғау қасиеттерін пайдаланатын орналастыру және көлемдік-кеңістік шешімдерді қолдану;
Тармақша 4
4) шу көздері мен одан қорғайтын объектілер арасында орналастырылатын шудан қорғайтын кедергі-қалқандарды пайдалану;
Тармақша 5
5) сыртқы қоршау конструкцияларының дыбыс оқшаулағыштарын күшейту.
Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер аумақтарға қоршаған ортаға кері әсерді барынша төмендету, оның ішінде қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жою мен кәдеге жарату бойынша экологиялық талаптарды сақтай отырып орналастырылады.
Тарау 6. 6-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша талаптар
6-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Ғимараттың энергия тиімділігі бойынша талаптар
1-параграф. Ғимараттың энергия тиімділігі бойынша талаптар
Тармақ 124
124. Ғимарат және оған жылытуды, салқындатуды, жарықтандыру мен желдетуді орнату пайдалануға талап етілетін энергия мөлшері климаттық жағдайларды ескере отырып, төмен болатындай жобаланады және салынады.
Тармақ 125
125. Ғимараттар мен кешендердің инженерлік жүйелерінде ауа температурасын автоматты немесе қолмен реттегішпен жабдықталуы керек.
Тармақ 126
126. Ғимараттар мен кешендердің жылыту жүйесі жұмыстан тыс уақытта талап етілетін жылыту ағынын төмендетуе арналған аспаптармен жабдықталады.
Тармақ 127
127. Суық және ыстық сумен, электр энергиясымен, газбен және жылумен орталықтандырылған кезде, сондай-ақ ғимараттар мен кешендерде әртүрлі ұйымдарға немесе меншіккерлерге тиесілі бірнеше жайлар тобы болғанда, жайдың әрбір мұндай тобы энергия мен су шығынын есептеу аспаптарымен жабдықталуы керек.
Тармақ 128
128. Жайдың инсоляциясын терезелер көлемі, түсі және үстіңгі бетті көрсететін қабілеті, төбенің биіктігі сияқты тиісті параметрлерді құру арқылы орындау қажет.
Тармақ 2. 2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша талаптар
2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша талаптар
Тармақ 129
129. Көп қызметтік ғимараттар мен кешендердің құрылыс аумағындағы топырақтың күйін бағалау Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерінің іскерлігін реттейтін құжаттар талаптарына сай жүргізіледі.
Тармақ 130
130. Топырақтың эрозиядан, жел және судан қорғауға, топырақтың эрозиядан бұзылған құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға, осы жарамсыз жерлерді шаруашылыққа тартып, тиімді пайдалануға бағытталған шаралар жүйесі қарастырылады.
Тармақ 131
131. Ғимараттар табиғи ресурстарды пайдалану кешенді болып табылатындай және ішінара құрылыс конструкцияларын, олардың материалдары мен бұзғаннан кейінгі бөлшектерін қайта пайдалануға немесе рециклингке, ғимараттың ұзақ мерзімділігіне, экологиялық үйлесімді шикізат пен қайталама материалдарды пайдалануға кепілдік беретіндей жобаланады және салынады.
Тармақ 132
132. Ғимараттар ауыз суды, оның ішінде суару мен кәріз жүйесінің қажеттілігі үшін пайдаланылатын суды қысқартуға қол жеткізетіндей жобаланады және салынады.
Басқа 4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
ЖИНАЛМАЛЫ ТЕМІРБЕТОН КОНСТРУКЦИЯЛАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫҢ ӨНДІРІСІ
ҚР ҚН 5.03–02–2019
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық-
шаруашылық істері
Комитет төрағасының
«__________» 2019 жылғы
_____ бұйрығына
4-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
ЖИНАЛМАЛЫ ТЕМІРБЕТОН КОНСТРУКЦИЯЛАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫҢ ӨНДІРІСІ
ҚР ҚН 5.03–02–2019
1-тарау. Қолданылу саласы
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары
және қызметтікқ талаптары
1-параграф. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары
2-параграф. Құрылыс нормаларының қызметтікқ талаптары
5-тарау Құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдар өндірісінің
жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
1-параграф. Сенімділікті қамтамасыз ету бойынша талаптар
2-параграф. Өрт қауіпсіздігі және пайдаланушылық сипаттамалар бойынша
талаптар
3-параграф. Шикізат материалдары, оларды қалап жинау және сақтау
4-параграф. Арматуралық және төсеме бұйымдарды дайындау
5-параграф. Бетон қоспаларын дайындау
6-параграф. Бұйымдарды қалыптау
7-параграф. Бұйымдарды жылумен өңдеу
8-параграф. Бұйымдардың қалыбын алу, жетілдіру, сақтау және тасымалдау
9-параграф. Сапаны бақылау
6-тарау. Өндірістің, еңбекті қорғау мен қоршаған ортаның қауіпсіздік
талаптары
7-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Тарау 1. 1-тарау. Қолданылу саласы
1-тарау. Қолданылу саласы
Тармақ 1
1. Осы құрылыс нормалары құрама бетон және темірбетон конструкциялар мен бұйымдар өндірісіне талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы құрылыс нормалары жеңіл, ауыр, ұсақ түйірлі, ыстыққа төзімді темірбетон құрылыс конструкцияларынан жасалған құрама бетон және темірбетон элементтерінің және барлық құрылыс түрі үшін кернелген бетондар өндірісіне таралады.
