Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Таскалинского района Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тасқала ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 мамырдағы №140 «Тасқала ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5211 тіркелген, 2018 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.Шакиров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Халауединге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Тасқала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы _________________А.Айтасов 4 желтоқсан 2019 жыл
Басқа 6. Тасқала ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы қаңтардағы № қаулысына қосымша Тасқала ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері № Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері Аймақ коэффициенті Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округі 1. Тасқала ауылы 2,35 2. Жігер ауылы 1,75 3. Бірлік ауылы 2,0 Ақтау ауылдық округі 4. Ақтау ауылы 2,2 5. Ақкүтір ауылы 1,7 6. Қызылбас ауылы 1,6 7. Қараой ауылы 1,7 Амангелді ауылдық округі 8. Амангелді ауылы 2,35 9. Шежін-1 ауылы 2,1 Достық ауылдық округі 10. Достық ауылы 2,2 11. Бастау ауылы 1,95 12. Ынтымақ ауылы 2,05 Қосшы ауылдық округі 13. Оян ауылы 2,2 14. Кеңжайлау ауылы 1,75 Қазақстан ауылдық округі 15. Атамекен ауылы 2,25 16. Қалмақшабын ауылы 1,5 17. Алмалы ауылы 1,4 18. Қисықсай ауылы 1,5 Мереке ауылдық округі 19. Мереке ауылы 2,2 20. Қалмақ ауылы 1,75 Мерей ауылдық округі 21. Мерей ауылы 2,2 22. Аққайнар ауылы 1,6 23. Өркен ауылы 2,2 24. Айнабұлақ ауылы 2,2 25. Тоғайлы ауылы 2,2 Шежін ауылдық округі 26. Шежін-2 ауылы 2,3 27. Еменжар ауылы 1,5 28. Талдыбұлақ ауылы 1,5