Об утверждении Правил о техническом обеспечении проведения делимитации и демаркации Государственной границы Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
межелеу мен шегендеуді жүргізуді
техникалық қамтамасыз ету туралы
қағидаларды бекіту туралы
«Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-3)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидалар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Басқа 8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидалары
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы « »
№ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – техникалық қамтамасыз ету) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Техникалық қамтамасыз етудің мақсаты картографиялық, геодезиялық, топографиялық, гидрографиялық және аэрофототүсірілім жұмыстары болып табылады.
Тармақ 3
3. Техникалық қамтамасыз етуді геодезия және картография саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аэрофототүсірілім жұмыстары – картаға түсіру, дешифрлеу және топографиялық карталарды жаңарту үшін аэрофотоаппараттың көмегімен әуе кемелерінен және басқа да ұшу аппараттарынан жерді фотосуретке түсіру;
Тармақша 2
2) геодезиялық желi – жергiлiктi жерде арнаулы орталықтармен және белгiлермен бекiтiлген жер бетiндегi пункттер жүйесi, олардың өзара жағдайы жоспарлық тұрғыда геодезиялық қызмет нәтижесiнде белгiленген;
Тармақша 3
3) гидрографиялық жұмыстар – фарватерді анықтау, жағалау сызығын түсіру, су кесектерін анықтау, өзендерде, көлдерде және су айдындарында тереңдікті өлшеу жөніндегі жұмыстар кешені;
Тармақша 4
4) картографиялық жұмыстар – топографиялық түсірудің нәтижелері бойынша немесе бастапқы картографиялық материалдар бойынша картографиялық өнім жасау, сондай-ақ цифрлық және электрондық карталар жасау мақсаты болып табылатын жұмыстардың санаты;
Тармақша 5
5) қайта шегендеу – жоғалған шекаралық белгілерді қалпына келтіру және ескіргендерін жөндеу, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген қосымша шекара белгілерін орнату;
Тармақша 6
6) межелеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген және осы халықаралық шартқа қоса берілетін карталарда графика түрінде бейнеленген, Мемлекеттік шекараның жағдайы мен бағытын шектес мемлекеттер арасындағы келісім бойынша айқындау;
Тармақша 7
7) топографиялық-геодезиялық жұмыстар – мақсаты топографиялық түсіру, координаталар мен биіктіктерді анықтау, жергілікті жерді далалық дешифрлеу және топографиялық карталар мен жоспарларды жаңарту болып табылатын далалық және камералдық жұмыстардың санаты;
Тармақша 8
8) шегендеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген, жергілікті жерде Мемлекеттік шекараны айқындау және белгілеу.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) межелеуді картографиялық қамтамасыз етуге:
Тармақша 1
1) қажетті картографиялық (анықтамалық) материалдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) картаға Мемлекеттік шекара сызығын салу бойынша картографиялық жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттер арасындағы Мемлекеттік шекара сызығының өту сипаттамасын (бұдан әрі – Шекараның сипаттамасы) жасау кіреді.
Тармақ 6
6. Картографиялық (анықтамалық) материалдарға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттер арасындағы Мемлекеттік шекарадан өтуді белгілейтін халықаралық шарттар мен келісімдер;
Тармақша 2
2) Жерді қашықтықтан зондтау материалдары;
Тармақша 3
3) топографиялық карталар;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік шекараның ережесін нақтылайтын жер және орман кадастрының жоспарлары;
Тармақша 5
5) жерді графикалық есепке алу материалдары;
Тармақша 6
6) екіжақты үкіметтік келісімдер негізінде жер пайдалану материалдары;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік шекарадан өту ауданына қалалар мен басқа да елді мекендердің жоспарлары жатады.
Тармақ 7
7. Картаға Мемлекеттік шекара сызығын салу жөніндегі картографиялық жұмыстар мынадай ретпен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) басылымның соңғы жылдарындағы қажетті масштабтағы топографиялық карталарды (жекелеген жағдайларда ірі масштабтағы топографиялық карталардың фрагменттерін іріктеу);
Тармақша 2
2) Мемлекеттік шекара сызығын шартты учаскелерге бөлу:
Тармақша 3
3) жұмыс топографиялық карталарына жерді пайдалануды шектеу сызығын және Мемлекеттік шекара сызығын салу;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік шекара сызығын қорытынды топографиялық карталарға (бұдан әрі – межелеу карталары) көшіру және межелеу карталарын жұмыс топографиялық карталарымен салыстырып тексеру.
Тармақ 8
8. Шекараның сипаттамасын жасау жергілікті жердегі бұрылыс нүктелерінің координаталарын (географиялық) көрсете отырып, Мемлекеттік шекара сызығының өтуін сипаттау жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету тәртібі
3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 9
9. Мемлекеттік шекараны шегендеуді аэрофототүсіріліммен қамтамасыз ету шекара маңындағы жолаққа аэрофототүсірілім жүргізуді көздейді (қажет болған жағдайда Жерді қашықтықтан зондтау материалдары пайдаланылуы мүмкін).
Тармақ 10
10. Мемлекеттік шекараны шегендеуді топографиялық-геодезиялық қамтамасыз етуге:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік шекара жолағында геодезиялық желінің болуы мен жай-күйін тексеру;
Тармақша 2
2) шекара белгілерін орнату орындарының графикалық жобасын жасау (межелеу картасына шекара белгілерін орнату орнын салу);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1181 қаулысымен бекітілген Шекара белгілерін орнату қағидаларына сәйкес шекара белгілерін орнату орындарын айқындау, оларды жергілікті жерде бекіту;
Тармақша 4
4) шекара белгілерінің координаталары мен биіктігін анықтау;
Тармақша 5
5) межелеу картасын жасау жөніндегі далалық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу кіреді.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік шекараны шегендеуді гидрографиялық қамтамасыз ету шекаралық өзендер мен көлдерде (су қоймаларында) гидрографиялық жұмыстар жүргізуді көздейді.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік шекараны шегендеуді картографиялық қамтамасыз етуге:
Тармақша 1
1) шегендеу жұмыс картасын жасау;
Тармақша 2
2) шегендеу жұмыс картасына шекара белгілерін салу;
Тармақша 3
3) шегендеу картасына Мемлекеттік шекара сызығын салу;
Тармақша 4
4) шегендеу жұмыс картасының негізінде Мемлекеттік шекара картасын жасау;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік шекара картасын шығаруға дайындау;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік шекара картасын басып шығару кіреді.
Тармақ 13
13. Шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз етудің нәтижесі:
Тармақша 1
1) шекара белгілерін орнату;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік шекараның шегендеу карталарын құру;
Тармақша 3
3) шекара белгілерінің хаттамаларын жасау;
Тармақша 4
4) шекара бағаналарының өзара орналасу схемаларын жасау;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелеріне ірі ауқымды жоспарлар (схемалар) құру;
Тармақша 6
6) шекара белгілерінің координаталары мен биіктіктерінің каталогын жасау;
Тармақша 7
7) шекараның сипаттамасын дайындау болып табылады.
Тармақ 14
14. Техникалық қамтамасыз ету нәтижелері Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің өкілдерінен Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөнінде құрылатын бірлескен комиссияға беріледі.