Об установлении единых государственных систем координат, высот, гравиметрических и спутниковых измерений, а также масштабного ряда государственных топографических карт и планов Күшін жойған
Басқа 0
Координаталардың, биіктіктердің, гравиметриялық және спутниктік өлшемдердің, сондай-ақ мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарлар масштабтық қатарының бірыңғай мемлекеттік жүйелерін белгілеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
ҚР Үкіметінің 14.03.2023 № 208 қаулысымен.
"Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында:
координаталардың, биіктіктердің, гравиметриялық және спутниктік өлшемдердің бірыңғай мемлекеттік жүйелері, Пулков обсерваториясының дөңгелек залының ортасын бастапқы координатасы, ал негізгі биіктік деңгейі ретінде Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Балтық теңізіндегі Крондштадтық футштокының нолі алынсын;
мемлекеттік топографиялық карталардың 1:10000, 1:25000, 1:50000, 1:100000, 1:200 000, 1:500000, 1:1 000000;
жоспарлардың 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштабтық қатары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.