ОБ УТВЕРЖДЕНИИ ПОЛОЖЕНИЯ О ПОРЯДКЕ АТТЕСТАЦИИ ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ НЕДР Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.01.2001 № 18 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттаудың тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже мен жер қойнауын пайдалануға арналған Аттестат нысаны бекiтiлсiн.
Басқа 1. Жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттаудың тәртiбi туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 2 ақпандағы N 128 қаулысымен Бекiтiлген Жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттаудың тәртiбi туралы Ереже
Тармақ 1
1. Жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттаудың тәртiбi туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты өңдеу Кодексiне сәйкес әзiрлендi әрi жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттаудың тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Меншiктiң барлық нысандарындағы жер қойнауын пайдаланушы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, азаматтар, қызмет нысандарының бiрi жер қойнауын пайдалану болып табылатын шетелдiң қатысуындағы кәсiпорындар, сондай-ақ жер қойнауын контракт немесе концессия шартымен пайдаланатын шетелдiң заңды және жеке тұлғалары аттестаттауға жатады.
Тармақ 3
3. Аттестаттау, жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстарды жүргiзу жөнiндегi, жер қойнауын геологиялық зерттеу, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеу немесе жер қойнауын өзге де мақсаттарға пайдалану жөнiндегi техникалық, бiлiктiлiк және қаржы-экономикалық мүмкiндiктерiнiң Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты өңдеу Кодексi мен басқа да заңдарының талаптарына олардың сәйкестiгiн орнықтыру мақсатында жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттауды: - геологиялық зерттеулер, геологиялық, гидрогеологиялық, геофизикалық, маркшейдерлiк, байқап көру-талдау жұмыстары үшiн - Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң аттестаттау комиссиясы; - пайдалы қазбаларды өндiру, минералдық шикiзатты өңдеу және өзге мақсаттар үшiн - Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң, Өнеркәсiп министрлiгiнiң аттестаттау комиссиялары жүргiзедi. - кең таралған пайдалы қазбаларды өндiрiстiк мақсатта өндiру үшiн - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң аттестаттау комиссиясы жүргiзедi. 📌 Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚРМК-нiң 19.05.1994 № 538 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Аттестаттау жер қойнауын пайдаланудың: геологиялық зерттеу; пайдалы қазбаларды өндiру; пайдалы қазбаларды өндiруге байланысы жоқ жер асты құрылғыларын салу мен пайдалану, соның iшiнде мұнайды, газды және басқа заттар мен материалдарды жер астында сақтауға арналған құрылғылар, өндiрiстiң зиянды заттары мен қалдықтарын, сарқынды суларды көму; өзге де мұқтаждық түрлерi бойынша жүргiзiледi. Жер қойнауын пайдаланудың әрбiр түрiне тиiстi мазмұндағы аттестат берiледi. Жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды өндiру, минералдық шикiзатты өңдеу, өзге де мақсаттарға пайдалану үшiн берiлген аттестаттарды тiркеудi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жүргiзедi.
Тармақ 6
6. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауға табыс етiлген құжаттарды олардың түсуiне қарай қажет болған жағдайда аттестаттаудан өтетiн жер қойнауын пайдаланушылардың өкiлiн қатыстыра отырып қарайды.
Тармақ 7
7. Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстың жекелеген түрлерiн жүргiзу жөнiндегi мүмкiндiктерiн бағалау үшiн комиссия қажет болған жағдайда сарапшылар шақырады.
Тармақ 8
8. Геологиялық зерттеу үшiн жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттау геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмыстың түрлерi немесе жиынтығы бойынша, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеу және өзге мақсаттар бойынша жүргiзiледi. Аттестаттау үшiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының аттестаттау комиссияларына мынадай құжаттар тапсырылады: аттестаттауға өтiнiм; кәсiпорынның жарғысы немесе ережесi; құрылтайшылық шарты (жеке және акционерлiк кәсiпорындар үшiн); кәсiпорын жарғысының жергiлiктi өкiмет органдарында тiркелгенi туралы куәлiк; техникалық жағынан қамтамасыз етiлгенi туралы мәлiметтер; басшылар және негiзгi орындаушылар туралы мәлiметтер; лабораториялық талдау негiзi туралы мәлiметтер. Шет елдiк заңды және жеке тұлғалар жоғарыда аталған құжаттардан бөлек жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған контрактiлердiң немесе концессиялардың көшiрмесiн тапсырады.
Тармақ 9
9. Осы ереже күшiне енгiзiлгенге дейiн жер қойнауын геологиялық зерттеумен, минералдық шикiзатты өндiрумен және өңдеумен айналысқан жер қойнауын пайдаланушылар, ол бекiтiлгеннен кейiн үш ай iшiнде өздерiнiң жер қойнауын пайдалануға құқын растауы қажет. Бұл үшiн олар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының аттестаттау комиссияларына осы Ереженiң 8 тармағында көрсетiлген құжаттарды табыс етедi.
Тармақ 10
10. Аттестаттың жарамдылық мерзiмi аттестаттау комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
Тармақ 11
11. Аттестаттың күшi: аты немесе меншiк нысаны өзгерген кәсiпорын, не болмаса өзге де шаруашылық қызмет субъектiсi таратылған немесе қайта құрылған кезде; кәсiпорын аттестатта көзделген жұмыстарды жүргiзуден бас тартқан жағдайда; мемлекеттiк бақылау органдары белгiленген Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты өңдеу Кодексi мен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi өзге де заң актiлерi бұзылғанда; аттестатты алған сәттен бастап бiр жылдан астам мерзiмде жұмыстардың тiркелген жобасы болмағанда; аттестатты алған сәттен бастап бiр жылдан астам мерзiмде жұмыстардың басталу мерзiмiн өткiзiп алғанда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Тармақ 12
12. Аттестаттың күшiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы: пайдаланушы жердi пайдалануға шарт жасасқан жергiлiктi өкiмет органдарына; жоба тiркелген органдарға хабарланады. Аттестат оны берген министрлiктегi және ведомстводағы аттестаттау комиссиясына қайтарылады.
Тармақ 13
13. Кәсiпорын аттестаттың күшi тоқтатылғаны туралы шешiммен келiспеген жағдайда ол шешiмге белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.
Тармақ 14
14. Аттестат жұмыс түрiне қарай жер қойнауын пайдаланушылардың құқын айқындайды және оны басқа кәсiпорындарға, соның iшiнде еншiлестерiне де беруге болмайды.
Тармақ 15
15. Аттестат халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерiмен келiсе отырып оған геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды өндiру үшiн бөлiнiп берiлген жердi пайдалану құқын куәландырады.
Тармақ 16
16. Аттестаттауға байланысты шығындарды аттестаттау жүргiзiлген ұйым төлейдi.
Басқа 18. Жер қойнауын пайдалануға арналған Аттестат
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 2 ақпандағы N 128 қаулысымен Бекiтiлген Жер қойнауын пайдалануға арналған Аттестат Қазақстан Республикасы _____________________________________________                                   министрлiктiң, ___________________________________________аттестаттау комиссиясының       ведомствоның аты 199___жылғы "____" ____________N______________хаттамасының шешiмiмен ____________________________________________________________________                кәсiпорынның, ұйымның аты, орналасқан жерi жер қойнауын________________________________________________________                  жер қойнауын пайдаланудың жұмыс түрлерi ____________________________________________________________________ пайдалану құқы берiлдi. Тiркеу N Аттестаттау комиссиясының төрағасы                    ________________________________________