Тармақ 3
3. Құрылыс нормаларын құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдар өндірісін жүзеге асыратын барлық шаруашылық субъектілерінің қолдануына арналған, сондай-ақ жаңа және қолданыстағы құрама темірбетон кәсіпорындарын жобалаған және техникалық қайта жарақтаған кезде ескерілуі тиіс.
Тармақ 4
4. Осы құрылыс нормалары ұялы және тығыз силикатты бетондардан, полимербетондардан, полимерцементтік бетондардан және фибробетондардан жасалған бұйымдардың өндірісіне таралмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексі (бұдан әрі – Экологиялық кодекс);
Тармақша 2
2) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс);
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
Тармақша 4
4) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген № 15501);
Ескертпе* - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын басып шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі» ақпараттық каталогтары бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
Тарау 3. 3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 5
5. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамаларымен мынандай терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) алдын ала кернеуленген арматура – пайдалану кезеңінде сыртқы жүктемелерді салғанға дейін конструкцияларды дайындау процесінде бастапқы (алдын ала) кернеу алатын арматура;
Тармақша 2
2) ауыр бетондар – цементтік тұтқыр және тығыз ірі, ұсақ толтырғыштардағы тығыз бетондар;
Тармақша 3
3) бетондағы арматураның тоттануға төзімділігі – болат арматураның тоттандырушы ортамен химиялық немесе электрхимиялық әрекеттесуі нәтижесінде өзінің қасиеттерін сақтау қабілеті;
Тармақша 4
4) бетонның аязға төзімділігі – мұздату мен еріту көп ауысып отыратын жағдайда бетонның физикалық-химиялық қасиеттерін сақтау қабілеті, аязға төзімділік F маркасымен реттеледі;
Тармақша 5
5) бетонның қорғаныш қабаты – элементтің шетінен арматуралық шыбықтың жақын бетіне дейінгі бетон қабатының қалыңдығы;
Тармақша 6
6) бетонның отқа төзімділігі – конструкциядағы бетонның өрт кезінде (оттың әсер етуінде) көтергіш және отты шектеуіш қабілеттің сақталуы;
Тармақша 7
7) бетонның өткізгіштігі – қысым градиенті болған жағдайда, бетонның өзі арқылы газды немесе сұйықтықты өткізу (су өткізбеушілік W маркасымен реттеледі), не қысым градиенті болмаған жағдайда суда еріген заттардың диффузиялық өткізгіштігін қамтамасыз ету (токтың және электрлік әлеуеттің нормаланатын тығыздық шамаларымен реттеледі) қасиеті;
Тармақша 8
8) бетонның тығыздығы – бетон салмағының көлемге қатысына тең болатын сипаттамасы, орташа тығыздық бойынша D маркасымен реттеледі;
Тармақша 9
9) жұмыс арматурасы – есеп бойынша орнатылатын арматура;
Тармақша 10
10) жеңіл бетондар – тығыздығы (құрғақ күйде) 800 кг/м3 кем емес, бірақ 2000 кг/м3 көп емес бетон. Жеңіл толтырғыштарды толық немесе ішінара қолданып дайындалады;
Тармақша 11
11) кернеуіш бетондар – қатайған кезде кеңейетін және қатаю кезінде конструкцияда алдын ала кернеуді (өздігінен кернеуді) құруға арналған кернеуіш цемент негізіндегі арнайы бетондар;
Тармақша 12
12) конструктивтік арматура – есептік конструктивтік түсініктермен орнатылатын арматура;
Тармақша 13
13) конструкцияның сенімділігі – конструкцияның талап етілетін режимдерге және пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау, тасымалдау шарттарына сәйкес белгіленген пайдалану көрсеткіштерінің мәнін мерзім ішінде берілген шектерде сақтай отырып берілген функцияларды орындау қасиеті;
Тармақша 14
14) конструктивтік оттан қорғаныс – конструкцияның қыздырылатын бетінде отпен әсер еткенде өзінің қалыңдығын өзгертпейтін оттан қорғау құралының жылу оқшаулағыш қабатын түзуге негізделген оттан қорғау тәсілі. Оттан конструктивтік қорғанысқа оттан қорғайтын бүркіме құрамдар, сылақтар, отқа төзімді плита, табақша және басқа материалдар, оның ішінде қаңқада ауа қабаттары бар қаптауыштар, сонымен қатар осы материалдардың, оның ішінде жіңішке қабатты қатпарланатын жабындармен комбинациялары жатады. Конструкцияларға бекіту тәсілі сынақтар хаттамасында жазылғанға қатаң сәйкес болуы тиіс;
Тармақша 15
15) темірбетон конструкциялар – жұмыстық және конструктивті арматурасы бар бетоннан жасалған конструкциялар (арматураланған бетон конструкциялар); темірбетон конструкцияларындағы барлық әсерлерден түсетін есептік күш бетонмен және жұмыс арматурасымен қабылдануы тиіс;
Тармақша 16
16) төзімділік – құрылыс конструкцияларының, ғимараттардың және құрылыстардың жобалық сипаттамаларын нашарлатпай ұзақ мерзім бойы химиялық, физикалық және басқа әсерлерге қарсы тұру қасиеті.
Тарау 4. 4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және қызметтікқ талаптары
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және қызметтікқ талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
Тармақ 6
6. Нормативтік талаптың мақсаты – адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарларды, мүлікті сақтау және қоршаған ортаны қорғау, энергетикалық тиімділік пен ресурсты үнемдеу мақсатында құрама темірбетон құрылыс конструкциялары мен бұйымдардың элементтерінің өндірісі кезінде қауіпсіздікті, сенімділікті, пайдалану жарамдылығын қамтамасыз ету.
