Об утверждении Правил регистрации поставщиков на портале социальных услуг, а также снятия с регистрации на портале социальных услуг Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Цифрлық дамыту, инновациялар мен қорғаныс аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидалары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы № бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) өнім берушілерді әлеуметтік қызметтер порталында тіркеу және әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектерге санаториялық-курорттық емделуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнайы жүріп- тұру құралдарын (бұдан әрі - тауар), сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін (бұдан әрі-қызметтер) сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйені білдіреді;
Тармақша 2
2) тауарларды жеткізушілер және (немесе) қызметтерді берушілер - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ қызметтерді және (немесе) тауарларды жеткізетін заңды тұлғалар мен олардың филиалдары.
Тарау 2. 2-тарау. Өнім берушілерді порталда тіркеу тәртібі
2-тарау. Өнім берушілерді порталда тіркеу тәртібі
Тармақ 3
3. Өнім берушіні әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуді заңды тұлғалар бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жеке тұлғалар жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырумен жүргізеді.
Тармақ 4
4. Өнім беруші тіркеуді еркін негізде Порталда электрондық түрде http://aleumet.egov.kz сілтеме бойынша жүргізеді. Өнім беруші ЭЦҚ авторизациялағаннан кейін бастапқы бетте шартқа қол қояды және «Өнім берушінің кабинеті» модуліне өтеді. Өнім беруші ЭЦҚ-ға қол қойған кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы «Өнім берушінің кабинеті» модуліне ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай деректер келіп түседі:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар мен олардың филиалдары үшін: ұйымның толық атауы; ұйым басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса); тауардың сақтауына және/немесе сатуына арналған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мен жалдау құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер; құрылтайшылар туралы мәліметтер; ұйым туралы мәліметтер (бар болса).
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса); дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (бар болса).
Тармақ 5
5. Өнім беруші келесі жолдарды толтырады:
Тармақша 1
1) тауардың және (немесе) көрсетілетін қызметтің бағасы;
Тармақша 2
2) қоймадағы тауар саны;
Тармақша 3
3) өнім берушінің байланыс деректері (ұялы телефон, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефоны, сайты (болған жағдайда);
Тармақша 4
4) қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы;
Тармақша 5
5) жеткізілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер түрлерінің атауы;
Тармақша 6
6) банктік деректемелер туралы мәліметтер.
Тармақ 6
6. Порталда:
Тармақша 1
1) салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;
Тармақша 2
2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;
Тармақша 4
4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;
Тармақша 5
5) медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар;
Тармақша 6
6) тауарларды және/немесе көрсетілетін қызметтерді өткізу үшін бағаны табыстаған өнім берушілер тіркеледі.
Тармақ 7
7. Растайтын құжаттар электрондық түрде ұсынылады. Көрсетілген құжаттардағы ақпаратты мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері растаған кезде растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Тармақ 8
8. Өнім беруші Порталда жүзеге асырылатын қызмет түрін ескере отырып, тауарға және/немесе қызметтерге кемінде бір өтінімді толтырады. Әрбір қызмет түрі үшін сипаттамалар сипатталған жеке өтінім көзделеді. Өнім берушілер «Өнім берушінің кабинеті» модулінде өткізілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер туралы деректерді толтырады.
Тармақ 9
9. Өнім беруші Порталда тіркеу үшін ол осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өнім беруші енгізген және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде қалыптасқан өтінішті береді, өтініш өнім берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Тармақ 10
10. Өнім беруші ұсынылған құжаттардың шынайылығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Өнім беруші мәліметтерді автоматтандырылған режимде енгізген кезде жолдарды толтыру міндеттілігіне тексеру жүргізеді және тексеруден сәтті өткен кезде деректерді сақтау жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Өнім берушілерді Порталда тіркеу және тауарға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге өтінімдерді мақұлдау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органы өнім берушінің тіркелген жері бойынша Комиссия (әрі қарай – Комиссия) құрады. Комиссия мүшелерінің тақ санынан тұрады, Комиссия мүшелерінің қатарынан көпшілік дауыспен Комиссия қызметіне басшылық ететін Комиссия төрағасы, ал ол болмаға жағдайда төрағаның орынбасары сайланады. Комиссия хатшысының функцияларын Комиссия мүшесі болып табылмайтын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның маманы орындайды.
