Об утверждении периодичности обновления картографической продукции, создаваемой за счет бюджетных средств Күшін жойған
Басқа 0
Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру мерзімділігін бекіту туралы
«Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру мерзімділігі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру мерзімділігі
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру мерзімділігі
Аумақтар
Жаңарту кезеңдері, жыл
масштабтардың мемлекеттік топографиялық жоспарлары:
1:2 000
1:5 000
масштабтардың мемлекеттік топографиялық карталары:
1:10 000
1:25 000
1:50 000
1:100 000
1:200 000
1:500 000
1:1 000 000
Жерлері елеулі өзгерген аумақтар және елді мекендер (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар) және олардың перспективалы дамуына және құрылыстар салуға арналған аумақтар, өнеркәсіптік объектілер, пайдалы қазбалар өндіру орындары
4–6 жыл
6–10 жыл
Жерлері неғұрлым аз өзгерген
аумақтар және елді мекендер (шағын қалалар, моноқалалар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар) және олардың перспективалы дамуына және құрылыстар салуға арналған аумақтар, өнеркәсіптік объектілер, пайдалы қазбалар өндіру орындары
7–10 жыл
10–15 жыл
Өзге аумақтар
-
20 жылға дейін
Ескертпе: қажет болған жағдайда картографиялық өнімдерді жаңартып отыру кезеңі Қазақстан Республикасының экономикалық қажеттілігіне, жекелеген аумақтарды кешенді дамыту, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілетін нығайту және жергілікті жердің өзгеру дәрежесіне қарай қысқарады не ұлғаяды.