Тармақ 2. 2-параграф. Құрылыс нормаларының қызметтікқ талаптары
2-параграф. Құрылыс нормаларының қызметтікқ талаптары
Тармақ 7
7. Құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдар олардың қауіпсіздігін, ұзақ мерзімділігін, пайдалану жарамдылығын, зақымдауларсыз және бүлінусіз әртүрлі физикалық, химиялық және технологиялық әсерлерге қарсы тұруға қабілеттігін қамтамасыз ететіндей өндіріледі.
Тармақ 8
8. Бетон және темірбетон конструкцияларын дайындау кезінде бетонға және оны құрайтындарға, арматураға, технологиялық параметрлерге қойылатын талаптарды орындау қауіпсіздікті, пайдалану жарамдылығын, төзімділікті қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдар өндірісі кезінде Заңның 20-бабы 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарын қатаң орындау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10
10. Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіруді оттың болмауымен немесе таралуын шектеумен өрттің есептік әсер ету уақыты ішінде төзетіндей сенімді оттан қорғау тәсілдерін таңдауды, отқа төзімділіктің қажетті шегін қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдарының өндірісі үздіксіз қорама қалыпты дірілдік қалыптау әдісімен бетондық қоспаны нығыздаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Арматуралық бұйымдарды, оның ішінде құрама темірбетон бұйымдар өндірісі кезінде дәнекерлік қосқыштарды даярлау технологиясы олардың сапасын, тоттанудан қорғауды және конструкциядағы жобалық ережені қамтамасыз етіледі.
Тармақ 13
13. Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдарының өндірісі кезінде бетон құрамын іріктеуге, оны қалау мен қату тәртібіне қойылатын талаптар орындалады.
Құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдарды жылумен өңдеу тәртібін негізді энергетикалық шығындар кезінде сапаның, сенімділік пен ұзақ мерзімділіктің нормаланатын көрсеткіштерін қамтамасыз ету талаптарының нәтижесінде белгілейді.
Тармақ 14
14. Құрама темірбетон конструкцияларын және бұйымдарын дайындау кезінде жылумен өңдеуге кететін шығынды химиялық қоспалар, нақты шарттарға және өндіріс схемаларына арналған тиісті техника-экономикалық негіздемелер болған жағдайда, әртүрлі технологиялық тәсілдер қолдану есебінен қысқартылады.
Тармақ 15
15. Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдарының сапасын бақылау бетон және темірбетон конструкцияларына қойылатын талаптарға қол жеткізу үшін өндіру процесін сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдарын әртүрлі фракциядағы шаң бөлшектерінің үлкен мөлшерде атмосфераға шығарылуымен, шу деңгейімен және басқа да кері әсермен ескертілген қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету үшін экологиялық талаптарды сақтай отырып өндіреді.
Тармақ 17
17. Темірбетон бұйымдары мен конструкциялар өндірісінің параметрлері энергия тиімділікті және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Тарау 5. 5-тарау. Құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдар өндірісінің жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
5-тарау. Құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдар өндірісінің жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Сенімділікті қамтамасыз ету бойынша талаптар
1-параграф. Сенімділікті қамтамасыз ету бойынша талаптар
Тармақ 18
18. Бастапқы сипаттамалары бар құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдардың өндірісі кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптарды қамтамасыз ету үшін адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына, мүлікке зиян келтірумен және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты кез келген сипаттағы қираулар немесе пайдалану жарамдылығының бұзылуын, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану барысында әртүрлі есептік әсер етулер кезінде қауіпсіздіктің қажетті деңгейімен, болдырмау керек.
Тармақ 19
19. Есеп және құрастыру нәтижесі бойынша темірбетон конструкцияларының өндірісі кезінде сенімділік бойынша талаптарды қамтамасыз ету үшін конструкцияның қауіпсіздігін, пайдалану жарамдылығын және ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ететін бетон сипаттамасының нормаланатын және бақыланатын мәндері белгіленуі тиіс. Темірбетон конструкциялардың негізгі нормаланатын және бақыланатын сипаттамалары ретінде жарылуға төзімділігі, қаттылығы және аязға төзімділігі белгіленуі тиіс.
Тармақ 20
20. Конструкцияның төзімділік талаптарын қанағаттандыру үшін белгіленген ұзақ мерзім бойында оның конструкцияның геометриялық сипаттамасына және материалдардың әртүрлі есептік әсерлерінің сипаттамасына (күштің ұзақ әрекет етуі, қолайсыз климаттық, технологиялық, температуралық және ылғалдық әсерлер, алма-кезек қатып қалу және еріп кету, агрессивтік әсерлер және тағы басқа) ықпалды ескере отырып, қауіпсіздік пен пайдалану жарамдылығы бойынша талаптарды қанағаттандыратындай бастапқы сипаттамалары болуы тиіс.
Құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдардың төзімділігін қамтамасыз ету үшін элементтердің тоттануға қарсы қорғау әдісін дұрыс таңдау қажет.
