Об утверждении отраслевой системы поощрения Күшін жойған
Басқа 0
Көтермелеудің салалық жүйесін бекіту туралы
«Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 7-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Көтермелеудің салалық жүйесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Көтермелеудің салалық жүйесі
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Көтермелеудің салалық жүйесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Көтермелеудің салалық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі №332 Заңының 6-бабы 7-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің (бұдан
әрі - Комитет), жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және геодезия және картография саласындағы басқа ұйымдар мен бірлестіктердің жұмыскерлерін (бұдан әрі – геодезия және картография саласының жұмыскерлері) көтермелеу рәсімдерін нақтылайды.
Тармақ 2
2. Көтермелеу геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың нысаны болып табылады.
Тармақ 3
3. Геодезия және картография саласының жұмыскерлерін көтермелеу мақсатында көтермелеудің мынадай түрлері белгіленеді:
Тармақша 1
1) «Құрметті геодезист» төсбелгісі;
Тармақша 3
3) «Құрметті картограф» төсбелгісі;
Тармақша 4
4) «Үздік геодезист» құрмет дипломы;
Тармақша 5
5) «Үздік картограф» құрмет дипломы.
Төсбелгілер осы Жүйеге 1-қосымшаға сәйкес сипаттама бойынша дайындалады.
Тарау 2. 2-тарау. Көтермелеу үшін материалдарды дайындау
2-тарау. Көтермелеу үшін материалдарды дайындау
Тармақ 4
4. Төсбелгілермен және құрмет грамоталарымен марапаттау жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Комитетте мүшелері тақ саннан құралған комиссия құрылады, оны Комитет төрағасының орынбасары басқарады.
Тармақ 5
5. «Құрметті геодезист» және «Құрметті картограф» құрмет атақтарымен және «Үздік геодезист» және «Үздік картограф» құрмет дипломдарымен марапаттау туралы ұсыныстарды Комитетке:
Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары;
мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары;
өзге де ұйымдар мен бірлестіктердің басшылары енгізеді.
Тармақ 6
6. Марапаттау туралы ұсыныстар Комитетке осы Жүйеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша марапаттау парағын қоса бере отырып, жерге орналастыру, геодезия және картография күні – кәсіптік мерекені мерекелеуге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жіберіледі және комиссия келіп түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Тармақ 7
7. Жұмыскердің төсбелгілермен және құрмет дипломдарымен марапатталуға лайықтылығы және лайықсыздығы туралы шешімді Комиссия хаттамамен ресімделетін ашық дауыс беру арқылы, көпшілік дауыспен қабылдайды. Хаттама негізінде Комитет төрағасының марапаттау туралы бұйрығы шығарылады.
Тармақ 8
8. Көтермелеудің ресми мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.
Тарау 3. 3-тарау. Төсбелгілермен марапаттау негіздері
3-тарау. Төсбелгілермен марапаттау негіздері
Тармақ 9
9. «Құрметті геодезист» төсбелгісімен саланы дамытуға жеке үлесін қосқан және геодезиялық қызмет саласындағы мінсіз еңбегі үшін геодезия саласының жұмыскерлері марапатталады.
Тармақ 10
10. «Құрметті картограф» төсбелгісімен саланы дамытуға жеке үлесін қосқан және картографиялық қызмет саласындағы мінсіз еңбегі үшін картография саласының жұмыскерлері марапатталады.
Тармақ 11
11. Төсбелгілермен геодезия және картография саласында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар жер қатынастары, геодезия және картография саласының жұмыскерлері марапатталады.
Төсбелгілермен геодезиялық және картографиялық қызметті жетілдіруге белсенді қатысқаны және инновациялық технологияларды енгізгені үшін басқа салаларда жұмыс істейтін тұлғалар да марапатталады.
Тармақ 12
12. Төсбелгімен марапатталған тұлғаға осы Жүйеге 3-қосымшада көрсетілген сипаттамаға сәйкес куәлік беріледі.
Тармақ 13
13. Төсбелгі кеуденің оң жағына мемлекеттік наградалардан төмен тағылады.
Тармақ 14
14. Бiр төсбелгімен қайта марапаттауға жол берілмейді.
Тарау 4. 4-тарау. Құрмет дипломдарымен марапаттау негіздері
4-тарау. Құрмет дипломдарымен марапаттау негіздері
Тармақ 15
15. «Үздік геодезист» құрмет дипломымен геодезиялық қызмет саласындағы мінсіз еңбегі, лауазымдық міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін геодезия саласының жұмыскерлері марапатталады.