Тармақ 13
13. Комиссия хатшысы деректер келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тауарға және (немесе) қызметтерге өтінімді және өтінішті орындауға қабылдайды, Комиссияның қарауына енгізеді. Комиссия өнім берушінің құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында, 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді
Тармақ 14
14. Қарау қорытындысы бойынша Комиссия екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды және хаттамаға қол қояды. Комиссия хатшысы хаттамаға қол қойылғаннан үннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны Порталда орналастырады. Порталда тіркелген өнім берушілер өнім берушілердің тіркелімін және (немесе) қызмет көрсететін мамандардың тізіліміне автоматты түрде енгізіледі. Шешім шығарылғаннан кейін Порталда бас тарту себептерін көрсете отырып, мақұлдау – «Мақұлданды» немесе «Бас тартылды» деген өтініштің мәртебесі келесі жағдайлардағы себептер бойынша көрсетіледі:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген өнім берушіге қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
Тармақша 2
2) қоса берілген құжаттардың саны өнім беруші көрсеткен санға сәйкес келмесе;
Тармақша 3
3) растайтын құжаттар өнім беруші көрсеткен құжаттардың атауларына сәйкес келмесе;
Тармақша 4
4) қоса берілген құжаттар олар үшін белгіленген барлық деректемелерді қамтымайды: құжатты берген ұйымның атауы мен мекенжайы, уәкілетті тұлғаның қолы, құжаттың берілген күні, құжаттың нөмірі мен сериясы (бар болса), құжаттың қолданылу мерзімі (бар болса);
Тармақша 5
5) растайтын құжаттар анық және анық емес басылған (жазылған), анық өшірулі, қосып жазылған, сызылған сөздер, шифрленбеген қысқартулар, түзетулер бар, уәкілетті тұлғаның қолымен расталған және мөрмен бекітілген түзетулер (бар болса));
Тармақша 6
6) осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген деректер дұрыс емес болып табылады;
Тармақша 7
7) Өнім беруші 15-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жағдайларда қызмет көрсететін тіркеуден шығарылған Өнім берушілер тіркеліміне және (немесе) тіркеуден шығарылған мамандар тізіліміне енгізілген.
Тарау 3. 3-тарау. Порталда тіркеуден шығару тәртібі
3-тарау. Порталда тіркеуден шығару тәртібі
Тармақ 15
15. Өнім беруші Порталда тіркеуден келесі жағдайларда алынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;
Тармақша 2
2) қызметі тоқтатылған немесе қайтыс болған;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу;
Тармақша 4
4) Портал арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау.
Тармақ 16
16. Осы Қағидаларының 15-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі.
Тармақ 17
17. Комиссия хатшысы апта сайынғы негізде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде осы Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдың болуын тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Осы Қағидалардың 15-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда, мүгедек өнім берушінің өз міндеттемелерін бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей Порталда тиісті ақпаратты орналастырады:
Тармақша 1
1) тапсырыстың орындалмауы;
Тармақша 2
2) тапсырыстың уақтылы орындалмауы (тауар тапсырыстың берілген күнінен 30 күнтізбелік күннен астам кейін жеткізілген);
Тармақша 3
3) тауардың және/немесе қызметтердің Порталда көрсетілген сипаттамаларға сәйкессіздігі;
Тармақша 4
4) тауардың және/немесе қызметтердің Порталда мәлімделген бағалардың қолдану кезеніндегі өзгеруі. Мүгедек осы ақпаратты орналастыру күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Комиссия қарайды, ол Шартқа сәйкес қабылданған міндеттемелерді орындамау салдарынан өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болуын немесе болмауын айқындайды.
Тармақ 19
19. Комиссия осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген жағдайларда өнім берушіні Порталда тіркеуден шығару туралы шешім қабылдайды және хаттамаға қол қояды. Комиссия хатшысы себептерін көрсете отырып, хаттаманы Порталда орналастырады және комиссияның шешіміне ЭЦҚ қол қояды. Өнім берушіні Порталда тіркеуден шығарған кезде оның деректері өнім берушілердің тіркелімінен және (немесе) қызмет көрсететін мамандардың тізілімінен шығарылады және қашықтағы өнім берушілердің тіркеліміне және (немесе) қызмет көрсететін қашықтағы мамандардың тізіліміне еңгізіледі.
Тармақ 20
20. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-2-бабының 2-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген негізі бойынша өнім беруші Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, Әлеуметтік қызметтер порталында кейіннен тіркелу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен ол туралы мәліметтерді алып тастағаннан кейін мүмкін болады.
Басқа 1. Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуге өтініш
Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларына 1-қосымша Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуге өтініш Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуді сұраймын ____________________________________________________________________ (толық немесе қысқартылған (егер бар болса) өнім берушінің атауы) ____________________________________________________________________ (БСН, ЖСН, мемлекеттік тіркеу нөмірі) Қызмет түрі ____________________________________________ Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мекенжайы ____________________________________________________________________ (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) Электрондық пошта ________________________________________________________________ Телефондар ________________________________________________________________ Факс ________________________________________________________________ Қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы___________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы), үй/ғимарат нөмірі) Осымен: көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға қызметтер көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады. Әлеуметтік қызметтер порталын тіркеу және пайдалану үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беретінімді растаймын: Басшының ЭЦҚ-мен куәландырылған___________ __________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) Толтыру күні: __ __________ 20__ жыл
Басқа 2. Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығаруға өтініш
Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларына 2-қосымша Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығаруға өтініш Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығаруды сұраймын ____________________________________________________________________ (толық немесе қысқартылған (егер бар болса) өнім берушінің атауы) ____________________________________________________________________ (БСН, ЖСН, мемлекеттік тіркеу нөмірі) Қызмет түрі ____________________________________________ Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мекенжайы ____________________________________________________________________ (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) Электрондық пошта ____________________________________________________________________ Телефондар ________________________________________________________________ Факс _________________________________________________________________ Қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы____________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы), үй/ғимарат нөмірі) Осымен: көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға қызметтер көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады. Әлеуметтік қызметтер порталын тіркеу және пайдалану үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беретінімді растаймын: Басшының ЭЦҚ-мен куәландырылған___________ __________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) Толтыру күні: __ __________ 20__ жыл