Тармақ 21
21. Темірбетон конструкциялар жеткілікті сенімділік арқылы шекті жағдайлардың барлық түрінің пайда болуына жол бермейтіндей ретпен құрастырылуы тиіс. Бұл осы құрылыс нормасы мен қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес материалдар сапасының көрсеткішін таңдауға, көлемі мен құрастырылуын белгілеуге жеткізеді. Бұл жағдайда конструкцияларды даярлаған кезде технологиялық талаптар орындалуы, ғимаратты пайдалану жөніндегі талап, сондай-ақ экология, энергия үнемдеу, өрт қауіпсіздігі мен тиісті нормативтік құжаттармен белгіленген төзімділігі сақталуы және негіздің ауытқымалы отыруы ескерілуі керек.
Тармақ 2. 2-параграф. Өрт қауіпсіздігі және пайдаланушылық сипаттамалар бойынша талаптар
2-параграф. Өрт қауіпсіздігі және пайдаланушылық сипаттамалар бойынша талаптар
Тармақ 22
22. Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдары шығарылатын өндірістік ғимараттардың өрт қауіпсіздігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) Техникалық регламенті талаптарының орындалуымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 23
23. Материалдың көтергіш және/немесе жылу оқшаулағыш қабілеттерін, тұтастығын жоғалтпас үшін және физикалық қасиеттерінің өзгеруін болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі темірбетон конструкцияларын өрт кезінде қызып кетуден қорғаумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 24
24. Отқа төзімділік талаптарына сай келетін темірбетон конструкциялары жанудың жасырын таралуына жол бермеуі тиіс. Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдары үшін отқа төзімділік шегінің талаптары тиісті нормативтік құжаттармен белгіленеді.
Тармақ 25
25. Егер бетонның қорғаныштық қабаты қалыңдығы талап етілетін шекті қамтамасыз етпейтін болса ғана темірбетон конструкцияларын оттан қорғау талап етіледі. Осы конструктивті ерекшеліктерді, конструкцияларды пайдалану шарттарын және оның талап етілетін отқа төзімділік шегін ескере отырып оттан қорғау тәсілі және материалы, сонымен қатар оттан қорғайтын жабын қабатының қалыңдығы таңдалады.
Тармақ 26
26. Оттан қорғаудың осы немесе басқа тәсілін таңдау темірбетон конструкцияларының қажетті отқа төзімділік шегін, олардың типін, кеңістікте бағдарлануын (ұстындар, арқалықтар), конструкцияға әсер ететін жүктеме түрін (статикалық, динамикалық), пайдаланудың температуралық-ылғалдық режимін, қоршаған ортаның жебірлі деңгейін, оттан қорғау, эстетикалық талаптар есебінен конструкцияға түсетін жүктемені ұлғайтуды ескере отырып жүргізеді.
Тармақ 27
27. Қорғалатын конструкциялардың үстіңгі беті арқылы оттан қорғайтын бетондық жабын байланысы конструкция жабынынан оның материалына (темірбетонға) ішкі жарықтардың таралуына және дамуына кедергі келтіруі тиіс.
Тармақ 28
28. Темірбетон конструкцияларының талап етілетін отқа төзімділік шектерін қамтамасыз ету үшін плиталық материалдармен оттан қорғау (конструктивті тәсіл) немесе бетонның бетіне оттан қорғайтын құрамдарды жағу қолданылуы мүмкін.
Тармақ 29
29. Кәсіпорын цехында жұмыс өндірісі кезінде өрт қауіпсіздігі, өндірістік учаскелердегі жарылыс қауіпсіздігі, оның ішінде қалыпты майлауға арналған заттарды, химиялық қоспаларды қолдануға, олардың су ерітінділері мен химиялық қоспалар бар бетондарды даярлауға байланысты талаптар сақталуы тиіс.
Тармақ 30
30. Өндіру кезінде құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдарының пайдалану сипаттамаларына қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін белгіленген деңгейдегі сенімділікпен ең қолайсыз әсерлер жиынтығында жарықтардың түзілуі және (немесе) шектен тыс ашылуы орын алмайтындай, сонымен қатар ғимараттың немесе құрылыстың қалыпты пайдаланылуына кедергі келтіретін жылжулар және (немесе) ауытқулар туындамайтындай сапаның осындай бастапқы көрсеткіштерін орнату керек (адамдардың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау талаптарының, конструкциялардың сыртқы түріне қойылатын эстетикалық талаптардың, жабдықтардың, механизмдердің қалыпты жұмысы бойынша технологиялық талаптардың, элементтердің бірлескен жұмысына қойылатын конструктивтік талаптардың және тағы басқалардың бұзылуы).
Тармақ 31
31. Жарықтардың болмауына қойылатын талаптар қиманың толық созылуы кезінде өткізбеушілік қамтамасыз етілуі тиіс темірбетон конструкцияларына (сұйықтық немесе газ қысымындағы, радиацияның әсеріне ұшырайтын және басқалары), ұзақ мерзімділікке жоғары талаптар қойылатын бірегей конструкцияларға, сонымен қатар қатты жебірлі ортаның әсер етуі кезінде пайдаланылатын конструкцияларға қойылады.
Тармақ 32
32. Бетоннан және темірбетоннан жасалған конструкцияларды сапаның бастапқы қасиеттерімен ғана емес, сонымен бірге қызмет етудің жоспарлық мерзімінің ішінде пайдаланудың сапа көрсеткіштерін қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 33
33. Бетон сапасының көрсеткіштері бетон қоспасының құрамын сәйкесінше жобалаумен (бетонға арналған материалдар сипаттамаларының және бетонға қойылатын талаптардың негізінде), бетонды дайындау және жұмыстарды өндіру технологиясымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бетонның көрсеткіштері өндіру процесінде және тікелей конструкцияда бақыланады.