Тармақ 16
16. «Үздік картограф» құрмет дипломымен картографиялық қызмет саласындағы мінсіз еңбегі, лауазымдық міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін картография саласының жұмыскерлері марапатталады.
17. Құрмет дипломдарымен осы салада кемінде бес жыл еңбек өтілі бар геодезия және картография саласының жұмыскерлері марапатталады.
Тармақ 18
18. Бiр құрмет дипломымен қайта марапаттауға жол берілмейді.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ережелер
5-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 19
19. Төсбелгіні және құрмет дипломын тапсыруды салтанатты жағдайда Комитет төрағасы жүргізеді немесе марапатталатын тұлға жұмыс істейтін ұжымда жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Геодезия және картография саласының жұмыскерлерін көтермелеген жағдайда, кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді.
Тармақ 21
21. Жұмыскерлер мен еңбек ұжымдарын көтермелеудің барлық түрін есепке алуды Комитеттің кадр қызметі жүзеге асырады.
Басқа 1. Төсбелгілердің сипаттамасы
Көтермелеудің салалық жүйесіне
1-қосымша
Төсбелгілердің сипаттамасы
«Құрметті геодезист» немесе «Құрметті картограф» төсбелгісі бір-бірімен сары түсті шығыршықпен қосылған қалып пен салпыншақ түрінде жасалған.
Планкасы көгілдір түсті қатқыл лентасы бар сары түсті металдан (латунь) тік бұрышты пішінде жасалған.
Салпыншақ сары түсті металдан (латунь) жасалған, диаметрі 3 см дөңгелек, фон күңгірттелген.
Салпыншақ ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының символикасы - күн шапағы орналасады. Фон жылтыр, әріптер мен суреттері шығынқы, күңгірттелген түрде болады.
Медальдің жиегінде алтын түспен: «Құрметті геодезист» немесе «Құрметті картограф» жазулары орналасады. Фоны күңгірттелген, әріптер мен суреттері шығынқы және жылтырақ.
Басқа 2. МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
Көтермелеудің салалық жүйесіне
2-қосымша
Нысан
МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
Тармақ 1
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________
Тармақ 2
2. Лауазымы, жұмысы, қызмет орны _______________________________________
(ұйымның нақты атауын көрсету керек)
Тармақ 3
3. Жынысы _____________________________________________________________
Тармақ 4
4. Туған жылы мен туған жері _____________________________________________
Тармақ 5
5. Білімі ________________________________________________________________
Тармақ 6
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ________________________________________
Тармақ 7
7. Үйінің мекенжайы _____________________________________________________
Тармақ 8
8. Жалпы жұмыс өтілі ____________________________________________________
Тармақ 9
9. Саладағы жұмыс өтілі __________________________________________________
Тармақ 10
10. Геодезия және картография саласындағы еңбек өтілі _______________________
Тармақ 11
11. Кандидат айрықша сіңірген нақты еңбектері көрсетілген
Тармақ 12
мінездеме ______________________________________________________________
Тармақ 12
12. Кандидатура талқыланды және ұсынылды
_______________________________________________________________________
(ұйымның атауы,
_______________________________________________________________________
талқыланған күні, хаттаманың номері)
Марапатталуға ұсынылады _______________________________________________
(көтермелеу түрінің атауы)
_______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, бар болған жағдайда)
______________________________________________ ____________________
Басшы (тегі, аты, әкесінің аты, бар болған жағдайда) (қолы)
жылғы «___»__________
(толтырылған күні)
Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
Басқа 3
Көтермелеудің салалық жүйесіне
3-қосымша
Куәліктің сипаттамасы
Куәлік көлемі 100х70 миллиметр көк түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан дайындалады.
Куәліктің сыртқы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, төмен жағында «Куәлік», «Удостоверение» деген жазу бар.
Ішкі сол жақ жапсырмада жазба бар: жоғарғы жағында – мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік органның атауы.
Куәліктің сол жақ бетінің ішкі жағында төсбелгінің суреті бар.
Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:
куәлік № ____
удостоверение
Осы куәлік _____________ төсбелгімен марапатталғаны туралы берілді
Настоящее удостоверение выдано о том, что он (она) награжден (а)
нагрудным знаком
Төраға ________________________________________________________
Председатель (тегі, аты-жөні, қолы)
(фамилия, инициалы, подпись)
«____» _____________ _____ жыл
Ескертпе: марапатталушының тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.