Тармақ 34
34. Өндірілетін құрама темірбетон конструкцияларының қауіпсіздігін, қалыпты пайдалануға жарамдылығын, ұзақ мерзімділігін, бетонға және арматураға, конструкциялардың есептеріне қойылатын талаптарды, конструктивті талаптарды, технологиялық және пайдалану талаптарын орындаумен қамтамасыз ету керек.
Тармақ 35
35. Құрама темірбетон конструкциялар адам организміне және қоршаған ортаға кері әсер көрсетуі мүмкін шекті, жол берілген мәннен асатын радиоактивті сәулелену көздері болмауы керек.
Тармақ 3. 3-параграф. Шикізат материалдары, оларды қалап жинау және сақтау
3-параграф. Шикізат материалдары, оларды қалап жинау және сақтау
Тармақ 36
36. Бұйымдарды өндіру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қолданыстағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын қанағаттандыратын материалдар қолданылады.
Тармақ 37
37. Бетон өндіру үшін тұтқыр материалдар ретінде портландцемент, шлакопортландцемент және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келетін олардың түрлері қолданылады.
Ыстыққа төзімді бетондарға арналған тұтқыр материалдар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қолданылады.
Тармақ 38
38. Цементтің түрі мен маркасын бетондағы толтырғыштардың зиянды қоспаларының әсерін ескере отырып, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары негізінде құрама конструкциялар үшін бетонның босату немесе беру беріктілігінің көлемі, аязға төзімділігі мен су өткізбеушілігі бойынша маркасы, беріктілігі бойынша бетонның талап етілетін класын, конструкцияларды және оларды пайдалану шарттарын белгілеуге сәйкес таңдау қажет.
Тармақ 39
39. Жол және аэродром жабындарының, түтін және желдету құбырларының, желдеткіш және мұнаралық градирнялардың, жоғары вольтты электр тарату желілері тіректерінің, темірбетон қысымды және қысымсыз құбырлардың, темірбетон шпалдардың, көпір конструкцияларының, тіректер тұғырларының, мәңгі тоң топырақтарға арналған қадалардың бетоны үшін нормаланған минералогиялық құрамы бар клинкер негізіндегі портландцемент қолданылуы тиіс.
Жол төсемдерінің бетоны үшін қожды портландцементті қолдану рұқсат етіледі.
Агрессивті орта жағдайында жұмыс істейтін бетондар үшін сульфатқа төзімді немесе басқа арнайы цемент қолданылуы тиіс.
Тармақ 40
40. Ауыр, кернеуіш және ұсақ түйіршікті, жеңіл және ыстыққа төзімді бетондар үшін ірі және ұсақ толтырғыштар нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына жауап беруі тиіс.
Тармақ 41
41. Ауыр және жеңіл бетондарды дайындау кезінде цементтің, табиғи және жасанды толтырғыштардың шығынын төмендету үшін нормативтік құжаттарға сәйкес ЖЭС ұшпа күлін, немесе басқа да қоспалар пайдаланылады. Ыстыққа төзімді бетондарға қолданылатын майдатүйіршіктелген қоспалар қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 42
42. Әрлеу бетондарын және ерітінділерді дайындау үшін портландцемент, түрлі-түсті цементтер, ақ цемент, ірі және ұсақ толтырғыштар, сондай-ақ әрлеуіш қиыршық тастарды, құмды қолдану керек.
Тармақ 43
43. Бетон қоспасының және бетонның қасиеттерін жақсарту, цементтің шығынын, еңбек және энергетикалық шығындарды төмендету үшін пайдаланылатын жекелеген немесе кешенді химиялық қоспалар олардың тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес қолданылуы және нормативтік-техникалық құжаттар талаптарын, сондай-ақ нақты қоспалар өндірушілер талаптарын қанағаттандыруы керек.
Тармақ 44
44. Минералдық қоспалар бетонның ұзақ мерзімділігіне немесе арматураның тоттануына әсер етуге қабілетті мөлшердегі зиянды қоспалардан тұрмауы керек.
Тармақ 45
45. Қаптауыш, жылу оқшаулағыш, гидрооқшаулағыш өңдеу материалдары мен бұйымдары және жиынтықтау бұйымдары нормативтік құжаттарға сәйкес болуы керек.
Тармақ 46
46. Темірбетон конструкциялар мен бұйымдарды өндіру кезінде қолданылатын тауарлық арматуралық торлар, каркастар, төсеме және басқа да бұйымдар, тиісті маркалардың сұрыптық прокаты, сабақты және сымды арматуралық болат тиісті нормативтік-техникалық құжаттар талаптарын қанағаттандыруы керек.
Тармақ 4. 4-параграф. Арматуралық және төсеме бұйымдарды дайындау
4-параграф. Арматуралық және төсеме бұйымдарды дайындау
Тармақ 47
47. Әртүрлі бұйымдарға арналған арматуралық элементтер Белгіленген технологиялық нормаларды сақтай отырып, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес дәлдікпен дайындалады.
Арматура күштерді бөлуге, арматуралау жөніндегі нұсқауларға және оны конструкцияға орнату жөніндегі шарттарға сәйкес конструкцияда орналасады.
Тармақ 48
48. Салмалы бөлшектер мен арматуралардың дәнекерленген қосылыстарының негізгі типтері мен конструктивтік элементтері, сондай-ақ дәнекерлеудің технологиялық режимдері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес болуы керек.
Тармақ 49
49. Көлемді қаңқалардың қоймалау, тасымалдау, жобалық ережені сақтау үшін жеткілікті түрде қаттылығы болуы және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 50
50. Механизацияланған және автоматтандырылған желілерде күш түсіретін арматураны дайындау кезінде арматураның зақымдануы, кесілуі және күйдірілуі болмайды.
Тармақ 51
51. Дәнекерленген арматуралық және салмалы бұйымдарды коррозиядан қорғау белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 52
52. Тотығуға қарсы жабын тұтас, металл бетіне берік тіркелген, біртекті түсті, балқытылмаған қорғаныс металының бөлігі жоқ, жарықсыз, қатпарларсыз (кебу), жергілікті коррозия іздері жоқ, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қолданылады.
Тармақ 5. 5-параграф. Бетон қоспаларын дайындау
5-параграф. Бетон қоспаларын дайындау
Тармақ 53
53. Бұйымдарды өндіру кезінде пайдаланылатын бетон қоспалары зауытта пайдаланылатын технологиялық жабдықты және өндірістің нақты шарттарын ескере отырып нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әзірленуі керек.
Тармақ 54
54. Бетонның құрамын іріктеуді қолданыстағы нормативтік құжаттармен немесе осы конструкцияларды жобалау құжаттамасында белгіленген беріктікпен және басқа сапа көрсеткіштерімен конструкцияларда цементті немесе басқа тұтқырды аз шығындап бетон алу үшін жүргізу қажет.
Тармақ 55
55. Темірбетон конструкцияларының мақсатына және оны пайдалану шартына байланысты бетон берілген физика-химиялық қасиетке (беріктілік, арматурамен жақсы тіркесу, жеткілікті тығыздық) ие болуы тиіс және арнайы талаптарды (аязға төзімділік, ыстыққа төзімділік, ортаның агрессивті әрекеті кезінде тоттануға төзімділік және тағы басқа) қанағаттандыруы керек.
Тармақ 56
56. Цементті, толтырғыштарды және бетон қоспаларын дайындау кезінде қолданылатын қоспаларды олардың сапасы сақталуы қамтамасыз етілген жағдайларда бетон араластырғыш тораптарға беру қажет.
Тармақ 57
57. Цементті, толтырғыштарды (фракциялық түрде), суды және қоспаларды мөлшерлеу арнайы мөлшерлегіштермен жүргізілуі тиіс. Материалдарды мөлшерлеу дәлдігі нормативтік талаптарға сәйкес болуы керек.
Тармақ 58
58. Тауарлық бетон қоспаларын қолданған кезде оларды тасымалдау шарттары мен ұзақтығы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болуы керек.
Тармақ 6. 6-параграф. Бұйымдарды қалыптау
6-параграф. Бұйымдарды қалыптау
Тармақ 59
59. Бетон қоспасын қалаудың және қалау процесінде қолданылатын діріл әдістері олардың конструкцияларын, өлшемдерін, олардағы арматуралық және қалау бұйымдарының орналасуын ескере отырып, бұйымдағы бетон қасиеттерінің біртектілігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 60
60. Қалыптарды майлау үшін металға адгезиясы жеткілікті болатын, бетонның қирауын және бұйымдардың бетінде дақтардың пайда болуын туындатпайтын, сонымен қатар адамдардың денсаулығына және өртке қауіпсіз болып табылатын майлау құрамдарын қолдану қажет. Қабыршақтанған майлағышты қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 61
61. Конструкцияларды арматуралау үшін пайдаланылатын арматура сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес болуы тиіс. Арматураның таңбалануы және оның сапасын растайтын тиісті сертификаттары мен төлқұжаттары болуы керек.
Тармақ 62
62. Арматуралық торларды және қаңқаларды, қалау бөлшектерін, астарларды, жылу оқшаулағыш материалдарды нормативтік құжаттардың және бұйымды жобалау құжатының талаптарына сәйкес технологиялық карталарда көрсетілген бірізділікпен орнату қажет.
Тармақ 63
63. Алдын ала кернеуленген конструкцияларды (механикалық, электртермиялық немесе электртермомеханикалық) дайындау кезінде арматураны керу тәсілін таңдауды конструкцияның типіне, арматура түріне, арматураның класына және өндірістің нақты шарттарына байланысты жүргізу керек. Арматураның бастапқы кернеуі және алдын ала кернеу шамасының іс жүзіндегі ауытқуы бұйымға жұмыс құжаттамасында көрсетілген шекті мәндерден аспауы керек.
Арматураны керу процесінде күштерді бақылау қажет.
Тармақ 64
64. Бетон қоспасын қалауды және тығыздауды қарастырылатын құрылыс конструкциясы үшін көзделген талаптарға жауап беретін бетонның жеткілікті біртектілігін және тығыздығын конструкцияларда кепілдендіруге болатындай етіп орындау керек.
Тармақ 65
65. Тығыз жеңіл бетон қоспаларда түйіраралық қуыс көлемі нормативтік құжаттар талабына сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 66
66. Осы құжатта аталмаған бұйымдарды пішіндеудің әдістерін қолдануға тек тәжірибелік тексеруден кейін және нақты бұйымдар үшін белгіленген тәртіпте бекіткеннен кейін ғана жол беріледі.
Тармақ 67
67. Көлденеңінен қалыпталатын бұйымдардың ашық беттерін тегістеуді осы бұйымдарға арналған нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізу керек.
Тармақ 68
68. Декоративті қасбеттік өңдеу тәсілдерін (түсті бетондармен, керамикалық немесе әйнек плиткалармен, декоративті бедермен және тағы басқа) таңдауды әрлеудің талап етілетін ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ете отырып бұйымдарға қойылатын сәулеттік-техникалық талаптарға, бекітілген стандарттарға, жобалық құжаттамаға және қабылданған технологиялық қалыптау тәсілдеріне (бетін жоғары немесе төмен қаратып) сәйкес жүргізу қажет.
Тармақ 69
69. Бұйымдарды немесе олардың элементтерін дереу немесе жылдам қалыптан алу, сонымен қатар қалыпсыз құюды қолданған кезде олардың салмағынан және қалыптан шығарудан жаңадан қалыпталатын бұйымдарға салынатын күштер тығыздалған бетон қоспасының құрылымдық беріктігімен ұстасуы тиіс. Бұл жағдайда тығыздалған қоспаның беріктігін бұйымдардың тәжірибелік қалыптау нәтижелері бойынша бақыланады.
Тармақ 70
70. Конструкциялардың және бұйымдардың берілген қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қалыпсыз құю желілері жылытылатын өндірістік жайларда орналастырылуы қажет.
Тармақ 7. 7-параграф. Бұйымдарды жылумен өңдеу
7-параграф. Бұйымдарды жылумен өңдеу
Тармақ 71
71. Бетонның қатаю процесінде берілген мерзімдерде және негізделген энергетикалық шығындарда конструкциялық-жылуоқшаулағыш жеңіл бетонның нормативтік құжаттармен және жұмыс сызбаларымен белгіленген шығару ылғалдылығы, беріктігі, аязға төзімділігі, бетонның су өткізбеушілігі мәндерімен талап етілетін сапалы бұйымдар алынуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 72
72. Бетонның өткізу және шығару беріктігінің мәндері нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып бұйымның жұмыс құжаттамасында және стандарттарда көрсетілгенге сәйкес болуы тиіс. Қалыпты алуға беріктігінің мәнін, қалыпсыздау, табыстама және босату беріктігіне жету шарттары мен мерзімдерін бұйымдардың әрбір түрі үшін өндірістің нақты шарттарына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 73
73. Жылу таратқышты таңдау техникалық-экономикалық есептердің және кәсіпорынның энергетикалық теңгерімін ескере отырып өндірістің нақты шарттарында оны қолданудың мақсатқа сәйкестігінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 74
74. Технологиялық желілердің типіне, бұйымдардың конструктивті ерекшеліктеріне және климаттық шарттарға байланысты және техникалық-экономикалық пайдалылық нәтижесінде жылу агрегаттары мен жылу тасымалдағыштарды таңдау қажет.
Тармақ 75
75. Бұйымдарды жылумен өңдеу үшін қолданыстағы агрегаттарды қайта құру және жаңасын құру кезінде жылу энергиясын үнемдеп шығындауға, оның ысырабын болдырмауға қатысты арнайы шараларды қарастыру керек.
Тармақ 76
76. Күштеу қалыптарында алдын-ала кернеулі конструкцияны даярлау кезінде температураның көтерілу кезеңінде бетон беріктілігінің өсуін баяулататын пластикаланған химиялық қоспаларды қолдану қажет. Камерада және термоқалыпта температураның көтерілу жылдамдығын бұйым конструкциясын, олардың кесектігін, өндірістің нақты жағдайын ескере отырып белгілеу қажет.
Тармақ 77
77. Изотермиялық қызу температурасын және ұзақтығын жылумен өңдеген кезде, оның жылу бөлуі және бұйымдардың массивтілігі кезінде бетонның түрін, цементтің белсенділігі мен тиімділігін ескере отырып тағайындау керек.
Тармақ 78
78. Кернеуіш бетоннан бұйымдар дайындау үшін қоспаларды алдын ала қыздыруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 79
79. Стендтерде және күштеу пішіндерінде дайындалатын алдын ала кернеуленген конструкциялардағы жылумен өңдеуді жарықтар туындауының алдын алу бойынша шараларды пайдалану арқылы жүргізу қажет.
Тармақ 8. 8-параграф. Бұйымдардың қалыбын алу, жетілдіру, сақтау және тасымалдау
8-параграф. Бұйымдардың қалыбын алу, жетілдіру, сақтау және тасымалдау
Тармақ 80
80. Жылумен өңдегеннен кейін бұйымдардың қалыбын алуды бетон қалып алу беріктігіне жеткеннен кейін жүргізу керек.
Тармақ 81
81. Алдын ала кернеуленген бұйымдар үшін бетонға қысу беруді өткізу беріктікке жеткеннен кейін жүзеге асыру керек.
Тармақ 82
82. Кәсіпорынның техникалық бақылауымен қабылданған дайын бетон және темірбетон бұйымдарды тиісті нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес сақтаған және тасымалдаған жөн.
Тармақ 9. 9-параграф. Сапаны бақылау
9-параграф. Сапаны бақылау
Тармақ 83
83. Конструкциялардың сапасын бақылау конструкциялардың техникалық көрсеткіштерінің (геометриялық өлшемдердің, бетон мен арматураның беріктік көрсеткіштерінің, конструкцияның беріктігі, жарықшаққа төзімділігі және деформативтілігі) оларды дайындау, тұрғызу және пайдалану кезінде, сондай-ақ өндірістің технологиялық режимдерінің параметрлерінің нормативтік құжаттарда көрсетілген көрсеткіштерге сәйкестігін белгілейді.
Тармақ 84
84. Кіріс бақылауы кезінде келіп түсетін материалдар мен бұйымдардың сапа көрсеткіштері паспорттар немесе сәйкестік сертификаттары, сондай-ақ зауыттық бақылау сынақтары негізінде белгіленеді.
Тармақ 85
85. Операциялық бақылауды ұйымдастыру, мерзімділігі және жүргізу әдістері дайындалатын бұйымдар мен конструкциялардың түріне, сондай-ақ қабылданған технологияға байланысты кәсіпорынның технологиялық құжаттамасында белгіленеді.
Тармақ 86
86. Дайын бұйымдардың сапасын қабылдау бақылауы және оларды таңбалау тиісті нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес, ал олар болмаған кезде – қабылдау, таңбалау, тасымалдау және сақтау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 87
87. Дайын бұйымдарды бақылау және сынау кезінде қолданылатын аспаптар мен өлшеу құралдары тиісті нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын қанағаттандыруы және белгіленген тәртіппен метрологиялық ұйымдармен салыстырып тексерілуі тиіс.
Тармақ 88
88. Техникалық бақылаумен қабылданған және Тапсырыс берушіге жеткізілетін бұйымдарға нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес олардың сапасы туралы құжат, ал олар болмаған жағдайда құрылысқа арналған темір - бетон бұйымдарына арналған жалпы техникалық талаптарға сәйкес беріледі.
Тармақ 89
89. Өндірісте мөлшерлегіштердің және бетон араластырғыштардың жай-күйіне жүйелі бақылау жүргізу қажет.
Тарау 6. 6-тарау. Өндірістің, еңбекті қорғау мен қоршаған ортаның қауіпсіздік талаптары
6-тарау. Өндірістің, еңбекті қорғау мен қоршаған ортаның қауіпсіздік талаптары
Тармақ 90
90. Өндірістік процестер жалпы қауіпсіздік талаптарына, ал қолданылатын жабдық өндірістік жабдыққа қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы керек.
Тармақ 91
91. Құрама бетон және темірбетон бұйымдарды дайындаумен байланысты барлық жұмыстар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес болуы керек.
Тармақ 92
92. Кәсіпорын цехтарында жұмыстарды жүргізу кезінде санитарлық қауіпсіздік, оның ішінде қалыптарды майлау үшін пайдаланылатын заттарды қолдануға байланысты химиялық қоспалар, химиялық қоспалар арқылы олардың су ерітінділері мен бетондарды даярлау талабын сақтауы керек.
Тармақ 93
93. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың концентрациясы, оның температурасы, ылғалдылығы мен қозғалыс жылдамдығы санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың құжаттарында белгіленген мөлшерден аспауы керек.
Тармақ 94
94. Жұмыс орындарындағы шу және діріл деңгейі санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың құжаттарына сәйкес рұқсат етілетін нормалардан аспауы керек.
Жұмыс істеушілерге дірілдің зиянды әсерін жою үшін арнайы шаралар қолдану қажет.
Тармақ 95
95. Өндірістік және қосалқы цехтарда, сондай-ақ кәсіпорынның аумағында табиғи және жасанды жарықтандыру санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың құжаттарының талаптарына сәйкес болуы керек.
Тармақ 96
96. Құрама темірбетон конструкцияларды және бұйымдарды өндіру кезінде қабылдаған шаралар бойынша жобалық құжаттамада қарастырылған қоршаған ортаны қорғау шаралары шаң және газ шығарындыларын, заттардың тасталуын және басқа әсерлерді төмендету арқылы қоршаған ортаға теріс әсердің деңгейін төмендетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 97
97. Өндірістік цехтарда құрама темірбетон конструкцияларды өндіру кезінде көп мөлшерде әртүрлі фракциядағы шаң бөлшектерінің атмосфераға шығарылуын төмендету үшін аспирация жүйесін қарастыру қажет.
Тармақ 98
98. Топырақтың және жерасты суларының ластану деңгейін төмендету мақсатында құрама темірбетон кәсіпорындарында сарқынды суларды тазалауды ұйымдастыру қажет.
Тармақ 99
99. Кәсіпорында өндірістің қалдықтарын және жарамсыз бұйымдарды кәдеге жарату шараларын жүзеге асыру керек. Өндірістің кәдеге жаратылмаған қалдықтарын және жарамсыз бұйымдарын шығару, көму нормативтік-құқықтық актілер талаптарына толық сәйкестікте жүзеге асырылуы керек.
Тарау 7. 7-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
7-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Тармақ 100
100. Құрама темір-бетон конструкциялары мен бұйымдарының өндірісі энергия үнемдеу мен ресурс үнемдеудің оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 101
101. Құрама темір-бетон конструкциялары мен бұйымдары өндірісін ұйымдастыру кезінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану үшін ресурс үнемдейтін, қалдығы аз және қалдықсыз технологияларды енгізуді көздеу қажет.
Тармақ 102
102. Құрастырмалы темір-бетон конструкциялары мен бұйымдары өндірісінде пайда болған қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуді, тұйық сумен жабдықтау жүйесін құруды қамтитын рециклинг сақтау қажет.
Тармақ 103
103. Темір-бетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіру цементті, металды және табиғи материалдарды тұтынуды төмендетуге ықпал етуі тиіс.
Тармақ 104
104. Арматураның шығынын қысқарту, құрама темір-бетон бұйымдары мен конструкциялары өндірісінің энергия тиімділігін арттыру үшін қалыптаудың тиімді әдістерін қолдану қажет.